Бас миының үлкен жартышарлары орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі болып табылады, сондықтан жоғарғы жүйке қызметі олардың қызметімен тығыз байланысты. И. П. Павлов жүйке жүйесінің жеке мүшелердің жұмысын реттеуге және ағзаның барлық бөлімдерін интеграциялауға бағытталған әрекетін төменгі жүйке бөліктерінің қызметі деп, ал ағзаның сыртқы ортамен байланысын орнатуға және сыртқы ортаға бейімделуіне бағытталған әрекетін жоғарғы жүйке қызметі деп атады.
Орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдері рефлекс принципі бойынша жұмыс жасайды. Бас миы қыртысы орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріне тән шартсыз (туа біткен) рефлекстермен қатар, И. П. Павловтың атауы бойынша шартты рефлекстер деп аталатын рефлекстің екінші түрін де іске асырады. Шартты рефлекстер тұрақты емес, олар жануардың тіршілік жағдайына, қоршаған сыртқы ортаның әсеріне байланысты пайда болады немесе жоғалып кетеді. Шартты рефлекстердің қалыптасуы, негізінен, ми қыртысының үлкен жартышарларында пайда болатын қозумен байланысты. Шартты рефлекс дегеніміз ағзаның шартты, сигналдық тітіркендіргішке жауабы, оның пайда болуы және қалыптасуы үшін белгілі бір шартсыз тітіркендіргіш қажет. Шартты рефлексті қалыптастыруға арналған тітіркендіргіш-сигнал шартсыз тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі керек. Сонымен қатар шартты және шартсыз тітіркендіргіштер уақыт бойынша сәйкестікті сақтауды қажет етеді.
Шартты рефлекстердің түзілуі кезінде келесі негізгі шарттарды есте сақтау қажет:
1) шартты қоздырғыш шартсыз қоздырғыштың алдында болуы қажет;
2) қоздырғыш күші оптимальді болуы тиіс;
3) орталықтардың тиісті қоздырғышы болуы қажет: тым жоғары немесе тым төмен болмауы тиіс.
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. ОЖЖ-не не жатады?
2. Ми қыртысының үлкен жартышарларын зерттеу әдістері?
3. Шартты және шартсыз рефлекстер деген не олардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?
4. Шартты рефлекстің пайда болуының механизмі қандай?
5. Шартты рефлекстің биологиялық маңызы?
6. Шартты рефлекстің пайда болуына қажетті шарттар?
7. Ми қыртысындағы тежелу түрі және оның маңызы?
Сабақтың мақсаты: қоңырау дыбысына бірінші сигналдық жүйеде шартты қарашық рефлексінің түзілуі кезінде онымен бірге «қоңырау» сөзіне екінші сигналдық жүйеде шартты қарашық рефлексі түзілетіндігіне көз жеткізіңіз.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: сыналатын (жарыққа нақты қарашықты реакциясы бар және көз қабықшасының құбылмалы бояуы бар), қоңырау, үстел шамы, сыналатынның көзін қараңғылау үшін шағын қол экраны.
Жұмыстың барысы: сыналатынды әйнекке немесе үстел шамына бет жағымен өзіне қарама қарсы отырғызыңыз. Сыналатындыға бір көзін алақанмен жауып және екінші көзін біресе жауып біресе экранчикпен ашуды сұраңыз, жарық әсеріне қарашықты рефлексінің болуына көз жеткізіңіз (экранчикпен көз жабылғанда карашық кеңейеді, экранчикті көзден басқа жаққа ығыстырған кезде қарашық тарылады). Қоңырауды басыңыз және «қоңырау» сөзін қаттырақ дауыс шығарып айтыңыз, қарашық рефлексіне қатысты олардың индифферентіліктігіне көз жеткізіңіз. Одан әрі қоңырау әсеріне шартты қарашық рефлексінің түзілуіне кірісіңіз. Қоңырауды басып бірден сыналатынннын көзін жабыңыз. 20–30 сек кейін қоңырауды басып қалқанды (экранчик) көзден алшақтаңыз (барлық тәжірибе уақытында сыналушының екінші көзі алақанымен жабылып тұрады). 1 мин кейін қоңырауды тағы да басып, 20– 30 сек дейін көзді қалқанмен жабыңыз. Осындай үйлестірілімді 1-=12 істеңіз, осыдан кейін қоңыраудың кезекті қосылуы көздің экранчикпен қараңғылауыңсыз жүреді. Көздің жарықпен жарықтануына қарамастан яғни қоңырауға шартты рефлекс қарашықтың кеңеюін бақылаңыздар. Түзілген шартты рефлексті қосымша үш-бес рет көздің қараңғылауымен қоңырау үйлесімімен бекітіңіз, кейін қоңырауды қосудың орнына көзді қараңғылаусыз «қоңырау» сөзін қатты дауыс шығарып айтыңыз. Қарашықтың кеңеюін, яғни «қоңырау» сөзіне шартты қарашықты рефлексті бақылаңыз.
Хаттамаға жұмыстың барысын жазыңыз және бақылаған фактілерге түсіндірме беріңіз.
Шығармашылық тапсырмалар:
1) инсульт алған адам (үлкен жарты шар қыртысының белгілі бір аумағында қан құюлу) сөйлеу қабілетін жоғалтты бірақ өзіне айтқандарды барлығын түсінеді және жаза алады. Қыртыстың қандай аумағына қан құюлу болды? Осы фактіден қандай жалпы қорытынды жасауға болады;
2) жануарлармен емізілген балалар Ежелгі Римде, Швецияда, Бельгияда, Венгрияда, Голландияда, Ирландияда және Францияда белгілі болған. Осындай жағдайлар отыздан астам тіркелген. Жануарлармен емізілген балалардың барлығы сараланбаған дыбыстар шығарып, екі аяқтап жүре алмаған, үлкен бұлшық еттері күш пен алғырлықты иемденді, тез жүгірді, күшті өрмелеп, секірді. Көру, есту, иіс сезуі түйсіктері жақсы дамыған. Адам қоғамында көп уақыт өмір сүрсе де, олардың ішінен көбі сөйлуді үйрене алмады. Осы балалардың қылықтарын қалай түсіндіруге болады.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) тақырыптары:
1) үлкен жарты шарлар қартысындағы шартсыз және шартты тежелу;
2) үлкен жарты шарлар қыртысының анализдеу – синтездеу функциясы;
3) ес механизмі;
4) жоғары жүйке әрекетінің типтері.