Мемлекеттік тілді тіл үйренушілерге меңгертуде қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізу үшін оқытудың ғылыми тұрғыда негізделген, тәжірибеде дәлелденген тиімді технологиясын қолдану керек екеніндігі бәрімізге айқын. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін меңгеруі үшін қажетті жағдай жасау туралы Ата заңымыздың 93-бабында нақты көрсетілген[1,15б]. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бап, 7-тармағында да Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті қойылған. Аталған міндеттерді іске асыру үшін тіл мамандарынан білім беру үдерісін үнемі жетілдіріп отыру талап етіледі. Сондықтан білім беру үдерісін технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Жалпы оқу үдерісін “технологияландыру” мәселесі ХХ ғасырда педагогика ғылымында бiрнеше мәрте қарастырылып, әртүрлі қырынан зерттелді. Ол зерттеулердің нәтижесінде бірқатар ірі педагогикалық оқыту технологиялары сұрыпталды.
Сұрыпталған жаңа педагогикалық технологиялардың әрқайсысы – білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтастығын ұсынады.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірде алатын орны мен маңызды рөлін ескеретін болсақ, қызметкерлердің мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі мен сауатты жаза білуі олардың тілді меңгеру сапасына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді қысқа мерзімде тиімді түрде оқытудың амал-тәсілдерін іздестіру – бүгінгі уақыт талабы. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге сай қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан қазақ тілін компьютерлік технология арқылы оқыту – заман талабына, уақыт ағымына қарай туындап отырған мәселе.
Қазақ тілін оқытудағы жалпы мақсат − оқушыларға ана тіліміздің ғасырлар бойы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын, құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту, ана тілімізді қуатты әдеби тіл қатарынан түсірмей, мемлекетгік тіл мәртебесіне көтеру. Сондықтан да қазақ тілін компьютерлендіру оқушылардың оқуға деген қызығушылығына ықпалы болады.
Ұрпақ мүддесі үшін оқу үрдісін жетілдіру күн тәртібінен түспейді, ал қазіргі кезенде ең өзекті мәселе ретінде қайта жалғасын тауып, дамуы тиіс. Мектепте жекелеген пәндерді оқыту кезінде компьютерді пайдаланудың жеке ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік туып отыр. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында өркениет көшінен қалмау үшін қандай болмасын мүмкіндіктерді қарастыру − күттірмейтін нәрсе. Осындай мәселелердің бірі – қазақтілін оқыту үрдісін компьютерлендіру. Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді акпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады. Қазіргі уақытта білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес.
Компьютерлік оқыту технологиясы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өздігiнен шығармашылықпен жұмыс iстей бiлу қабілетін және қызмет барысындағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, қазақ тілін үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген тілдік материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталады.
Компьютердің білім беру үдерісінде кеңінен қолданыла бастауына байланысты «Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы», «ақпараттық технология» деген терминдер пайда болды.
Жалпы сабақ барысында компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктерін қарастыру үшін, алдымен оның негізгі міндеттерін анықтап алған жөн. Ол үшін:
Егер оқыту дегеніміз оқушыға тиісті ақпаратты жеткізу деген қағиданы ескерсек, онда В.Н.Глушковтың анықтамасы бойынша (ақпараттық технология – ақпаратты өңдеумен байланысты үрдіс), ақпараттық технология білім беруде үнемі қолданылып келе жатыр деген қорытынды жасауға болады. Сонымен бірге, әрбір педагогикалық технология ақпаратты оқушыға қалай тиімді жеткізу мәселесін қарастыратынын ескерсек, кез келген педагогикалық технология ақпараттық бола алады. Демек, ақпараттық оқыту технологиялары білім беруде кеңінен қолданыла бастағаннан бұрынырақ пайда болған.
Ақпараттық технология мәселесін зерттеп жүрген В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, В.В.Папов, В.Гузеев сияқты көптеген ғалымдардың тұжырымдарын талдай келе, Н.В.Апатов ақпараттық технологияның төмендегі түрлерін көрсетеді:
Көріп отырғанымыздай, жаңа ақпараттық технологиялар – техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілген компьютерлер.
Ал ғалым Е.В.Кудрявцеваның тұжырымын ескерсек, төмендегі қағидалар іске асқан жағдайда ғана ақпараттық технолгия жөнінде сөз қозғауға болады:
Бұл жерде де басты құрал – компьютер екенін көруге болады. Сондай-ақ, Г.А.Боровский мен В.Л.Извозчиковтер де жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісінде оқытудың жаңа электрондық құралдарын, соның ішінде, компьютерді пайдаланумен байланыстырады. Мұндай көзқарасты басқа да көптеген ғалымдар қолдайды. Сондықтан «жаңа ақпараттық технология» терминін қысқартып «компьютерлік технология» деп те атайды.
Ақпараттық технология ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қазақ тілі сабақтарына енгізуде жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
Компьютерлік технология оқытушылардың оқыту әдістері мен оқу үдерісін ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқу үдерісін үнемі жаңартып отыруға, оқытушылар мен үйренушілерге өзіндік және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.
Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі комьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды (www.world wide web, www.alleng.ru, www.busuu.ru т.б) сайтынан аламыз.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай-қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:
Әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады. Мысалы:
«Ассоциация және болжам»
Студенттер топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралыболады деп ойлайсыз?
«Сұрақ-жауап»
Мәтінді тыңдатып, бір-біріне сұрақ қояды. Өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады.
«Айтылым» әрекеті
Мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды.
«Сөйлесім» әрекеті
Аудиомәтінді бірнеше рет тыңдап, кейіпкердің сөйлеу тіліне, яғни әріптердің айтылуына қарап, сөйлеуші рөліне еніп, (мүмкіндігінше жаттап алады) сөйлейді.
Тыңдалым әрекеті
Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай әуен таңдайды. Бұл әуенді неге таңдағанын түсіндіреді.
Суреттеу әрекеті.
Мәтіннің мазмұны мен әуеніне сай әр түрлі слайдтар дайындайды және бұл слайдтарды неге таңдағанын түсіндіреді. Интернет арқылы жалғастырушы топтар комикс жасайды, яғни студенттер әңгіме құрастырады. Әңгіменің ортақ тақырыбын студенттермен ақылдаса отырып, бірлесіп таңдауға да немесе студенттердің өз бетімен таңдауына да болады [4].
Комикс жасау жолдары:
Комикс жасау арқылы студенттердің − шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады; ассоцативтік өрісі кеңейеді; қазақша сөйлеу және жазу (сюжеттегі рөлдердің сөздерін жазу арқылы) қабілеттері дамиды, студенттің қазақ тіліне деген қызығушылығы және белсенділігі артады [5].
Ғалым Н.Е.Исабек компьютерлік технологияның қолданылу аясы мен дегейіне қарай (1-сурет) компьютерлік технологияның даму бағыттарын көрсетеді (2-сурет)
1-сурет – Компьютерлік технологияның қолданылуы
2-сурет – Компьютерлік технологияның бағыттары
Компьютерлік технология бағыттарын көрсете келе, компьютерлік технологияны былайша топтастырады:
Көркем-компьютерлік технология негізінен кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, көркем және кітап графикасы, мүсін және т.б. графикалық пәндерге бағытталады.
Иллюстративті-компьютерлік технология белгілі бір ақпаратты (текст, аудио жазбалар және т.б.) көруге бағытталады немесе оқуға көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бұл түрі арқылы білім алушы бағдарламаны үйренеді және мультимедиа технологиясының көмегімен кез келген пәндегі ақпараттарды алып қарауға мүмкіндік алады. Иллюстративті компьютерлік технология, сондай-ақ ғылыми ізденістердің нәтижелері мен графикалық мазмұнда жиі қолданылады.
Іс-құжаттық компьютерлік технология офистік тапсырмаларды шешуде: графиктер мен диаграммалар құрастыру, кесте таблицаларды көркемдеу және т.б. құжаттарды өңдеуге графикалық көркемдеу, факстарды, фирмалық стиль жасау және т.б. қолданылады.
Когнитивті-компьютерлік технология болса, бағдарламалық қамсыздандыру мен бағдарламаның интерфейстерін жасауға, әсіресе, тестік шешімдерді қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.
Сонымен, жоғарыда айтылғанның бәрі жаңа компьютерлік технологияны күнделікті өмірде (киноиндустрия, компьютерлік моделдеу және дизайн, білім беру саласы, полиграфия, үш көлемдегі графика және анимация, сәулет, видео өндіріс, мультимедиа және т.б.) кең көлемде пайдалануға болатынын дәлелдейді.
Білім беруде компьютерлік технологияны қолданудың төмендегі артықшылықтарын көрсетуге болады.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды. Әсіресе, қазақ тілін меңгертуде компьютер тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады. Себебі тілді меңгерту тіке қарым-қатынас арқылы іске асырылатын үрдіс. Тіке байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Қатысымның өзі адамдардың біріккен әрекетінің бір қыры, яғни адамдардың үйренетін тіл арқылы өзара бірігіп әрекет жасауы болып табылады. Қатысымдық әдіс – ақпарат алмасу үрдісі, тіл үйренушілердің алға қойған мақсатқа жетуіне бағытталған белсенді тілдік қатынас үрдісі. Белсенді тілдік қатынастың өзі – тіке байланыс арқылы жүзеге асады. Тіке байланыс арқылы тіл үйренушілер бір-біріне өз ойларын жеткізеді, өз көзқарастарын білдіреді. Бір-бірінен алған мәліметтерді, ақпараттарды қабылдайды. Сол арқылы жаңа хабарлар мен ұғымдарды меңгереді, ой қорытындылайды. Ал компьютерлік технологияны тақырыпты бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру кезеңдерінде қолдану тиімдірек болады.