1 – дәріс. Павлодар облысының жалпы сипаттамасы және табиғат жағдайлары


Павлодар облысы Қазақстан Республикасының солтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Омбы, солтүстік – шығысында Новосибирск облыстарымен, оңтүстік – шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, оңтүстігінде – Шығыс Қазақстан және Қарағанды, ал батысында – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі (Сурет 1 – де көрсетілген).

Облыс 124.8 мың км2 аумаққа созылып жатыр, халық саны 776,8 мың адам (2001ж.). Халық тығыз орналасқан аудандар қатарына Баянауыл (32,1 мың адам), Ертіс (31,7 мың адам), Павлодар (31,6 мың адам), Шарбақты (27,5 мың адам) (Кесте 1 – де көрсетілген).

Облыс құрамында 3 қала (Павлодар, Екібастұз, Ақсу), 8 поселокті акимат және 166 ауылды округтер бар. Ауылдық өңірлерде тұрғылықты жерлер саны - 516. Тұрғылықты елді мекендер анағұрлым көп шоғырланған аудандар - Баянауыл (92), Ертіс (58), Қашыр (44), Железин (44), Павлодар және Шарбақты (41) (Кесте 2 – де келтірілді).

Алматы - Астана - Павлодар - Кулунда, Павлодар - Ақсу -Дегелен - Семей – Алматы темір жолдары, Семей - Павлодар - Омбы, Павлодар - Екібастұз - Астана, Павлодар – Екібастұз - Қарағанды, Павлодар - Майқайың - Баянауыл, Павлодар - Шарбақты - Кулунда, Павлодар – Успен - Славгород, Ертіс - Рус­ская поляна, Қашыр – Михайловка автомагистральдары облыстағы негізгі көлік жолдарының торабы болып табылады..

Алюминий зауыты, Павлодар мұнай – химия зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты, "Алып" көмір алабы, машина жасау зауыты, "Қазан" зауыты және т.б. облыста өтпелі кезеңнен кейінгі жылдары жоғары қарқындылықпен дамуда.

Облыстың ауыл шаруашылығы өсімдік және мал өсіруде де енді ғана өсіп өнуде. Өндірістің қарастырылған көлемі қолдағы бар қаржыландыру ресурстарына қарай бағытталған: тауар өндірушілердің өз қаржысы, бюджеттік қаржы, банктердің несие ресурстары.

Географиялық орналасуы бойынша облыс батыстан шығысқа қарай 450 км (73°30' - тан 80° ш.б. дейін) және солтүстіктен оңтүстікке 500 км астам созылып жатыр (50° - 54°30' с.е.).

Меридиан және ендік бойынша созылуы, сонымен қатар жер бетінің түрлі геологиялық даму тарихының салдарынан және абсолютті биіктіктің өзгеру салдарынан Павлодар облысы табиғи жағдайының алуан түрлілігімен ерекшеленеді [4, б. 9-10].

Obl_delenie

Сурет 1 – Павлодар облысының әкімшілік – аумақтық бөлінісінің сызбасы

Аудандар: 1. Баянауыл, 2. Ақсу қаласының селолық зонасы, З. Железин, 4. Ертіс, 5. Қашыр, 6. Ақтоғай, 7. Аққу, 8. Май, 9. Павлодар, 10. Успен, 11. Шарбақты, 12. Екібастұз қаласының селолық зонасы, 13. Павлодар


Кесте 1 - Павлодар облысының аумағы, халық саны және тығыздығы

Территория, мың шаршы шақырым

Халық тығыздығы, 1 шаршы шақырымға адам

Барлық халық саны

Соның ішінде

Халық (%) үлесі

қала

ауыл

қала

ауыл

Павлодар облысы

124,8

6,2

776,8

494,5

282,3

63,7

36,3

Павлодар қ. ә.

0,3

1022,7

306,8

297,8

9,0

97,1

2,9

Ақсу қ. ә.

8,1

8,7

70,4

49,6

20,8

70.5

29,5

Екібастұз қ. ә.

18,9

7,8

146,8

137,1

9,7

93,4

6,6

Аудандар:

Ақтоғай

9,8

2,1

20,2

-

20,2

-

100

Баянауыл

18,5

1,7

32,1

10,0

22 1

31,2

68,8

Железин

7,7

3,2

25,0

-

25,0

-

100

Ертіс

10,2

3,1

31,7

-

31.7

-

100

Қашыр

6,8

4,4

30,0

-

30.0

-

100

Аққу

8,1

2,4

19,4

-

19,4

-

100

Май

18,1

0,9

16,1

-

16,1

-

100

Павлодар

6,0

5,3

31,6

-

31,6

100

Успен

5,5

3,5

19,2

-

19,2

-

100

Шарбақты

6,8

4,0

27,5

-

27,5

100

Облыс негізінен екі географиялық ендікте немесе табиғат зоналары шегінде - дала және шөлді – дала зоналарда орналасқан. Дала зонасымұнда екіге бөлінеді: 1) оңтүстік қара топырақты орташа шөлейтті әр түрлі – селеулі далалық аймақ; 2) қоңыр топырақты құрғақ селеулі – бетегелі далалық аймақ. Шөлді – далалы зона ашық қоңыр топырақты кедей селеулі- бетегелі –жусанды шөлді далалар ретінде көрінеді. Сонымен қатар, Баянауыл таулары шегінде биіктік белдеуліктің байқалуымен тығыз байланысты аумағы кішігірім, алайда ерекше таулы орманды дала зонасы айқын көрінеді. Мұнда өзіндік таулы- орманды топырақтарда қарағай ормандары және таулы қара топырақта алуан түрлі шөптесін өсімдікті дала таралған.Сонымен қатар, Баянауыл таулары шегінде биіктік белдеуліктің байқалуымен тығыз байланысты аумағы кішігірім, алайда ерекше таулы орманды дала зонасы айқын көрінеді. Мұнда өзіндік таулы - орманды топырақтарда қарағай ормандары және таулы қара топырақта алуан түрлі шөптесін өсімдікті дала таралған [5, б. 7 - 10].

Кесте 2 – Павлодар облысының әкімшілік – аумақтық бөлінісі

Қалалар

Посел­ок әкімшіліктері

Ауылдық округтер

Тұрғылықты жерлер

барлығы

Соның ішінде облысқа қарасты

поселоктер

ауылдар

Павлодар облысы

3

3

8

166

8

516

Павлодар қ. ә.

1

1

1

3

1

6

Ақсу қ. ә.

1

1

2

15

2

33

Екібастұз қ. ә.

1

1

3

10

3

27

Аудандар:

Ақтоғай

-

-

-

13

-

38

Баянауыл

-

-

2

13

2

92

Железин

-

-

-

13

-

43

Ертіс

-

-

-

18

-

58

Қашыр

-

-

-

14

-

44

Аққу

-

-

-

11

-

28

Май

-

-

-

11

-

38

Павлодар

-

-

-

16

-

41

Успен

-

-

-

13

-

27

Шарбақты

-

-

-

16

-

41

Қазақстан Республикасының солтүстік-шығыс бөлігінде Құлынды, Ертіс өңірі жазықтары мен Барабин ойпатының шегінде орналасқан. 15.01.1938 жылы құрылған. Облыс аумағы 127,5 мың км². солтүстігінде, солтүстік-шығысы мен шығысында РФ Омбы, Новосибирь облыстарымен, Алтай өлкесімен және Солтүстік Қазақстан облысымен, батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Облыс аумағында 3 қала, 8 қала типтес поселке бар. Әкімшілік орталығы – Павлодар қаласы.

Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан.

Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда. Сонымен қатар, экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне өңірдің өзге де тартымды сипаттарын: дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, біліктілігі жоғары мамандардың болуын, қазіргі заманғы көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шетелдік инвесторлардың, мемлекеттік даму бағдарламаларының бар болуын да қосуға болады

Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті.

Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді . Соның Ішінде ең ірілері: "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ, "Алюминий Қазақстан" АҚ, "Ақсу ферроқорытпа зауыты" филиалы, "Казхром" ТҰК АҚ, "Богатырь" ЖШС, "Евразиялық Энергетикалық корпорациясы" АҚ, "Павлодар мұнай-газ зауыты" АҚ, "Кастинг" ПФ АҚ, "Павлодар машинажасау зауыты" АҚ, "Павлодар картон-руберойд зауыты" АҚ және т.б.

Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады.

Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

Облыстың өнеркәсіп потенциалы аумақ бойынша транспорттық коммуникация және транспорттық-экономикалық байланыс орнатуға жол ашты. Облыс өз алдына күрделі транспорттық тораптан тұрады: бұл аймақтан оңтүстікке бағытталған ірі мұнай құбыры бастау алады (Шымкент қаласына), Қазақстан және Ресейдің алыс-жақын аймақтарына электрэнергиясын тасымалдау желілері, Ертіс-Қарағанды-Жезказған каналы, Ресейге, елдің оңтүстігі мен орталығына бағытталған теміржолдар орналасқан.

Павлодар облысы қаржылық кірістері бойынша республикалық деңгейден жоғары облыстар қатарына жатады.

Банктік жүйе 17 филиал және 2 аймақтық банктен тұрады. Сақтандыру саласын барлық түрлер қамтылған. Рұқсат берілген қызметтер- өмірді сақтандыру, оқыс жағдайлардан сақтандыру, медициналық, транспорт құралдарын сақтандыру, жүктерді, азаматтық және кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру, қайтасақтандыру. Фондық нарық пен лизингтік нарықты дамыту үшін жақсы жағдайлар жасалған. Орташа айлық жалақы 40 мың.теңгені құрайды. Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы бойынша және зейнетақы бойынша қарыздар жоқ. Жұмыспен қамту орталығымен әрдайым халықты жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстармен айналысу, кәсіптік оқыту мақсатымен іс-шаралар өткізіліп отырады.

