3 Модульдік оқыту технологиясының маңызы мен ерекшелігі


Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының аяғынан бастап ағылшын тілді елдерде дами бастады. Оның негізгі мәні – сабақтың жоспары, ақпараттар банкі және сабақтың дидактикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан тұрады.«Модуль – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықтайтын дербес бөлігі» Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.

Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.

Тиімді белгілерінің бірі – оқышының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық  жұмысты ұсынуға болады. Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу арқылы беруге болады.Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді. Модулдік оқыту және рейтинг - бақылау жүйесінің  ерекшеліктеріне тоқталсақ, модуль дегеніміз - міндетті түрде білім алушының білімен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған білім. Модульді құрастырыудың негізінен пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блокына сәкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы – модельде: тапсырма, жұмыс, білім алушылардың сабаққа қатысу, білім алушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі – бәрі өлшеніп, бағаланып отырады. Оқу модулі қайта жаңғартушы оқу циклы  ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе , сөлесу және қорытынды. Модуль білім алушыда өз бетімен  еңбектену, оқу – танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамассыз етеді. [1, 62бб.]

Сонымен модулдік оқыту технологиясы құрлымының мынадай нұсқасын көреміз: 1.Оқу мақсаттарымен таныстыру: 2. Мазмұны жақын тақырыптар топ немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру. 3.Мұғалмнің оқу материалын қысқаша баяандауы. 4.Өзара сөйлесу негізінде оқущылардың  танымдық қызметін  ұйымдастыру және әрбір білім алушынық қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.5.Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.6.Тұтас тақырып бойынша тестілеу.7.Тақырып бойынша қалыпты сынақ (өзіндік жұмыс,бақылау жұмысы, т.б.).[2, 94 бб.]

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі - мұғалімнің даярлық жүйесі. Ал педагогикалық процесс барысында ол фасилитатор, кеңесші және білім алушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ сол модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.

Мұғалімнің алдын ала жүргізетін жұмысы төмендегідей әрекет-қадамдардан тұрады: берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді айқындау; берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып зерттеу; берілген модуль бойынша негізгі мағынаны беретінтүйінді ұйымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рефльефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау; тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде); оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15- 20 тапсырма шамасында).

Берілген модульдегі оқу материалын тұтас мазмұны бойынша сынаққа  қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру(оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты сынақты алмастыруға болады). Сөйлесу бөлімін әзерлеу. Оқытудың белменді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір білім алушыға арнап күрделілік дәрежеіндегі тапсырмалар және ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.

Модульдік оқу технологиясында білім алушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бағалаудың, өзін- өзі және бірін- бірі бағалаудың мәні зор. Білім алушылар білімін бағалау балдық жүйемен жүреді, онда әрбір білім алушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма  беріледі. Олар шартты белгілермен көрсетіледі.

 Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда бірін-бірі бағалау әдісін қолдануға болады. Сонымен  талқылауға ұсынылып отырған бұл технология: білім алушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға; таным процестерін дамытуға; белсенді  сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға; тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым- қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашлық өзін- өзі белсендіру, өзін - өзі бекіту қажеттіліктерін қанғаттандыруға әсер ететіні сөзсіз.

Модульдік оқытуда оқу материалын үйренудің реті, игеруге тиісті негізгі ұғымдар, дағдылар мен біліктер, материалды игерудің деңгейі мен сапасы- барлығы алдын- ала жоспарланып қойылады. Модульдердің саны пәннің ішкі ерекшеліктеріне, сонымен қатар оқытудың қажетті бақылу жиілігіне де байланысты. Модульдік оқыту - рейтингілік бақылау жүйесімен тығыз байланысты. Модуль неғұрлым  ірі және маңыздырақ болса, соғұрлым оған балалар саны көбірек беріледі. Пәннің базалық мазмұны ұғым құрамында  базалық мазмұнды блоктар логикалық бір жүйеге келтірілген оқу модулі ұғымымен тығыз байланысты.

