2.1 Ұйымның түсінігі және мәні
«Ұйым» термині әртүрлі ғылымдарда: философияда, әлеуметтануда, биологияда, кибернетикада және т.б. бар. Биологиялық жүйелерде ұйым синонимі «организм» термині болып табылады. Сонымен бірге «ұйым» терминін келесі сөз тіркестерінде кездестіруге болады: қоғамдық бірлестіктер: бюджеттік және коммерциялық, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер: кәсіподақ ұйымы, партиялық, ғылыми, өнеркәсіптік, сауда, құрылыс, қызмет көрсететін, спорттық және т.б.
«Ұйым» термині келесі сөз тіркестерінде де қолданылады: өндірісті ұйымдастыру, қаржы ресурстарын басқаруды, ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, қозғалысты ұйымдастыру және т.б.
«Ұйым» терминін үш әртүрлі мәнде қарастыруға болады: объект (құбылыс) ретінде, басқару процесі ретінде, ықпал немесе әрекет ретінде.
Ұйым объект ретінде – бұл қоғамдық құрылымның элементі немесе бөлігі болып табылатын және белгілі функцияларды (қызметтерді) орындайтын адамдардың жасанды бірігуі. Мұндай түсінікте «ұйым» термині келесі күрделі формацияларға: кәсіпорын, фирма, банк, билік органдары, мекемелер, ерікті одақ жатады.
Ұйым процесс ретінде – бұл қызмет ету процесінде жүйе элементтері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығы.
Қызметтің бұл түрі өзіне келесілерді қосады: ұжым мүшелері арасында функцияларды бөлу, адамдар арасында өзара әрекеттерді қамтамасыз ету, жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың бұйрықтары мен жарлықтарын орындалуына бақылау, материалдық және ақша қорларын бөлу. Бұл мәнде ұйым адам қызметін басқару процесі ретінде, яғни ұйымдастыру ретінде қарастырылады.
Ұйым ықпал ретінде – бұл қандай да объектінің әрекетін реттеу немесе орнату. Материалдық объектіге қатысты бұл сумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, жылу жүйесін ұйымдастыру және т.б. болуы мүмкін.
«Ұйымдастыру теориясы» курсында «ұйым» терминінің барлық 3 мәні де қолданылады, себебі басқарылатын объект ретінде ұйым туралы да, ұжымды басқарумен байланысты ұйымдық қызмет туралы да, ұйымдық құрылымды құрумен ұйымды жобалау туралы да айтылады.
Берілген курста басты назар өндірістік және экономикалық қызметпен айналысатын «ұйым» түсінігіне бағытталған. Ол «іскер ұйым» деп аталады. Бұл кәсіпорындар, фирмалар, қаржылық және басқа мекемелер. Олардың әрекет етуінің негізі тек пайда табу емес, сонымен қатар әлеуметтік мәнді міндеттерді шешу де болып табылады.
2.2 Ұйымдарды құрудың теориялық негіздері
Ұйымдарды құрудың теориялық негіздері білімдердің әртүрлі салалары шегінде әзірленеді: менеджмент, әлеуметтану, антропология, психология, заң ғылымы және т.б. Ірі ұйымдардың өсуі, адам туралы нақты ғылымдардың дамуы ұйымдарға, оларды басқару қағидалары мен әдістеріне деген ғылыми тәсілді әзірлеу үшін негіз ретінде болды. Бұл ұйымдарды құру заңдылықтарын, олардың негізгі сипаттары мен қызмет ету стимулдарын зерттейтін алуан түрлі ғылыми ойлар мен мектептердің пайда болуына түрткі болды.
Ұйымның қандай сызбасы берілген нақты жағдайлар үшін оңтайлы болып табылады деген сұрақты шешу үшін ұйымдарды құрудың ұсынылатын теорияларының әртүрлі тәсілдерін назарға алу қажет. Ұйымды құрудың бір тиімді (рационалды) тәсілі бар дегенді ұйғаратын теория әмбебап деп аталады. Ұйымды құрудың оңтайлы сызбасы сыртқы орта мен технология өзгерістері сияқты факторларға байланысты жағдайдан жағдайға өзгеріп отыруы мүмкін деген теориялар жағдайлық деп аталады.
Ұйымды құрудың теориялары оларды әзірлеу тәсілдері бойынша да ерекшеленуі мүмкін. Ұйымның бір сызбалары қисынды функцияның нәтижесі болса, басқалары зерттеушілік әзірлемелер негізінде тұжырымдалған. Бір теориялар ұйымды бейнелеу үшін негізгі сипаттамаларды іздеуді жүргізсе, басқалары «ең жақсы» ұйымды сипаттап беруге тырысады.
Талдаудың ең маңызды негіздері ретінде қарастыратын фирма бөлімдерінің міндеттеріне назар берілген теориялар бар; ұйымды тұтас талдауға талпынатын теориялар бар.
Ұйымдық теориялардың келесі типтерін бөліп көрсетуге болады:
- классикалық ұйымдық теория;
- классикалық емес ұйымдық теория;
- жүйелік ұйымдық теория;
- жағдайлық ұйымдық теория;
- неожаңартылған ұйымдық теория.
2.3 Ұйымдық теориялардың типтері
Классикалық ұйымдық теория келесі белгілермен сипатталады:
- ол объективті жағдайлардың тар диапазоны үшін құрылады;
- онда ресми сипаттамалар басым болады;
- ол басқару мақсаттарының, технологияларының, сыртқы ортаның тұрақтылығын ұйғарады.
Берілген теорияның негізгі тұжырымдық басқарушылық қағидасы – жұмыс. Классикалық тәсіл мақсаттармен және стратегиямен сәйкес функциялардың толық спецификасына, секторлар, бөлімдер, бөлімшелер және т.б. бойынша жұмыстарды топтастыруға негізделген, яғни өкілеттіктерді делегирлеуге, ресми өзара қатынастар ережелері мен жауапкершілігін нақты анықтауға, тікелей орындаушылардың жұмысын жетік ұйымдастыруға бағытталған.
Ұйымның классикалық теориясының негізін қалаушылары: Ф.У. Тейлор, Ф. Гилберт, Л. Гилберт, Г.Л. Гантт, Х. Эмерсон, М.Л. Кук, А. Файоль, М. Вебер және т.б. болып табылады.
Басты назарда – жеке буындармен немесе ұйым мүшелерімен жасалынатын жұмыс емес, ұйымның барлығы. Мұнда ұйым қағидалары, ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру критерийлері, бөлімшелер жүйесін құру, басқарушылықты анықтау және құқықтар мен жауапкершілікті делегирлеу қағидалары тұжырымдалған болатын. Классикалық теорияның дамуына едәуір үлесті негізі М. Вебер еңбектеріндегі бюрократиялық теорияны әзірлеу табылады.
Классикалық емес ұйымдық теория ұйымның басты элементі – персоналға ерекше көңіл бөледі.
Келесі сипаттамаларға тән:
- ұйым көптеген адамдардың өзара байланысты мінез-құлық жүйесі ретінде түсіндіріледі;
- технологиялардың, сыртқы ортаның тұрақсыздығы, тәуекелдіктің жоғары дәрежесі есепке алынады.
Берілген теорияның негізгі тұжырымдық басқарушылық қағидасы – рөл. Классикалық емес тәсіл мотивация, топтық мінез-құлық ерекшеліктері, көшбасшылық типтері, өкілеттіктер, биліктік қатынастар, жауапкершілікті анықтау және т.б. негізінде ұйым тиімділігін жоғарлатуға ұмтылады.
Жүйелік ұйымдық теория ұйымды және ол қызмет ететін сыртқы ортаны бір бүтін ретінде қарастырады, яғни жоғары белгісіздік жағдайында ұйымның қызмет етуінің оңтайлы әдісін іздейді.
Келесі сипаттамалармен ерекшеленеді:
- мүдделердің әртүрлілігі жағдайында шешімдер қабылданады;
- «шешімдер орталықтарының» қызмет ету тәсілдеріне назар аударылады;
- ақпараттық ағындар мен циклдер арнайы орнатылады;
- ол танымдық және оқытатын жүйе ретінде жобаланады;
- белгісіздік және жергілікті, «шектеулі» тиімділік мойындалады.
Берілген теорияның негізгі тұжырымдық басқарушылық қағидасы – шешім. Жүйелік тәсіл ұйым мақсаттарын ойластыруға; шешім қабылдаудың негізгі облыстарын немесе қосалқы жүйелерін анықтауға; ақпараттық арналарды жобалау, шешім қабылдау кезінде анықсыздықты төмендететін ақпараттарға деген қажеттіліктерді анықтауға; шешім қабылдау облыстарын топтастыруға; матрицалық басқару мен жобалар бойынша басқаруға ұмтылады.
Жағдайлық ұйымдық теория ұйымды құрудың ең жақсы тәсілі жағдайға, яғни ұйым болатын ішкі және сыртқы жайттарға байланысты деп тұжырымдайды.
