Ақпараттық технологиялар бүтіндей объекті зерттеу көзқарасынан, сонымен қатар бөлек құрылыстық құраушылар көзқарасынан да классификациялануы мүмкін. Әдетте ақпараттық технологиялар классификациясына кіретіндер: ақпараттың материалды тасығыш типі, ақпаратты техниканың даму деңгейі, адамның интеллектуалды қызметінің автоматтандыру мәртебесі және де т.б. Осындай әдістеме сәйкестілігімен ақпараттық технологиялардың келесі түрлерін белгілеуге болады: жаратылысты-табиғи, қағазды-механизацияланған, автоматтандырылған.
Жаратылысты-табиғи ақпараттық технология ақпараттың жаратылысты тасығышын (тастар, сөйлесу, адам миы), сонымен қатар жаратылысты каналдары мен оларды жіберу құралдарын (дыбыс, сәуле) қолданады. Мұндай технологияларда ақпарат субъекттен бөлінбеген, сондықтан олардың сақталуы мен жіберілуі қиын [2].
Қағазды-механизацияланған ақпараттық технологияда ақпарат субъектен бөлінген, оны сақтауға, жіберуге, өңдеуге болады. Ақпаратты сақтау негізінде қағазды тасығыштарда құжат ретінде өндіріледі. Ақпаратты өңдеу механизация элементтерін қолдану көмегімен жүзеге асырылады. Автоматтандырылған ақпараттық технология ЭЕМ-де қолдану, ақпараттық техника құралдарында және әр түрлі машиналық ақпаратты тасығыштарында негізделген. Берілген ақпараттық технология түріне білім деңгейіне дейінгі ақпарат құрылымының жоғарғы деңгейі және адамның интеллектуалды қызметінің автоматизациясы тән болып келеді.
Өз кезегінде автоматтандырылған ақпараттық технологиялар төмендегілерге бөлінеді:
а) ЭЕМ-ді қолдану формасына қарай:
- жинақталған, орталықтандырылған мәліметтер өңдеуіне негізделген;
- локальды, ЭЕМ тікелей маманның жұмыс орнында пайдаланылады;
- бөлінген немесе желілік, ақпаратты-есептеуіш желілерде қолданылатын есептеуіш техникасының құралдарының бірігуіне негізделген;
б) машиналық ақпараттар организациясы формасына және мәліметтердің қолданылатын құрылымы типтеріне қарай:
- файлдық жүйелерге негізделген ақпараттық технологиялар;
- мәліметтер базасына негізделген ақпараттық технологиялар;
- білім базасына негізделген ақпараттық технологиялар;
в) мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесінің типтеріне қарай:
- ақпаратты өңдеудің процесі функционалдық (операциялықпен) принцип (әр элементтің артынан бір операция бекітіледі) бойынша ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар;
- ақпаратты өңдеудің процесі пәндік принцип (тұйықсыз циклмен) бойынша ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар;
г) адамның интеллектуалды қызметін автоматтандыру деңгейіне қарай:
- формальды модельдерді қолданумен тапсырмаларды автоматтандырылған шешім идеологиясына негізделген дәстүрлі ақпараттық технологиялар;
- білім концепциясына негізделген және есептеу ортасына, формулировкаға, қойылымына пайдаланушының тікелей интеллектуалды рұқсатын қамтамасыз ететін және пәндік облысында тапсырмаларды орындайтын жаңа ақпараттық технологиялар;
д) функционалдық тағайындауына қарай:
- өндірісті-технологиялық ақпараттық технологиялар;
- организациялы-басқарулық ақпараттық технологиялар;
- ғылыми-зерттеушілік ақпараттық технологиялар;
- жобалы-құрылымдық ақпараттық технологиялар;
- білім берушілік ақпараттық технологиялар және т.б.
Практикалық қосымшалар сферасына байланысты глобальды, базалық және нақты ақпараттық технологиялар деп те бөледі.
Глобальды ақпараттық технология модельдерді, қалыптастыру әдісі мен құралдарын және ұйымда ақпараттық ресурсты қолдануды қамтиды. Базалық ақпараттық технология белгілі бір мәселелік облысқа бейімделеді (өндіріс, ғылыми зерттеулер, жобалау, білім және т.б.). Нақты ақпараттық технологиялар нақты объекттердің ақпараттық қамтамасыздандыру қызметіне белгіленген [2].