Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі жаңа тарихи-әлеуметтік жағдайлардың талабы болып отыр. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және оқушыларға білім беруші құрал. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады.
Қазіргі уақытта сабақ жүйесінде компьютерлік технология көп қолданылып жүр. Ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктерімен байланысты еңбектер дамытылды. Оқыту бағдарламасында компьютерлік графиканы қолдану шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуді жүзеге асырады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1, 8 б.]: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу», − делінген.
ХХІ ғасырдың үлкен жетістігі − ақпаратты-қатынастық технология құралдарымен етене байланыс. Қазақ тілін ұлты басқа шәкірттерге оқыту – күрделі іс. Сондықтан оның кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін саралап – қазақ тілін оқытып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген өзекті тақырыпты алып, мәселенің шешілуі жолы ақпаратты- қатынастық технологияларды қолдану деген тұжырымға тоқтала кетсек, артық болмайды. Ақпаратты-қатынастық технология − өзінің мәнділігі жөнінен өте әділ де шындыққа негізделген үрдіс. Демек, ХХІ ғасыр әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология құралдарымен жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып отыр.
Мультимедиалық технологиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісімен байланысты яғни, электрондық кітаптар, мүмкіндігінше энциклопедиялар, компьютерлік фильмдер. Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады. Мультимедиа технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана қойған жоқ, оқушыға сыныптан үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады.
Гипермедиялық технологиялар мәтінмен жұмыс істеудің және олрдың бір-біріне хабар жіберуін ұйымдастырудың ыңғайлы мүмкіндіктерін жасайтын гипермәтіндік технологияларды дамыту болып табылады. Барлық қазіргі заман ақпараттық-анықтамалық жүйелер гипермедиа технологиясында жүзеге асады. Оқу мақсатындағы гипермедия өнімдері үлкен көлемді материалды оқуға ғана емес, тыңдау, көру, материалды іріктеу, керекті жерін жазып алу, қажет рефераттарды дайындауға да мүмкіндік береді. Мультимедия жүйесі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіру, тілді белсенді оқытудың әртүрлі үдемелі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыру, оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Компьютерлік технологияларды енгізу жұмысы барысында компьютерлік қолдауы бар сабақ құрылымының алгоритмі құрылады. Оның келесі кезеңдері бар:
Компьютерлік технологиялардың білім-берудің гуманистік концепциясын іске асыруда үлкен мүмкіншіліктері бар. Нақтырақ айтсақ:
Компьютерлік жүйемен жұмыс оқушылардың әлеуметтік қоғамның мүшесі болу қажеттілігін арттыра түседі. Білім беруде телекоммуникацияны қолдану оқу үрдісіне электронды поштаны енгізуден басталды. Электронды поштаны қолдану арқылы оқу үрдісіне арнайы жоспарланған және ұйымдастырылған болуы тиіс, себебі, оны сыныптық-сабақтық жүйеге сыйғызу өте күрделі. Сондай-ақ электронды поштаны үнемі әдіс болып табылады, себебі, компьютер қашықтан оқыту формасы кезінде оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс үшін кең қолданылады. Оқытудың компьютерлік әдіс-тәсілдердің тиімділігінің бағасы әдетте дәстүрлі әдіс-тәсілдерді инновациялық әдістермен салыстыру арқылы беріледі. Оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері пәндік білімнің жеткілікті түрде игерілуін қамтамасыз етуге жол ашады. Инновациялық әдіс-тәсіл алдыңғы орынға оқыту үрдісінде әр оқушының жеке ойлауын дамытуды қояды. Егер инновациялық оқытудың әр кезеңінде оқушының жоғары белсенділік деңгейі сақталатын өзара іс-қимыл формасы басты рөл атқарады.
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушыны оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпаратқа сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, колледж оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығырмашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Сонымен қатар, электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап беріп, кестелермен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулықтар арқылы оқыту кезінде 3 қағиданы анықтай білу керек:
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ оқытушыларға өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай, жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Яғни, бүгінгі таңда компьютерлік технологияларды меңгеру оқушының өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын арттырады. Білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану міндет болып отыр. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. «Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.
Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену үдерісін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде − өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.