12 Қызметкерлердің қызметін талдау. Лауазымдық нұсқаулықтар


12.1 Қызметкерлердің қызметін талдау мақсаттары мен сатылары

Қызметті талдау келесі сұрақтарға жауап беруі керек:

- қызметкерге негізгі өндірістік операцияларды орындау үшін қанша уақыт қажет;

- жұмыс орны түсінігіне қандай өндірістік операцияларды топтастыруға болады;

- еңбек өнімділігін жоғарлату үшін жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек;

- берілген өндірістік операцияны орындау үшін қызметкер қандай сипаттарға (ерекшеліктерге) ие болуы керек;

- персоналды басқару бағдарламасын құру үшін жұмыс орнын талдау нәтижесінде алынған ақпарат қалай қолданылуы керек.

Жұмыс орнын талдау мен құрылымдаудың келесі сатыларын бөліп көрсетуге болады:

Бірінші қадам – ұйым құрылымын және ондағы әрбір жұмыс процесінің орнын талдау.

Екінші қадам – жұмыс орнын талдау мақсаттарын анықтау, ол туралы ақпарат қалай қолданылады.

Үшінші қадам – типтік жұмыс орындарын іріктеу.

Төртінші қадам – жұмыс орнын талдау әдісін таңдау және қажетті мәліметтерді жинау мақсатымен оны қолдану.

Бесінші қадам – жұмыс орнын сипаттау.

Алтыншы қадам – жұмыс орнының ерекшелігін құру.

Жетінші (а) қадамы – жұмыс орнын жобалау үшін ақпаратты қолдану.

Жетінші (ә) қадамы – лауазымда жұмысқа кандидаттарды бағалау критерийлерін қалыптастыру үшін ақпаратты қолдану.

Сегізінші қадам – жағартылған жұмыс орнының жобасын бағалау мен енгізу.

Бар жұмыс орындары туралы бірінші-алтыншы қадамдарды жүзеге асыру барысында жинақталған ақпарат қолданылуы мүмкін:

- жұмыс процесін жобалау үшін (жетінші (а) қадамы). Жобаланған нұсқалар кемшіліктерді анықтау мен жою мақсатымен сегізінші қадам барысында жете тексеріледі;

- лауазымда жұмысқа кандидаттарды бағалау критерийлерінің тізімін қалыптастыру үшін (жетінші (ә) қадамы).

Жұмыс орындарын талдау нәтижелері 12.1-кестеде келтірілген кадрлық бағдарламаларды іске асыру барысында қолданылуы мүмкін.

12.1-кесте – Кадрлық бағдарламалар

Бағдарлама атауы

Ақпарат мазмұны және оны қолдану маққсаттары

Жұмыс орнын сипаттау

Жұмыс процесінің мәнін, қызметкер міндеттемелері мен оның жауапкершілік деңгейін сипаттау, жұмыс жағдайлары туралы мәліметтер

Жұмыс процесін айырықшалау

Орындаушы ие болуы керек жеке тұлғалық және кәсіби сипаттар

Жұмыс орнының жобасын құру

Берілген жұмыс лауазымымен байланысты міндеттер мен міндеттемелердің, элементтердің оңтайлы үйлесуі

Қызметкерлерді іріктеу

Лауазымға кандидаттарды іріктеу мен бағалау процедурасын жобалау кезінде қолданылатын орындаушы ие болуы қажет жеке тұлғалық және кәсіби сипаттар

Еңбек нәтижелігін бағалау

Жұмыс орны үшін еңбек өнімділігінің қолайлы деңгейін есептеуде қолданылатын жоспарлы және нақты өнімділік

Кадрларды дайындау және біліктілікті жетілдіру

Өндірістік міндеттер мен функцияларды сипаттау, дайындаудың тиімді бағдарламаларын құру үшін кәсіби маңызды сипаттар мен дағдылардың тізімі

Мансапты жоспарлау және қызмет бойынша жоғарлау

Жоғарлау мен ауысудың оңтайлы бағдарламаларын жасау үшін өндірістік процестердің өзара байланысы мен реттілігі туралы мәліметтер

Еңбекті төлеу

Салыстыру үшін, дұрыс бағалау мен тиімді ынталандыру үшін негізді алу мақсатымен өнімділік деңгейі туралы, еңбек жағдайлары туралы мәліметтер

Еңбектің қауіпсіздігі

Жұмыстың қауіпсіз нормативтері туралы ақпарат, құрал-жабдықтардың орналасуы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар құру мақсатында қызметкерлердің өзара әрекеттесуі, орындаулары үшін бағалау және марапаттау

 

12.2 Профессиограмманың типтік құрылымы

Профессиографиялық талдау – орындаушы жұмысын талдау, қызметті аса толық сипаттайтын негізгі міндеттерді, нәтижелерді, процестерді, өзара әрекеттесу сызбаларын айқындау.

Профессиограмма – қызмет пен ұйымдағы оның орнын сипаттайтын құжат.

Қызметтің сипаттамалық белгілері.

а) Параметрлік сипаттау (бүтін).

   1) Ұйым атауы.

   2) Ұйым мәртебесі.

   3) Ұйым құрылымы.

   4) Ұйымның мақсаттары мен мінідеттері.

   5) Ұйым қызметкерлері жүзеге асыратын қызметтің негізгі түрлері.

   6) Ұйымда қабылданған қағидалар мен нормалар.

ә) Морфологиялық сипаттау (элементтер бойынша).

   1) Қолданылатын еңбек құралдары.

   2) Жұмыс орны.

   3) Қызметтің негізгі элементтері (әрекеттер, операциялар).

   4) Күтілетін нәтиже және оған қойылатын талаптар.

б) Функционалдық сипаттау.

   1) Операциялардың, әрекеттердің реттілігі, қызмет «технологиясы».

   2) Еңбек пен демалыс тәртібі.

   3) Өзара әрекеттесу тәсілдері мен коммуникативтік желілер.

Қызмет элементтерін сандық бағалау.

а) Берілген тапсырмалар, оларды сипаттау.

ә) Сарапшылар саны және әртүрлі шкала бойынша оларды бағалау.

Психограмма.

а) Орындаушы қызметіне қойылатын талаптар.

ә) Орындаушының кәсіби маңызды сипаттамалары.

Бақылау сұрақтары

1. Қызметкердің қызметін талдау мақсаты мен сатылары.

2. Профессиограмманың типтік құрылымы.

3. Персонал бойынша менеджердің қызметінде профессиографиялық талдау.