Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Рене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне енгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б. мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 тарауының 11 бабында осылай айтылған:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
Сондай - ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бөлімінің 4,6 тарауында: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс- тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады, деп жазылған.
Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарылатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқым келеді.
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі.«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
Мектептегі сабаққа қойылатын негізгі талап сабақта оқытудың жалпы білім беру, тәрбиелеу және дамытушы қызметтерін жүзеге асыру болып табылады.Бұл қызметтер әрбір сабақта белгілі бір дәрежеде жүзеге асырылады.Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - сабақтың білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін ұтымды сабақтастыра отырып, осы қызметтерге басшылық жасау.
Әр сабақ оқытудың ғылымилық, жүйелілік, мүмкіндік, саналылық және белсенділік принциптері оқушылардың жекелей ерекшеліктеріне сай білімді тиянақты меңгерту негізінде құрылады.
Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық тапсырмалар басым болсa, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамытуы мүмкін.Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты болады.
Білім беру жемісін құруда, оқушыларды қисынды әрекетке бастайтын, шығармашылық сабақтың жетістігі «стартты» тапсырмамен анықталады.
Оқушылардың өздері орындауының шығармашылық деңгейі, тек айтылған тапсырманың мазмұнына тәуекелді екенін тәжірибе көрсетеді.Егер тапсырма нашар берілсе немесе оның өзінің тәжірибесінің, немесе негізгі ғылымның нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз.
Әзірлеп жатқан тапсырмаларға қойылатын талаптар:
Ашық тапсырмаларды әзірлеуде мұғалімге оқушылар алуға тиіс нәтиже туралы өзінің түсінігінен алшақ болу қиын болады.Оқушылардың өзіндік жауаптарын сезіну – ашық тапсырма сапасының маңызды субьективті белгісі. Мысалы, «ғарыш дегеніміз не екенін қысқаша жаз» тапсырмасын жеті жасар бала қысқаша былай орындайды: «Ғарыш – бұл шексіздік». Оны орындау кезінде баланың ойланған шығармашылық деңгейі тәрізді тапсырманың қиындығы маңызды емес. «Оқыту әдісі» дидактикалық ұғымына жүргізілген талдаулар бұл категорияның педагогикалық ғылым үшін маңыздылығын көрсетті, көптеген әдістерге, пікірталастарға қарамастан , ол әлі жеткілікті зерттелмеген болып қала береді.Мүмкін болмауына байланысты оқыту әдістерінің бірыңғай әмбебап классификациясы жоқ, оның болуы бай, көпжақты оқу-педагогикалық қызметі логикалық схеманың шеңберіне қоюды білдірген болар еді. Соңғы онжылдықта педагогика ғылымына таныс, оқытудың білім беру, даму және тәрбиелік қызметтерінің өзара байланысын қамтамасыз ете алатын оөыту әдістерінің жаңаларын іздестіру, көнелерін жаңғырту зор мәнге ие болды. Дүниеге келген оқытудың жаңа әдістерінің көбіне психлогиялық педагогикалық негізі жоқ, оларды классификациялау қиын, дегенмен, оларды оөыту процесінде пайдалану оқушыларға сенімді табыс әкеледі.Мысал ретінде осы әдістердің кейбіреуін қарастырайық. Қазіргі уақытта іскерлік ойындар кеңінен тарауда.Іскерлік ойындар- шындыққа жақын жағдайлар қайталанатын жағдайларды таңдау және шешім қабылдауды жасау.Онда оларға жаңа қызметтерді пайымдауға және игеруге мүмкіндік беретін қатысушылардың рөлі қарастырылады. Іскерлік ойындардың айрықша белгілеріне: ойынды шынайы процесті модельдің көмегімен елестету; қатысушылардың арасында рөлдерді бөлісу, олардың бір-бірімен өзара әрекеті; ойынға қатысушылар көзқарастарының өзгешеліктері мен келіспеушілік жағдайлардың туындауы; бүкіл ұжымның ортақ ойын мақсатының болуы; қызмет тізбегін жүзеге асыру;
Іскерлік ойынның сенімді жетістігі оның қалыптасуға, оның ішінде кәсіби білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруға ықпал ете отырып, теория мен практиканы біріктіруінде.Ойындар оң эмоциялармен өткізілгендіктен оқытылатын пәнге қызығушылықты арттырады.
В.А.Ситаров оларды төмендегіше бөледі:
1.Шығармашылық ойындар.Бұл техникалық, көркемдік және зерттеуләк жобаларды жасаудағы ұжымдық шығармашылық.Оқушыларды бұл ойынға қатыстыру шығармашылық мүмкіндігін дамытуға, бастамашылыққа, батылдыққа, табандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуге жағдай жасайды [ 2, 64 б.].
Іскерлік ойындардың басқа да басқару, зерттеу, оқулық сияқты классификациялары бар.
Оқу процесінде қолданылатын ойындар төмендегі қызметтерді атқарады:
Соңғы онжылдықта педагогика ғылымында еркін, шығармашыл ізденіске көптеген шектеулер алынып тасталды.Осының негізінде оқыту әдістерін де қамтитып, тиімді педагогикалық қызметтердің авторлық тұжырымдамалары пайда болды.
Тиімді оқытуда американ оқушылары А.Эллис, Д.Фоутс ұсынған тереңдету әдістері қолданылады.Бұл әдіс конструктивизм деп аталатын таным теориясына тереңдеп енді.Оның негізгі идеясы барлық білім таным субьектісінен құрылады және сондықтан да жеке құбылыс болып табылады.
Тереңдету әдісі төмендегідей негізгі жағдайлар құрылған: