3 – дәріс. Су ресурстары. Климаты


Облыс территориясы бойынша су қорлары біркелкі таралмаған. Жер қабатындағы ауқымды су көзі болып Ертіс өзені болып табылады, оның көп жылдардағы орташа жылдық су ағымы 800-900 м/ сек және Ертіс-Қарағанды канал өнімділігіне байланысты 75 м/сек, ол ауқымды түрде сумен жабдықтау ретінде көптеген өнеркәсіптер мен елордамыз Астананың, Қарағанды, Теміртау қалаларының ауыл шаруашылығында қолданылады.

Өзендер. Облыстың130 өзендері және уақытша ағындардың ішінде қысқа уақытты көктемгі ағымы 0,1 -0,5 мэ/с–ге дейін жететін Шідерті, Өлеңті, Сілеті, Ащысу, Түндік, Қарасу өзендері негізгі рөл атқарады. Өзен суының минералдылығы көктем- жаз кезеңінде 0,5 - 0,8 г/л –ге дейін, қыс кезеңінде - 1,0 - 3,0 г/л– ге дейін арта түседі. Күзге қарай (кейде жазда да) кішігірім өзендер кеуіп қалады және негізінен тұзды сулы тізбек ретінде көрінеді.

Жалпы алғанда Павлодар облысы суға кедей облыстар қатарында. Оның территориясын кесіп өтетін жалғыз су артериясы оңтүстіктен және оңтүстік- шығыстан солтүстікке және солтүстік батысқа қарай 500 км астам созылып жатқан Ертіс өзені болып табылады. Ол қоректенуі аралас өзендер қатарына жатады: жоғарғы бөлігі таулы- қарлы және мұздық, орта бөлігі – атмосфералық жауын – шашынды және аңдызды.Осыған байланысты өзеннің режимі анықталады, негізінен жазықта қардың еруінен және Алтай тау алды бөлігінде таулардағы мұздардың еруі және жаңбырдың түсуіне байланысты болып келеді.

Бұқтырма су қоймасының салынуына дейін (1959) Ертіс өзенінің режимі екі ерекше белгімен анықталып келді: максимальды ерте көктемдік және көктемгі – жазғы. Су толысу орта есеппен 75-80 күнге, кейде 100-120 күнге дейін жалғасып отырды.

Ертістің жоғарғы ағысын реттеуге дейін қашанда қатты, кей кезде өзенде су тасу болып тұрған, соның әсерінен сол кездерде Өскемен, Семей және Павлодар қалалары, сонымен қатар көптеген ауылдар мен ұсақ аудандар қатты зардап шеккен болатын. Мысалы, 1891 жылғы 14 сәуірде Ертіс өзеніндегі мұздың еруіне байланысты су деңгейі Өскемен көшелерінде қайықпен еркін жүзіп жүруге болатындай деңгейге көтерілді. Су 16 – шы сәуірдің кешіне дейін тұрған. 1892 жылы мұздың жүруі 28 наурызда басталды. Сол күні су қаланы басып, құрылыстар қатқан мұзбен бұзылды. Су тасқыны көптеген шығын келтірді. Су тасқыны тек 2 сәуір күні ғана тоқтады. 1898 жылы дәл осылай көшелерді су басты, 1904 жылы су астында тағы да қаланың барлық ауданы су астында қалды. Ертістің осындай су тасқындары 1921, 1925, 1926, 1927, 1928, 1931, 1934, 1946, 1951,1953 және 1958 жылдары да қайталанды.

Өзімізге белгілі болғандай, табиғи жем- шөп өнімдеріне өзен жайылмасына су станцияларын салу әсіресе үлкен зардап тигізеді. Г.С. Визго және Ю. Милановскийдің мәліметтері бойынша Бұқтырма су қоймасының құрылысы кезінде 450 мың га өзен аңғары кеуіп қалған. Ол Павлодар обласының барлық жабайы өнімдерінің 85% - ның жоғалуына әкеп соқты.

Ертістің жайылмасы Бұқтырма су қоймасының қалдықтарымен ұдайы ластануы 1964 жылдан басталды.

Сол жақ жағалаудың аса ірі өзендеріне Шідерті өзені жатады, ол өз ағыстарын жыл бойына сақтап отырады. Облыстан тыс аймақта бастау алып, ол ұсақ шоқыларды басып өтіп, жазық жерде Жалаулы тұйық өзеніне келіп құяды. Шідерті өзенінің орташа көп жылдық ағыны 72,5 млн.м құрайды, соның ішінде жылдық ағынның 70-90% көктем айларында келеді. Ағынды өзен сулары тұщы болады, меже - ащы болады.

