Орыс мектептерінің 5 – 9 –сыныптарында қазақ тіл модульдер арқылы оқыту әдістемесінің лингвистикалық негізі қазақ тіл біліміне байланысты.Орыс сыныптарының қазақ тілі сабақтарында басты орын алатын – сөз бен сөздің байланысы, грамматикалық формалар мен мағыналар, сөздердің тіркесі, сөзжасам – осының бәрістіл білімінің салаларында қарастырыла келіп, грамматиканың дамуына қанша әсер етсе, модульдік технология арқылы тілді меңгертуге де сонша ықпал етеді.
Орыс мектебінде оқытылатын «Қазақ тілі» пәнінде екі үлкен бағыт бойынша ұйымдастырылатын жұмыстардың қатар жүргізілуі ғана оқушылардың саналы білім алуына қызымет ететіндігін әжістемеші ғалымдардың бәрі де құптайды.Оның бірі – бұл пәнде қазақ тіл білімінің ғылыми негізінде оқушылардың сөйлеу, қарым – қатынас жасау дағдысын дамытып жетілдіру.
Оқу пәнінің білім мазмұнында тілдің коммуникативтік қызыметі, грамматикалық жүйесі модульмен оқыту арқылы бір – бірімен тығыз байланыстырып меңгерту міндеті айқындалады.Оқыту жүйесінде мұндай міндеттің алға шығарылуы қарым – қатынас орыс тілді мектептердің қазақ тілі сабақтарында үлкен мәнге ие болады.Мұнда басты мәселе сөйлеу әрекетінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеру және жалпы дидактикалық ұстанымдарды тілді оқытудың әдістемелік жүйесімен ұштастырып отыру.
Тілді оқытудың басты факторларының бірі болып табылатын ауызша сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру мәселелерін арнайы сөз етіп, осы саланы жетілдірудің қажеттілігін негіздеп арнайы жазылған еңбектер де бар.
Тілді оқыту жүйесінде талаптар да жалпы білім беру саласындағы жаңа қағидаларға сүйеніп негізделеді. «Тіл – адам жанының тілмашы» ретінде адамды әлеуметтік ортамен байланыстырушы дәнекер әрі баланың жалпы дүниетанымын қалыптастыратын танымдық іс - әрекеттердің ең маңызды құралы.
Тіл арқылы оқушы болмысының, психикасының, мінез – құлық, адамгершілік қасиеттерінің көрінетіндігін, білім – білік деңгейлерінің танылатын әрдайым ескеріп, оны нақты жұмыстарда дәлелдеп отыру да – модульді картаны қалыптастырудың бір арнасы. Қазақ тілі сабақтарында «сауат ашу, қарым – қатынас шеберлігін, мәдениетін үйретумен қатар, оны белгілі бір этникалық топтың мүшесі ретінде тәрбиелеу, қалыптастыру» мәселесі ұлттық дәстүрге негізделіп жүргізілуін талап етеді.
Ана тіліміздің орыс тілді бөлімдерде оқытудың негізгі әдіснамалық арқауы – психология білімі, тілдердің өзара әрекеті теориясы және педагогика ілімдері болып табылады.Оқытудың дидактикалық ұстанымдары мен оқытудың психологиялық ұстанымдары тығыз байланысты.Олар: болашақ даму кезеңіне бағдарлап, оқу іс - әрекеті үрдісінде оқушыны тұлға ретінде қалаптастыратын белгілі интеллектуалдық және моралдық қасиеттерінің тууына күш бағыттау, оқу үрдісін таңдауда нақтылы жағдайын ескеру, сапалы нәтежиені қамтамасыз етіп, яғни, оқушылар мен оқытушының ішкі мүмкіндік күшіне көзін ашып, оның белсенділігін арттыру, сөйтіп көздеген мақсатқа жету.
