Мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды
Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағытталған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданылады.
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып