16-сурет – Жасыбай көлі
Баянауыл тауларындағы көлемі жағынан екінші болып саналатын Жасыбай көлі. Бірақ өзінің танымалдығымен ол бірінші орында. Жан-жақтан таулармен қыспақталған көлге қазақ-жонғар соғыстарының батыры Жасыбайдың есімі берілген. Мұнда тек соның есімімен аталған өткелмен жетуге болады: аңыз бойынша дәл осында Жасыбай қарсыластарының басым күштерін ұстап қалған екен. Ал өткел тұрған моласы жөнінде мынадай сенім бар. Оған бара жатып тас ала бару керек. Кейін жеткен соң оған тас лақтырып тілек айту керек. Ол міндетті түрде орындалады деген сенім қалған. Көлдің өзінде Махаббат аралы орналасқан. Бұл орын Баян-сұлу мен оның сүйіктісі Қозы-Көрпеш туралы аңызға толы жер. Қазірде бұл романтикалық даңк ғашықтардың аралда оңаша қалуына әсерін тигізеді.
"Қаздар қайтуы" табиғат ескерткіші
"Қаздар қайтуы" неоген кезеңінің бай жануарлар әлемінің Палеонтологиялық орнының ашылуы (25 - 2 млн. жыл) Павлодар Ертіс өңіріне бұрынғы Кеңес Үкіметінің палеозоологтарын Павлодар Ертіс өңіріне әкелді. Өкінішке орай, барлық табылған палеомәлімет ғалымдармен әкетілетін болды, себебі біріншіден, сол уақытта Павлодарда өлкетану мұражайы болған жоқ, екіншіден, палеонтологиялық қалдықтардың зерттеліп, сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми мекеме болған жоқ. Қазіргі кезде қазба кешенін әзірлеумен, ескерткіш орнында саябақ кешенін (ашық аспан астындағы мұражай) әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, мұнда кез келген адам ертедегі жануарлар сүйектерінің қазба жұмыстарын байқай алады, сонымен қатар ерте кезеңдегі негізгі жануарлар түрлері жасалатын скульптуралық галерея жұмысына қатыса алады
Шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын
17-сурет – Баянауыл көріністері
Баянауыл - бұл шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын. Тау жартастары мен жоталары өсімдіктің көптілігімен және бірі біріне ұқсамайтындығымен таң қалдырады. Баянауыл тауларында болған адам мұнда денінің саулығы үшін демалуға міндетті түрде қайтып келеді. Туристік сүрлеумен жүріп, осы өлкенің қарттарымен танысып, сөйлескеннен кейін Сіз Қазақстанның осы бір тамаша, әдемі жері туралы ойыңызды кеңейтесіз. Егер Павлодар жолымен Майқайың өткелінен өтсеңіз, алдыңыздан ақбоз түйенің өркешіне ұқсас таулар шыға келеді. Оңға бұрылатын дала жолы Торайғыр өзеніне тіреледі. Тас жол аудан орталығы Баянауылға әкеледі. Өткелдің ар жағында таулы шеңбердің ішінде Жасыбай көлі жайылған. Баянауылдың керемет көлдері тау жықпылдарынан өтетін бұлақ жылғаларымен толығады. Жұмбақ жотасына таяу Әулиетас үңгірі бар. Үңгір ұзындығы 30 м-ге жуық, орта ені мен биіктігі - 2 м, 4-тен 7 метрге дейін жететін күмбезі бар. Оның тереңдігінде үлкен ойық бар, түрі суға толы тасты кесе сияқты. Торайғыр көлі бойындағы жолдың кез келген орнынан Жасыбай көліне қарай кемпірдің басына ұқсас тас бар. Үңгір мен жықпыл жартастағы суреттер ертедегі адамның өмір сүргенін дәлелдейді. Ол бұл орындарда неолит заманынан , яғни бірнеше мың жыл бұрын мекен еткен. Жазудың белгілері мен мағынасы әлі ашылған жоқ.
БМТП ең биік шыңы - Ақбет (теңіз деңгейінен 1026 м), парк аймағында ғажап таулар, үстірттер, үңгірлер орналасқан. олардың кейбірі сыртқы көріністеріне байланысты Кемпіртас, Найзатас, Батылдар шыңы, От Басы, Көгершін. Үңгірлер: Драверт құмырасы, Әулиетас үңгірі, Жұмбақ алабы және т.б. парк аймағында орналасқан 9 көлдің ең ірілері - Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдері. Парк көлдерінде алабұға, тұқымбалық, таутан, шортан шіркеші, ақ амур, ұзын мұрт сияқты балық түрлері мекен етеді.