Тілді оқыту ұстанымдары – үйретуші іс - әрекетіс және үйренушілердің танымдық іс - әрекетінің сипатын анықтайтын негізгі қағидалар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде тарихи қалыптасқан және ғылыми негізделген, үйретуші мен үйренуші іс - әрекетін анықтайтын бастапқы қағидалар бар.Мәселен: профессор Н.Оралбаеваның пайымдауынша, мынадай дидактикалық ұстанымдардың жеке түрлерін қазақ тілін оқыту барысында басшылыққа алуға болады:
Ұстанымдар қызыметіне қарай жалпы дидактикалық және арнаулы болып ажыратылады.
Қазақ тілін модульмен оқыту – жаңа әдістемелік жүйе.Сондықтан модульмен оқыту теориясы өзіне ғана тән ұстанымдар жүйесіне негізделеді.Бұл қстанымдар жалпы дидактикалық ұстанымдармен тығыз байланысты.Жалпы «ұстаным» сөзінің мағынасы (латынша prine – pium – негізгі, бастапқы, орысша – принцип) кез келген іс - әрекетке сүйенетін негізгі ереже деп түсінеміз.Атап айтқанда, негізгі идея немесе адамның іс - әрекетіне қойылатын негізгі талаптар.Бұл талаптар ғылымның белгілі заңдылықтарынан туады.Оқыту ұстанымдары оқытуәрекетінің құрылымын жасауға оны тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.
Қазақ тілін модульмен оқыту ұстанымдары – тілдерді оқыту теориясының туындылары.Бұл – заңды құбылыс.Сонымен қатар ол модуьмен оқытудың тек өзіне ғана тән ерекше заңдылықтарын да бейнелеуі қажет.
Қазақ тілін модульмен оқыту жүйесі компонеттердің өзара байланысы, әрекеттестігі және тәуелділігі ұстанымдарының өзара байланысын анықтайды.Сондықтан да жеке ұстанымдардың жүйенің нақты компоненттерімен ара – қатынасқа түсуі белгілі дәрежеде шартты.Кез келген ұстаным, тура немесе жанама болсын, әр компонентте бейнеленеді де, сол арқылы оның толық жүзеге асуына ықпал етеді.
Модульмен оқыту – білім беру, тілді оқытып үйрету саласындағы жана жүйе.Сондықтан жоғарыда аталған модульмен оқыту ұстанымдары тізімін шектеулі, аяқталған деп айта аламыз.Ол әлі де дамып жетіледі.Соның негізінде жаңа идеялар, жаңа ұстанымдар пайда болады.Қазіргі кез талабына сай модульмен оқытудың жалпы бағытын, оның мақсаты мен мазмұнын, тілді оқытып – үйрету әдістемесі айқындайтын, негіздейтін жоғарыда атаған ұстанымдарға тоқталайық.
Модульмен оқыту ұстанымы белгілі әдістемелікережелер арқылы жүзеге асады.Атап айтқанда:
Модульмен оқыту ұстанымы оқыту мазмұны бөліктері аралығындағы байланыстардың өзара бағыну тәртібін шамалайды:оқу элементтері модульді құрайды, модульдер модульмен оқыту бағдарламасын құрайды.Олай болса, айтылғандарды түгендей келе, модульге келесідей анықтама беруге болады: модуль – модульмен оқытудың негізгі құралы, бірлігі.Ол мәліметтің аяқталған блогынан тұрады.Оның құрамына дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік нұсқау мен әрекеттің мақсатты бағдарламасы кіреді.Оны өрнекпен былай көрсетеміз:
Оқыту мазмұнының жекеленген бөліктерден құрылу ұстанымы.Бұл ұстаным оқу материалын модуль шеңберінде дидкатикалық мақсатты шешуге бағытталған және жекеленген элементтерден тұратын белгілі құрылымы бар бірыңғай тұтастық деп қарастыруды талап етеді.Аталған ұстанымның бағдарламалық оқытудың оқу материалын қадамдарға бөлу ұстанымымен біршама ұқсастығы және өзіндік айырмашылықтары бар. .[5, 41бб.]
