Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуын білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана алуы тиіс. Яғни, біз өмір сүріп отыған әлем – жаңару үстіндегі ақпараттық ілімдік орта. Олай болса, педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үйлесуі білім беру үдерісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгеріп, қазіргі мамандар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.
Білім беру жүйесінің басты мақсаты – білім алушының оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқытуды пайдалануға болады, сонда педагог өзі білетін, өзі жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Сондай-ақ, оқушы өзіне қажетті оқу материалдарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялары арқылы іздеп таба отырып, толықтыра алады.
Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену үдерісін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.
Қазақстан Республикасында білім жүйесін реформалауда, оны ұлттық модель құруға бағыттау барысында парадигмалардың ауысуы орындалады. Жоғары мектептердің əлемдік білім кеңістігіне ену үдерісі педагогикалық технологияның жаңару қажеттілігін тудырады. Үйлестіру үдерістерінің қарқынды дамуы, кəсіби жəне академиялық тəжірибелердің өсуі оқыту əдістерінің тиімділігін арттырады.
Білімді ақпараттану үдерісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кəсіби саласында қолдана білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашылықпен ойлауды жəне шешім қабылдауды талап етеді. Білімді ақпараттандыру ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім мақсатындағы құралдарын жасау, сараптау мен қолданудың ғылыми негіздерін қамтиды. Бұл салада әлі шешілмеген мәселелер көп. Бұларға осы құралдардың оқу үдерісінің шынайлылығына сайлылығын, ақпараттандыру құралдары мазмұнының ғылыми деңгейін, мәндік және стилистикалық мәдениетін көтеруді, мектеп пен жоғары оқу орнының әртүрлі қызмет саласында іске қосылған білімді ақпараттандырудың жекелеген құралдары арасында интерфейстік, технологиялық және ақпараттық байланыстың қажеттілігін жатқызуға болады.
Оқу орындары үшін әртүрлі ақпараттық ресурстар мен технологияларды өндіру мен жинақтау педагогикалық сипатты бірқатар проблемаларды туындатады. Ең алдымен, педагогикалық мақсатты алуан түрлі ақпараттық ресурстарды жасаудың, жинақтап, іс жүзінде қолданудың, әлбетте, қандайда бір жүйесінің жоқтығын атап өтуге болады. Әдетте, мұндай құралдар өз ара ешқандай байланыссыз және бір ақпаратты ақталмастай қайталап, мазмұндық және әдістемелік қайшылықтарға әкеледі. Бір оқу орнының шеңберінде пайдаланылатын ақпараттық құралдар, бүтіндей, әртүрлі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерді талап етіп, оқушылардың білімі мен дағдыларына елеулі талаптар қояды, ал бұл оқу үдерісінің тиімділігіне теріс әсер етеді.
Ақпараттық білім ортасын қалыптастыру әрекеті көптеген жоғары оқу орындарында қолға алынуда, бірақ ол әрекеттер, әдетте, жекеленген ақпараттық құралдар мен технологияларды өзара үйлестірудің техникалық мәселелерін шешуге келтіріледі де, ақпараттандыру құралдарын пайдалануды сипаттайтын мазмұн мен әдістерді бірізділендіру мәселелері зерттеу шеңберінен тыс қалып қояды. Жүргізілген жұмыстар алдын ала мүмкін болатын теориялық аспектілерді ескере отырып жоспарланбайды. Жоғары оқу орнының ақпараттық білім ортасын жасамастан бұрын ортаны қалыптастыру бойынша барлық жұмысты жобалап, жүйеге келтіретін теориялық тұжырымдама міндетті түрде жасалынуы тиіс.
Педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқыту
Педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқыту пікірталастыру, топтық жұмыс, рефлексияны, жаттығуларымен және әрекеттер жоспарымен жекеленген жұмысты біріктіре қамтиды. Бұл формалардың барлығы пән мұғалім еңбегінің тиімділігін арттыруға көмектесуді көздейді.
Оқушыларға өзін-өзі шыңдауда көмектесу үшін, оқушыларға ылғи да өзгермелі қоғам мен технологияларға бейімделуге көмектесетін, қажетті, төменде келтірілген білім мен біліктіліктерді ескеруі қажет. Яғни, педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқытудың негізгі біліктіліктері төмендегілер болып табылады:
Сынай және жүйелі ойлау —баламаларды(альтернативтерді) саналы және дәлелді түсіну, күрделі жағдайда таңдай білу біліктілігі, жүйелер арасындағы өзара байланысты түсіну. Сынай ойлау біліктілігі — ХХІ ғасырдағы оқытудың кілттік біліктілігі. ХХІ ғасырдың мұғалімі ретінде, қандай үдерістер оқушыларға жақсы, ойшыл болып өсуіне көмектесетінін жақсы түсінуге тиіс. Білім беру саласындағы зерттеулерде күрделілік деңгейі әртүрлі ойлау түрлері бар екендігі бұрын мойындалған. Ойлаудың бұл түрлерін білу оқытудың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Ойлаудың әртүрлі деңгейлерін танып біле алса, оқушылардың оқып білгендерін тереңірек талдауына көмектесе алады.
Оқытудың мақсатына жету бойынша жұмысты ұйымдастырудың үш тәсілі бар:
Педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны үйлестірудің ерекшелігі мыналар болып табылмақ:
Артықшылықтары | Тиімділігі | |
---|---|---|
Ақпараттық технологияларды пайдалану |
|
|
Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың қазіргі даму барысында өндіріс және мәдени орындар мен мектептерге компьютердің енгізілуі тегіннен-тегін емес. Ол білім берудің ғылыми базасын және олардың өзара байланысын күшейте түсуді қажет етеді. Сонымен бірге, ғылымның, техника мен мәдениеттің даму барысында педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияны үйлестіру білім беру жүйесінің алға басуына ықпал етпек.