13. Тақырып


Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық саясат

Әлемдік саясат ұғымы

Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық, Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.

Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады.

Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді.

Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады.

Ұлттық мемлекеттер шеңберінен тысқары жүргізілетін, әлемдік мәселелерді реттеуге, немесе оларға ықпал етуді мақсат тұтатын саясат келесідей категориялардан тұрады.

  1. Сыртқы саясат – мемлекеттің, немесе жеке халықтың сыртқы саладағы қызметі. Бұл саясат мемлекеттің басқа мемлекеттермен байланыс жасау, немесе жасамау деңгейін сипаттайды. Сыртқы саясат мемлекеттің өмір сүруіне қолайлы сыртқы жағдайларды жасауды көздейді. Әлемдік қауымдастықтан ұлттық мемлекеттің орнын табуына ықпал етеді.
  2. Халықаралық саясат – мемлекеттердің халықаралық аренада бірлескен қызметі болып табылады. Саясаттың бұл саласы мемлекеттерді оларға ортақ мәселелерді бірлесіп, келісімдер арқылы шешу жолдарын көрсетеді. Халықаралық саясаттың елдер мен халықтар арсындағы өзара тәуелділіктің, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті талап ететін мәселелердің көбеюіне байланысты маңызды арта түседі.
  3. Мемлекетаралық саясат – жекелеген мемлекеттердің арасындағы қатынастар жүйесін белгілейді. Бұл саясат мемлекеттердің органдарының, қызметтерінің және өкілдерінің (президент, парламент, үкімет, сыртқы істер министрілігі, кеден т.б.) екі мемлекетке ортақ мәселелерін өзара келісіп шешулерінің жолдарын анықтайды.
  4. Ұлттық мемлекет үстіндегі саясат (наднациональная политика) – жекелеген мемлекеттердің өздерінің кейбір егеменді құқықтарын өз еріктерімен халықаралық ұйымдарға беруімен сипатталады. Мысалы, мұнай  бағасын халықаралық нарықта реттеу құқығы. Сыртқы, әлемдік саясаттың бұл бағыты Қазақстандық саясаттану ғылымында әлі зерттелген жоқ
  5. Мультиұлттық саясат- бірнеше, немесе  одан көп мемлекеттерден құралған біріккен саясат субъектілерлінің халықаралық қатынастарға ықпал етуі (ЕЫҚҰ, ЕО, ШЫҰ, БРИК). Бұл саясаттың субъектілері ұлттық мемлекеттер болып табылады.
  6. Трансұлттық саясат – мемлекеттік емес саясат акторлары мен субъектілерінің: партиялар, кәсіподақтар, әлемдік діндердің ұйымдары, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, трансұлттық корпорациялардың т.б. халықаралық аренада қызмет етуі.