Павлодар қаласының экологиясына құру қаупі төнуде. Бұндай құру таңбасы адамдардың Ертіс маңы жерлерінде тұз, көмір және т.б. пайдалы қазбалардың кендерін тапқан уақыттан сонымен қатар Ертістің бойында өнеркәсіп алыптары және т.б. сол іспеттес мекемелер бой көтере бастағаннан басталады. Қазіргі таңда Қазақстанның жылдамдатылған инновациялық-индустриялдық даму бағдарламасы шеңберіндегі дамуға бет алған жобалардың біраз үлесі павлодар облысында іске асырылуда, себебі, мұндасу, қуат, шикізат, инфрақұрылым және көлік тараптары орналасқан.
Индустрияландыру жылдарында Павлодар облысы аумағында алты мыңға жуық өнеркәсіп қалдықтары жинақталып қалды. Осындай қалдықтармен ластануы жағынан Павлодар аймағы республика бойынша үшінші орынды алуда. Жыл сайын 100 миллион тоннадан артық қалдықтар жинақталады. Аумақтың ластану масштабын көзге елестету үшін Аллюминий зауытының көрінісінде көруге болады (сурет 4).
4-сурет – Павлодар қаласындағы Аллюминий зауытының күлдік қалдықтары (золоотвалы) и шламдық алаңы.
Сіздер алып күл үйінділері және қоқысты егістіктерді көресіздер, олар жарты ғасырдың ішінде салыстырмалы түрде он екі Усолка ықшам аудандарының аумағындай аймаққа таралып кеткенін көруге болады.
Бұған тұрмыстық қалдықтарды қосыңыз. Облыста тұрмыстық қалдықтардың 4,5 миллион тоннасы жинақталған және салыстырмалы түрде 640 мың тонна қоқыс жыл сайын қосылады. Бұл айсбергтің тек көрінетін тұсы ғана. Жердің астында қаншама зиянды қалдықтар көмілген? Мысалы, Химпромның астында 900-тонналық сынап көлі электролиз цехының көпжылдық ағындыларының нәтижесінде қалыптасқан. Ертіске сынаптың құйылуын болдырмау үшін жердің астына саздан жасалған қабырға тұрғызылған.
Егер ауаның өнеркәсіптік мекемелердің қалдықтарымен ластануы туралы айтатын болсақ, онда жыл сайын Павлодар облысының аспанына 600000 тоннаға жуық денсаулыққа зияны тиетін зиянды қалдықтар тасталынады. Бұл Қазақстанның барлық қалдықтарының төрттен бір бөлігі. Соңғы 10 жылда аймақта зиянды қадықтардың көлемі 46 % артты. Бұған қарамастан ластану мөлшері жыл сайын өсе түсуде. Қазіргі уақытқа дейін мамандардың өздерінде павлодарлықтардың қандай улы заттармен тыныстап отырғаны туралы мәлімет жоқ, экологиялық бекеттер кездесетін 150 зиянды қалдықтардан 15 түрлі компонетті ғана анықтай алады.
Павлодардың экологиялық қызметтері ірі өнеркәсіптік мекемелердің мақсаттары үшін жылдар бойы әдейі жергілікті экологияның ластану деңгейін төмендетіп келе жатқандай ой қалыптастады. Мысалы, олар бірнеше онжылдықтар бойы Павлодар облысын Қазақстан бойынша ластану деңгейі жағынан 11 орында деп көрсетіп келеді.
Республиканың барлық жиынтық қалдықтарының жартысына жуығы атмосфераға тек бір субъекті аймағы – Қарағанды облысынан түседі. Қалдықтар көлемі жағынан (1,5 млн тоннаға жуық) облыс Ресей территориясындағы аса ірі ластаушы Норильск пен мұнай өндіруші Ханты-Мансийск автономиялық округымен тең келеді. Тағы 20 % жуығын ластау масштабы жағынан екінші орында тұрған аймақ - Павлодар облысы қамтамасыз етеді. Мұнда аса ірі ластаушылар болып МӨЗ(НПЗ), ЖЭС (Ақсу және Павлодар) орталықтары, сонымен қатар энергия сыйымдылығы жоғары алюминий және ферроқорытпа өндірісі болып табылады.
Павлодар қаласы ауасын көліктер де аз ластамайды, олардың санының артуына қала көшелері есептелмеген. Өнеркәсіп қалдықтары мен автокөлік ластанымдарының табиғи фильтрі болып жасыл өсімдіктер қоры саналады. Бірақ, экологияға келетін жүктеменің өсуіне қарамастан, қала қызметтері соңғы жылдары көпжылдық ағаштардың санын күрт қысқартты.
Шындығында, Павлодар облысының мекемелері табиғатты қорғау шараларына үлкен шығындар жұмсайтынын айта кету керек. Бұл бағыттағы көшбастаушы "Қазақстан Алюминийі" АҚ. Мұнда қоршаған ортаны қорғау менеджментінің ISO 14001 жүйесі енгізілген, заманауи фильтрлер орнатылуда, экологияға кететін шығындар артуда. Мысалы, 2006 жылы мекеме осы мақсаттарға 880 миллион теңге жұмсаса, онда осы жылы – 3 миллиардтан астам қаражат бөлінеді. Егер осы қаражатқа экологиялық жағдайға оң әсерін тигізетін жөндеу шығындарында қосатын болсақ, онда жалпы сомма 9–10 миллиард теңгеге жетеді.
Бірақ бұл салымдардың қаншалықты тиімділігін анықтау қиын, себебі Павлодар облысының экологиялық зертханалары 150-дің ішінен 15 компонетті ғана анықтай алады. Сондықтан түтіндеген тұрбаларға, аспаннан түсетін қызыл күлге қарап бізде бәрі дұрыс, әлі одан да жақсы болады дегенге сенуден басқа амал жоқ.
Алдағы қауіптердің қатарында – Семей ядролық полигоны кейбір жерлерінің ауылшаруашылық қолданысқа берілуі жатады, бұл сақсатта қазақстандық шенеуніктер мен кейбір ағылшын фирмалары күш салуда. Алтын, молибден, көмірге бай полигон территориясында ауыл шаруашылығынан кейін кенді пайдалану дамуы мүмкіндігін айтуға болады. Полигон жерлерінің қауіпсіздігін дәлелдеген зерттеулер миллиардтаған сомманы құрады.
Павлодар облысының қазіргі және болашағының ауыр мәселелерінің қатарына – Ертіс өзенінің жағдайы жатады. Өсіп келе жатқан қытайлық су тоқтату шараларына қарап, Ертістің су ресурстарының азаюы: 2030 жылға қарай – 8 кубокилометр, 2040 – 10, XXI ғасырдың ортасына қарай – 11,5 куб километр су болуы мүмкін. Бұл тұста Қытайға келер шара жоқ және оларда өз тұтыныстарын азайтар емес[23, б. 58].
Тұрмыстық қалдықтар полигоны мен қоқыс үйінділерін Павлодар облысында заңсыз деп тапты.
5-сурет – Павлодар қаласындағы қалдықтардың ғарыштан көрінісі
Бұл туралы облыстық маслихат сессиясында Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы Абдығани Атымтаев атап көрсетті.
Облыстың 412 мекендерінде бар жоғы тұрмыс қалдықтарын сақтау мен жинауға арналған бес полигон орны ғана заңдастырылған. Осыған қарамастан әрбір ауылдық округте экологиялық заңнаманы бұзу арқылы заңсыз қолданатын арнайы учаскелер, қоқыс орындары бар.
Жұмыс жасап тұрған тұрмыстық қалдықтарды сақтау орындарынан Павлодар, Ақсу, Екібастұз және Баянауыл ауылында бес полигон орны ғана заңды түрде тіркеуден өткен. Экологтардың мәліметі бойынша облыстың әрбір ауданында орташа 31мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар қалыптастады. Жалпысында, аймақта жылына 485 мың тонна қалдық жинақталынады, оның жартысынан көбі заңсыз қоқыс орындарына тасталынады.
"Аталған заңсыз қоқыс орындары кесірінен облыс бюджеті 2,5 миллиард теңгеден қағылып отыр. Эмиссияларға рұқсатнамалардың жоқтығынан қоршаған ортаға келетін зиян мөлшері екі миллиард теңгені құрайды. Егер алдағы уақытта да жағдай осылай бола беретін болса, онда аталған факт бойынша құжаттарды прокуратураға тапсырамыз, себебі аймақтағы қоқыс орындары мен полигондардағы барлық тұрмыстық қалдықтар аймақта заңсыз жинақталады", – деп облыстың бас экологы атап өтті.
Негізгі бұзушылықтар болып қоршаған ортаға тасталынатын зиянды заттардың мөлшерден тыс болуы, экологиялық рұқсатнаманың болмауы саналады.
Аймақтық экология департаментінің мәліметі бойынша, 2013 жылдың басынан бастап экологиялық заңнаманың 80-нен астам заң бұзушылықтары анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 318,5 миллион тенге соммасына 179 жеке және заңды тұлғалар тартылған. Заң бұзушыларға жалпы соммасы 391 миллион тенге құрайтын шығынды өтеу бойынша 22 өкім тағайындалды. Қазіргі уақытта Павлодар мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жалпы соммасы 1,7 миллиард тенгені құрайтын қоршаған орта шығынын өтеу бойынша бес шағым түсірілген.
2012 жылдың мәліметтері бойынша республика территориясында 23 миллиард тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталып қалған. Қазіргі уақытта Қазақстанда 43 миллиард тонна қоқыс бар деп есептелінеді және оның саны артуда.
Алматы, Ақтау, Астана, Қарағанды, Шымкент, Петропавловск және Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша пилоттық жобалар іске асырылуда. Павлодарда зиянды қалдықтарды жоятын 100 миллион доллар тұратын зауыт салынбақшы.
Жоспарланған зауытың Қазақстанда теңесі жоқ. Аталған зауытта өнеркәсіп орындарының қазір шығарып жатқан және де бұрынғы зиянды қалдықтарын жоюмен айналысады. Павлодар облысының территориясында зиянды қалдықтар өте, олар қалаға өте жақын орналасқан ашық учаскелерде, халықтың қолы жететеін жерлерде жатыр. Олар жылдар бойы жинақталып, ешкім оларды жоюмен айналыспаған. Жаңа зауыт барлық өнеркәсіптік қалдықтарды , сонымен қатар мұнай қалдықтарын және залалданған топырақты өртеумен айналысады. Зиянды қалдықтарды өңдейтін жаңа зауыт жобасын дайындауға 10 миллион доллар бөлінген. Құрылысты республикалық бюджет және Дүниежүзілік Банк қаражаты есебінен қаржыландыруды жоспарлап отыр. Құрылысқа "Павлодар" арнайы экономикалық зонасы аумағынан алаң бөлінген. Құны 100 миллион доллар тұратын жаңа өндіріс Павлодарда ғана жинақталған қалдықтарды ғана емес, ШҚО, Қарағанды облысы және Батыс Қазақстаннан әкелінетін зиянды қалдықтарды өңдеумен айналысады.
Павлодардағы қоқыс өңдеу зауытының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып қойған. Ол жылына 70 мың тоннаға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдей алады.
Зауытты 5 жыл аралығында салу жоспарланған.
Павлодар облысында жылына 600 мың тонна зиянды заттар қоршаған ортаға шығарылады. Осы зиянды қалдықтарды жою және оларды қалдықсыз өндірісте пайдалануға қажетті шараларды қолдануға берілген ұсыныстар:
1) қоқысты бөлу және қалдықтарды таңдап жинақтау – қалыптасу түріне байланысты қоқысты жинақтау және сорттау бойынша жұмыстар. Қоқысты бөліп жинақтау қоршаған ортаны ластанудан қорғау және әртүрлі типті қоқыстардың араласуына жол бермеу мақсатында жасалынады. Аталған үрдіс қалдықтарға оларды қайта өңдеу және пайдаланымға беру арқылы екінші өмір сыйлайды. Қоқысты бөлу оның шіруінің, бұзылуы және қоқыс орындарында өртенуінің алдын алуға көмектеседі. Сәйкесінше, қоршаған ортаға тиетін зиян да азаяды. Қалдықтар қолмен немесе арнайы машиналармен сортталынуы мүмкін. Қоқыстардың бөліну сапасы жұмыстың барлық кезеңдердегі қызметкерлердің белсенділігі мен парасаттылықтарына байланысты. Қоқысты бөлу еліміздің әрбір азаматының жеке жауапкершілігіндегі нәрсе. Шындығында, қоқысты таңдап бөлу жүйесі нәтижелі болу үшін әрбір қоқыс тастаушылардың белсенді қатысуы қажет. Мұнсыз жергілікті билеуші органдардың қолдау жүйесі тиімсіз болып саналады. Қоқысты бөлу арнайы уақытты және тұрғындарды үйретуге көмек көрсетуді талап етеді. Қайта өңдеуге тиімді қайта пайдалануға жарамды материалы бар қалдықтар жіберіледі. Қоқысты қайта өңдеу үшін қажет:
- қайта қолдану барысында қоқыстарды тасымалдауға мүмкіндігі бар өндіріс;
- дайындалған технологиялар және қайта өңдеу үрдістері;
- екінші шикізатқа тәуелді өндірістердің болуы;
- қоқысты бөлу орталықтарының жұмыстарының адал атқарылуы.
Еуропа елдерінде қоқыстарды бөлу контейнерлерінің түстері арнайы түстермен белгіленген.
5-кесте – Қоқысты бөлуге арналған контейнелер түстерінің мәні
Түстер |
Қалдықтар түрлері |
Қайта өндіру мүмкіндігі |
Жасыл |
Шыңы (бөтелке, ыдыс) |
Бар |
Көк |
Газет, журнал және басқа баспа өнімдері |
Бар |
Сары |
Қатырма қағаз, бос пластикалық орамдар |
Бар |
Қара |
Органикалық қалдықтар, тамақ қалдықтары |
Бар |
Коңыр |
Қауіпті қалдықтар |
Бар |
Қызыл |
Қайта өндіруге жарамсыз қалдықтар |
Жоқ |
Күрең сары |
Пластикалық бөтелке и пластикалық орамдар |
Бар |
Еуропа мемлекетерінде белгілі бір түстер арқылы қоқыстарды бөлу контейнерлері.
6-сурет – Ресейдегі ажыратылған қоқысқа арналған арнайы контейнерлер
7-сурет – Бразилиядағы ажыратылған қоқысқа арналған арнайы контейнерлер
8-сурет – Румыниядағы ажыратылған қоқысқа арналған арнайы контейнерлер
9-сурет – Уэльстегі ажыратылған қоқысқа арналған арнайы контейнерлер
Қоқысты бөлудің артықшылығы:
- Қоқысты бөлу және оны қайта өңдеу құны өте жоғары. Бірақ ол үлкен табыс әкелетін қайта өңделіп шығарылған заттар арқылы өз құнын ақтап шығады.