Табиғат байлықтары

Облысымыз Қазақстан Республикасының минералдық шикізат кешенінде жетекші рөл атқарады. Ертістің Павлодар өңірінің қатты пайдалы қазбаларының баланстық қорының жалпы құны 460 миллиард долларға бағаланады. Бұл – алтынды, құрылыс материалдары мен өзгелерін қоса алғанда, көмір мен әр түрлі металдар. Кен орындарының бір бөлігі ертеден және табысты өндірілуде, қалғандарында қосымша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, пайдалы қазбалардың нақты көлемдері, өндіру жағдайлары анықталуда.

Павлодар облысында Қазақстанның барлық көмір қорының үштен бір бөлігінен астамы шоғырланған. Ең ірі кен орындары – Екібастұз және Майкөбен, оларда сәйкесінше 10,5 миллиард және 2,2 миллиард тонна энергетикалық шикізат сақталған. Жалпы көмір қоры үш миллиард тоннадай болатын басқа да тоғыз кен орнын болашақта өндіруге болады. Барлық кен орындарының ерекшелігі көмірдің тереңде жатпағандығы, ал кей жерлерде тікелей жер бетіне шығып жатқандығы болып табылады. Сондықтан ол ашық үнемді әдіспен өндіріледі. Екібастұз бассейнінің көмірін өндірудің бірінші жарты ғасырында 2 миллиард тонна көмір өндірілді.

Барлау жүргізілген қалған көлемдері бірнеше жүзжылдыққа жетеді. "Бозшакөл" мыс-порфироидтық ірі кен орны өндіруге дайын. Мұнда руда жер бетіне жақын орналасқан және өндірістік шоғырлануында тек қана мыс емес, молибден, күміс, басқа да құнды металдар бар. Барлық кен орындарындағы мыстың жалпы қоры үш жарым миллион тоннаны құрайды.

Алтын кен орнының болжалды қоры шамамен 150 тоннаға бағалануда, онда осы бағалы металдан басқа күміс, мыс, мырыш, барит бар. Бұл металлдар көбінесе (жылына шамамен 300 мың тонна кен, одан 300 килограмм алтын, 5 тонна күміс, және 500 тонна мырыш,(2004 ж)) Майқайын кен орныныда шығарылады.

Кобальт кен орындары 14 мың тоннаға, никельдікі – 251 мың тоннаға, марганецтікі – 70 мың тоннаға бағаланады. Аймақтық рудалық қорлардың маңызды ерекшелігі – олардың құрамының көп құрамдас болуы: негізгі аталған металдардан басқа онда молибден, бериллий, индий, таллий, галлий, кадмий, германий, селен, теллур және тағы басқалары бар.

Облыста малахит пен ферузаның кен орындары табылды. Кейбір мамандар техникалық және зергерлік алмаздарды табу үшін нақты алғышарттар бар деп есептейді.

Ертістің Павлодар өңірінде әзірше мұнай мен газдың ашылған кен орындары жоқ. Бұл болашақтың еншісінде. Облыстың жарты аумағын Ертіс өңірі ойпаты алып жатыр, геологтар көмірсутегі шикізатының мол қоры жағынан оның болашағы зор деп есептейді. Мұнайдың болжалды ресурстары - 315 миллион тоннаға, ал газдікі – 148 миллиард текше метрге бағаланады.

Облыста кең тараған деп аталатын пайдалы қазбалардың 89 кен орны бар деп есептеледі: бұл – әр түрлі құрылыс материалдарын өндіруге, өнеркәсіп мұқтаждықтарына және басқа да мақсаттарға арналған шикізат. Мысалы, қорама құмының Қарасор кен орны – ТМД-дағы ең ірісі. Каолин (ақ күйдірілген) отқа төзімді саздың Суханов кен орнында шамамен 700 миллион тонна құнды шикізат сақталған.

Аймақ су ресурстарына бай. Облыс территориясы бойынша 140 өзен ағады. Ертістің жылдық ағынының көлемі – шамамен жүз кубтық километр. Ертіс-Қарағанды каналы ерекше, әлемде аналогы жоқ канал болып табылады. Елдің территориясынан өтетін 500-кмлік қашықтықта өзен суы тауға бағытталып ағады, 22 насос станциясы орналасқан аймақы, биіктігі жарты километрлік тау суайрықтарын басп өтеді. Каналсыз Екібастұздағы көмір өндіру мен энергетиканы, Қарағандыдағы қара металлургияны дамыту мүмкін болмас еді.

Павлодар облысында 1200-ге жуық ірі және кіші көлдер бар. Оның жүзге жуығы тұщы қалғаны тұзды. Облыс территориясында эксплуатациялық қоры тәулігіне 3,8 млн куб километрді құрайтын он бір жер асты суларының орындары табылаған. Оның барлығы ауыз су мен суаруға жарамды