Соңғы кездерде «педагогикалық технология» жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбиесі процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал, педагогикалық жүйе – педагогикалық технология негізі. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Ал, белгілі педагог Ш.А. Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек» деген.
Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.
Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Білім беру мекемелерінде жаңа бағдарламалар, жаңа технологиялар пайдаланылуда.
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі, білік негіздерден меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:
Міне, осы міндеттерді қамтитын « дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-әрекетінің субъектісі етуге ұмтылдырады, мақсатты оқу іс-әрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-әрекеттік оқыту тәсілі арқылы балада ақпараттық және жалпы біліммен қатар амалдар мен құндылықтар жиынтығын қалыптастырады.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. [6].