Бағдарламалық оқытуда бұл ұстаным оқу материалын шағын, бір – бірімен тығыз байланысқан, белгілі тәртіппен сабақтаса күрделенген қадамдарға бөлуді талап етеді.Модульмен оқытуда әр бөліктің алдына белгілі әрекетті дидактикалық мақсат қойылады, ал оқыту мазмұны оны жүзеге асыруда қамтамасыз етерлік көлемде беріледі.
Оқыту мазмұнының жекеленген бөліктерден құрылуы ұстанымын жүзеге асыруда мынадай әдістемелік ережелерге сүйінген жөн:
Қатысымдық бағыттылығы ұстанымы. Ана тілімізді өзге ұлтқа оқытудың басты мақсатын назарға ала отырып, келесі жетекші қатысымдық әдіспен оқыту жүйесін айқындап, оны теориялық негізін қалаған ғалым Ф.Оразбаеваның пайымдауынша: «Қазақ тілін үйретуде қатысымдық әдіс пайдаланудың ең тиімді жолының тіке байланысқа негізделіп, адам мен адамның тікелей қарым – қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында.» Бұл – ана тілімізді өзге ұлтқа оқытып, үйретудің он бойы оқушыларды ауызша және жазбаша қатынасқа тарту, яғни, осы тілді бір – бірімен еркін тілдесу бірлігі мен дағдысын қалыптастырып дамыту негізінде құрылуы тиіс деген сөз.Шынтуында келгенде, тілді әлеуметтік ұүбылыс деп қарауымыздың өзі қатысымдық мақсатқа жету үшін сол тілдің дыбыстық кодын және графикалық кодын жете игеруді алдыңғы қатарға қояды.
Қатысымдық бағыттылығы ұстанымы ана тілімізді оқыту мазмұнын – лингвистикалық материалды сұрыптау және ұйымдастыру, қатысымдық сала мен жағдайды нақтылау қатысымға түсу үшін қандай қатысымдық дағды қажет және оны ауызша және жазбаша түрде жүзеге асыруды, тіліміздің қатысымдық қызыметін игеру қандай құралдар арқылы жүзеге асатынын айқындайды.Қатысымдық бағыттылығы ұстанымы ана тілімізді оқытып үйрету барысында өзге ұлт өкілі қатысымға түсуді жүзеге асыру үшін әр түрлі ұйымдастыру түрлерімен қоса сан түрлі ойындарды,соның ішінде рөлдік ойындардықолдану қажеттілігін көрсетеді.Атап айтқанда, бұл ұстаным тұлғалардың бір – бірімен қазақша тілдесуіне қолайлы жағдай жасауды талап етеді.
Сонымен қатысымдық бағыттылығы ұстанымын жүзеге асыруда келесі ережелерді басшылыққа алған жөн:
Кез келген сөз, сөз тіркесін, грамматикалық құбылысты ала отырып, олардың тілдесімдегі қызыметін, орнын оқушыларға ашып көрсететіндей белгілі бір жағдай ұсыну қажет.Себебі оқушылар берілген тілдік тұлғалардың тілдесім актінде қолданылуын алғашқы сәттен – ақ көруі тиіс.
Егер тілдік тұлғалар жағдайдан тысқары берілсе және олардың сыртқы формасы мен мағынасына ғана назар аударылса, алғашқы сәттен оқушылар бұлардың не үшін беріліп отырғанынтүсінбейді де, қатысымдық ұстаным жүзеге аспайды.
Материалдың меңгерілуі оның бірнеше рет қайталануына байланысты. Олай болса, ұсынылып отырған жағдайда әрдайым жаңалық енгізе отырып, материалдың бірнеше рет қайталануын қамтамасыз ету қажет.
Меңгерілген материал негізінде оқушылардың тілдесім жағдайын ұйымдастыра отырып, олар бір – бірімен еркін тілдесіп үйренуге неғұрлым қолайлы жағдай, жағымды психологиялық атмосфера жасалғаны жөн.Сондай – ақ оқушылардың өзара қарым – қатынасын да ескеру қажет.Сонда ғана олар қазақша кез келген материалды бар ынта – жігерімен, ықыласымен тыңдайтын, айтатын, оқитын болады.Және оқушылардыңжетістігін әрдайым баса айтып, олардың бойына өзіне сенімділік, жігерлілік ұрығын сеуіп отыру өте тиімді.
