Кіріспе


Әрбір адам өзінің барлық өмірі бойы қалай болғанда да ұйымдармен байланысты. Дәл осы ұйымдарда немес олардың қолдауы кезінде адамдар өседі, жұмыс істейді, қиыншылықтарды жеңеді, әралуан қатынастарға түседі, ғылым мен мәдениетті дамытады. Ұйымдар шегінде адам қызметі жүзеге асырылады. Адамдарсыз ұйымдар жоқ, ұйымдармен істейтін адамдар да жоқ.

Экономика дамуының заманауи жағдайында үлкен мән ұйымдардың әралуан қызметінде өтетін ұйымдық процестерге беріледі. Ұйымдардың мәнін және олардың даму заңдылықтарын түсінбей, оларды басқаруға да, олардың әлеуетін тиімді қолдануға да, олардың қызметінің заманауи технологияларын меңгеруге де болмайды.

Заманауи маман әлеуметтік ұйымдар бағынатын заңдарды білуі және тәжірибе жүзінде қолдана алуы қажет. Ол ұйымдық жүйелерді жобалау мен түзету тарапынан теориялық және тәжірибелік дағдыларға ие болуы керек.

Бұл сұрақтарға жауапты «Ұйымдастыру теориясы және кадрлық менеджмент» пәні береді.

«Ұйымдастыру теориясы және кадрлық менеджмент» пәнді оқыту мақсаты студенттерде менеджменттің теориялық негізінің құрама бөлігі ретінде ұйымдастыру теориясының негізгі түсініктері мен ережелерін зерттеу жолымен ұйымды басқару туралы жүйелі түсінігін қалыптастыру, студенттермен қызметтің таңдаған түріне халықаралық стандарттармен сәйкес және қоғамның индустриялыдан кейінгі даму жағдайында басқару міндеттерін шешудің тәжірибелік дағдылары мен ептілігін және құзыреттерін алуы.

Пәнді оқыту міндеттері:

- «ұйым» мен «жүйе» түсініктерінің мәнін және олардың байланысын, ұйымдастыру қағидалары мен ұйымдық құрылымдарды құру ережелерінің мазмұнын анықтау;

- өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару қағидаларын және ұйымдық құрылымдардың қызмет етуіндегі олардың рөлін; динамикалық аспектіде ұйымдық құрылымдардың бүтіндігін сақтау, қызмет ету мен реттеу бойынша ұйымдық қағидалар мен әрекеттерді түсіндіру;

- ұйымдық жүйелерді ұйымдық жобалау мен модельдеудің негізін; ұйымдық мәдениеттің мәні мен ұйымдық құрылымдардың қызмет етуіндегі оның рөлін анықтау;

- корпоративтік басқарудың негізгі тәсілдерін зерттеу, корпоративтік басқарудың негізгі тиімді әдістемелерін меңгеру, шағын кәсіпкерлік субъектілерін басқару ерекшеліктерін білу, өндірістік менеджментке, бизнес-үрдістер инжинирингіне заманауи тәсілдерді анықтау.

Берілген оқу құралы осы пәннің оқу жұмыс бағдарламасындағы тақырыптардың теориялық сұрақтарынан, әрбір тақырып бойынша бақылау сұрақтарынан, тесттік тапсырмалардын, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Осы оқу құралын құрастыра отырып, автор жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру бойынша университеттің оқу-әдістемелік базасының дамуына ықалын тигізеді деп ойлайды.

«Ұйымдастыру теориясы және кадрлық менеджмент» пәнінің оқу құралы емтиханға дайындалу кезінде де, пәнмен алғаш танысу кезінде де қажет болады.