Анықтамалардың тағайындалуы
Анау немес мынау реквизиттің мүмкін мағынасының тізімі болып табылады. Анықтамалар ақпараттың біркелкі емес енгізілуін алып тастау үшін қолданылады. Мысалы, сатып алушы, сатушы, қоймашы, басшы қандай тауар жөнінде айтылып жатқанын түсіну үшін, олар оны бірдей атауы керек. Көп жағдайда тауарлық ұйымдарда ол прайс-бет түрінде болады, онда оған саудалық фирма мен жұмыс істейтін барлық тауарлар номенклатурасы енгізіледі.
1С:Кәсіпорын жүйесі шексіз анықтамалар жүргізуге мүмкіндік береді. Әрбір анықтама біркелкі объектілер тізімін ұсынады: жұмыскерлердің, ұйымдардың, тауарлардың және т.б. Әрбір мұндай объект анықтама элементі болып табылады.
Қолданушы тұрғысынан, еске алатын жағдай конфигураторда анықтаманың өзі құрылмайды, яғни мағыналар тізімі ретінде анықтаманың дайындығы, яғни шаблон құрылатын конфигурациялау үрдісінде анықтамада сақталатын ақпарат құрылымы бейнеленеді, экрандық түрі өңделеді және қажет болса, анықтаманың баспалық түрі дайындалады.
Анықтаманың атрибуттары.
Міндетті реквезиттер болып әрбір анықтама код және түрі болу керек. Анықтама элементінің коды болып сандық және мәтіндік түрде болуы мүмкін. 1С: Кәсіпорын жүйесі анықтама элементтерінің кәсіпорынмен жұмыс істеуге, кодтардың автоматты берілуіне үлкен мүмкіндік береді.
Код пен түр деп басқа 1С: Кәсіпорын жүйесінде анықтама элементі жөнінде қосымша ақпарат сақталуы мүмкін. Анықтамада мұндай ақпарат сақтау үшін реквезиттер тізімі құрылуы мүмкін. Ақпараттар реквезиттер механизмін қолданып, мысалы жұмыскерлер Картотекасын ұйымдастыру оңай болады. Мысалы, жұмыскерлер анықтамасы. Қызмет, жалақы және т.б атрибуттары болады.
1С фирмасы барлық анықтамаларға батыстың екі атрибутын енгізді: код және түр. Шынымен, әрбір объект нақты өмірде осы атрибуттарды қамтиды. Мысалы, жұмыскерлер үшін код болып, табельдік нөмір; ал түр болып фамилия аты және әкесінің аты.
Мәліметтер типі
Әрбір анықтаманың атрибуты үшін оның мәліметтер типін көрсету қажет, мысалы, “сан”, “жол”, “құн”. Бұл базалық типтер бірақ мәліметтердің қиын типін де көрсетуге болады. Мысалы, қызмет атрибуты қызметтер мәліметтер типі бар. Бұл жағдайда, бұл атрибуттың мәні қызметтер анықтамасынан таңдалады. Бір анықтама атрибуттарының мәні екінші анықтамадан таңдалады, яғни осылай анықтамалар арасында оңай байланыс туындайды.
Иерархиялық анықтама.
Справочник Сотрудники |
Справочник Должности |
1С: Кәсіпорын жүйесінде анықтама элементтерінің тізімі көп деңгейлі болуы мүмкін. Бұл жағдайда анықтаманың барлық жолдары екі түрге бөлінеді:
“жай” анықтама элементтері және анықтама топтары. Топтар көп деңгейлі анықтаманың төмен жатқан деңгейіне көшуге мүмкіндік береді. Көп деңгейлі анықтамаларды қолдану детализацияның қажетті деңгейімен анықтамаға ақпаратты еңгізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Көп деңгейлі элементтер және элементтер топтарын бір топтан екінші топқа ауыстыруы мүмкін.
Справочник Сотрудники |
Справочник Контрагенты |
· Работающие Иванов Иванов Иванов Петров Петр Петрович · Уволенные Светлов Михаил Петрович Цветков Антон Васильевич |
Партнеры Партнер 1 Партнер 2 Поставщики Поставщик 1 Поставщик 2 |
Табыну анықтамасы.
Анықтамалар арасында табыну қатынас орнауы мүмкін. Мәліметтердің базасының реляциондық терминінде, кестелер арасында “біреу-көпке” байланысы орнайды. Бұл жағдайда әрбір табыну анықтамасының элементі иеленуші анықтамасының элементтерінің бірімен байланысты болады. Кей-кезде бір анықтаманың элементтері басқа анықтаманың элементтеріне жатуы мүмкін. Мысалы, жүйеде салықтың льготалар анықтамасы болуы мүмкін. Онда оны қызметкерлер анықтамасына табындыруға болады. Бұл “қызметкерлер салықтың льготаларымен иемденеді”.
Справочник Сотрудники |
Справочник НалоговыеЛьготы |
Иванов Иван Иванович Петров Петр Петрович Светлов Михаил Петрович Цветков Антон Васильевич |
(владелец Петров Петр Петрович) · Льгота ветеранам · Льгота на детей |
Иванов Иван Иванович Петров Петр Петрович Светлов Михаил Петрович Цветков Антон Васильевич |
(владелец Светлов Михаил Петрович) · Льгота афганцам |
Анықтама элементі үшін бірнеше кестенің бөлшектер бөлу мүмкіндігін иемденеді. Бұл мүмкіндікті берілген элементпен байланысты ақпаратты көрсету үшін қолдану кеңестеледі, бірақ өзіндік объектілік мәні болмаған жағдайда. Мысалы, тауарлар анықтамасы үшін өлшем бірлік кестелік бөлшек құрылуы керек, қызметкерлер анықтамасы үшін білім және жанұя кестесі бөлімдермен жұмыс табыну анықтамаларына ұқсас, бірақ бір ерекшелік бар, ол кестелік бөлімдер тип бола алмайды, сондықтан білім реквезитін құру мүмкін болмайды.
Анықтаманы басқа объектілермен салыстыру
Объект |
Ұқсастық |
Айырмашылық |
Константалар |
мағынаны сақтайды, мәліметтер базасында сақталады |
Анықтама бір мәнді ғана емес, ал біртекті объектілердің түгелдей тізімін сақтайды. |
Құжаттар |
мәліметтер базасында сақталады, реквизиттері бар болады, құжаттар бір-біріне тәуелді болуы мүмкін |
Анықтамалар нормативті-анықтама ақпарат сақтайды, ал құжаттар шынайы өмірдің шараларын көрсетеді.Құжатта міндетті түрде күні мен уақыты болуы қажет, құжат кестелік бөлімдер қамтуы мүмкін. Олар анықтамада жоқ. Анықтамалар көп деңгейлі болуы мүмкін, құжатта ондай болмайды (8.0 версиясында кезеңді реквизиттер жоқ, ал мағлұматтар кезеңдік регистрі бар). |
Аударым |
мәліметтер базасында сақталады, мәндер тізімін сақтайды |
Кәсіпорын режимінде анықтамаға көп мәндерді енгізеді, ал мәндер тізімін аудару үшін, Конфигуратор режимінде құрылады. Көбінесе аударымдар Если операторында қолданылады. |
МәндерКестесі |
жолдары мен бағандары бар (мәліметтер базасында сақталмайды) |
МәндерКестесі аралық мәліметтерді компьютерде сақтау үшін арналған. МәндерКесетесі әртүрлі объектілерді сақтай алуы мүмкін. Ал анықтамада барлық элементтер бір типті болады. МәндерКестесі көпдеңгейлі және бір біріне табынуы мүмкін. |
МәндерТізімі |
мәндер тізімін сақтайды (мәліметтер базасында сақталады) |
МәндерТізімі әр түрлі объектілерді сақтай алады, ал анықтамада барлық элементтер бір типті. |
Құжаттардың тағайындалуы
Құжаттар кәсіпорында болып жатқан барлық жағдайлар туралы ақпаратты сақтау үшін арналған және экономика тұрғысынан мағынасы бар. Құжаттар көмегімен есептік шоттар мен төлемдер бейнелейді, операциялар, бірақ кассада және кадрлық ауысымдар, қойма бойынша қозғалыстар және осыған ұқсас жағдайлар. Мысал болып «төлемдік тапсырыс», «шот», «кірістік үстеме қағазы»; «Кірістік кассалық ордер» және т.б. Әр бір құжат түрі өз түрінің жағдайын көрсету үшін арналған. Бұл оның конфигурацияда бейнеленетін, құрылымын және қасиетін анықтайды.