Көлдер. Облыс аумағы көлдің мол болуымен сипатталады. Өздерінің өлшемі, тереңдігі, тұз құрамы, сонымен біреге шығу тегі жағынан әркелкі болып келеді. Облыстың көптеген көлдері тұйық қазан-шұңқырларда орналасқан. Көптеген көлдер мұнда ежелі жыралық өзектерде орналасқан. Облыстың сол жақ жағалауында Е.В. Лосохов осындай екі жыралық өзектерде Ертіс өзеніне парраллель келетін ағынды және тұйық көлдерді ажыратады. Бір жыралық өзек Ертіс аңғарынан батысқа қарай 25-30 км жерде орналасқан. Оған Үлкен және Кіші Қалқаман, Кепетұз, Состыбай, Еспетұз және басқалары жатады. Ертіс өзенінен батысқа қарай 50-70 км жерде орналасқан басқа жыралық өзектері Қарасор, Қоқұрым, Ақшасор, Алтыбайсор, Жамантұз, Құдайкөлі көлдерін кіргізуге болады.

Ертедегі ұқсас жыралы өзектерге, еніне байланысты, олар оң жақ жағалауда да өз орындарын иеленген. Құрамына Аймақ, Үлкен және Кіші Ажболат, Балқазы, Қарасу және басқалары, сонымен қатар Малыбай, Жалтыр, Қазы, Горькое кіретін ертедегі Сарыөзек жыралық өзенін, сонымен қатар, Чушкалиптік көлдер топтарын (Шошқалы, Сор, Тұз, Шарбақты, Ақсор және басқаларын) қамтитын Бөрлі аңғары аталатын ағындары жатады. Айқындалған көлдер жүйесі, ағынды жырашықтар өзекшелерінің бойымен созылған, көбіне олар жолақты қарағайлы ормандар етегінде көп кездеседі. Осындай көлдердің көбі ылғалды көктем кезіңде уақытша су арналары арқылы өзара байланыстырылады.

Облыс аймағы бойынша қазан-шұнқырлар өлшемдері шекті түрде кішігірім су қоймасынан 10-20 га кең ауқымды көлге дейін өзгереді, олардың ауданы 100-200 км2-ден де асады (Қызылқақ көлі 170 км2, Үлкен Қалкаман -25 км2). Үлкен Ажболат 110 км2 (кесте 4). Көлдің тереңдігі, негізінен, азын аулақ және кей кезде ғана 1 -1,5 м ді қамтиды. Көп жағдайларда олардың тереңдігі 40-50 см-ге дейін жетеді. Көптеген көлдер жаз айларында кеуіп қалады, сорға айналады немесе ащыланады. Олар көбінесе еріген қар суымен қоректенетін кішігірім көлдер. Атмосфералық жауын – шашынмен, сонымен қатар жер асты суларымен қоректенетін көлемі жөнінен анағұрлым үлкен және терең бойлаған көлдерде ұзақ уақыт бойы көл бетінде тұзды су сақталады.

Облыстың көп көлдері тұзды. Егер облыс құрамындағы ауданы 1 км2-ден бастап көлдерді қосатын болсақ, онда олар 438- ге тең болады, оның 337- сі тұзды көлдер. Тұздың құрамына байланысты мұнда гидрокарбонатты (Жалтыр, Айдакөл, Жасыбай және басқалары), хлорлы (көптеген көлдер) және де сульфатты (Балқазы, Мойылды, Маралды және т.б.). Жылдың ылғалдығына байланысты көлдің тұздылығы өзгеріп отырады.

Тұщы көлдер облыстың солтүстігінде және де Ертіс өзенінде көп тараған, олардың саны 101. Облыстың орталық және оңтүстігінде олар бірегей. Баянауыл таулы аймақтарында тұщы көлдер терең тектоникалық қазан-шұңқырларда (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) кездеседі [5, б. 24 – 30].

