10. Тақырып


Саяси даму және модернизация

Саяси даму - саяси жүйенің қоғам мен мемлекетті басқару ісіндегі элита мен қатардағы азаматтардың өздерінің ерекше қызметтерін орындауын сақтап, әрі ол мүмкіндіктерді үлғайта отырып өзгеріп отырған әлеуметтік жағдайға икемделуі. Ал екінші бір дерекке сүйенер болсақ, саяси даму - көп-қырлы процесс, оның барысында әр түрлі саяси күштердің өзара қарым-қатынасы саяси мінез-құлықтағы, саяси мәдениеттегі, қоғам саяси жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Сонымен, саяси даму бұл - саяси жүйе мен басқару тәртіптерінің эволюциясы, оның белгілері: басқару құрылымының жағдайы, мемлекетпен қарым-қатынаста азаматтардың араласу деңгейі және тағы басқа мәселелердің теориялық түрғыдан шешілуі.

Саяси даму мәселесі Ф.Теннис, М.Вебер, Т.Парсонс сияқты зерттеушілер еңбектерінде дамытылған. Саяси даму саяси жүйенің дәстүрлі қоғамнан қазіргі кезеңдегі қоғамға өту процесі ретінде қарастырылды. Дәстүрлі қоғам қарапайым өндіріске негізделген аграрлы, жабық әлеуметтік құрылым мен азаматтардың жеке мәртебесі төмен, мемлекеттік қатаң басқару тән қоғам ретінде сипатталды. Ал қазіргі кезендегі қоғам ашық әлеуметтік құрылым мен билікті ұйымдастыруда тиімді қоғам ретінде түсіндіріледі.

Қазіргі саясаттану ғылымында саяси құрылым, ережелер мен институттар қаншалықты жаңа әлеуметтік, экономикалық және тағы басқа да мәселелерді шешуге жылдам, әрі икемді қимылдаса, соған байланысты саяси даму қарастырылып жүр.