Құжаттар жүйенің компоненттерімен жүзеге асырылатын негізгі механизм үшін орталық роль атқарады. 1С: Кәсіпорын жүйесінде құжат негізгі есептік бірлік болып табылады. Әрбір құжат нақты шаруашылық операция жөніндеақпаратты қамтиды және өзінің нөмірімен, күнімен және уақытымен бейнеленеді. Күн және уақыт құжаттың маңызды мінездемесі болып табылады. Өйткені жүзеге асырылған операция қатаң уақыттың тізбегінен құрылады. Барлық құжаттар (түріне қарамастан) бір келкі тізбекті құрайды. Нақты түрде, бұл тізбек жағдайларының тізбегін көрсетеді, өйткені олар нақты түрде болған. Күн ішінде құжаттар тізбегі олардың уақытымен анықталады және бұл жағдайда құжат уақыты құжатты енгізу уақытының нақты бейнеленуін ғана емес сонымен қатар, барлық құжаттарды бір күн ішінде тізуге мүмкіндік береді.
Құжатқа енгізлетін мәліметтер көп жағдайда болып жатқан жағдай туралы ақпаратты қамтиды: мысалы, үстеме қағазында қандай қоймадан қандай тауар және қанша берілгені жөнінде ақпарат; жұмысқа қабылдау жөніндн бұйрықта – қызметкер жөнінде ақпарат, жалақы және басқа да ақпараттар. Құжатқа өзіндік жазудан басқа тағы бір маңызды қасиет оны жүргізу болып табылады. Жүргізу кезінде құжат компонентері мен іске асырылатын механизмдегі жағдайларды көрсету болып табылады. Мысалы, егер «Бухгалтерлік есеп» компоненті құрылса оны құжатта қамтылатын бухгалтерлік есеп ақпаратында жазулар түрінде көрсете отырып, құжат бухгалтерлік операцияны жазу мүмкін.
Құжаттар құрамы
Программистер көз қарасынан құжаттың экрандық қалпы – Диалогы бар. Қолданушы осыны көреді. Сонымен қатар, құжатта бір немесе бірнеше қағаздық қалып – Кесте болады. Кесте арқылы құжат қағазға басылып шығады. Құжаттың тәртібі енгізілген тіл көмегі арқылы анықталады. Тілде құжат жүйеде не атқаратыны, ол қалай қағаздық бланкіні қалыптастырады және экранда ол өзін қалай ұстайтыны жазылады.
Құжат незізінде басылымдық қалыпта болады. Басылымдық қалып толық түрде 1С:Кәсіпорын енгізген тілмен қалыптастырылады. Бұл 1С:Кәсіпорын жүйенің сондай сәттілігінің бірі. Құжаттың басылымдық қалпы – бұл нақтылық есеп, құжаттың ашық қалпын қалыптастыратын және осы құжаттағы ақпараттың иемденуі. Басылымдық қалыпты қалыптастыруды үйрену үшін сізге есеп бөлімін оқу қажет. («Кесте» объект)
Құжатта басылымдық нысандық бірнеше шаблоны болуы мүмкін. Енгізілген құралдың тілімен қолданылатын басылымдық нысандағы шаблондар құралуы қажет.