Базалық ұғымдар модуль бойынша естілетін істердің барлығын қамтитын және модульді оқып біткеннен кейін бақылауға (әдетте тест түрінде) алынатын сұрақтар мен тапсырмалар құрастырылады. Әрбір модуль қарастырылып болғаннан кейін тест бақылауының нәтижелері бойынша оқытушы студенттерге қажетті ұсыныстар жасайды.

Модульдік оқытудың құрылымы.

Модуль дегеніміз – мәндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материялының логикалық аяқталған бөлімі.Модульді құрастырудың негізіне пәннің жұмыс бағдарламасы алынады.Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді.Бірақ, тақырыптан айырмашылығы– модульде: тапсырма, жұмыс, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі – бәрі өлшеніп, бағаланып отырады. Оның мазмұнына:

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
  3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
  4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
  5. Нәтижені бағалау:

Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқумодулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:

  • Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)
  • Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
  • Қорытынды бөлім(бақылау)

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқумодулінің жалпы құрлымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады.Бұдан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10–12 минут ішінде) сызба, кесте, т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызымет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:

  • кіріспе –қызықтырушылық
  • опериационалдық-танымдық
  • рефлексиялық-бағалау

Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек. Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірек.Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.

Сөйлесу (әңгімелесу) бөлімінде танымдық процесс негізінен, сыныпты 2 – 6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара белсенді әрекет етуіне сәйкестендіріп құрылады.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді сабақ формаларын (топтық, топтық – жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар т.б.) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады.Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және бағалау мақсатында, кейіннен – алынған білімді талдау, бекіту және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3, 4 – ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.

ІІІ – деңгей білім – стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар («жеңілдетілген» стандарт), ІІ – ші деңгей – стандарт талаптарына сай алған білімдерін талдау мен қолдану деңгейіндегі тапсырмалар («стандартты»), І – ші деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне – интелектуалды және креативті дарынды балаларға арналған шығармашылық пен ізденушілік сипаттағы тапсырмалар («стандарттан жоғары»).

Оқушылар кез – келген деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды.

Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең – кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындай алу шамасына қарай таңдауға ерікті.Жеңілдетілген деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді.Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінен – ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады.Олар – кеңесшілер, жүргізушілер, т.б. рольдерді атқара алады.

Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдану тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрлысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші — операциялық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.Бұл бөлімді қарастыру үшін  Л.Фридманның төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:

  1. Бала жеке, топтық,  ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын,қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
  2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түріең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарындамытуға жағдай жасау.
  3. Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына  мүмкіндік болады.
  4. Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.
  5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Оқу модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп,құрастырады.Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып, пысықтап,  бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиеші үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы– күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған балаға , яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші  балалардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.Тәрбиешінің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.

  1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.
  2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру.
  3. Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.
  4. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
  5. Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.

Оқу модулінің  қорытынды бөлімі – бақылау.Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір – біріне көмегі, бірін – бірін оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданып, оқу модулінің осы бөлімінде беріледі..[1, 63бб.]

Модуль оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу – танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамассыз етеді.

Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды жүйелейтін болсақ, модульдік оқыту техологиясы құрылымының мынадай нұмқасын көреміз.

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
  2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру.
  3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі – сызбалар, сұлбалар, кестелер, т.б. негізінде)
  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызыметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызымет нәтежиесін әр сабақта бағалап отыру.
  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4 – 7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып – үйрену.
  6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
  7. Тақырып бойынша қалыпты сынақ ( өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы, т.б.)

Оқу модулін құрудың тағы біререкшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі.Ал педагогикалық процесс барысында ол фасилитатор, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады.Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтежиелерін, сондай – ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.

Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет – қадамдардан тұрады:

  1. Қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілу тиіс деп көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді айқындау.
  2. Қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып зерттеу.
  3. Қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны беретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу.Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.
  4. Қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде)
  5. Қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15- 20 тапсырма шамасында) .
  6. Қадам: Берілген модульдегі оқу материалды тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру ( оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты сынақты алмастыруға болады)
  7. Қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау.Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және ізденушілік (зерттеушілік)элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.