Кесте 3 - Павлодар облысының ірі көлдері

Көлдер

Әкімшілік

аудан

Географиялық координаттары

Ауданы

Құрамы*

ендігі

бойлығы

1

2

3

4

5

6

7

1

Үлкен Ажболат

Успен

53°16'

77°25'

82,2

а

2

Ащыкөл

Актоғай

51°53'

74° 19'

0,60

а

3

Байгүті

Актоғай

52°48'

75°13'

0,57

а

4

Байжан

Қашыр

53°04'

76°48'

0,18

т

5

Барлыкөл

Ертіс

53°26'

74°40'

0,8

а

6

Былқылдақ

Павлодар

52°36'

76°51'

1,7

а

7

Бөрлі

Аққу

51°49'

78°00'

16,0

а

8

Біржанкөл

Баянауыл

50°45'

75°23'

1,0

т

9

Дөңгелексор

Май

51°10'

77°15'

2,0

а

10

Жангелді

Ертіс

51°52'

75°23'

4,2

а

11

Жакаин

Баянауыл

53°03'

74° 40'

7,2

а

12

Жарлыкөл

Баянауыл

51°05'

75° 11'

2,4

а

13

Жұмыртқалыкөл

Баянауыл

50°27'

76°09'

1,4

а

14

Журумбай

Баянауыл

51°13 '

75°06'

1,1

а

15

Жеребячье

Железин

54°11'

76°29'

0,43

т

16

Жасыбай

Баянауыл

50°43'

75°36'

4,2

т

17

Жалаулы

Ертіс

52°53'

74°11'

144

а

18

Қабан тақыр

Шарбақты

52°37'

78°01'

4,1

а

19

Қызылқақ

Ертіс

53°25'

73°47'

188

а

20

Қоскөл

Ертіс

53°14'

73°51'

2,0

т

21

Құрғанкөл

Ертіс

53°08'

74°10'

0,8

а

22

Қазы

Аққу

52°42'

78°04'

5,7

а

23

Коряков

Павлодар

52°23'

77°08'

0,0

а

24

Қалатұз

Павлодар

51 °53'

77°30'

8,5

а

25

Үлкен Қалқамантұз

Ақсу

52°02'

76° 34 '

11,6

а

26

Камышное

Ертіс

53°24 '

76° 09 '

0,66

т

27

Малыбай

Аққу

51 °37

78°23'

12,4

а

28

Маралды

Шарбақты

52° 13'

77°47'

55,0

а

29

Мойылды

Павлодар

52°24'

77°04'

0,98

а

30

Сабындыкөл

Баянауыл

50°46'

75°43'

7,4

т

31

Сейтен

Шарбақты

51°56'

78°07'

15,5

а

32

Үлкен Таволжан

Успен

52°44'

77°28'

12,6

а

33

Торайғыр

Баянауыл

50°52'

75°40'

4,0

т

34

Шүрексор

Ақсу

52° 14'

75°49'

78,0

а

35

Шолақсор

Ақтоғай

52°29'

74°01'

27,1

а

*т – тұщы; а– ащы

Жер асты суы. Жайылу шарттары, минералдану деңгейі және химиялық құрамы облысымызда жер асты суы даму тарихына байланысты, климатқа, металл құрамынада топырақтың құрамына да және де ауданның бедеріне де байланысты.

Жер асты сурардың негізгі қоректену көзі болып, атмосфералық шөгу болып табылады, сонымен қатар транзиттік суларда, Обь-Ертіс ертедегі жыралы өзегіне түсетін ағынмен және Қазақтың ұсақ сазды аудандары. Озендердің ұзақтығына байланысты мағыналы болып табылатыны, ол шағын өзендермен және де көршілес аудандағы жер асты сулар да жатады.

Облыстың солтүстік ауданында, қара топырақты оңтүстік зона астында, сумен жабдықтау немесе суға төзімді қабаттар пайда болады, оларда сазды және саздық, минералданған жер асты су кең тараған. Жер бедерінің сипаты мен гипсометриялық орналасуына байланысты олардың бойлау тереңдігі жалдарда – 12-15 м- ден тереңірек, ал ойпаң жерлерде – 4-6м. Батысшыл және көлдердегі абақ тәрізді ойпаңдар қазан-шұңқырларда байқалады, олар 0,5 тен 2,5-3,5 м, жергілікті жерлерде топырақтың беткі қабатына жетеді. Осы сулар көп жағдайларда сульфатты-хлоридті магнийлі-натрийлі ащылану түрлерімен ерекшеленеді.

Барлық орталық аудандарда және оңтүстік бөліктерде, қара- қоңыр топырағы кең тараған. М.И. Кучина мағлұматтарына сәйкес, деңгейіне сай аралас минералды жер асты сулары тұщы сумен қамтылған. Жер асты судын көтерілуінің негізгі шарттары, ол судың орналасу тереңдігіне және де саз асты қабаттарына байланысты. Бедердің кенеттен төмендеуі 30-50 см тереңдікте жер асты суларының топырақ бетіне шығуына әкелуі мүмкін, ал жайпақ өзгерісіздерде және жазғы кездегі ыза су мөлшері 3 м-ге жетеді. Ал аңғардың дөңес жерлерінде күзге қарай ыза су мөлшері 3,5-5 м тереңдікке дейін жетеді. Осы сулар құрамындағы минералды бикарбонаттар мен байытылған, минералдық хлоридтың сульфаты мөлшерінің көбейгенін байқаймыз.

Ертіс жағасындағы жолақты қарағайлы орманның ыза сулары қалыпты бедерге сай бейімделеді және қазаншұңқырларда ең төменгі бөлігімен қыйылысады. Осы жердегі ыза судың деңгейі құбылмалы түрде болады, олар 1,5 - 3 м ден бедерлер төмендейді және сазды шатқал жерлерде 10-15 м ге дейін жетеді және де олар ойпаңдар мен жалдарда кезігеді.

Бұрыннан қалыптасқан аңғарларда Ертіс өзенінің ыза суларының жайылма жерлердің шарттары кей кездерде тепе теңдігін сақтамайды да 1-2 м ге тең , ал орталақ жайылмаларда - 1,5- 2,5 м ге дейін жетеді, облыстағы ең жоғарғы жайылма көрсеткіші 3-4 м және тереңдігі осы мәңге тең болады.

Жайылма жерлердің терасса сулары, олар өзендермен тығыз байланысты болады, тұщы сулар сапа бойынша, жоғарғы жайылма жерлерде олардың тұздылығы төмендеу болады, оның себебі осы аудандық шекараға минералданған ыза сулары ағып толықтырылып отырады.

Жоғарғы Ертіс жағалауындағы жазық далада, орман тәріздес қыйын жарлы жолдары және олар облыстың солтүстік шығысында қара топырақ жолағы орналасқан, жер асты сулар өте терең орналасқан (8-10 м ге тереңірек). Сапасы бойынша олар сәл ащырақ болады, тұздалудың аралас түрі қалпында кездеседі.

Облыстағы жайылым тереңдігінде ұсақ саздары өздерінің шұбарлығымен сипатталынады және де олар ыза судың минералдануымен ерекшеленеді. Ауданда тереңірек зонаны тұщы су, сульфит хлоридті қоспалармен қамтылған, бұның бәрі тұщы судың ағынымен сипатталады. Шоқы аралықтарының алқаптың жайылма тереңдігінің тепе -теңдігі 1,5 – 2м- ден 5- 6 м- ге дейін.

Ыза сулары, егер аса терең емес беттерде таралса (5-6 м ге дейін жақынырақ), онда топырақ пен топырақ жамылғысының қасиеттерін ескере отырып, топырақ құраушы үрдістерге зор әсерін тигізеді [17, б. 115 - 116; 18, б. 120-122].

Климаты

Климат – кез келген аймақтағы экологиялық жағдайын анықтайтын табиғаттың негізгі компоненті. Белгілі бір аймақтағы рекреациялық пайдалану мәселелерін шешуде сол аймақтағы ауа-райы мен климаттық жағдайлардың жайлылығын бағалау мәселелері негізги сипатқа ие болады.

Территорияның климаттық-рекреациялық бағалаудың қазіргі заманғы тәжірибесі адам ағзасына тек жеке метеорологиялық элементтердің ғана емес, сонымен қатар, олардың кешенді әсерін есепке алу керек екендігін көрсетеді.

Рекреациялық ресурстар ретінде бағалау үшін, климаттық жағдайларды зерттеу екі бағытта жүргізіледі: физологиялық және уақытша.[В.Г. Ефрос]

Павлодар облысы климатының түзілуі территорияның континентальды терең орналасу жағдайымен, мөлшерлі күн радиациясымен, қарқынды атмосфералық циркуляциямен, тегістіктік далалардың бетінің біртектілігімен түсіндіріледі. Бұл климаттық жағдайлардың салыстырмалы екендігімен түсіндіріледі, бірақ солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа созылуы байқалады. Тек облыстың оңтүстік-шығыс климатына Қазақстанның сарыарқасының рельефі әсер етеді.

Павлодар облысы климатының негізгі ерекшелігі көктемгі-жаздық кезеңнің құрғақшылығы, ыстық жаз, аязды қыс, ерте көктемгі және ерте күздік үскірік аяздар, жыл бойы жел болып табылады. Жеке аудандардың климатына басқа да табиғи факторлардың әсері бар: микроклиматт ерекшелігі, орман және табиғи су қоймаларының болуы, сонымен қатар адам қызметінің әсері (далақорғаушы жолақтар, жасанды су қоймаларын құрастыру).

Облыстың климаттың түзілуіне материктің бетінде болатын қалыпты ендіктердің континентальды ауасы қатысады, сондықтан қыста ауа өте суық, ал жазда өте ыстық болады. Бұл өз кезеңінде қыста суық ашық ауа райының, ал жазда құрғақ ауарайының болуына әсер етеді.

Климаттүзуші негізгі факторлар:

1) Атлантикалық мұхиттың батыс жағынан ауаның ауысуы.

2) Солтүстіктен Арктикалық ауаның келуі.

3) Атлантикалық және арктикалық ауаның қалыпты ендіктерде жергілікті континентальды ауасына трансформациялануы.

Облыстың солтүстігінде жылдың орташа температурасы көп жылдар бойы 0,80 С – тан (Михайловка ауылы) 3,20 С – ке дейін (Баянаул ауылында) өзгерген. Жылдық температураның таралуына солтүстіктен оңтүстікке қарай өсуң байқалады. Ауаның жылішілік өзгеру температурасы қыстың тұрақты теріс температурасымен, жаз мезгілінің жоғары оң температурасымен, көктемде аз мерзім аралығында ауаның температурасының тез артуымен сипатталады. Ең төменгі температура қазан айының соңғы декадасында тұрақталып, сәуірдің басы-наурыздың соңына дейін тұрады. Жылымық негізінен көктем алды кезеңде байқалады.

Облыстың солтүстігінде ауа температурасының 00 С – тан көктемгі өтуі орташа 15-ші сәуірде, оңтүстікте 10-ші сәуірде, 50С –тан өтуі – 20-25 сәуірде. Күзде ауа температурасы 00 С-тен рташа 25 қазанда өтеді.

Ең жылы ай шілде болып табылады(плюс 20-22 градус), ең суық - қаңтар (минус 17-20 градус). Қыстан көктемге және көктемнен жазға өту кезінде температураның күрт артуы байқалады. Наурыздан сәуір немесе мамырға қарай температураның жоғарылуы одан да күшті байқалады. Қыста топырақтың қатуын есептегенде (солтүстікте қатудың орташа тереңдігі 150-180см, орталық бөлікте – 95см, оңтүстікте - 115см),қар еру кезеңінде температураның мұндай жылдам артуы еріген қар суларының теріс жер бедерлеріне ағуы және мүшеленуімен жалғасатыны түсінікті [5, б. 11-14].

Кесте 4 – Ауа температурасының орташа жылдық және айлық мөлшері, °С

Станциялар

Айлар

Жыл

І

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Михайловка

-194

-187

-12 1

0 1

11.2

17.5

199

174

11 3

2 1

-8.8

-166

0,3

Шарбақты

-184

-180

-11 8

1 3

12.1

18 7

209

18.6

120

2.5

-8.2

-158

1,2

Павлодар

-17.8

-174

-106

24

13.3

10 1

21 4

189

122

3.0

-74

-150

1,8

Семиярка

-17.1

-171

-103

32

128

197

22 1

19.9

133

3.9

-64

-139

26

Баянауыл

-133

-130

-8 1

3.5

18,5

21 1

183

12.0

3.5

-59

-11,6

3,2

Күзгі алғашқы үсіктер көбінеки қыркүйек айының ортасы немесе соңында байқалады, ал соңғы көктемгі – мамырдың ортасы немесе соңында. Аязсыз кезең орта есеппен алғанда 110-135 күнге – мамыр- қыркүйек - дейін таралады. Орташа температура 10 градустан жоғары кезеңнің ұзақтығы 135-145 күнді құрайды. Бұл мәліметтер негізгі ауыл шаруашылық мәдениеттерін өсіру үшін жылу мен жарықтың мөлшерінің жеткілікті екендігін көрсетеді.

Қыста суық және бұлтты ауа - райы басым келеді. Әдетте, ол қарашаның алғашқы он күндігінде басталып сәуірдің алғашқы он күндігіне дейін созылады. Кей жылдары солтүстік аудандар бойынша қыс кезеңі қазанның екінші он күндігінен басталып 15-20 сәуірге дейін созылады. Ең суық ай – қаңтар, орташа темпера­тура минус 17-19 градус, оңтүстік- батыста, Баянауыл таулары ауданында минус 13 градус.

Қысқы айлар үшін ауа температурасының тұрақсыздығы тән, кей жылдары 8-11градус қалыпты температурадан қатты ауытқуы мүмкін. Кей күндері температура минус 40 градусқа, кейде 45 немесе 49 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Жыл ішінде минус 20 градустық аязды күндер саны 70-80, минус 30 градус және одан төмен аязды күндер өте суық қыста 25-30 күн болуы мүмкін. Қатты аяздармен қатар қыс кезеңінде ауа температурасы плюс 5-6 жоғарылаған кезде жылымық болуы әбден мүмкін. Орташа тәуліктік 10 градус болатын ауа температурасы - 20 қарашаға дейін, облыстың оңтүстігінде – желтоқсанның алғашқы күндерінде ауысады.

Қар жамылғысы қазанның соңғы күндерінде, кейде қарашаның бас кезінде жауады. Шамамен 10-15 қарашада тұрақты қар жамылғысы қалыптасады, ол солтүстік аудандарда 5-10 сәуірге дейін жатады, оңтүстікте – наурыздың соңына дейін. Қар жамылғысы бар күндер саны - 130-155. Қарашаның соңында - желтоқсанның басында қар жамылғысының қалыңдығы 10см- ге жетеді. Ең жоғары қалыңдығы 15-25 см- ге ақпанның соңы – наурыз басында жетеді, бұл ылғалдың 29-36 мм- не сәйкес келеді, орталық және оңтүстік аудандарында – 12-14 см немесе ылғалдың 18-20 мм. Қыс мезгілінде батыс және оңтүстік – батыс желдері басым. Қатты аяздар және дауылдарға әкеп соғатын жылдамдығы 15 м/с астам желдер жиі байқалады. Қыста дауылды күндер 30-35, ал кей жылдары - 50-60 күнге жетеді. Әдетте, дауылдар қатты және ұзақ сипатта болады – қатарынан 3-5 күн.

Қыс мезгілінде мал шаруашылығы және егін шаруашылығы үшін ауа- райының қолайсыз құбылыстарына көктайғақ, жайылымдардың, жолдардың қолайсыздығы, нашар жағдайы және т.б. жатқызылады. Облыс климатының тағы да бір теріс жағы жиі желдер саналады. Әсіресе көктем жыл ішінде топырақты кептіретін анағұрлым жел жылдамдығымен (шамамен 5 м/с) сипатталады. Ең желді айлар - наурыз, сәуір,мамыр, кейде маусым. 15 м/с асатын күшті желдер соғатын күндер саны (орташа айлық көрсеткіш) бір жылда - 35 күн. Ауаның құрғақшылығы желдің жоғары жылдамдығымен және жауын- шашынның аздығымен үйлесуі топырақтың беткі қабатының қатты кебуіне әкеп соқтырады, шаңды және құмды дауылдар пайда болады, олар әсіресе мамыр айында қауіпті. Олар жиі оңтүстік – батыс, батыс, солтүстік – батыс бағытында соғатын желдер кезінде пайда болады (66%). Сәуірде оңтүстік – батыс және батыс бағытының желдері басым, мамырда солтүстік – батыс желінің артуынан оңтүстік – батыс желінің маңызы төмендей түседі, ал маусымда батыс бағытының желдерінің маңызы теңеседі. Бұл мәліметтер солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақты қорғауда көпжылдық шөптер жолақтарын, сонымен қатар егінді жерлерді қорғауда орман жолақтарының болуын қажет екендігін айтады. Мамыр айында топырақ беті айтарлықтай ашық, жоғары қабаты атмосфералық жауын – шашынның жоқтығынан тез және жеңіл кеуіп, дефляцияға ұшырайды. Сондықтан барлық агротехникалық шаралар климаттың осы еркшеліктерін ескере отырып жасалуы тиіс [5, б. 14-15; 6, б. 9-12].