Басылымдық нысанның шаблоны жалпы болуы мүмкін. Бұл бізге бір шаблон арқылы бірнеше құжаттар түрін басып шығаруға мүмкіндік береді. Яғни жалпы кесте конфигурация үшін жаһанды болып табылады және әрбір модулде қолданылуы мүмкін. Конфигурациялық түрдің мысалы ретінде «Құжаттың қозғалысы туралы есеп» басылымдық нысан ретінде болуы мүмкін.
Құжаттардың жүргізілуі.
Кейбір құжаттар жүргізілуі мүмкін. Қолданушы тұрғысынан құжатты жүргізу оны «іске кіргізу» деген мағынаны білдіреді. Программистер тұрғысынан құжаттарды жүргізу кезінде құжаттарды жүргізу модулі жұмыс істейді. Осы құжатты жүргізу кезінде барлық істер анықталады. Мысалы «жұмысқа алу жөнінде бұйрық» жүргізу кезінде бұл құжаттың модулі жұмыс істейді.
Құжаттар реквизиті.
Құжаттың әрбір түрі көп жолдық бөлімдерде шексіз реквизиттер саны болуы мүмкін. Құжат үшін енгізу нысаны – экранды диалог құрылады. Құжат үшін құрастыру кезінде жалпы мінездемелер сұранады; құжат нөмірінің ұзындығы және т.б. барлық құжаттар нөмірімен, күнмен, уақытпен мінезделеді.
«Шапка» термині – жеткілікті түрде шартты және құжаттың қағаздық бланкасының жоғарғы бөлігінде орналасқан құжаттардың реквизиттерінде ғана емес жатуы мүмкін. Сондықтан жалпы жағдайда бастамасы бөлімнің реквизиті болып, құжатта бір рет кездесетін әрбір реквизит табылады. Құжаттың кестелік бөлімі бір түрлі ақпаратты жолдар тізімін ұсынады. Мысалы жоғарыда айтылып кеткен төленуге шоттардың кестелік бөлімі – бұл төленуге тиісті қызметтер мен тауарлар түрі. Құжаттың құрылымы 1С:Кәсіпорын тек қана бір кестелік бөлімді қамтуы мүмкін.
Конфигураторда құжаттарды құру кезінде құжаттың жеткілікті санының жалпы реквизиттері құрылуы мүмкін. Мұндай реквизиттер бір рет құрылса, онда ол барлық құжаттарға ашық болады. Жалпы реквизиттерді құжаттар қалыпына орналастыруға болады, жалпы реквизиттер мағынасына 1С:Кәсіпорын жүйесіне кірістірілген тіліне назар аударуға болады. 1С:Кәсіпорын жүйесімен жұмыс істей отырып қолданушы жалпы құжаттар реквизиттер мағынасы бойынша құжаттар журналдарын таңдауды жүргізу мүмкін.
Құжаттар журналы.
Барлық құжаттар журналдарда сақталады. Құжаттар журналы – бұл жай қағаздық папканың электронды аналогы. Экранда журнал кесте түрінде болады, жолдар құжат болып табылады. Мысалы: сіздер кадрлік бұйрықтар журналын құра аласыз, онда «жұмысқа қабылдау бұйрығы жөнінде»; «жұмыстан босатылу жөнінде бұйрық»; «кадрлық аударым». Бұл журналмен қолданушы – кадршы жұмыс істейді. Немесе банктік құжаттар үшін жеке журнал бастауға болады, оған «Төлемдік тапсырыс» және т.б. құжаттар кіруі мүмкін.
Құжаттар журналы құжаттарды көру үшін арналған. Құжаттың әрбір түрі белгілі бір журналға жатқызылуы мүмкін. Құжаттар журналының өзі жүйеге жаңа мәліметтерді кіргізбейді, бір немесе бірнеше құжаттар тізімін көру құралы ретінде қызмет етеді. Әр түрлі құжаттар үшін бір журналды көрсетуге болады, бұл журналдарда құжаттарды топтастыруға көмектеседі. Құжатпен тағайындалған журналды ауыстыруға болады. Мысалы, «Қоймалық құжаттар» журналы құрылуы мүмкін, ол барлық кіріс үстеме қағаздарын және шығыс үстеме қағаздарын қамтуы мүмкін. Құжатпен тағайындалған журналды өзгертуге болады.
Журнал үшін журнал графалар анықталуы мүмкін. Яғни берілген журналға жатқызылатын құжаттардың әр түрлі түрінің реквизиттерін көру ыңғайлылығы үшін. Құжаттармен жұмыс істеу үшін әдейі құрылған жалпы журналдар құрылуы мүмкін «жәй» құжаттар журналынан қолданушының құжаттарды мағынасы бойынша таңдау мүмкіндігі болып табылады. 1С жүйесінде журналдар 3 түрлі болады: қарапайым, жалпы және қосымша. Қарапайым журнал құжаттардың белгілі түрін сақтау үшін арналған. Құжат сонымен қатар, қосымша журналға қосылуы мүмкін және ол бір уақытта 2 журналда тіркелуі мүмкін. Қосымша журналдар бір нешеу болуы мүмкін. Жалпы журнал құжаттардың барлық түрлерін көрсетеді.
Құжаттар журналында көрінетін бағаналар баптауға болатын экранды қалпы бар. Сонымен қатар құжаттардан ақпараттарды қарастыруға мүмкіндік беретін қосымша бағаналарды құруға болады.Мысалы: Бұйрықтар, кадр журналында әрбір құжат қай қызметтерге қатысты екенін бірден көруге ыңғайлы, ол үшін журнал графасы қызметкер құрылады.
Құжаттарды басқа обьектілермен салыстыру.
Обьект |
Ұқсастықтар |
Айырмашылықтар |
Константалар |
Мәндерді сақтайды, мәліметтер базасында сақталады. |
Құжат бір ғана мәнді емес,сонымен қатар мәліметтердің құрылымының өзгерісін де көрсетеді. Құжатта міндетті түрде күні мен уақыты белгіленген болады.Кестелі бөлімі болуы мүмкін басқа обьектілердің мәліметтерімен байланысты әртүрлі көптеген мәліметтер қалпын сақтай алады. Константаларда басылымды қалып болмайды. |
Анықтама |
Мәліметтер базасында сақталады.Реквизиттері бар анықтамалар бір-біріне тәуелді болуы мүмкін.Басылымды қалпы болуы мүмкін |
Анықтамалар нормативті- анықтама ақпарат сақтайды,ал құжаттар шынайы өмірдің шараларын көрсетеді. Құжатта міндетті түрде күні мен уақыты болуы қажет, құжат кестелік бөлімдер қамтуы мүмкін. Олар анықтамада жоқ. Анықтамалар көп деңгейлі болуы мүмкін, құжатта ондай болмайды |
Аударымдар |
Мәліметтер базасында сақталады,мәндер тізімін сақтайды. |
Аудару құрастырушымен конфигуратор режимінде белгіленген мәндер тізімін ғана сақтайды. Басылымды қалыпта болмайды. Қолданушымен түзетілмейді. |
Мәндер кестесі |
Жолдар мен бағандары бар (мәліметтер базасында сақталмайды) |
Мәндер кестесі программаның жұмыс істеу барысында пайда болатын аралық мәліметтерді компьютер жадында уақытша сақтауға арналған және жұмыс онымен аяқталғанда өшіріледі. Құжат барлық мәліметтерді МБ-на жазады. Мәндер кестесі бір-біріне тәуелді бола алмайды. Басылымды қалыпы жоқ. |
Мәндер тізімі |
Мәндер тізімін сақтайды (МБ-да сақталмайды) |
Мәндер кестесі сияқты уақытша мәліметтер жиынтығын көрсетеді. Басылымды қалыпы жоқ |
Есеп берулер |
Басылымды қалыпы бар |
Есеп беру әдетте МБ-да сақталған мәліметтерді сақтайды және мәліметтердің қажетті түрінде экранға немесе принтерға басылу үшін басылымды қалыпы мәзірленеді. |
Қолданылған әдебиеттер: