1.1 Ұйымдастыру теориясының пәні және міндеттері
Ұйым – күрделі организм. Онда жеке тұлға мен топтың мүдделері, стимулдар мен шектеулер, қатаң технология мен инновациялар, тәртіп пен еркін шығармашылық, нормативтік талаптар мен бейресми бастамалар кездеседі және бірге жүреді. Ұйымның өз бейнесі, мәдениеті, дәстүрі мен беделі болады.
Ұйым мәнін және оның даму заңдылықтарын түсінбей, оларды басқаруға да, олардың әлеуетін тиімді қолдануға да, олардың қызметінің заманауи технологияларын игеруге де болмайды.
Ұйымдастыру теориясын оқыту пәні ұйымдық жүйеде өтетін процестерді талдау болып табылады.
Әрбір ұйым жеке элементтерден, буындардан, қосалқы жүйелерден тұратын күрделі жүйе болып табылады. Ол дербес қызметті жүзеге асырады, оны жоспарлайды, өз қылығының стратегиясы мен тактикасын әзірлейді, өз мақсаттары мен мүдделеріне ие.
Үйым қызметі күрделі және алуан түрлі. Ұйымда адамдар әртүрлі қатынастарға кіреді (жеке тұлғалық, өндірістік, ресми, бейресми). Сондықтан да ұйым динамикалық дамыған, мақсатқа бағытталған басқарылатын жүйеге жатады.
Ұйымдастыру теориясының негізгі міндеті – ұйым қызмет етуіне, онда болып жатқан өзгерістерге, тиімді мақсатқа бағытталған қызметті қамтамасыз ету мен қажетті нәтижелер алуға адамдар тобы және индивидуумдар жасайтын әсерлерді зерттеу.
Ұйымдастыру теориясында өндіріс технологиясы туралы емес, ұйымдық қызметтің барлық деңгейлерінде басқарудың ақпараттық технологиялары туралы айтылады. Ұйымдастыру теориясы бұл міндеттерді шешу үшін шектес ғылыми пәндердің (психология, әлеуметтану, әлеуметтік психология, антропология) мәліметтері мен жетістіктерін қолданады.
1.2 Ұйымдастыру теориясының басқа ғылымдармен байланысы
Ұйымдастыру теориясы – бұл ұйым қызмет етуін реттейтін негізгі заңдылықтар туралы ғылым.
Ұйымдастыру теориясы дербес пән ретінде әлеуметтанудан бөлініп шықты. Әлеуметтану – қоғамдық құрылымдарды, олардың элементтерін, сонымен қатар бұл құрылымдарда өтіп жатқан әлеуметтік процестерді зерттейтін ғылым. Әлеуметтануда қоғам өзіне жеке қоғамдық элементтерді, соның ішінде әралуан ұйымдарды да қосатын объективті өзара байланысқан бүтін жүйе ретінде қарастырылады.
Ұйымдастыру теориясының әдістемелік негіздері еңбектің әлеуметтану облысындағы зерттеулерге сүйенеді. Әсіресе ерекше рөлді саналы еңбекке персоналды ынталандыру мен мотивация теориясы ойнайды.
Ұжымдағы жеке тұлғаның рөлін және ұйымдық қызмет процесіндегі индивидуумның мінезін бағалай отырып, ұйымдастыру теориясы психологияға сүйенеді. Психология адам мінезін зерттейді, ұжымдағы адамның орынды әрекеттері мен қылықтарына жағдай жасайтын шарттарды анықтайды және келешекте оның мінез-құлқының мүмкін өзгерістерін анықтау бойынша ұсыныстар береді.
Ұйымдастыру теориясына әлеуметтік психология ғылыми пәнінің үлесі аса маңызды. Қазіргі әлеуметтік психология қоғамдық және тұлғааралық қатынастарды есепке ала отырып адамдардың өзара әрекеттері мен заңдылықтарын, тек шағын емес, сонымен қатар ірі әлеуметтік топтардың сипаттамаларын, жеке тұлға, көшбасшылық, топтық шешімдерді қабылдау проблемаларын, басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілерін зерттейді.
Кибернетиканың үлесі де маңызды. Кибернетика машиналарда, тірі организмдер мен қоғамдағы ақпаратты басқару мен жіберу процесінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
Кейін кибернетиканың дербес бағыты – экономикалық кибернетика пайда болды. Ол әлеуметтік-экономикалық ұйымдық жүйелерді жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әртүрлі пәндердің тұтас кешенін қамтиды. Бұл жүйелік талдау, экономикалық ақпараттың теориясы, экономикада басқаратын жүйелердің теоиясы, экономика-математикалық модельдеу теориясы, экономика және т.б. пәндер.
Ұйым қызмет етуін қамтамасыз етуде және олардың өз мақсаттарына жетуде басты рөлді басқару туралы ғылымы алады.
Ұйымды түсіну басқаруды зерттеу үшін негізді құрайды, себебі «ұйым» немес басқару деген сұраққа жауап береді, ал «басқару» – объектіге қалай және не үшін әсер ету деген сұраққа жауап береді.
Ұйымды басқару – бұл ақпаратты өңдеу процесі, ал басқару буыны деңгейінде қабылданған басқарушылық шешім – бұл жаңа ақпарат, оны оған қатысты барлығы басшылыққа алады.
Ұйымның басқаратын бөлігі еңбегінің пәні мен нәтижесі ақпарат болып табылады. Мұнымен ұйымдастыру теориясының ақпараттанумен тығыз байланысы түсіндіріледі. Ақпарттану – ғылыми-техникалық ақпараттардың, басқарудың жаңа ақпараттық технологиялардың проблемаларын зерттейтін ғылым саласы.
Ұйымдастыру теориясына «антропологияның» салымы келесіде: берілген білім саласы қоғам мәдениетінің функциясын зерттейді.
Ұйымдастыру теориясының экономикалық ғылыммен байланысы ұйымдарды құру үшін, ішкі және сыртқы өзара әрекеттерді қамтамасыз ету үшін негіз ретінде ұйымның мақсаты мен стратегиясын қалыптастырудың объективті қажеттілігімен анықталады. Жеке меншік қатынастарын, нарықтық және мемлекеттік реттеуді, шаруашылық субъектілерінің қызмет етуінің макро- және микроэкономикалық аспектілерін, тиімділік проблемаларын зерттеу, экономикалық ынталандыру әдісі ұйым бағытына ғана емес, сонымен қатар оның тиімді қызмет етуінің барлық жақтарына да тікелей қатысты болады.
Ұйымдастыру теориясының заң ғылымымен байланысы ерекше мәнді ала бастады. Ұйымдық процестердің қалыптасуына заң ғылымының келесі салалары үлкен әсер етеді: азаматтық, еңбек және шаруашылық құқық, әкімшілік құқық, корпоративтік құқық.
Ұйымдастыру теориясы сонымен қатар ұйымдық тәртіп, персоналды басқару, басқару жүйелерін зерттеу, басқару шешімдерін әзірлеу, стратегиялық, банктік, қаржылық, өндірістік және инновациялық менеджмент, сапаны басқару, дағдарысқа қарсы басқару, маркетинг, логистика және т.б. пәндермен байланысты.
Бақылау сұрақтары
1. Ұйымдастыру теориясы нені зерттейді?
2. Ұйымдастыру теориясы дербес пән ретінде қалай қалыптасты?
3. Ғылыми білімдер жүйесінде ұйымдастыру теориясы қандай орын алады?
4. Ұйым мен қоғам арасындағы қандай байланыс бар?
5. Қазақстанда жаңа нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында ұйымдастыру жұмысының ерекшеліктері қандай?