Қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп – бұл негізінен прогрессивтік құралдардың көмегімен және бухгалтерлік программалар негізінде жүзеге асатын компьютерлік есеп. Бухгалтерлік программа адамзат қызметі саласының кәсіби функцияларын автоматтандыру үшін жеткілікті құрделі құрал болып табылады. Сол себептен «Экономикалық мамандықтары» бойынша оқитын студенттер үшін «1С:Бухгалтерия» курсын жүргізу қажеттілігінің аса маңыздылығы туындайды. «1С:Бухгалтерия» программасының ортасында бухгалтерлік есепті жүргізу технологиясы қарастырылады.
«1С:Бухгалтерия»- бұл қолданылу мүмкіндігі кең спектрлі шағын кәсіпорындардан бастап, өте ірі кәсіпорындарга дейін, өндірістік, өндірістік емес, құрылыс, сауда- әр түрлі жұмыс саласына бағытталган әмбебап бухгалтерлік бағдарлама.
«1С:Бухгалтерия» арнайы курсы студенттерді бухгалтерлік есептің түрлі бөлімдерінде компьютерді қолдану мүмкіндіктерімен таныстырады. Пәннің мақсаты бухгалгер жұмысының автоматтандырылуына бағытталған, қазіргі уақытқа сай құралдарын студенттерге игерту.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесі білімдер мен тәжірибеге ие болады:
1) техникалық және программалық қамтамасыз етуді таңдау бағамы, бухгалтерлік программа нарығымен танысады;
2) бухгалтерлік пакеттердің ішіндегі танымал «1С- Бухгалтерия» жұмысының әртүрлі тәртібін меңгереді.