Бүгінгі танда білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажеттігі туды, оған себеп көп.
Сол себепті оқытуда мұғалім де, оқушы да субъект ретінде алынуы қажет.
Қазақ тілін оқытудағы жалпы мақсат − оқушыларға ана тіліміздің ғасырлар бойы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын, құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту, ана тілімізді қуатты әдеби тіл қатарынан түсірмей, мемлекетгік тіл мәртебесіне көтеру. Сондықтан да қазақ тілін компьютерлендіру оқушылардың оқуға деген қызығушылығына ықпалы болады.
Ұрпақ мүддесі үшін оқу үрдісін жетілдіру күн тәртібінен түспейді, ал қазіргі кезенде ең өзекті мәселе ретінде қайта жалғасын тауып, дамуы тиіс. Мектепте жекелеген пәндерді оқыту кезінде компьютерді пайдаланудың жеке ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік туып отыр. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында өркениет көшінен қалмау үшін қандай болмасын мүмкіндіктерді қарастыру − күттірмейтін нәрсе. Осындай мәселелердің бірі – қазақтілін оқыту үрдісін компьютерлендіру. Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді акпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады. Қазіргі уақытта білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес.
Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері:
Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино,аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Қазақ тілін оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызыметтерге тоқталып өтейік.
Мысалы: оқушылар, студенттер, мұғалімдер интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды почта(@mail), телекоференция(usenet), бейне-конференция, анықтама каталогтар, жүйеде сөйлесу(chat), виртуалды қатынас клубтары – конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, радио бағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интеративтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу мен т.б. сол сияқты интернет артықшылық көздері пайдаланылады.
Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі комьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды (www.world wide web, www.alleng.ru, www.busuu.ru т.б) сайтынан аламыз.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай-қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану − оқытудың тиімді әдістерінің бірі.
Электрондық оқу құралы − бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Бұл оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады:
Электрондық оқулықтар бойынша оқушылар тапсырманы қызыға орындайды, пәнге қызығушылығы артады, оқу материалын тереңірек меңгеруге талпынады. Сонымен қатар өз қатесін өзі табады және өзін-өзі бағалауға үйренеді. Электрондық оқулықта өте көп көрнекілік материалдар қамтылады. Бұл көрнекіліктердің дидактикалық мәнін ашады. Мұндай көрнекіліктердің бәрін кәдімгі оқулықта беру мүмкін емес.
Электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, жан-жақты ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Электрондық окулықтардың тиімділігі мынада:
Әрбір сабақта жаңа сөздер, фонетикалық, лексика-грамматикалық тақырыптар, мәтін, жаттығу жұмыстары, диалог үлгілері, әр сабақтың соңында тест сұрақтары беріледі. Оқыту кезінде әр түрлі анықтамалар, нұсқаулар, тапсырмалар берілуі тиіс. Мектепте оқыту процесінде электрондық оқулық қолдану өте тиімді. Оқушылар өздерінің білімін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады.
Электрондық оқулықтар арқылы оқыту кезінде 3 қағиданы анықтай білу керек:
Сонымен, интеративтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдар-презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер − сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.
Құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интеративті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Интеративті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
А.Кушнирдің «Языку не нужно учить чему-то внешнему. Поэтому задача полноценного языкового образование в школе должна состоят прежде всего не в освоении каких-то внешних правил, а в организации интенсивного процесса жизни в языке», − деген пікірі көздеген мақсатты айқындап тұрғандай [8].