Модульдік оқыту технологиясында оқушылардың оқу қызыметінің нәтежиелерін бағалаудың, өзін – өзі және бірін – бірі бағалаудың мәні зор.Оқушылар білімін бағалау баллдық жүйемен жүреді, онда әрбір оқушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма беріледі.Олар шартты белгілермен көрсетіледі.

Баға – бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.Оқу жұмысының барысына, оның формасы мен мазмұнына, оқушы жауаптарының жылдамдығы мен нақтылығын мұғалімнің жекелеген бағалау – мағыналы сөздері ( парционалдық бағалар) ықпал етеді.

Өзін – өзі бағалау да адамның өзін –өзі жүйелеп, ісін ретке келтіру құралы болып табылады және өз нәтежиесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.

Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда бірін – бірі бағалау әдісін қолдануға болады. [1, 65 бб.]

Сонымен талқылауға ұсынылып отырған бұл технология:

  • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
  • Таным процестерін дамытуға;
  • Белсенді сөздік қорын, аузызша және жазбаша тілін дамытуға;
  • Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу , шығармашылық, өзін – өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға әсер ететіні сөзсіз.

Төменде көрсетілген кестеден модульдік оқыту технологиясының оқушы  тұлғасына және оны дамытуға ықпалын байқауға болады.

Оқушы тұлғасының қасиеттері

Әсер ету формасы

Модульдік оқыту технологиясының негізгі  элементтері

1.sТанымдық процестер

·Жады

·ейін

·Ойлау

·Елестету

·Танымдық шығарма-шылық қажеттілігін қанағаттандыру

ДАМЫТАДЫ

- меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді «қапшыққа» салып,есте сақтауға мүмкіндік беретін белгілік үлгілерге,сызбаларға сүйене отырып,оқу материалын түсіндіру;

- адамның екі сигналдық жүйесіне сүйену:сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқушы оқу материалын оқиды,тыңдайды,жазады,дауыстап айтады;

- сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында әртүрлі күрделілік деңгейіндегі оқу материалына бірнеше ретқайта оралу;

- оқытудың белсенді формалары – ойын арқылы оқыту,пікірталас,жеке және топтық жұмыс түрлері;

- әрбір оқушының өз еңбегінің соңғы нәтижесіне деген қызығушылығы;

- оқулықтарды оқу құралдарын және басқа қосымша әдебиетерді пайдалануды талап ететін оқу материалымен жұмыс жүйесі;

- адамның екі сигналдық жүйесіне сүйену;

- әрбір оқушының нәтижеге қол жеткізуіне бағытталуы;

- тапсырмаларды сатылап беру – сөйлесу бөлімінде оқушыларға берілетін І деңгей тапсырмалары «шығармашылық);

- оқытудың пікірталастық, ойын формалары пайдалану;

- технологияда ізденушілік оқыту элементтерін пайдалану;

2.қажеттіліктерsін

Қанағаттандыру

 

- қауіпсіздік (тұлғаның негізгі қажеттілігі)

- сыйласу,өзін өзектілендіру,өзін- өзі бекіту (негізгі қажеттіліктер)

 

-өзара қатынас,ойын қажеттілігі

- қиындықтарға дайын болу және жеңу

- оқытудың белсенді формалары;

- жеке тәртіппен жұмыс істеу мүмкіндігі;

- білім дәрежесін бағалаудың тоғыз баллдық жүйесі;

- тарсырмаларды саралап беру;

- сабақтағы өзара көмек,өзара бірлескен қызымет;

- өзара сөйлесу,серіктестік қарым-қатынас;

- оқытудың ойын формалары;

- өзара сөйлесу,оқушылардың өзара қатынасы;

- оқу модулінің сөйлесу бөлімі әрбір оқушының қорытынды бөліміне қиындықсыз және тиімді өтуін қамтамасыз етеді.