Тілдесім тек ауызша түрде ғана емес, оқылым арқылы да жүзеге асады.Сондықтан оқушы мәтінді оқыған кезде оның негізгі назарын мәтіннің мағыналық, мәнді жағын аудару керек.Ол үшін сол мәтін бойынша қатысымдық бағыттағы тапсырмаларды кеңінен қолданған дұрыс.Мұнда қрнекпен былай көрсетілген;
Қазақ тіліне саралай және кіріктіре оқыту ұстанымы.Қазақ тілін өзге ұлтқа оқытып үйретудің көп жылғы тәрбиесі мынаны көрсетіп отыр: әр түрлі сөйлеу әрекетінің тек өзіне ғана тән табиғи әрекеттер жиынтығы және лексика – грамматикалық бедерлеуі бар.Ана тілімізді саралай оқытып үйрету әр түрлі деңгейде жүзегеасады және оның өте нақтылы айқын шектемесі болады:
Жоғарыда көрсетілген әр деңгейде тек оның өзіне ғана тән әдістемелік міндеттер жүзеге асады және оқушыларды талапқа сай білік пен дағдыны игерту жетелейтін белгілі бір меңгерілетін тақырыпты ашатын жаттығулар жүйесі қолданылыды.
Ана тілімізді өзге ұлтқа оқытып – үйрету кіріктіре оқыту ұстанымы арқылы да жүзеге асады.Ол ана тілімізді оқытып – үйретуде тіліміздің барлық салаларын, я,ни, фонетика, лексика, грамматиканы жеке – жеке алып оқытудың емес, керсінше, оларды кіріктіре оқытып – үйретуді көздейді.Оқушылар оларды белгілі бір сөйлеу жағдайында нақтылы сөздерді, сөз тіркестері, сөйлемдер, диологиялық бірліктер, тұтас тіркестер, сондай – ақ мәтінің ішінде қолдана отырып, сөйлесу әрекеті барысында тез меңгереді.
Аталған ұстанымның өзіндік ерекшелігін есере отырып, оны жүзеге асыруда келесідей ережелерді басшылыққа алуды ұсынамыз:
Және де оқушылардың сөйлеу тілін, тыңдап – түсіне дамытатын әр түрлі дыбыстау, техникалық құралдар қолдану тиімді:
Тілімізді оқытып – үйретудің алғашқы қадамынан – ақ оқылым мәдениетінің негізінсалу қажет.Оқушылар мәтіннің тақырыбын алғаш оқығанда – ақ, осы мәтін не жайында болатынын, қандай мәселе қозғайтынын аңғарып отыруға үйрету қажет.Мәтінің бірінші және соңғы абзацтарын қарап шығып, негізгі ойын, мазмұнын айтуға машықтандыру дұрыс
Оңтайлылық ұстанымы.
Әлеуметтік сұраныстың әрдайым жаңарып отыруына сәйкес бұл ұстаным модуль мазмұнының еркін өзгеруін талап етеді.Ең алдымен, бұл оқыту мазмұнына тән екенін тәжірбие көрсетіп отыр.Бұл жағдай, әсіоесе, болашақ мамандарды оқытудың сапасына әсер етеді.Себебі, ғылыми – техникалық прогрестің жоғары даму қарқыны арнайы, жалпы техникалық білімдердің ескеруіне әкеліп соғады.Кейде, жалпығылымдық білім саласын қайта қарауды талап етеді.Сондықтан, білім жүйесінің барлық саласында жыл сайын оқу материалы жаңарып, өңделіп, оңтайланып отырғаны жөн.Оқу материалын әрдайым тез өзгертіп, толықтырып, дамытып отыруға оңтайлы.
Бұл жағдай қазақ тілін модульмен оқытуда оңтайлылық ұстанымын қолдануға мүмкіндік туғызады.Аталған ұстанымның жүзеге асуы келесі әдістемелік қағидалармен сипатталады:
Модульдің әр бөлімі жеңіл өзгеріп, ауысып отыруға оңтайлы болуы тиіс.Мұны өрнекпен былай көрсетуге болады:
Оқу тілінің ерекшелігінескеру ұстанымы.
Ана тіліміз ді өзге ұлтқа оқытып – үйретуде оқушылардың оқу тілі (бұл жерде орыс тілі) ерекшелігіне сүйенудің өзіндік мәні бар.Оқушылардың оқу тілінің ерекшелігіне сүйену, ең алдымен, сөйлесу материалын сұрыптау кезінде басталады.Әрине, материал белгілі бір тақырыптарға, жағдайларға негізделіп сұрыпталатыны белгілі.Оқу үрдісінде дыбысты, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді дұрыс айту және грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда да орыс тілі ерекшелігіне сүйенеміз.
Сөйлеу әрекетінің әр түрі бойынша дағдыларды қалыптастыруда да оқушыларға орыс тілін оқу барысында қалыптасқан дағдыларға сүйену қажет.
Ана тілімізді оқытып – үйрету барысында оқушыларға өздеріңде бұрыннан орыс тілін оқу барысында қалыптасқан білім, білік дағдыларын қалай қолдану жолын көрсеткен жөн.
Ана тіліміздің графикасы орыс тілі графикасы негізінде жасалғанын ескере отырып, екі тілдегі дыбыстардың дыбысталуындағы ұқсастық пен өзгешелікке оқушылардың назарын аударған дұрыс.
Ана тіліміздің лексикасы мен граммматикасын оқушыларға оқытып – үйретуде тілдік интерференцияны қолдану қажет.
Мақсаттың нақтылығы ұстанымы.
Модульмен оқытуға жалпы (модульді бағдарлама үшін), жеке (модульге), арнайы (модульдік бірлік, оқу элементі үшін) мақсаттарының дәл анықталуы тән.Мақсат – жетуге бағытталған әрекеттің нәтежиесін сезіну.Мақсаттар кез келген модульдің бөлінбес бөлшегі болып саналады.
Модуль мақсат қояды, сонымен қатар оларды ашады, түсінуге көмектеседі.Егер мақсатқа апаратын әрекет саналы болса, онда біршама табысты болады.Оқудағы табыс, көптеген жағдайда, мақсатқа қатаң бағынуына байланысты болады.
Бұл ұстаным тілді оқытып – үйрету жақын, таяу және қашықтықтан мақсатын терең түсініп, ұғынуын талап етеді.Басқарудың кез келген үрдісі мақсаттың анықталуынан басталады.Сондықтан,егер тілді оқытып - үйретуде оқушылар өзін - өзі басқару мүмкіншіліктерін пайдаланса, онда оларға тілді оқып – үйрену мақсаттарын (аралық және негізгі) анық түсіндіріп, ұғындыру қажет.[5, 33бб.]
Қазақ тілін модульмен оқытуда алдағы мақсаттың нақтылық ұстанымын жүзеге асыру үшін кейінгі қағидаларды ескеру керек;
Қазақ тілін модульмен оқыту барысында оралымдық, икемділік ұстанымын жүзеге асырып, кейінгі әдістемелік ережелерді сақтау керек:
Модульмен оқыту – білім беру, тілді оқытып үйрету саласындағы жана жүйе.Сондықтан жоғарыда аталған модульмен оқыту ұстанымдары тізімін шектеулі, аяқталған деп айта аламыз.Ол әлі де дамып жетіледі.Соның негізінде жаңа идеялар, жаңа ұстанымдар пайда болады.Қазіргі кез талабына сай модульмен оқытудың жалпы бағытын, оның мақсаты мен мазмұнын, тілді оқытып – үйрету әдістемесі айқындайды.