Павлодар облысының геологиялық объектілері
18-сурет – Баянауыл тастары
Облыс аумағында республикалық және халықаралық мәндегі мемлекеттік табиғи қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілері бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құнды болып табылады, және ерекше табиғи қорғалатын табиғи территория санатына енген. Республикалық мәндегі объектілерге: Драверта үңгірі, Құмыра үңгірі Әулие және Қоңыр әулие үңгірлері, Әулибұлақ, Телебұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Тас кереметтері шатқалдары, Рахай және үшсала шатқалдары
Қоңыр Әулие үңгірі. "Қоңыр Әулие" атауы жердің жануарлар мен құстар әлемін қорғаушысының Ной (Нұх) Пайғамбар заманынан бар. Бүкіләлемдік су тасқыны кезінде үш көріпкел Нұх Пайғамбардың кемесіне қалып қойыпты, бірақ кемеде орын болмапты, сонда үш бақанды жалғап байлап, бақанға отрып, пайғамбардың кемесіне байланыпты. Бүкіләлемдік ағыспен олар солтүстіктен оңтүстікке беттеді. Алғашқы болып үлкен әулие Құланның бөренесі тасқа соғылып жұлынып кетті. Бұл Қызыл Тау маңында болған (сондай-ақ Әулие тау деп те атйды). Екінші болып тасқа ортаншы бала әулие Қыранның бөренесі ең биік тау Ақбетке соғылды. Су қайта бастағап, таулар мен шоқылар ашыла бастағанда, кенже әулие Қоңырдың бөренесі үңгірке келді де, ол осы жерде қоныстанды Сол себепті үңгір қажылықтың киелі жері саналған. Осындай табынудың себебі болған үңгір түкпіріндегі қазан, осы қазан түбіне үнемі су жиналады. Осы суда барлық ауруларды жауз қасиеті бар, тіпті, бедеуліктен де. Қай уақытта болмасын үңгір жанына баланы дүниеге әкелу мақсатымен қонуға әйелдер келетін, және осы арманы шынымен де орындалатын.
Қазір үңір мыңдаған туристердің келетін жері. Үңгірден Баяауыл ұлттық табиғи паркі қорының керемет жерінің көрінісі ашылғандай. Қоңыр Әулие үңіріне көтерілетін баспалдақтардың ұзындығы 110 метр, әрбір 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң жасақталды. Үңгірдіғң жалпы ұзындығы 30 метр, үңгір екі камерадан тұрады.
Найзатас шыңы. Соғыс пен шабуыл кезінде күндіз-түні Найзатас шыңынан тұрғындар тауларға беталыстарды бақылап отырған. Мыңдаған адамдар мен ауылдар шабуыл мен соғыстардан қорғану үшін таулы аймақтарда мекендеген. Шың басына тек бір жолмен көтерілуге болады. 700 метр биіктікте белдік тектеса Қазан орналасқан, қазан ішінде суы бар. Шың найза пішінді, сол себептен шыңды Найзатас деп атайды.
Кемпіртас шыңы туристердің ең көп барватын объектісі болып табылады. Кемпіртас шыңының бірегейлігі оны табиғаттың өзі жел, күн, және су күштерімен, ертегідегі Жалмауыз Кемпір (Кемпіртас) образын ұштап жаратқаны. Кемпіртас шыңы Торайғыр көлінен Жасыбай көліне қараған жолдағы биіктеген нүктелерден көрінеді.
Саймантас шыңдары. "Саймантас" шыңдары осындағы демалушылардың ең сүйікті орындарының бірі. "Тас ғажайыптарының алқабы" деп "Ат басы", "Ожаутас", "Тақиятас" шыңдары аталып кеткен. Тас колонналар адам ағзасының сәби шағынан бастап кәрі шағына дейінгі эволюциясын көрсетеді. Бұл ғажайып - табиғат жаратылысы.
Жасыбай батыр қабірі (XVIII ғ.) - қазақ халқы үшін ескерткіш орындарының бірі. Ол тарих тарихта таңбаланған дәуір "Ақтабан - шұбырындыны" - "Ұлы жұт жылдарын" еске салады.
"Жазуы бар тастар" - түсініксіз таңбалар, суреттер, тотемдер. Адамдар бұларға ерте кезден-ақ күтпеген және әртүрлі жерлерде тап болған. Олардың пайда болуы мен мәнін түсінбеген соң, адамдардың қиялы тастарды магиялық күшке бөлеген, оларға мистикалық мән берген. Адам бұл жерлерден аулақ болуға тырысқан. Жазулардан15 фигураны көруге болады, олардың ішіндегі 10-ы әртүрлі тұрыстағы адамдардың бейнесі, үшеуі күмәнсіз ер адамдарға тиесілі. Күмбездер мен қабырғалар тазалығымен ерекшеленеді. Бұл табынуға арналған заттарды сақтау орны ретінде болған. Дөңестегі суреттер діни немесе магиялық мәнде болған. Көршілес үңгірлер кең әрі сыйымды, мекендеуге әлдеқайда жақсы тұрақ.
19-сурет – Баянауыл көріністері
Мемлекеттік табиғи қорық - Қызылтау
Мемлекеттік табиғи қорық - Қызылтау – Баянауыл ауданының Оңтүстік-батысында Сарыарқаның Солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жалпы көлемі 60000 га. Сирек кездесетін жануарлар түрлері мен олардың мекен ету жерлерін жүзеге асыру және сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Табиғи аудандастыру жүйесіндегі жағдай – шөлейтті ландшафты аймақ.
Рельефті гранитті тау шоқылары, күмбез тәрізді төбе - шоқылар құрайды. Алаңның тең бөлігін жабық қазаншұңқырлар алып жатыр. Бұл жерлерге тік тастар тән. Аймақ Орталық Қазақстанның каледонды бүрме аймағында орналасқан, сонымен қатар төменгі және орта палеозойдың тұнбалы-вулкандық бөліктерімен қосылған. Беттік сулар үлкен емес өзендермен көрінеді. Жер асты сулары түрлі жастағы интрузивті түрлерге бейімделген. Төмендеулерде 3-10 метр тереңдікке дейін барады, су бөлінділерінде 30 метр, тәртібі тұрақты емес. Тау шыңдарында арша өседі. Сүтқоректілер: борсық, қасқыр, саршұнақ, қыр күзені, қоян, түлкі және басқалары. Негізгі қорғауға алынған жануар - арқар. Орнитофано: сұр құр, құр, бүркіт және басқалары
Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі
Қара суық пен Жаңажол елді мекендерінің арасында Ескерткіш орын бар - Ескелді төбесі бар, орыс тіліне аударғандағы мағынасы иесі келді - хозяин пришел деген мағынаны білдіреді. Осы жерде өз өмірінің соңғы үш жылын қазақтың ұлы баласы, ақын, ағартушы, фольклор жинаушы Мәһшүр Жүсіп Көпеев өткізген. Бұл жердегі дөңде оның кесенесі орналасқан. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жан-жақты, білімі терең адам болды. Ол өртеу зияны мен зардабы, шөп шабу мен сақтау, жылқылардың қандайын өсіру керектігі, қандай жерге егу керектігі туралы, жылқыларды емдеу, суды қай жерден іздеу керектігі туралы және т.б. мақалалар жазды. Қоғам қайраткері ретінде ол жәрмеңкелерді ашуға қол жеткізсе, геолог ретінде құдықтарды қай жерде қазу керектігіне кеңес береді. Көпеевтің есімі елде тек ақын, фольклорист, тарихшы, этнограф, философ ретінде ғана аян емес. Көріпкелдік қасиеті үшін ол көзі тірісінде әулие атанған. Оған әр жерден адамдар ағылып, батасын алуға келген. Бір адамның бойындағы осыншама керемет қасиеттер мен таланттардың үйлесімі көз тірісінде-ақ Баянауыл жерінің ұлылары қатарына қосты.
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ескерткіш
Ақынға ескерткіш қоладан, тұғыры қызыл және қара граниттен дайындалған. Ескерткіш қарағайдың жанында тұрған ақынның қола бейнесін береді. С. Торайгыров жастарға тән ақын-лирик және сапалы – қиялшы бейнесінде берілген. Трагизм элементтері тұғырдың шешімдерін толықтырады – қызыл және сұр граниттердің тоғысуы, пирамида түріндегі екі үлкен емес архитектуралық формалар. Пирамидалар ақынның неғұрлым ұзақ өмір сүргенде, ол қазақ әдебиетінің шыңына жетуге мүмкіндігін береді. Мүсіннің авторы өнерге еңбегі сіңген қызметкер Есхан Сергебаев. С. Торайғыров мемориалы қала көркіне айналып, республикалық маңызы бар ескерткішке айналды. Тарих және архитектура ескерткіштері халықтың мәдени жетістігі болып табылады, сондықтан олар мемлекет қорғауында болып табылады
Екібастұз ГРЭС-2
Станцияның теңдеусіз құбыры 420 метр биіктікпен кезінде Гиннестің рекордтар кітабына кірді. ГРЭС-2 бірінші блогын жіберу 1990 жылы желтоқсанда, ал 1993 жылы 22 желтоқсанда екінші энергоблок іске қосылды. Бұл күн тек станцияның ғана емес,сонымен қатар қаланың да улкен тарихи оқиғасы – оны іске қосуда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысқан. Станциямен бір уақытта энергетиктер поселкесі тұрғызылды, оны Солнечный (Күн шуағы) деп атады. ЭГРЭС-2 электр энергиясын Екібастұздық көміркүлі көп екі энергоблокпен 500 МВт бойынша 1000 МВт бекітілген қуатты алатын электр энергиясымен жасап шығарады. ГРЭС-2 энергиясы солтүстік Қазақстан аймағын қамтамасыз етуге арналған және республикалық электр энергиясының 15 % құрайды. Тұтынушылар тек Қазақстандық ғана емес сонымен қоса Ресейдің ондаған кәсіпорындары болып табылады. Оолардың арасында "Қазақстан Темір жолы" РМК-сы,
Байқоңыр" ғарыш айлағы, Ертіс-Қарағанды арнасы.