3.Танымдық қабілеттер

Дамытады

- тапсырмалары үш деңгейлік саралап беру;

- Б.Блумның таксономиясын пайдалану;

- білім дурежесін бағалаудың тоғыз баллдық жүйесі (деңгейлер бойынша);

- тұлғалық-бағытталған формалар;сөйлесу бөлімінің сабақтарын ұйымдастыру;

4.Белсенді сөздік қоры (ауызша және жазбаша тілі)

 

Дамытады

- тұрақты түрде өзара сөйлесу,ортақ тақырып әңгімелесу;

- сөйлесу бөлімінің сабақтарында адамның екі сигналдық жүйесіне сүйену;

5.Оқуға жағымды қызығушылық

Дамытады

- танымдық қызыметтен қанағаттанып  қуаныш сезіміне бөлену(оқу модулінің сөйлесу бөлімінің сабақтарындағы «екіліксіз» оқу, «өз деңгейіндегі» жұмыс істеу мүмкіндігі,ойынға қатысу,қорқыныш сезімінің жойылуы,өзіндік және өзара бірге дайындалу мүмкіндігі, субъект-субъект қатынастар);

- сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда «тәтті лимон» және «көк жүзім» қағидаларын пайдалану.

 

Модульде берілген бөліктің оқу мақсаты, тапсырмалары мен деңгейі өте анық айқындалған, оқушы игеруі тиіс дағдылар мен біліктер аталып көрсетілген.Модульдік оқытуда оқу материалын үйренудің реті, игерілуге тиісті негізгі ұғымдар, дағдылар менбіліктер, материалды игерудің деңгейі мен сапасы – барлығы алдын – ала жоспарланып қойылады.Модульдердің саны пәннің ішкі ерекшеліктеріне, сонымен қатар оқытудың қажетті бақылау жиелігіне де байланысты.Модульдік оқыту – рейтингілік бақылау жүйесімен тығыз байланысты.Модуль неғұрлым ірі және маңыздырақ болса, соғұрлым оған баллдар саны көбірек беріледі. .[1, 71бб.]

Пәннің базалық мазмұны ұғымы құрамында базалық мазмұнды блоктар логикалық бір жүйеге келтірілген оқу модулі ұғымымен тығыз байланысты.

Базалық ұғымдар негізінде (тезаурус, яғни, оқу пәнінің мәнін құрайтын негізгі мағыналық біріліктер,терминдер, ұғымдар,заңдар)- модульді оқып біткеннен кейін бақылауға (әдетте, тест түрінде) алынатын сұрақтар мен тапсырмалар құрастылады.

Әрбір модуль қарастырылып болғаннан кейін тест бақылауының нәтижелері бойынша оқытушы студенттерге қажетті рекомендациялар (ұсыныстар) жасайды.

Модуль танымдық және кәсіптік оқыту бөлімдерінен тұрады.

Бірінші бөлім – теориялық білім береді, екіншісі – алынған білімдер негізінде кәсіби біліктер мен дағдыларды қалыптастырады.

Модуль оқушыда интелектінің, өз бетімен еңбектену қабілеттерінің, ұжымшылдықтың, оқу – танымдық процесті басқара алу икемділіктерінің дамуын қамтамасыз етеді.

Модуль құрастырудың негізгі үш принципі:

  1. Комплекстік, интеграциялық және жеке дидактикалық мақсаттардың бірлігі, тұтастығы – КДМ, ИДМ, ЖДМ.
  2. Кері байланыс принципі – бақылау, талдау, оқушының оқудағы өзін - өзі басқаруына сәйкес түзетулер (коррекция).
  3. Қызыметтің, іс – әрекеттің практикалық бағыттылығы.

Бақылау мен бағалаудың рейтингілік жүйесі;

  1. Білім мен білікті бастапқы түрдегі бақылау;
  2. Міндетті түрдегі ағымдағы және аралық бақылау, жеңіл түрдегі өзін- өзі бақылау, студенттердің бірін – бірі бақылауы, үлгімен салыстыру;
  3. Соңғы немесе қорытынды бақылау (білім, білік, дағдылар деңгейі).

Бақылау таблицасы. (5 – баллдық жүйе)

  1. Тестілеу (бастапқы, аралық, соңғы)
  2. Іріктеп тестілеу.
  3. Оқу – танымдық белсенділік.
  4. Шығарма.
  5. Реферат.
  6. Қосымша жұмыстарды орындауға (көрнекті құралдарды дайындау, дидактикалық ойындарға қатысу).
  7. Сынақ.

Қорыта келгенде, сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге бола