Әр мұғалім өзінің іс- тәжірбиесіне ықпалын тигізетін оқытудың тиімді технологиясын таңдап алуы керек.Сабақтың жаңаша үрдіспен өткізу- оқушылардың білім санасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады.
Модульді оқытудың негізгі мақсаты- оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы ауызекі сөйлеуге үйрету, білім деңгейін тереңдету және жазба тілін қалыптастыру.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада:
- Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру;
- Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру;
- Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету;
- Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу;
- Оқушының білім деңгейін дәл анықтау;
Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану- мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің факторы болып табылады.
Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі [3, 102бб.].
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сол себепті білім жүйесінде көптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке, шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін дизайн мамандығына осы жаңа технологиялардың бірі — модульдік оқыту технологиясын қолдануға болады. [4, 88 бб.]
Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.Қазіргі таңда оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды өмірге қажетті өз болашағына азық болатын тәрбие беру де қолға алынуда.