15. Тақырып


Қазақстанның 2050 даму стратегиясы

Елбасы бұл стратегиялық Жолдауында мемлекетіміздің 2050-жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты айқындап берген еді.

Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеу­меттік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм

Қазақстан 2050ж қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуы тиіс.

Ол үшін:

- Мемлекетті одан әрі дамыту және нығайту

- Экономикалық саясаттың жаңа қағидаларына көшу

- Ұлттық экономиканың жетекші күші- кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету

- Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру

- Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру

- Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдылығын арттыру міндеттерін шешуіміз керек

Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары-

Кедейшіліктің өсуіне жол бермеу.

Әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, ана мен баланы жан-жақты қорғау.

Ұлт денсаулығы

Дәйекті және болжамды сыртқы саясат-

Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікті нығайту.