5. Тақырып


Саясат субъектілері

Саяси институттардың формалары

Саясаттың субъектілері.Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады.

Сонымен саясаттың субъектілерінің 2 түрі болады:

1) әлеуметтік 2) институционалды.

Саясаттың әлеуметтік субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адамдарды, ұйымдарды, не әлеуметтік топтарды айтады. Оларға мыналар жатады:

- Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер, мысалы ұлттық бірлестік. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді.

- Жалпы әлеумет – ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саясаттың әлеуметтік субъектілеріне жатқызылады.

- Жекелеген тұлғалар – саяси лидер, қарапайым азаматтар. Олар әлеуметтік денгейдегі субъектілер.

Ал адамдар қоғамда көбінесе ұжымдасып ұйымдасып өмір сүреді. Олар әр түрлі әлеуметтік (мысалы: отбасы, шіркеу, кәсіподақтар) және саяси институттар (мысалы: мемлекет, саяси партиялар, БАҚ, халықаралық ұйымдар - БҰҰ, Европалық парламент, ОБСЕ және т.б.) болып қалыптасады. Олар институционалды денгейдегі субъектілер.

Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын ұйымдар болып келеді. Ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси ұйым, мекемелердің бәрін институционалды субъектіге жатқызамыз. Соның ішінде Г.Алмондтың айтуынша негізгі институционалдық субъект мемлекет болып табылады.

Осылардың ішінде адам бастапқы негізгі субъект. Ол субъект ретінде саясатқа әр түрлі денгейде араласып, қатысады. Адамның саясатқа қатысуы оның мүдесімен анықталады және мынадай түрлерде көрінеді:конвенционалды-заңмен рұқсат етілген жәнеконвенционалды емес, яғни оған заң арқылы тиым салынған.