11. Тақырып


Саясаттағы конфликт және дағдырыстық жағдайлар

Саяси дағдарыс - қоғамның саяси жүйесінің қызметі мен дамуындағы ерекше жағдай, әсіресе, оған мемлекеттік-биліктік құрылымындағы саяси институттар қызметіндегі түрақсыздық, тепе-теңдікті жоғалту, экономикалық үрдістерді басқару деңгейінің төмендеуі, бұқараның сыни белсенділігінің өсуі сияқты құбылыстар тән.

Саяси дағдарыс өз дамуында бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді:

• қоғамның немесе саяси жүйенің дағдарыс алдындағы жағдайы;

• өкіметтің қоғам алдындағы мәселелерді саяси құралдармен шеше алмауға қабілетсіздігін көрсететін дағдарыстың туындауы;

• дағдарыстың дамуы, әрі шиеленісуі.

Қоғамның саяси жүйесі шеңберіндегі ішкі саяси дағдарыстар:

1) конституциялық дағдарыс (мемлекеттің негізгі заңының қызметін тоқтатуын білдіреді);

2) өкіметтік дағдарыс (өкімет беделінің жоғалуы);

3) ішкіпартиялық дағдарыс (саяси партияның жікке бөлінуі).

Сонымен бірге мемлекетаралық, аймақтык және халықаралық қақтығыстарға байланысты сыртқы дағдарыстар да болады.

Саяси конфронтация - саяси мүдделер мен қағидаттарды ашық, тікелей қарама-қарсы қою, сонымен бірге бір мемлекеттің сыртқы саясатын екінші мемлекетке қарсы қою, ашық жаулық қатынас, тіптен саяси, экономикалық және әскери қысым көрсету шараларын қолдануға дейін бару. Бұл жағдайдың шиеленісуіне және мемлекеттердің әскери қақтығысына дейін алып келеді. Саяси конфронтацияны жою - бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердің маңызды міндеттерінің бірі