2. Дыбыс шығару қасиеттері


Аккордеонда дыбыс шығару өнері – әрі күрделі, әрі нәзік сала, ол үздіксіз тәрбиені талап етеді, себебі ең бастысы – аспаптағы дыбыстың сапасы және есту әсерін дамыту.

Оқытушы ең алғашқы сабақтан бастап студенттің клавишаны қатты қысуға үйренбегенін қадағалауы қажет.

Қысым дыбыс пен техникаға теріс әсер етеді. Қолды күштен бірден, жылдам босатуға үйрену қажет. Клавишаны ұстап тұру ештеңе емес. Ал қысым зиянды болады, одан қолдың жаны кетіп қалады.

Дем (дем алу, тыныс алу) – бұл предыкт, қол сермеу, содан соң дыбыс шығару жүреді және қолды төмен түсіру – дем шығару болады. Қолды асықпай баппен түсіру қажет, ал оның төмен түсуі салмақты болуы керек. Саусақтың формасы бұл кезде аркаға сәйкес келеді, яғни саусақтар мен білектің жұмырланған қалпында болады [18, 66-б.].

Дыбыс шығару – басқа техникалық міндеттердің арасында аса маңызды міндет болып табылады, оны орындаушы шешуі қажет, өйткені дыбыс дегеніміздің өзі музыканың материясы болып табылады, ол оны жақсартады және жетілдіреді, біз сол музыканы ең жоғары биіктерге көтереміз [24, 66-б].

Аккордеон әуенді, үнді аспап болып табылады, оның өзіндік жеке сипаты бар болады, ол «гармон» деген бір түсінікпен біріктірілген музыкалық аспаптарға жатады.

Гармонның сан алуан түрлері бар, олар бір-бірінен өзінің сыртқы түрі, дыбысталуы мен құрылғысы жағынан ерекшеленеді. Оларды біріктіретін бір ғана нәрсе – ол клавиатура мен жеңіл (ауа, салмақсыз) камера, сонымен қатар металл пластинкалар, солардың көмегімен дыбыстар пайда болады.

Аккордеонның дыбыс шығаруда көптеген мүмкіндіктері бар. Ол нәзік пианиссимодан (баяу, бәсең дыбыс) бастап қатты фортиссимоға (фортеден де қатты, зор дыбыс) дейін болады. Сондықтан студент жаңа үйреніп жүрген кезде дыбыс шығару әдістемесі мен мәдениетіне үйренуі қажет [22, 40-б.].

Полифония (көп дауыстылық) – дыбыстың сан алуандығына қол жеткізуге қажетті ең тамаша құрал, әуезді шығармалар аспапта «ән айтуға» үйренуге қажет [23, 79-б.].

Оқытушылардың көпшілігі студенттермен жұмыс жасау барысында бұл дағдыны қалыптастыруға және оған тәрбиелеуге көп уақыт пен күшін жұмсайды.

Мәнерліліктің негізгі құралы – дыбыс. Біліктілігі жоғары музыканттардың, тіпті қарапайым, техникалық жағынан күрделі емес шығармалары біршама әсем, әдемі болып естіледі. Бұл дыбыстың сапасы мен мәдениетімен жасалған үлкен жұмыстың нәтижесі.

Дыбыспен жасалған жұмыс дегеніміз тембрді, динамиканы, штрихтарды меңгеруде жатыр. Кантилена шығарманы (созып айтылатын әуезді сазды) орындаған кезде аккордеонның дыбыс шығаруын адамның дауысының ән салуына максималды жақындатуға тырысу қажет.

Кантилена тәсілдерін меңгеру тәртібі кез-келген техникалық жұмыстағыдай бірдей болады. Ең алдымен өзіңе қажетті дыбыс пен фраза динамикасы туралы ішкі ұғымды құрастырып алу қажет және аспапта ән айтуды қалау қажет, ал содан соң шынайы дыбыс шығаруда өзінің ниетін жүзеге асыруға қол жеткізу қажет. Кантиленада аккордеонистің қолдары мықты болуы керек және клавиатураға нақты бағытталған болуы керек, бірақ сонымен бірге жұмсақ әрі иілімді болуы қажет.

«Кантилена» түсінігі деген кезде қандай да бір біркелкі ұғым, бірден бекіп қалған дыбысталу деп ойламау қажет.

Саntilena – әуен, ән, жыр дегенді білдіреді. Бірақ әндер әртүрлі болады.

Қандай да бір әуенді сипаттауға қолданылатын сөздер: қайғылы, трагедиялық, айбынды, салтанатты, әзілді, драмалық, лирикалық, т.б. өте жақын болады, өйткені әрбір мазмұнды мелодияның өзінің қайталанбас сөздері, ішкі мазмұны, түйіні болады. Өйткені әуендегі ең сырлы, асыл нәрсені тек сезінуге ғана болады. Яғни, адамның әуезділігінің басты қырларының бірі – мелодияға эмоционалды қатынасы. Жұмыс барысында студент-орындаушы өзінің ішкі түсініктерін әуенге, шын дыбысталуға айналдырады [15, 85-б.].

Орындаушының басты талабы бұл – ішкі толық дене еркіндігі немесе қазіргі кездегі айтылатындай – ішкі жайлылық.

Нейгауздің ойынша, дыбыссыз музыка болмайды, сондықтан музыкант-орындаушының негізгі күші дыбыстық мәнерлілікті қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Бұл жағдай барлық ірі музыканттардың тәжірибелік қызметімен нақтыланады.

Қарапайым логика мынаны мойындауды талап етеді: аккордеонда ойнаудың барлық түрі, себебі оның мақсаты дыбыс шығару, «дыбыс өндіру» болып табылады.

Орындаушы техникалық мәселелермен жұмыс жасаған кезде, ол кезде ең алдымен жылдамдылық, нақтылық, күш және т.б. ғана емес, сонымен қатар дыбыстың сапасы да таң қалдырады.

Теріден жасалған созылмалы жерінің көмегімен дыбыстың пайда болуы принципі осы теріден жасалған созылмалы жерін дұрыс және салмақтылықпен босаңдату және қысуға үйрету, бір қалыпты қозғалыс кезінде күші жағынан бірдей дыбыс шығара алу.

 

Мехты (теріден жасалған созылмалы жерін) жүргізу кезіндегі техникалық амал-тәсіл 

Аккордеонисттің орындаушылық мәдениетіндегі ең басты сапалық көрсеткіш – теріден жасалған созылмалы жерін епті түрде кезектестіріп ойнау болып табылады, яғни аккордеонда дыбыс шығару теріден жасалған созылмалы жерін жүргізумен тығыз байланысты.

Созылмалы жері мен клавишаны бір мезгілде басқан кезде аккордеонда дыбыстар шығарылады, нақтырақ айтсақ, аккордеондағы қозғаушы күшпен ән салу – созылмалы жерін баппен және бірдей жүргізіп отыру.

Созылмалы жерін жүргізіп отыру принципі аккордеонистің сол қолымен жүзеге асырылады.

Клавишаларды баппен, ақырын және күш салмай басу қажет, себебі дауыстың қаттылығы клавишаны саусақпен басу күшіне емес, созылмалы жерінің қозғалысына байланысты болып келеді [4, 5б.].

Аккордеонда орындаудың барлық техникалық амал-тәсілдері сол созылмалы жерін дұрыс жүргізіп отыру деңгейіне байланысты болады: созылмалы жерін дұрыс жүргізу (7-сурет), созылмалы жерін дұрыс жүргізбеу (8, 9-сурет).

7-сурет 8-сурет 9-сурет
7-сурет 8-сурет 9-сурет

Созылмалы жерін жазу (разжим меха) – – баяу, байсалды, біркелкі болуы керек, бірден итермеу керек.

Созылмалы жерін аяғына дейін босаңдатпау керек. Босаңдату кезінде созылмалы жерін жоғары бөлігі неғұрлым алшақ, ал төменгі бөлігі – азырақ, яғни арка пайда болады.

Созылмалы жерін жинау (сжим меха)– – біркелкі және баяу болуы қажет. Созылмалы жері соңына дейін жиналады.

Созылмалы жерін ойнау техникасымен жұмыс жасаған кезде жайлылық сезімін (еркіндікті, ыңғайлылықты) ұдайы бақылап отыру керек.

Кей кезде созылмалы жерімен жұмыс жасаған кезде талап етілетін күштерден өкінішке орай қолдың, мойын бұлшықеттерінің немесе бүкіл дененің қысылуы болады.

Студент-аккордеонист ойнау барысында демалуды үйренгені жөн; бір бұлшықеттің жұмыс жасап отырған кезінде, мысалы, босаңдату кезінде қысуға жұмыс жасайтын бұлшықеттерді босаңсыту қажет және керісінше де жасау қажет. Дегенмен орындау барысында ойын аппаратының қозғалмайтын күшінен аулақ болу керек.

Созылмалы жерімен ойнау техникасы аспапта ойнауды үйренудің бастапқы кезеңінде аса мұқият болуды және өзіне аса көп көңіл аударуды талап етеді. Бірақ, көптеген студенттер егер ол ұзақ болып кетсе, қарапайым қайырманың өзін созылмалы жерімен ойнай алмай қалады. Сөзсіз, музыкалық мектепте бұл принципке үйретпейді.

Мынадай да орындаушылар болады: қайырманы орындаған кезде иегіне таянады, сол арқылы аспапқа орнықтылық, тұрақтылық береді.

Егер аккордеонның созылмалы жері тым ажыратылып қойылған болса, қайырманы ойнау күрделі болады, яғни қайырманы айту барысында толық жиырып ойнау дұрыс.

Созылмалы жердің қозғалысының сипаты шешуші деңгейде дыбыстың сапасын, оның динамикасын және толыққандылығын анықтайды.

Әлсіз қозғалыс ақырын дыбысты туғызады, ал қарқынды қозғалыс – қатты, күшті дыбысты шығарады. Созылмалы жерінің серпілуі акценттің пайда болуына әкеледі. Клавишаны басу сипаты дыбыстың сапасы үшін анықтаушы бола алмайтындығын есепке алу қажет.

Ол шығарманың қандай да бір құрылымдық заңдылықтарының қайта жаңғыртылуына әсер етеді, сонымен қатар, әуенді желінің сипаты мен даму ерекшеліктеріне және музыкалық фраза мен сөйлемдердің бірігуіне себепші болады.

Міне, сондықтан аккордеонда ойнау созылмалы жерінің қозғалыс бағытын қалай ғана емес, қай жерде өзгерту керек екендігін түсінуді талап етеді.

Созылмалы жерін ауыстыру, ереже бойынша тактілердің тең және жұп саны арқылы шығарылады – екі, төрт, сегіз, бұл музыканың құрылысының негізгі принциптерін көрсетеді. Созылмалы жерін ауыстыру жиілігі шығарманың көлемі мен темпіне, оның фактуралық, динамикалық сипаттарына, композициялық-драматургиялық ерекшеліктеріне байланысты болады, соңғы нәтижеде созылмалы жеріндегі камерадағы ауаның жұмсалу қарқындылығына да байланысты болады, ол осы аталған жағдайларды есепке ала отырып, көбейеді немесе азаяды.

Дегенмен, қалай болса да, созылмалы жерін ауыстыру көркемдік мақсаттылыққа қатаң бағынуға тиісті.

Созылмалы жерінің қозғалысының бағытын лигада, фразаның ішінде ауыстыруға болмайды, ал бір ғана дыбыста тіпті ауыстыруға келмейді.

Босаңдату мен жиырылуда ойнауға әбден, мұқият дайындалу керек және орындаушы оны әбден есептеп алуы қажет.

Қазақстанда қазіргі кезде созылмалы жерімен ойнау амалдары аккордеонистің орындаушылық тәжірибесінде күн өткен сайын өзекті мәселе болып келеді, нақтырақ айтсақ: діріл қағыс (тремоло), вибрато, рикошет, триоли:

а) діріл қағыс (итал. tremolo – дірілдеген) – бір дыбыстың немесе үндестіктің жылдам бірнеше рет қайталануы;

б) вибрато (итал. – ауытқу) – ойнау тәсілі, ұсақ нүктелер арқылы, мехқа әсер ету арқылы болады. Вибрато тәсілімен орындалған музыкалық материал, оң қолдың партиясымен немесе сол қолдың партиясымен немесе тіпті екі қолдың бір мезгілдегі партиясымен беріле алады:

1) оң қолдың білегімен немесе буынымен вибрато, ұсақ қозғалыстар, олардың грифке үлкен саусақтың тірегі көмегімен сипатын пульстайтын мехтың жүргізілуіне әкеледі;

2) оң қолдың ұсақ қозғалысы, шынтақтық бөлігінің күшімен болады. Үлкен саусақ – грифке тірек ретінде қойылады;

3) ашық білектің вибратосы грифтің шетінде тұрады, қолдарды ешқашан да қатайтуға, ширатуға болмайды, бірақ білектері қатты болуы керек;

4) вибратоны орындаған кезде екі қолда да ұсақ қозғалысты қолданған дұрыс және оң қолдың білегі үлкен саусақтың күшімен грифке түседі.

в) рикошет – рикошетпен орындаған кезде аккордеонда мехтың жоғары және төменгі бөліктерінің соққыларын біркелкі кезектестіріп отыру қажет. Рикошетті меңгеру үшін мехты сәл ғана ашып, жоғары және төменгі бөліктерін кезектестіріп қабыстырған дұрыс. Сол қолдың қызметі көп жағдайда төмен және жоғары қозғалыс жасайды. Шығарманы рикошетпен орындау барысында саусақтар клавишадан алынбайды.

г) триоли – бұл тәсілді жазу мен жинауды кезектестіріп орындайды, яғни бірінші бөлік (жазу) – екінші бөлік (жинау) – үшінші бөлік (жазу) – .

