Лактация (сүттену) дегеніміз – желінде сүттің пайда болуы мен жиналуы және сауған немесе емген кездегі сүттің шығуы. Бұл процесс ағзаның барлық жүйесі бірлесе жұмыс істегенде ғана іске асады. Сүт сүт безінің секреторлық эпителиінде түзіледі де жинағыш жүйеге түседі. Желіннің қай жерінде орналасуына байланысты сүт цистернальдық, альвеолярлық және қалдық сүт болып бөлінеді.
Бұл бөлімде сүт безінің секреторлық қызметін, сүттің құрамын, желіндегі қысымды, сүт бөлудің жылдамдығын зерттеу тәсілдері берілген.
Сабақтың мақсаты: сүттің әртүрлі үлесіндегі май түйіршіктерінің көлемі мен санын анықтау әдісімен танысу.
Зерттеу обьектісі мен материалдар мен құрал-жабдықтар: сиыр сүті, сүтке арналған ыдыс, өлшегіш цилиндрлер, микроскоп, шприц, инелер, төсеніш және жабын шынылары, тамызғыштар, питутрин, этил спирті, мақта, дәке.
Әр түрлі малдың сүтінің бір-бірінен айырмашылығы сүттің құрамындағы белок, май, қант және тағы да басқа заттардың мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар оған малдың тұқымы, азық құрамы, сүттену кезі де өз әсерін тигізеді.
Зерттеу обьектісі, материалдар мен құрал жабдықтар: желіннің әр түрлі бөлігінен сауып алынған сүт, окуляр-микрометрлі микроскоп, стакан, пробиркалар, тамызғыштар, төсеніш және жабын шынылары, дистилденген су.
Жұмыстын барысы: пробиркаларға 1 мл-ден цистернальды, альвеолярлы, қалдық сүтті құйып, әрқайысысының үстіне 5 мл-ден дистилденген су қосып, шайқайды. Сонан соң оның әрқайсысынан 1 тамшыдан төсеніш шыныға тамызады да, жабын шынымен жауып, препаратты микроскоп столына қояды. Окуляр-микрометр шкаласы аймағында орналасқан май түйіршіктерін зерттеп, олардың диаметрін анықтайды. Окуляр-микрометр шкаласының әрбір бөлігінің үлкендігі х40 обьективпен қарғанда 3 мкм-ге тең болатынын ескеру қажет. Сүттің түрлі үлесіндегі май түйіршіктерінің үлкендігін салыстырып, олардың пайыздық қатынасын есептейді де, қорытынды жасайды.
Зерттеу обьектісі, материалдар мен құрал жабдықтар: желіннің әр түрлі бөлігінен сауып алынған сүт, микроскоп немесе целлоскоп, 250 мл өлшегіш стакан, Горяевтің есептеу камерасы, жабын шынысы, дистилденген су, мақта, дәке.
Жұмыстын барысы: өлшегіш стакандарға 1 мл-ден цистернальды, альвеолярлы, қалдық сүтті құйып, үстіне 200 мл дистилденген су қосады да, шайқайды. Горяев камерасына араластырылған сүтті тамызып, үстінен жабын шынысымен жабады. Камераны микроскоп столына қояды да, камераның әртүрлі бөлімінде орналасқан 5 үлкен шаршыдағы май түйіршіктерін санайды. Сүттің әр үлесіндегі май түйіршіктерінің санын салыстырып, қорытынды жасайды.
Дайындалуға сұрақтар
1. Желіннің өсіп – дамуы, жалпы құрылым принципі?
2. Емшек бездерінің өсуіне және дамуына әсер ететін факторлар?
3. Емшек бездерінің қызметтерінің азық қорыту құбылыстарымен байланысы қандай?
4.Сүт пайда болуының реттелуі және бөлінуі?
Студенттердің студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) тақырыптары:
1) аналық және аталық жыныс мүшелері және олардың қызметі;
2) үй құстарының көбею ерекшеліктері;
3) сүттену жайлы жалпы түсінік Сүттену кезеңі;
4) сүт бөлу және оның механизмі.