Келесі белгілермен сипатталады:
- теория «шектелген» үлгі ретінде ғана қарастырылады;
- ұйымның түп негізі көпнұсқалы ретінде түсіндіріледі;
- ұйымның даму фазасы (сатысы) ескеріледі;
- матрицалық басқару мен жобалар бойынша басқару басым мәнге ие.
Берілген теорияның негізгі тұжырымдық басқарушылық қағидасы – жоба. Жағдайлық тәсіл орындаушыларда күйзеліс жағдайлары мен қисынсыз ынтадан құтылуға ұмтылады. Әрекет етудің жақсысын іздеуге емес, қалыптасқан жағдайлардан шыға отырып, тиімді нұсқаны табу мен таңдауға назар беріледі. Бұл белгілі орталықсыздандыруды және алгоритм бойынша емес, эвристика бойынша әрекеттерді талап етеді.
Неожаңартылған ұйымдық теория ештенені жалғыз сенімді деп айтпай, «құрылымсыз ұйым», «көлденең ұйым» жағдайларын модельдейді (үлгілейді). Келесі белгілермен сипатталады:
- ұйым «үнемі жібітілген жүйе» ретінде;
- оған жасырын толқулар тән, бірде бір процедура кертартпалыққа айналмайды;
- сырттан келетін ақпарат алдын ала бекітілген нысан бойынша емес, өзін-өзі ұйымдастыратын процесте кенеттен және
Берілген теорияның негізгі тұжырымдық басқарушылық қағидасы – өзін-өзі ұйымдастыру, персоналды дамыту.
Бұл тәсіл ұйымның барлық мүшелеріне автономды жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл әрбіреуі ұйымды жалпы бейнелеуі мүмкін екенін білдіреді. Қандай да бір шешім немесе әрекет команданың қатысуын талап еткенде байланыстар уақытша пайда болады, әрбір міндет жаңаша шешіледі.
Уақытша шығармашылық келісімдерден басқа, қандай да айқын түрде ұйымдық құрылым жоқ.
Теориялық әзірлемелердің қазіргі бағыттары келесі тұжырымдамалардан тұрады:
- реинжиниринг, немесе қазіргі ақпараттық және технологиялық негізде басқару мен өндірісті ұйымдастыруды қайта құру. Бұл корпорацияларды кешенді сауықтындырудың барлық элементтерін қайта құрудың әдістері де, теориясы да;
- басқарушылық механизм нарықты иеленуге келтіріледі;
- нарық сыйымдылығын талдау, тауарларды өткізуді ұйымдастыру, сатуларды ынталандыру әдістері, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету;
- корпорациялардың ішкі нарықтарының (немесе ұйымдық нарықтардың) тұжырымдамасы, нарықтың шаруашылық заңдылықтары мен қағидаларын корпорациялардың ішкі қызметіне көшірумен сипатталады;
- барлық бөлімшелер автономды буындарға айналады, олар фирмаішілік және фирмааралық айналымға қатыса отырып, тауарлар мен қызметтерді сатады және сатып алады, бірыңғай ақпараттық желілермен, қаржылық жүйелермен және кәсіпкерлік мәдениетпен бірігеді. Кәсіпорын ішінде кең экономикалық дербестікке ие бөлімшелер тауарлар өндірісіне, қызметтерді көрсетуге, тұтынушылармен қарым-қатынастың барлық жүйесіне өзгерістер оперативті түрде енгізе алады. Ақпараттық технологияларды қолданумен бұл негізде бөлінген автономды буындармен желілік ұйымдар қалыптасады, оларды виртуалды корпорациялар деп атайды;
- альянстар теориясы.
Ұйымдық теориялар және олардың негізінде құрылатын ұйым үлгілері қарама-қайшы. Олардың әрбіреуі артықшылық пен кемшіліктерге ие, ал олардың жиынтығы мүмкін шешімдердің «желісін» көрсетеді. Сондықтан да ұйымдар сыртқы ортаның белгілі жағдайларында өз жолын таңдай отырып, алуан түрлі және ерекше.
Бақылау сұрақтары
1. Ұйым дегеніміз не?
2. Объект ретінде және үрдіс ретінде ұйым түсініктерінің негізгі ерекшеліктері қандай?
3. Ұйымның ішкі ортасының компонеттерін қалай жіктеуге болады?
4. Ұйымның сыртқы ортасы дегенііз не?
5. Ұйымның классикалық және неоклассикалық теориясының басты белгілері қандай?