Шот және шоттар жоспары
1С:Кәсіпорындағы шот кәдімгі бухгалтерлік шотқа сәйкес келеді. Шоттардың жиынтығы шоттар жоспарын құрайды. Кәсіпорында бір уақытта бірнеше шоттар жоспарын қолдануы мүмкін. Шоттың коды және атауы болады. Шоттың кодының ұзақтығы мен құрылымы конфигурация кезінде құрылады, мысалы ##.## Конфигуратор режимінде берілген шоттарды қолданушы режимінде түзетуге болмайды..
Субшот.
Шоттарда субшоттар болуы мүмкін. 1С:Кәсіпорын жүйесінде субшоттар өте күрделі құрылымда жүргізілуі мүмкін: субшотта, өзінің кезегінде, «субсубшот» болуы ықтимал және т.с.с.
Шот үлгісі: активті/ пассивті/ активті – пассивті.
Активті шотқа дебет бойынша сома шот бойынша қалдықты көбейтеді (дебеттік қалдық). Пассивті шотқа дебет бойынша сома шот бойынша қалдықты азайтады (кредиттік қалдық). Активті – пассивті шотқа қалдық бүктелуі немесе жойылуы мүмкін. Жайылған қалдық бір уақытта шоттың дебеті мен кредитінің қалдығының бар екендігін білдіреді.
Аналитикалық есеп (субконто және субконтоның түрі)
Кәсіпорынның құралдарының қозғалысы мен бар екендігі туралы ақпарат алу үшін, аналитикалық есеп жүргізу тағайындалған.
Субконто. 1С:Кәсіпорындағы аналитикалық есептің объектілерін белгілеу үшін субконто термині қолданылады. Субконтоның болуы бухгалтерлік есептің шотында кәсіпорынның қаражаттарының жиналуына ақпаратты бөлшектеп, ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Осындайымен субконто субшоттарға ұқсас – олар бір шоттың ішінде қорытындының кішкене градациясын белгілі бір белгі бойынша алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аналитикалық есеп жүргізіліп жатқан жерде барлық шоттар бойынша аналитикалық есептің бір объектісі бойынша қаражаттардың қозғалысын субконто ізін басуға көмектеседі. Мысалы, нақты негізгі құралдардың қозғалысы.
Субконтоның түрі. Субконтоның мәнінде аналитикалық есептің бір типті объектілерінің жиынтығы түсіндіріледі. Бір шот үшін субконтоның бірнеше түрлері бойынша аналитикалық есеп жүргізілуі мүмкін. Мысалы, 10 шот үшін субконтоның екі түрі бойынша аналитикалық есептің жүргізілуі анықталуы мүмкін: «Материалдар» және «Қоймалар». Бұл 1С: Кәсіпорында көп мөлшерлі есептің мысалы болып табылады. Қорытындыны материалдармен қойма тұрғыдан, сонымен қатар қоймалармен материалдар тұрғысынан, және де барлық материалдармен және барлық қоймалардан алуға болады.
Сандық есеп.
1С: Кәсіпорынның сандық шотына сандық (табиғи) көріністе қорытынды ақпарат жиналады. Сандық есепті жүргізу мүмкіндігі аналитикалық есептің жиынтығымен қолданылады. Бұл жағдайда аналитикалық есептің объектілері бойынша есеп берудің толық ақпаратын алуға болады, мысалы, қоймадағы тауарлардың бар екендігі.
Валюталық есеп.
1С:Кәсіпорын жүйесі бірнеше валюталармен валюталық есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Барлық қолданылатын валюталар анықтамасында көрініс табады. Барлық валюталық шоттарға әрбір валютаға бөлек, сонымен қатар шотты қоса алғанда қорытынды ақпарат шотта жиналады. Әрбір валюта бойынша қорытынды ақпарат валюталық түрде және оның базалық валютасының эквивалентінің шоты бойынша жиналады.
Баланстан тыс шоттар.
Кейбір жағдайда кәсіпорындарда көмекші шоттар балансқа түспеу үшін оларды қолдану қажет етіледі. Баланстан тыс шоттарға екі жақты жазу ережесі әрекет етілмейді.
Есепке алудың бөлушісі.
1С: Кәсіпорын жүйесі бухгалтерлік есепті бірнеше кәсіпорындарда бір ақпараттық базада жүргізілуіне мүмкіндік береді. Ол үшін есепке алудың бөлушісі қолданылады. Есепке алудың бөлушісі қолданылады. Мысалы «Фирма», яғни ол әрбір өткізгішке енгізіледі және әрбір осындай мағынадан бухгалтерлік қорытындыны алуға болады. Бұл шынайы түрде бірнеше тәуелсіз баланстарды алуға мүмкіндік береді.
Операциялар және өткізгіштер.
Операциялар, өткізгіштер, корреспонденциялар.
Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның шаруашылық қызметін бейнелеу негізінде операциялар қолданылады. Әрбір операция бір немесе бірнеше өткізгіштен тұрады. Өткізгіш әрқашанда бір жане тек қана бір операцияға жатады. Өткізгіштің әрқайсысы, өз кезегінде, бір немесе бірнеше корреспонденциядан болуы мүмкін. Бірнеше корреспонденциядан тұратын өткізгіштер күрделі деп аталады. Күрделі өткізгіштерде бір шоттың дебеті бірнеше шоттың кредитімен корреспонденцияланады немесе керсінше.
Операциялар мен өткізгіштердің қасиеттері
Операцияның келесідей қасиеттері бар: операцияның мазмұны, оның жалпы сомасы, мерзімі, нөмірі, сонымен қатар конфигурациямен анықталатын басқада реквизиттер.
Өткізгіштің келесідей қасиеттері бар: дебет шоты, дебет шотының субконтосы, кредит шоты, кредит шотының субконтосы, өткізгіш сомасы, валюта мөлшері, валюталық сома, сонымен қатар конфигурациямен анықталатын басқада реквизиттер.
Операциялар журналы және өткізгіштер журналы.
Операциялар журналы бухгалтерлік операцияларға енгізілген тізімді көруге арналған. Әрбір операция онда операция жайлы маңызды ақпаратты қамтиды және ол бір жолда жазылады, олар: уақыты, құжаттың түрі, мазмұны, операцияның сомасы және т.с.с. Операциялар журналында ағымдағы операцияның өткізгішін көруге мүмкіндік бар. Операциялар журналында әртүрлі жағдайларды қолдана отырып, барлық операцияларды таңдап көруге болады. Айталық, мысалы, уақыт аралық интервалға түскен операцияларды көрінетіндей қылып істеуге болады. Өткізгіштер журналы енгізілген өткізгіштерді көрудің құралы болып табылады. Әрбір операция өзінде бір немесе бірнеше өткізгіштерді қамтиды. Өткізгіш әрқашан бір және тек қана бір операцияға жатады. Өткізгіштер журналында әртүрлі операцияларға қатысты өткізгіштер көрініс табады.
Операцияларды енгізу режимі.
Операцияларды қолмен енгізгенде барлық мәліметтер қолданушымен енгізіледі. Осындай үлгідегі операцияларды қолдану стандартты немесе жиі қолданылатын операциялардың енгізілуін автоматттандырады. Осындай үлгідегі операция шаруашылық операциялардың шаблонын ұсынады, ол деген кейбір мәліметтер енгізілді, мысалы, дебет шоты және кредит шоты.
Құжаттарды қолдану шаруашылық операциялардың енгізілуін одан әрі жеңілдетеді. Операциялардың бұндай енгізілуінде қолданушыға операция жайлы мәліметтерді толтырып керек емес: ереже бойынша, құжатқа шаруашылық операция жайлы қажетті ақпарат енгізіледі, ал өткізгіштер құжатты жүргізу барысында автоматты түрде қалыптасады.
Бухгалтерлік қорытындылар
Негізгі қорытындылармен жұмыс істеу
1C:Кәсіпорын операцияларды енгізу барысында есеп беруді құру барысында және де басқа мәселелердің орындалуында олардың тез айналуына негізгі бухгалтер қорытындыны актуалды жағдайда сақтайды. Негізгі қорытындылар болып қалдықтар және шоттар бойынша айналым және аналитикалық есеп берудің объектілері табылады, сонымен қатар кез-келген кезеңде өлшенген шоттар арасындағы айналым.
Басқа қорытындыларды алу үшін әректтерді алдын-ала орындау қажет, олар – уақытша есептесу немесе сұраныс.
Уақытша қорытындылармен жұмыс істеу (Есептеу әдісі).
Уақытша қорытындылармен жұмыс істеу режиміне қосылу үшін Есептеу әдісін орындау қажет. Бұдан кейін объект Есептеу әдісін шақыру барысында кез-келген кезеңге қалдықтар мен шоттар бойынша айналымдарды алуға мүмкіндік береді.
Сұраныс режимінде жұмыс істеу (Сұранысты Орындау әдісі).
Көп мөлшердегі қорытындыларды әртүрлі салалардан алу үшін «Бухгалтерлік Қорытындылар» объектісі сұраныспен жұмыс істеу режиміне ауыстырылады. Бұл режимге ауысу үшін қосымша әдіспен орнатылған сұраныс арқылы алынған қорытынды құрамы параметрінде СұраныстыОрындау әдісі шақырылады. Бұл әдістің орындалуы мәліметтерді таңдау және олардың алдын-ала өңделуін жүзеге асырады.
Сатып алушыға шот көрсету.
Тауар сатып алушы шотын көрсету және басылған қалып шотын алу үшін (сатып алушыға көрсету үшін) «Сатып алушының төлеу шоты» құжаты қолданылады.
Ұйымның есеп айырысу шотына сатып алушыдан ақша қаражаттары түсуі.
Ұйымның есеп айырысу шотына ақша қаражаттарының түсуі «Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8,0» «Төлеу тапсырмасы (кіргізілген)» құжатында көрсетіледі.
Қолданылған әдебиеттер: