Билік саяси феномен ретінде
Билік - саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым саяси қозғалыс және саясаттың өзін түсінудің кілті деуге болады. Билік түсінігінің анықтамасы, оның мәні мен сипаты мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Сонымен бірге оның бүкіл қоғамдық қатынастардың ішінен саясатпен саяси қатынастарды бөліп қарастыруға мүмкіндік беретінін айту керек.
Қазақстан қазір тәуелсіз, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, билікті іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымызды билік туралы ұғым түсініктердің қыр-сырымен қаруланудың маңызы зор. Осыған орай осы оқу құралында бұл мәселе қалыптасқан тоериялық пікірлерді жұртшылық назарына ұсынбақпыз.
Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мәселен, фәлсафашылар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы, социологтар әлеуметтік билік, экономистер-шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар-адамның өзіне деген билігі, ата-аналар отбасы билігі, діндарлар тәңірі билігі туралы айтуға бейім тұрады. Сонымен қатар құқық, атқарушы, қазы биліктері туралы түсінік бар. Қазіргі ғылыми әдебиетте биліктің бес анықтамасы бар:
1. Бихевиористік анықтама бойынша билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.
2. Телеогиялық анықтама бойынша, билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету.
3. Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.
4. Структуралистік билік анықтамасы бойынша билік:билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.
5. Конфликтілік билік анықтамасы бойынша иеліктерді даулы жағыдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.
Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ мемлекет, жеке адам т.б тарапынан өзіндік ерік жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсіндіруге болады.