4-дәріс. Өсімдіктер типтері және олардың құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері. Жануарлар әлемі құрылуының зоналық және аймақтық ерекшеліктері


Облыс территориясында нағыз табиғи шөпті өсімдік жамылғысы екі зонада – дала және шөлейт – орналасқан.

О.Н. Демина және Л.Л.Демченко құрастырған Павлодар облысының өсімдіктер картасы және А.В.Калинина және З.В.Карамышева құрастырылған картаға сәйкес далалық орташа шөлейтті әртүрлі селеулі шөп қауымдастығын құрайтын оңтүсік қара топырақты аймақтарға, құрғақшыл көптүрлі- селеулі, селеулі – бетегелі қара- қоңыр топырақты далалық аймақтар және тым құрғақшыл бетегелі – селеулі далалық қоңыр топырақты аймақтардан тұрады. Сонымен бірге, биік Қазақтың ұсақ шоқылары ауданында орташа шөлейтті әртүрлі шөпті – селеулі дала таулы қою қоңыр топырақтарында көрінеді.Шөлейтті зона ашық қоңыр топырақта бір жусанды – селеулі дала аймағы көрінеді.

1. Тәлімді - әртүрлі шөпті далалық, жартылай құрғақшыл аймақтар облыстың солтүстік бөлігінде оңтүстік қара топырақта және аңғарлы - қара топырақтарда орналасқан және Ертіс, Железин ауданының көп бөлігін және Қашыр әкімшілік ауданының солтүстік бөлігін қамтиды. Өспелі жамылғы асты жағдайлары әр түрлі шөптер мен қызыл бетегеге бағынышты. Берілген деңгейде жоғарғы және қалың шөп (жалпы жобалы жабынды 90-95% - ға дейін, ал одан төменгі қабаттарда 70-80% - ға оңтүстік зона астына дейін жетеді) 8-12 ц/га кепкен шөл мөлшерінде өнім береді. Өнімділігі 2-3 ц/га болып келетін шөпті топырақ жамылғысының кеңінен таралуы жусанның топтап дамуына әкеледі. Осы бағыт көбіне Шығыс елді мекендерде Железин және Ертіс аудандарына тән.

Ағашты алқапты өсімдіктер көбіне қарлыққын – қайыңды миялы орманды тікендерде және шымдарды да, сонымен қатар тал жапырақты – белгі отты жапырақтар Ертіс өзенінің жайылмалық топырақтарында кездеседі.Малды жүйелі түрде орманды жерлерде жайлау, карқынды түрде белгілі бір адамдардын кесіп әкетуі және де от салуларының әсерінен теректі –қайынды қалыптары соңғы жылдары ауқымды түрде қысқарып бара жатқандығын ескерген жөн.

2. Құрғақшыл әртүрлі шөпті – селеулі және селеулі – бетегелі далалық аймақтың өсімдіктері біртіндеп бірінші топ өсімдіктерін алмастырады.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай және де шығыста батысқа қарай әр түрлі шөптердің қалыңдау үрдісінің төмендеуі байқалады. Осы далалар қара – қоңыр топырақты Ақоғай, Қашыр, Успен және Шарбақты әкімшілік аудандарын, Баянауыл ауданының оңтүстік – батыс бөлігінде ұсақ шоқыларының таулы қара – қоңыр топырағында орналасқан. Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде аз дамыған қара – қоңыр топырақтың кеңінен таралуы бетегелі – селеулі петрофитті өсімдіктердің өсіп дамуы байланысты.Жалпы жобаланған жабынды 70-80% - ға дейін өзгереді, ал солтүстікте 45-50% - е дейін өзгеруі мүмкін.

Оңтүстік бөлігіндегі аймақ, шөптерінің орташа өнімділігінің массасы 5,5- 8,5 ц/га құрайды.

Орташа шөлейтті алқаптардан далалардан құрғақшыл далаларға ауысуы кезінде күнбез терек –қайыңды ағашты өсімдіктер аймақтың солтүстік бөлігінде кең тараған.Тал – теректі орман шабынды жерлердегі топырақтардың Ертіс өзенінің жайылмасында көптеп кездеседі. Биік ұсақ шоқылардың қара – қоңыр топырақтарында қарағайлы орман, таулар арасындағы өзен аңғарларында көк теректер орманы өседі. Тұзды топырақты жерлерде ерекше белгілері бар қайыңды ормандар кездеседі.

3. Құрғақшыл бетегелі – селеулі далалық аймақ өсімдіктері облыстың орталық қоңыр топырақтық аудандарын қамтиды.Бұл жерде ксерофиттер – шашты боз, бетеге, шөлді сұлы, карагана, қатты дайындалған құмайт топырағы және құмды топырақтар – құмды тмин, үлкен қылшық, құмды боз, ебелек және басқалары кең таралған. Ылғал жетіспегенде, жоғарғы ауаның температурасы кезінде шөптер толығымен дерлік қурайды.

Шөп отының жамылғысы солтүстік бөлігінде 45-55% - ды құрайды, ал шөлейтке ауысу кезінде, оңтүстік бөлігінде 30-35% -ды құрайды. Далалы шөптердің орташа өнімділігі зоналық топырақтарда құрғақ массасы 1,5 - тен 5,5 ц/га дейін ауысып отырады. Өсімдік жамылғысы үшін соңғы жылдары жазғы уақытта жиі "өртену" тән.

Бұл аймақта петрофитті далалардың кең таралауы Қазақтың ұсақ шоқылары әлсіз дамыған топырақтардың үлкен ауданымен байланысты. Осындағы түрлі топтық өсімдіктері - бетегелі – бозды, соған қоса селеу, қызыл бетеге, карагана және т.б.

4. Жусанды – бозды жартылай шөлді өсімдіктер тобы топырағы ашық қоңыр келетін облыстың оңтүстік - батыс ауданын қамтиды. Өсімдік жамылғысы сирек және жусан, карагана, шілік бұтасы өте нашар дамыған құнарлы топырақтарда ғана кездеседі. Жалпы жобалау жамылғынының нашар дамуына байланысты (40және одан да көп), төмен өнімділікпен (құрғақ массаның орташа өнімділігі 1 - 2 ц/га құрайды) және ылғалдың төмендігінен, шөлейтті далалар халық шаруашылығында негізінен жайылым жерлер ретінде пайдаланылады. Жазғы мезгілде эфермер өсімдіктер өз вегетациясын ерте аяқтайды.

Жалпы алатын болсақ, облыстың өсімдік жамылғысы топырақ жамылғысының ауқымды кешенділігімен, жер асты суларының сапасымен және терең бойлауымен, еріген сулардың басу деңгейіне, микро- және макро жер бедерінің ала – құбалылығына, климаттың түрлі деңгейлі құрғақшылығына байланысты болып келеді.

Өзімізге белгілі болғандай, өсімдіктің табиғи өсуіне адамның шаруашылық әрекеті әсер етеді. Дәл қазіргі уақытта малдарды шектен тыс жайылудың (ірілі де, ұсақты да) әсерінен негізгі ауылдық мекендердің аумағында қара құм, ебелек (мүйізді) немесе үлкен қылшықты (құмдарда) өсімдіктер, тіпті одан да нашары - қурай да қаптап өсуде. Елді мекендерде көктемнің ерте басталуының әсерінен және де күздің кеш түсуіне байланысты шабындық жерлерді пайдалану әсерінен Ертіс өзені жағасындағы шалғындарда ерте көктемдік және күздік жайылымдық дегрессия жүруде. Ерте көктемдік жайылмалық өсімдіктердің қалдықтары құнарлы қабаттың (шіріндінің) жоғалуына әкеліп соғуда.

Сол себепті ауыл шаруашылығында жайылым жерлерін қалыптастыру арқылы ұсақ және ірі қара малдардың жүйелік жайылымын кеңінен енгізу қажет. Ертістің жайылымдық шалғындықтарында суармалы жайылымдар енгізу қажет. Көп жылдық бұршақ тұқымды өсімдіктерді өсіру арқылы осындай жайылым жерлерді қалыптастыру өнімділікті жоғарылатып, шөптің сапасын да жақсартады [5, б.18 - 21].

Орман. Павлодар облысының орман шаруашылығы басқармасының санағы бойынша 2010 жылғы бірінші қарашада орманды жерлерінің қоры 451,5 мың га – ды құрады.

Ертеректе шаруашылықтың шабу жоспарында өндіріске қажетті ағаштармен қамтылса, ол енді соңғы жылдары қарағайлы егулер мен жанудың әсерлерінен көптеген шабулар ретті қайталануы, сонымен қатар қайта қалпына келтірулер іс шараларының жұмыстары жүргізілмейді. Өндіріске қажетті орманның ретсіз шабулардың әсерінен орман ауданы күн сайын кішірейуде. Орман ағаштарын реттеу жұмыстарының қымбаттылығынан ормандарда жидектерді, саңырауқұлақтарды, жемістерді, емді шөптерді және де аңшылыққа дайындық аң терісіне дайындалу шаралары жүргізілмейді. Ормандар денсаулыққа байланысты база ретінде аз қолданылады, тәжірибе жүзінде көптеген пионер лагерлеріне арналған және демалыс үйлері де қалмады.

Бірақта орманның негізгі мәні болып, бәрімізге белгілі болғандай, агромелиоративті жерге әсер етумен ерекшеленеді, әсіресе қолайсыз климаттық факторлар жағдайынданда. Ережеге сай, орман ағысты реттейді және жер асты сулардың деңгейін, қоршаған даланы желдер эрозиясынан сақтайды.

Табиғи ерекшеліктерге байланысты облыстағы ормандарды төрт түрге бөліп қарастырады:

1. Жолақты қарағайлы орман облыстың оңтүстік – шығысында (Шарбақты және Аққу аудандары) орналасқан және Обь – Ертіс өзен аралықтарының жолақты қарағайлы ормандарының оңтүстік – батыстық жалғасы болып табылады. Осы ормандар қоршаған құрғақ даланың айрықша белгісі болып табылады және де облыстың экономикасында маңызды рөл атқарады. Олар облыстың жалпы ормандар көлемінің 60%- ын алып жатыр. Өртенген, кесілген орман жерлерінде жүйелі түрде қайта ағаш отырғызуды қажет етеді және болашақта отынмен қамтамасыз етудің негізгі көзі болуы қажет.

  • Ұсақ шоқылардың аралды қарағайлы орманы облыстың оңтүстік - батыс бөлігінде Баянауыл тау жоталарының баурайларын бойлай өседі. Мұнда ормандар кең таралмаған және алаңмен, жазық жерлермен және сирек ормандармен алмасып отырылады. Қарағайлы ормандар ерекше таулы – орманды топырақтарда өседі. Орман жамылғысының Баянауыл тауларының шегінде шоғырлануы, біріншіден, биіктік белдеуліктің болуымен, екіншіден, таулардың геологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Кей кезде қарағайлы ормандар қайыңдармен аралас өседі, беткейлердің етегінде – қандағаш, тау терек, бөрген, тал және де басқа түрлері бар.
  • Қайыңды сыңғақ облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан (Железин және Қашыр аудандарында) өнімділіктің төмендеуіне байланысты, ормансыз аудандармен алмастырылып отырады, негізінде ауыл шаруашылық міндетіне байланысты қарапайым егуге негізделген. Қайыңды сыңғақ, көбіне көк тал қоспасымен, Батыс – Сібір (Ресей) түріне ұқсас ландшафтқа ұқсас сипатты орманды құралған. Өлшемді сырғақтын түрленуі 0,5 – тен бірнеше гектарға дейін жетеді.
  • Жайылмалық ормандар Ертістің бүкіл ауданында кең тараған бірінші және екінші ұталым террасасында және аралдарда кездеседі. Бұл жерде қара терек басым және ақ тал да кездеседі. Төменгі көлемде онша биік емес ағаштар және бұталы өсімдік - бөрген, мойыл, крушиналар, әр түрлі талдар, итмұрын және таржапырақты өскіндер тобы өседі.

Ерекше үлкен топырақ қабатын қорғаулық және жерді қорғау мәндері Ертісті жағалай жолақпен өркендейтін ағаштар құмдауыт топырақтарда өседі. Құмды топыраққа тамырымен терең бойлап, қарағайлы ормандар ауыл шаруашылық жерлерді, су қоймаларды, елді – мекендерді және көлік жолдарын топырақ көшкіндерінен қорғайды. Сонымен қатар, көпжылғы зерттелулердің арқасында біздің есептеуіміз бойынша Ертіс аңғарында топырақ қабатынан үнемі келіп тұратын ылғал мөлшеріне байланысты далалық алаңдармен ылғалдылығы әлдеқайда жоғары екендігін көрсетті. Осы себепті орман жамылғысы жоқ жерлерге қарағанда, қарағай ормандарының маңында орналасқан аумақтарда құрғақ жылдардың өзінде де дәнді дақылдардың өнімділігі жоғары болады.

Баянауыл жотасындағы орман негізгі топырақтың беткі қабаты қорғаныс міндетін атқарады. Ішкі және орманға қарай орналасқан жерлері қарларды бекіп ұстап тұрады, ұсақ құмды шайып кетуден қорғайды, қарлы беттерді алмасырады және жаңбырлы суларды, ақырындап көптеген өзендер мен бұлақтар және тұщы су өзендері, шабындық - жайылым жерлерді сумен қамту үшін қажет.

Тәлімді жерді қорғау рөлі орманды егуді анықтау олардың орналасу сипатына байланысты және ауыл шаруашылық сұраныс деңгейіне байланысты. Сол себепті ормандар ауыл шаруашылығында негізгі топырақ қорғаушы рөлді атқарады. Жалғыз орналасқан және топтық егістік жерлерде, қоймалар мен пішендік алқаптар, қайынды ормандар негізінен негізгі аудан қорғағыш орманды алқап болып есептелінеді. Бірақта қайыңды алқаптар реті сирегендіктен және де олар жалпы жақтағы қорғанысты қамтамасыз ете алмайды, қорытындылап алатын болсақ жалпы қайыңдардың сиреуі негізінен қатты ерекше мәнге ие болмайды. Қайыңдар теңі қалың орналасқан жерлерде және тегіс болмаса, онда қатты желдер эрозиясы байқалмайды, бір қатарлы қайыңдар арасындағы жиек бойынша қар бірқалыпты орналасады, егістік жерлер құрғақшылықпен қамтылған және де өнімдері өте жоғарғы сапада болады, ал бір қатарлы қайыңдармен қорғалмаған жерлердің егістік алқаптарының егіндерінің сапасы төмен болады. Сондықтан сыңғақты қайыңдар мен ормандар орналасқан алқаптарда негізгі ауыл шаруашылығында кез - келген шаруашылықты жүргізудің негізіне олардың егіс қорғаушылық қызметін атқаруын аттыру және сақтап қалу принциптері алынуы тиіс. Сонымен қатар, егістерді өңдеу кезінде сыңғақтарды өрттен және улы химикаттардан қорғау тиіс.

Жайылмалық ормандар жаға қорғағыш қызметін атқарады,су реттегіш және су қорғағыш қызметін көрсетеді. Олар Ертіс өзенінің қалыпты режиміне әсерін тигізеді,олар жағалаудың шеттерін шайып өтеді және себілген шабындық жерлерді құрғап қалудан сақтап қалады [5, б.21 - 24].

Облыстың кең даласында қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б. мекендейді. Бесқарағай мен Баянаула қарағайлы ормандарында тиіндер жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ,күзен, құндыз сияқты жануарлар тараған. Оңтүстік-шығысындағы қарағай ормандарында еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары мен қайың шоқтарында елік, Баянаула тауларында арқар кездеседі. Облыста ақ және сары шымшық, бозторғай, жыртқыш құстардан дала бүркіті, кезқұйрық, күйкентай, қырғи, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, саңырау құр, тоқылдақ мекендейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққу, қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, т.б. құстарды кездестіруге болады. Ертіс өзенінде ақбалық, бекіре, нәлім, шортан, алабұға, шабақ көптеп кездеседі.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар дүниесін, сүтқоректілердің 48 түрі құрайды, олар 5 отрядқа жатады. Жәндікжегіштер отрядына 5 түр, жыртқыштар отрядына 9 түр, қостұяқтылар отрядына 3 түр жатады. Негізгі түрі Қазақстанның тау қойы - архар.Ол Қазақстанның қызыл кітабына енген. Басқа екі түрі: елік және бұғы өте сирек кездеседі, олар тек қана маусымдық көшіп - қонулар жасайды. Кеміргіштердің 3 түрі, қолқанаттылар көп мөлшерде көрсетілген 23 түрі бар және қоянтектес 4 түр.

Ландшафтардың біркелкі болуына және өсімдіктер қауымдастығының кедейлігіне, ұлттық парк герпетофаунасын кеңейтуге байланысты 9 түр берілген. Оның ішінде қосмекенділерге 2 түр, бауырмен жорғалаушыларға 7 түр жатады.

Ұлттық парк фауналық алуантүрлігінің ең көп таралғандары құстар болып табылады. Бұл жерде 10 тұқымдасқа жататын, жалпы саны 67 ұя салатын құстар тіркелді. Ұя салатындар қатарына су қоймалары маңында көбейетін суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстар жатпайды. Көктем мен күзгі уақытта кейбір көшіп-қонатын құстар ұлттық парк аумағында демалуға және тамақтануға тоқтайды. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ғылыми-зерттеу есептері бойынша ұлттық парк аумағында 19 отрядқа, 38 тұқымдасқа жататын құстардың 144 түрі анықталған.

Ұлттық парк ихтеофаунасы 3 тұқымдасқа, және 3 отрядқа жататын 13 түрден тұрады. Ең көп таралғаны 10 түрге дейін жететін қалынтыр тұқымдастығы болып табылады. Көлдерде эндемиктер жоқ.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің есептік мәліметтері бойынша жәндіктердің 87 түрі (жәндіктер классы), су омыртқасыздарының 10 түрі (қарын аяқты малюскалар классы) жатады. Жәндіктердің 69 түрі жергілікті басты түрге , қарапайым аз және 18 сирек түрге жатады. Бағалау жоспарына сәйкес 9 отряд 37 тұқымдас және 67 текке жәндіктер классы кіреді. Қабыршаққанаттылар тұспа-тұс әртүрлі шөптес таулы-жазықтықтарға, алыс, қарағайлы және қайың ормандарда, биік шөптесін өсімдікті ашық орман жазықтықтарында 70 түрді, 17 тұқымдастықты құрайды. Баянауылдың таулы-орманды алқабының күрделі экожүйесінің құрамын қаттықанаттылар құрайды, жинауға байланысты қоңыздың 30 түрі тіркелген. Әр түрінің құрамына байланысты жартылай қатты қанаттылар 12 түрге 8 тұқымдасқа бөлінеді.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, кластерлі учаскелерінде құстың Қызыл кітапқа енген 12 түрі кездеседі. Ұбақ тек анда – санда парк территориясын мекендейді. Ителгі, Бүркіт, Қарақұс, Дала қыраны, Үкі, Бақалтақ қыран, Қылан қарабас шағалаларды ұя салғанда кездестіруге болады. Қара дегелек, Бұйра бірқазан, Сұңқылдақ аққу, Ақбас тырна, көктемгі – күзгі қоныс аудару кезеңінде кездеседі. Көрсетілген тізімге сай үш түр (ителгі, қарақұс және үлкен шаңқылдақ қыран) сонымен қатар дала құладыны, дала күйкентайы, құрып кету қаупі бар түрге кіріп IUCN және BirdLife Internationalдың екінші тізімдеріне енгізілген. Баянауыл паркінің және "Қызылтау" табиғи қаумалы аумағында кездесетін қызыл кітапқа енген сүтқоректіге архар, жер қазатындар түрінен енген – көптісті жертесер, омыртқасыздар қатарынан жазылған - инеліктер тұқымдасы отрядынан әсемқыз инелігі, әпкіш тұқымдасынан әмірші инелік, қатты қанылар тұқымдасынан ызылдақ қоңыздар торқанатты сұлу ызылдақ кіреді.