Мәшһүр атындағы архитектуралық мешіт ғимараты
Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттің архитектуралық ғимараты көркемдігі және айбындылығымен таң қалдырады. Қаланың бас мешіті қаланың барлық жақтарынан жақсы көрінеді. Шаңырақ түріндегі көгілдір түсті күмбез алтын жарты айды қиып тұр, аспанға ұмтылған көгілдір мұнаралар мен зор баспалдақтар – жаңа мешітті ерекшелендіреді. Мешіт ғимараты мөлшері 48х48 метрді құрайтын сегіз қырлы жұлдызды бейнелейді, мұнаралар биіктігі – 63 метр, жарты айлы күмбездердің биіктігі – 54 метр. Мешіттің әшекейі Ташкент қаласында дайындалған 434 шамы бар – хрусталь "Зумрад" люстрасы. Мешіт Павлодар қаласының орталығында орналасқан және архитектуралық егер оған баспалдақ негіздерінен қарасақ, әлемге және жақсылыққа ашылған жүрекке ұқсайтынын аңғаруға болады
Благовещенск кафедралы соборы
1999 жылдың 23 қазаны Ертістің Павлодар өңірі үшін маңызды есте қаларлық күн болды. Бұл күні Павлодарда Благовещенски кафедралы соборы ашылды. Павлодарлық архитекторлар Ресейдің қалаларына барып, храмның әр түрлерін көріп, Мәскеудегі бір соборға тоқтады. Бұл тек негіз ғана болды. Мәскеулік храм кішірек және қарапайымдау еді. Павлодарлықтар өз соборын жобалағанда қала тұрғындарын таң қалдырарлық жаңалықтар енгізді. Благовещенск соборының қоңыраулары Мәскеуден әкелінді. Олар паникадило АҚКЗ-да құйылған және шіркеулік бұйымдар Мәскеу жанындағы Софринодан жеткізілді, онда мәскеулік патриархияның зауыты бар. Православиенің заңдарына сәйкес онда тоғыз қоңырау қойылған. Ең үлкен қоңыраудың салмағы
- 1024 кг, ең кішкентайының салмағы – 4 кг.
Объект 1999 жылдың қазанында пайдалануға берілді. Объектіні салуға қала мен облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары демеушілік көмек жасады: "Евроазиаттық корпорация", "Богатырь Аксесс Комир" ЖШС, картон-рубероид зауыты, өзен порты, "Судостроитель" АҚ, "Вторчермет" АҚ, "Асыл Ағаш" фабрикасы, "Иртышбизнесбанк" ААҚ, облыс дамуына жәрдемдесу қоғамдық қоры, "Интерфинанс" қоғамдық қоры.
Шалдай қарағайлы тоғайы
Шалдай қарағайлы тоғайы – Ертіс Павлодар өңірінің басты көз тартарлық жерлерінің бірі. Планетарлық ауқымдағы табиғат ескерткіші – ғарыштан түсірілген фотосуреттерде олар Обь пен Ертіс атты қос өзеннің арасында жіңішке және ұзын (жүздеген шақырымға созылған) қарықтар түрінде көрінеді. Олардың саны бесеу, соның ішінде екеуі ғана қазақстандық-ресейлік шекарадан асып, Ертіске жетеді: біреуі кішірек – Семейге өте жақын, екіншісі ауқымдырақ – Ертіс деп аталады – Павлодар облысында.
Пікірлердің бірі бойынша, суыртпақтап өскен тоғайлар ағаш тұқымдары мен қолайлы құмды топырағы бар ежелгі мұзарт солтүстік-шығыстан сырғи келе бірнеше жерден ормансыз даланы жырып өткеннен кейін ғана пайда болды. Шалдай қарағайлы тоғайы ақ тиіннің жергілікті түрі – телеуітпен әйгілі. Олар мұнда көп, терісі әдемі көкшіл түсті, кеңестік дәуірде оларды кәсіптік мақсатта аулап, жүнін Италияға жіберетін, онда бағалы жүнді сол жақтың тігіншілері әйелдер әшекейлеріне белсенді енгізетін.