«Экологиялық биогеография» оқу құралы мемлекеттік стандарт талаптарына сай әзірленген. Оқу құралы, ең алдымен, «Экологиялық биогеография» курсы бойынша оқу материалы ретінде, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары және ғылыми институттардың қызметкерлері үшін ғылыми қызығушылық ретінде пайдаланылуы мүмкін. Оқу құралында экологиялық биогеографияның негізгі ұғымдары, жер бетіндегі тірі ағзалардың таралуы мен аудандастыруының географиялық заңдылықтары, қауымдастықтардың функционалдық және құрылымдық белгілерінің берілген. Жердің фауналық және флоралық аймақтарының классификациясы және олардың сипаттамасы, сонымен қатар биологиялық әртүрлілікті сақтау стратегиялары келтірілген.
«Экологиялық биогеография» курсы білім берудің барлық нысанындағы студенттерге болашақ эколог, лаборант ретінде нағыз маман болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Бұл курсты оқу нәтижесінде әрбір студент өз мамандығы бойынша қызметтік міндеттерін орындауда, ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруда теориялық білімін пайдалана білу дағдысына ие болады.