2.2 Дамыта оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер


Эвристикалық әдістер – ол мұғалімдер қызметінің (сабақ беру әдістері) және оқушы қызметтерінің (оқу әдістері)  шығармашыл міндеттерді шешудегі оқушы қызметінің интуитивтік процедурасын дамты мақсатында педагогикалық басқару және өзін өзі басқару принциптері мен заңдылықтарын ескере отырып дайындалған эвристикалық ережелер жүйесі.

Оқытудың тәсілдері мен әдістерінің сократтық деп аталатын бұл тобы практикада әрбір классификациясында кездеседі.Я.А.Коменский мұғалімдерді өздерінің оқушыларын «олар бақылау мен түсінікті түсініп қана қоймай, пәндердің өзін зерттеулері және танулары керек» тұрғысында оқытуға шақырды.Сократтық әдіс пен эвристика элементтерін қолдануды біз орыс педагогі К.Д.Ушинскийден, неміс педагогі А.Дистервегадан кездестіреміз.

П.Ф.Каптерев өсіп келе жатқан буынға білім берудің үш  формасын бөліп көрсетеді: догматикалық, аналитикалық және генетикалық.Соңғы формада сократтық және эвристикалық болып бөлінеді.

Педагогтар эвристикалық әдістердің негізгі екі сипаттамасын атап көрсетеді:  дұрыс шешуге «бағыттаушы» қызмет және міндеттерді шешудің мүмкін жолдарын таңдау нұсқасын «қысқарту» қызметі.

Осындай түрдегі эвристикалық әдістерді эвристика деп атайды, оларды әр түрлі әдістемелік міндеттерді шешуде табысты пайдаланады.    

Репродуктивті және эвристикалық сұхбаттарды салыстыру

Көрсеткіштер

Репродуктивті сұхбат

Эвристикалық сұхбат

Мақсаты

Оқушылардың білімін мойындау және тексеру; жаңа материалды оқуға қажетті білімді өзектендіру.

Оқушылардың қабылдауын, ойлауын, белсенділігін дамыту.

Мәні

Мұғалім мен оқушының сұрақ жауап түріндегі өзара қарым қатынас

Мұғалім мен оқушының сұрақ жауап түріндегі өзара қарым қатынасы

Мұғалімнің қызметі

Репродуктивті сұрақтар жүйесін құру; сұхбат барысына басшылық жасау.

Репродуктивті және проблемалық сұрақтардың жүйесін құру, сұхбат барысына басшылық жасау.

Оқушының қызметі

Білімді актуализациялау, пікірталастарға қатысу.

Жаңа білімді өз бетінше іздестіру, өз көзқарасын негіздеу.

Қолдану мүмкіндігі

Практикада үнемі

Базалық білім және жеткілікті жоғары деңгейдегі сынып белсенделігі болған жағдайда.

Артықшылығы

Зейінін белсенді ету, кері байланыс орнату, білімді меңгеру деңгейін тексеру.

Оқушының зейінін, қабылдауын, ойлауын, қызығушылығын тарту жіне жинақтау.

Кемшілігі мен қиындықтары

Сыныптың барлық оқушыларын сұхбатқа қатыстыруға болмайды.

Алынатын білімнің үздіктілігі, оқушының жекелігін есепке алу мүмкіндігінің болмауы.

 

Психолог  Л.С. Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.  Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі [2,74 б.]. Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте  «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» -деп түсіндіріледі.  «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог  Л.С Выгодский.

И.Я Лернер «Даму» деген ұғымды педагоикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл- ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В. Занков ақыл –ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс- әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынды.

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой  әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ:

оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;

оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;

 білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар  үшін   міндеттілігі;

оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;

оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн) және басқа да психиканың функциясы зерттелген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская)  және т.б. іс –әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданады.

Нәтижесіндеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін  Л.В. Занков басқарды.

Дамыта оқыту белгілері:

  1. Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
  2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
  3. Балаға іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
  4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
  5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
  6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Дамыта оқытудың тиімділігі   

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

  1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
  2. оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
  3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
  4. оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
  5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
  6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
  7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады

Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.

Ø       Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

Ø       Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.

Ø       Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану.

Ø       Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс – әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С Выготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген [1,124 б.].

В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» – дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:

Ø   Оқу міндетін қою сабағы

Ø   модельдеу сабағы

Ø   түсінікті нақтылау сабағы

Ø   нақтылау сабағы

Ø   бағалау сабағы

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде

---- оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

---- проблеманы шешу жолын іздестіреді

---- жаңаны өздері табады

---- ақылдасады, кеңеседі.

Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу кезеңдері

І. Әдістемелік іс – әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

Ø    Сабақтың мазмұны

Ø   Оқу жағдайын ескеру

Ø   Әдістемелік тәсілдерді қолдану

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

Ø   Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)

Ø   Сабақтың әр этапындағы оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау

Ø   Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

Ø   Әр сабақтағы баланың іс – әрекетін ұйымдастыру

Ø   Оқушымен жанама қарым-қатынас

Ø   Жұмыс барысын бақылау жұмысы

  1. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)

Ø    Қойылған мақсатқа жету

Ø   Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

Ø   Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)

         Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:

- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,

- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,

- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.

1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.

2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

 Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс – әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?

1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.

2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.

3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.

6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Білімді тиянақтау кезеңінде кесте бойынша сұрақтың дұрыс жауабын табу сәйкес номерін жазу керек деп тапсырылады. Сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу, құрастыру. Логогрифтер, шарада, метаграммалар, филворд, т.б.

Математика сабағында логикалық есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданамын. Сонымен қатар оқушылар математикада басқатырғалар, ребустар, лабиринттер, сиқырлы шаршылар шешеді. Дүниетану сабағында семантикалық картамен жұмысты кеңінен пайдалануға болады.              

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму»  ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі.  «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.

  Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.  И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды.Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.  Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді [3, 24б.].