2.3 Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері


Үзіп-жұлқып жаңа технология, мына технология, түгеннің технологиясы деп ала қашып,берекесін кетірген жоқпыз ба? Немесе жаңа педагогикалық технологияның басын бір бөлек, аяғын бір бөлек бөлшектеп алып ат қойып, айдар тағып жүрген жоқпыз ба? Немесе ойлану керек сияқты. Ең алдымен «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологисы», «педагогикалық технология», жаңа педагогикалық технология терминдерінің  мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз керек.Шетел мамандары  оқыту технологиясының  үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір  көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға  білім берген. Екінші кезеңде – кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы  елеулі  өзгеріске түсті,  адамдарға  әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке  келді.

 Қазіргі кезеңде  де  оқыту  технологиясы  үлкен  өзгеріске душар  болып  отыр.  Мұғалімдер  мен  оқушыларға  әр  түрлі  дидактикалық  материалдармен  қоса:

1.Оқыту  мақсатына  сай  арнайы  жасаған  техникалық  құралдардың екі         типі

  а) проекторлар,  магнитафондар, компьютерлер.

  ә) слайдтар, кинофильмдер, кодопозифтер, бағдарламалық  құралдар  жәрдемге келді.

Қазіргі технологияда «миға  шабуыл»,  дебат,  модель, проект  жасату,  қорғату,  оқу, жазу арқылы оқушылардың  сыни көзқарасын  қалыптастыру  жиі қолданылып  келеді.  Соның  ішінде  әсіресе,  негізгі  концепциясын  ұсынып жүрген  Эльконин,  Давыдовтардың  дамыта оқыту алуға болады. Дамыта  оқыту тікелей  баланы (субъекті,  объекті)  жан-жақты  дамыта  отырып  (жеке  басын,  дүниетанымын, ойлауы, темпі)  оқытуға негізделеді.

 Дамыта  оқыту  мақсаттары  төмендегідей:

- Оқушы субъекті,  яғни, ол  өзін-өзі  дамыта  алады.

- Баланың  қабілетін,  дарынын  дамытуға ықпал  жасайды (іскерлігі,  машығын  дамыту емес)

-Білім  дайын  күйінде  ұсынылмайды,  бала - тыңдаушы, мұғалім- информатор  емес,  керісінше, бала - зерттеуші,  ізденуші,  жаңалық  ашушы. Олардың дағды,  іскерлігі  белгілі бір  проблема,  ситуацияны  шешу  іс-әрекетін  ұйымдастырушы,  бағыт  беруші.

-Дамыта  оқытудағы  басты  іс-әрекет  диалог,  пікірлесу,  пікір  таласы.

-Дамыта  оқытудағы  мұғалім  қызметі - диалогты  ұйымдастырушы,  бағыт  беруші,  балалардың  іс-әрекетін, ынтымақтастығын  бір  бағыт, бір мақсатқа  бағыттаушы.

Міне, осындай  жүйелер  арқылы  «Өзіндік  даму»  жүзеге   асады.  Соның  негізінде  өзіндік  талдау,  жинақтау,  өзіндік  бағыт  беру,  өзіндік  тәрбие,  білім  алу  жүйелері  қалыптасады. Яғни  дамыта  оқыту  жеке  тұлғаның  барлық  қасиеттерінің   дамуына  бағытталады. «Педагогика  бала  дамуының  ертеңгі  емес,  кешегі  күніне  сүйену керек»,-  деген Высотский.  Осыған  орай  ол  бала  дамуының  екі  деңгейін  анықтайды:

  1. Өзекті даму деңгейі - бала  бойында  қалыптасқан, өз  бетінше  орындай  алатын  іс-әрекеттер;          
  2. Жақын  даму  аймағы - бұл  бала  әлі өз бетінше іс-әркетті  орындай  алмайды,  бірақ үлкендердің  көмегімен  жүзеге  асыра  алатын көрініс.

Тұлға  жақын  даму  аймағына  өтуге  өзекті  даму  аймағындағы  білімдерін  өз  бетінше қолдануға,  аймағындағы  білімдерін өз  бетінше  қолдануға,  өзіндік  танымын  дамытуға  дағдыланады.  Г.К.Селевко  өзінде  дамыта  оқыту  технологиясын  жүзеге  келтіріп,  оны  үш  бөлікке бөлді.

1)    «Теория» - өзін -өзі  жетілдірудің  теориялық  негізін  ұғыну.  Бұл  мектеп  бағдарламасына  енгізілген.

2)    «Практика» - өзін- өзі  жетілдіруді,  іс- жүзіне  асыра  білу. Бұл іс-әрекет  сабақтан тыс

3)    «Әдістеме» -  ғылыми  негізін  жасауда  өзін-өзі  дамыта  оқытудың  әдісі  мен  құрылымын  жасап, жүзеге  асыру.

 Осы  үш  бөлікті  бір  жүйеге  келтіріп,  мектептерде  өзін-өзі  жетілдіру  сабақтарын  жүргізуге  болады. Өзінше  дамыта  оқытудағы  негізгі  мақсат: жеке  тұлғаның  өзін-өзі  жетілдіру  және  өзін-өзі  басқара  алатын  механизм  құрып,  адамгершілік - танымдық  қасиеттерін  дамыту.

 Бұл  оқыту  барысында  мұғалім  ұстанымы: дос, көп  нәрсені  білетін,  терең білімді  ақылшы.

 Оқушы  танымы: өзі  анықтап,  еркін өз  қалаушы  бойынша іс-әрекет  ету,  өзіндік  дамыта  оқыту  технологиясында  баланың  өзін-өзі  тануын  ұйымдастыруға  мұғалімнің  жоғары  педагогикалық  руханилығын керек  етеді,  оның  балаға  деген  сүйіспеншілігі,  «мұғалім» мен  «оқушы»  арасындағы  сенім  мен  оның  ішкі   әлемін  таным білуге,  жеке  қасиеттері  мен  мінезін   ашуға  мүмкіндік   береді.

 Қазіргі  кезде  осы   бағыт  бойынша  Қазақстан  мектептерінде  «Өзіндік  таным»   пәндік  курсы   жүргізілуде.  Бұл  курстың  бала  тәрбиесіндегі  алатын  орны   аса   зор.  «Өзіндік  таным»  курсы  оқу  барысында  өзін-өзі   тануы,   оны   жетілдіру,  дамытуы,  жалпы   адамзаттық  құндылықтарды  тану  бойынша  меңгерілген  дағдыларды   ақиқат  өмірде  қолдануына,  өз  көзқарастарын,  іс- әрекеттерін  белсенді  жүзеге  асыруға  дағдыландырады.

Бастауыш  сыныпта  «Өзіндік  танымды»  қалыптастыру   барысында  оқушыларды  қызықтырып  өзінің  жасаған  жұмысына  өзі  баға  беріп,  қорытынды  шығара  білуге  дағдыландырудың  маңызы  зор.  Ол  үшін  әр  түрлі  өз  бетінше  орындалатын  қызықты  тапсырмалар  беру  керек.