- аталған экономикалық оң нәтижеге жетпеген уақыттың өзінде қоршаған ортаға тиер нәтижесі болады:ауа тазарады, судың сапасы артады және ластанудың жалпы деңгейі төмендейді;
- үшінші артықшылығы тұрғындардың қоқысты бөліп тастауы арқылы өз қалаларының, өз елдерінің, өз ғаламшарларының алдындағы жауапкершіліктерінің артуы болып табылады;
- қоқысты таңдап жинақтау өндірісін және оларды қайта өңдеу мекемелерін құру жаңа жұмыс күшіне деген шексіз сұранысқа әкеледі, бұл дегеніміз жұмыссыздыққа қарсы күшті қару;
2) арнайы орындарға тасталмаған қоқыс үшін айыппұлдар бағасын көтеру. Сингапурдың мысалында:Қоғамдық тәртіп бұзушылықтар қатаң жазаланады. Жерге түкіргені үшін айыппұл – 500 доллар. Қоғамдық орындарда шылым шеккені үшін айыппұл – 500 доллар. Қағаз сияқты қоқыстарды лақтыру –айыппұл 500 доллар. Гүлдерді суару уақытында гүл салынған ыдыстың астында су қалғаны үшін – 500 доллар (су шыбын-шіркейлерді тартады.) [24, б. 76].
10-сурет – Әр түрлі мемлекеттердегі айыппұлдар мөлшері
"Braun Envi" декоративті қоқыс жәшіктерін сатып алу, олар қоқыстарды сол жерлерде өңдейді.
11-сурет "Braun Envi" декоративті жәшік және қоқысты компосқа қайта өндіру үрдісі
КСРО кезіндегідей ақшаға макулатура мен шыны қабылдау бөлімшелерін ашу. Макулатураны жинауға мектеп оқушыларын тарту. Әрбір мектеп үшін жылдық макулатура жинау нормасын бекіту.
Макулатура салмағы жағынан барлық қатты қалдықтардың 40 % құрайды;
12-сурет – КСРО кезіндегі шыңы қабылдау пункті
- кішігірім зауыт ашу. Зауытты ашу үшін бірінші кезекте бизнестің жалпы жоспары және мемлекеттік биліктің қолдауы қажет. Өнеркәсіп және тамақ өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу тиімді жұмыс болып табылады. Егер адамдар тастайтын заттардан металл, шыны және пластмасса сияқты пайдалы заттар тауып алуға болады. Оларды өнеркәсіпке қайта өңдеуге тапсырып, сол үшін ақша алуға болады.
Қажетті қызмет орындарын өзіңізге көмек беруіне сендіруіңіз үшін жақсы бизнес-жоспар құру қажет. Міндетті түрде инвесторлармен және жергілікті билік өкілдерімен жұмыс жүргізілуі тиіс. Экология министрлігі мен қаланың санитарлық органдарынан жұмысты жүргізуге қажетті рұқсат алу керек болады. Құжаттарды дайындауға көп уақыт кетеді, кейде жұмыстың бұл кезеңіне жарты жылға жуық уақыт кетеді. Жобаның басында ұсақ нәрселерге көңіл бөліп, барлық жәйттарды ескеру керек, себебі олай болмаған жағдайда жұмыс басталмай тұрып аяқталуы мүмкін.
Қоқысты қайта өңдеу бойынша кішігірім-зауыт арнайы ғимаратта орналасуы тиіс, оның алаңы 300 м2 кем болмауы керек, оның ішінде 200 м2 азық-түлік зонасына, ал қалған 100 м2 – қоймаға арналуы тиіс. Бұл қоқыстың сақталу орнын санамағандағы алаң аумағы. Әрине зауыт тұрғылықты зонадан алыс және қоқыс тастау орындарына жақын орналасуы қажет.
Кішігірім-зауыттардың қоқыс тастау орындарына тиесілі кемшіліктері жоқ:
- өрттің болу қаупі мүлдем болмайды;
- жағымсыз иістер жоқ;
- топырақ токсиндік қалдықтардың түсуінен қорғалған;
- зиянкестер мен кемірушілер жоқ.
- құрал-жабдықтарын үнемі жаңартып тұру мүмкіндігі;
- мобильділік – жағдайларға қарамастар өндірісті аламастырып жіберу мүмкінділігі;
- тез құру мүмкіндігі;
- қоқыс тастау орындарының маңңында орналасуы, тасымал шығындарының аз болуына себепші;
- жыл бойғы жұмыспен қамтылу;
- өте жоғары рентабельділік;
- зауыттың жұмысы үшін қажетті кішігірім жұмыскерлер құрамы;
- қызмет көрсету мен жөңдеудің жеңілдігі мен тездігі, шетелдік қымбат құралдардың жоқтығы.
13-сурет – ҚТҚ-ны қайта өндеу кішігірім зауыты
14-сурет – ҚТҚ-ны қайта өндеу кішігірім зауытының ішкі көрінісі
Қоқысты қайта өңдеу бойынша кішігірім-зауыттың негізіне механикаланған кешен жатады, оның көмегімен қоқыстарды бөлу жүргізіледі, ал пиролиздік құрылғыларды пайдалану арқылы қалдықтарды өте жоғары температураларда өңдеуге мүмкіндік болады, қоршаған ортаға токсиндік заттарды шығармайды, себебі тұрбадан шыққан түтін тазартудың жоғары деңгейінен өтеді [25, б. 68].
Заманауи кішігірім-зауыттың құрамында мынадай учаскелер бар:
- қоқысты бөлу;
- келесі өңдеуге арналған тығыздалған шикізатты сақтау;
- тамақ қалдықтарын компостерлеу;
- қалдықтарды бөлу;
- жылу мен электрлік энергияны алу үшін биоқұрылғымен жабдықталған пиролиздік учаскі;
- қалдықтарды тығыздау учаскесі;
- тазарту құрылғылар учаскесі;
- қалдықтарды тығыздап, полиэтилен пленкаларға орап алдағы көмуге арналған учаскі.
Зауытқа қалдықтар бөлінген күйде түседі, мұндай жағдайда оларды бөліп, қайта өңдейді. Егер зауыт макулатураны өңдеумен айналысса, онда оның соңғы нәтижесі дәретхана қағазы, майлықтар, қораптар болып табылады. Пластикті қайта өңдеуге мамандану жағдайында зауыт пластиктік грануллят немесе безендіру жолақтарын шығарады. Дәл осы екі бағыт қазіргі таңда аталмыш салада ең маңыздысы болып саналады;
- қоқысты қайта өңдеу құрылғыларын орнату. Қайта өңдеу үрдісінде электрэнергиясы шығарылады.
15-сурет – ҚТҚ қайта өндеу үшін арналған құрылғы
Қалдықтар – потенциалды шикізат көзі. Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген мәселелердің шешу жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Қалдықтарды қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы материалдарды, электр энергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады.
Қалдықсыз өндіріс − өндіріс барысында табиғатқа зиянды қалдықтар шығарылмайтын процесс. Шаруашылық іс-әрекет үшін (өнеркәсіптік және ауылшаруашылық индустриясын қоса) шартты ұғым. Шын мәнінде кез келген қалдықсыз өндірісте пайдаланылған энергия түрінде болса да (әйтпесе термодинамика принциптері бұзылатын еді) қалдықтар болады. Қалдықсыз өндіріс үшін қалдығы аз өндіріс термині дәлірек келеді.
Берілген ұсыныстарды қолданысқа енгізілсе, уақыт өте келе болашақта өзгерістерді байқауға болады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі келесідей:
- аймақтың сәні келіп, тазарады;
- қоқыс орындары мен қоқыстың мөлшері азады;
- шет елдерде қолданатын арнайы контейнерлер орнатылса, қоқыстарды реттеумен айналысатын жұмыс күші қажет болмайды;
- кішігірім зауыт тек қана қоқыстарды қайта өңдеумен айналысып қана қоймайды, сонымен қатар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді;
- қайта өңдеу барысында арзан электроэнергияны шығарады.
Оның барлығы Павлодар қаласының экологиясын жақсартуға және экономикалық жағдайының артуына көмектеседі.