Мысалға ұлы Құрманғазының «Адай» күйін А.М. Гайсин (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры) баян/аккордеонға арнап өңдеген кезде, созылмалы жерімен ойнау әдісін өте шебер және керемет көрсете білген, бұл жерде музыкант ерекше штрихты қолданған, ол – деташе және сол арқылы күйдің ерекше сипатын бере білген.

Студент дыбысты тыңдай білуі керек және оның дауыс қаттылығын созылмалы жерінің қозғалысының жылдамдығымен реттеу қажет.

Бұл үшін әр түрлі жаттығулар ойнау қажет (гаммалар, арпеджио, этюдтер және т.б.).

 

Жаттығулар кешені (этюдтер, гаммалар, арпеджио) 

Жаттығулар жасаған кезде қолдарымызға күш түспей, бос болуы керек.

Жаттығулар – қолдарға арналған өзіндік бір ерекше шынықтыру, яғни ол қолдың саусақтары мен білегінің иілгіштігі мен икемдігін, саусақ қимылының тездігін арттыруға арналған құрал. Саусақтар күн сайын жаттығу жасап тұруды талап етеді.

Жаттығулар қолды жаттықтыру үшін беріледі және бұл мағынада қандай да болсын пьесаның немесе этюдтың күшінен асып түседі. Жаттығулар әдетте бір-екі сабақтың барысындағы ойынға есептелмейді. Оларды әрбір сабақта талап етуге де болмайды, бірақ студенттің біршама ұзақ мерзімде күн сайын жаттықтырғаны жөн. Жаттығуды жиі ойнаған кезде студенттің орындаушылық еріктері дами түседі [18, 70-б.].

Жаттығулар шығарманы орындау барысында кездесетін нақты бір техникалық қиындықтарды жеңу барысында аса пайдалы.

Өздік жұмысты (үй тапсырмасы), студент 20 – 30 минут аралығында гамма мен арпеджиодан бастауы қажет (терция (диатоникалық гамманың үшінші сатысы және гамманың бірінші үшінші сатысының аралығы), секстами, бұрмаланған октава және т.б.), әртүрлі штрихтармен (легато, нонлегато, стаккато), созылмалы жермен ойнаудың әр түрлі әдістерімен (тремоло, рикошет, триоли) басталуы керек.

Этюдтер мен гаммаларға қатысты музыкалық-эстетикалық тапсырмалар дыбыстың сапасына, дыбыс шығаруға, дыбыстың тембріне, темпіне қатысты болады.

Аккордеонистің дыбыс сапасының түсінігі әншінің дауысы түсінігіне ұқсас болып келеді.

Дыбыс толық немесе үстірт, жұмсақ немесе қатты (ащы), жылы немесе салқын болуы мүмкін.

Сондықтан студентке дыбысқа көңіл аударуды, оның сапасына көңіл аударуды, соның ішінде этюдтер мен гаммаларды жаттап алуды үнемі тәрбиелеп отыру керек [17, 35-б.].

Этюдпен сабырлы түрде жұмыс жасау қажет, барлығы өздігінен шықпайынша қозғалыс сипатын үйрену керек. Бұл кезең аса қажет, себебі кейін оны жылдам, жеңіл, ашық орындау үшін, төзімділігін керемет дамытып отыру үшін қажет.

Студенттің жұмысты аяқтамастан этюдті тастап кетуі дұрыс емес. Техниканы табуға да болады, жоғалтып алуға да болады. Аяғына дейін меңгерілмеген затты тастаған дұрыс емес, әсіресе этюдты. Бұл сабақтағы тәртіпсіздікке, әдебиет пен аспаптарға немқұрайлы қарау мен ұқыпсыздыққа әкелуі мүмкін.

Әр түрлі ритммен ойнау нақты метрде өтуі керек; бірінші, мықты бөлігі қашан да орнында болуы қажет, метрге мұқият қарау керек. Кідіріс жасаулар «жан-жаққа қарауға», жылдам қозғалысқа психологиялық жағынан дайындалуға мүмкіндік береді.

Еңбек – техникамен жұмыс жасау барысындағы табыстың кепілі. Оқушының үй жұмысын сабақтың қатаң бекітілген ырғағына бойсұндыру қажет.

Жүйелілік деген аккордеонистің техникасының, шеберлігінің және асқан шеберлігінің дамуы үшін аса қажет болып табылады. Студентке өмірдің еңбек ритміне ену деген қарапайым нәрсе емес.

Оқытушыға да әдетте студенттің үй жұмысының кестесін құру қажет болады.

Жүйелілік сабақтың қажетті екенін түсінуге әкеледі, студенттің шығармашылық еркі бекиді, еңбек ол үшін қажеттілік бола бастайды.

Оқытушының жұмысы еңбекке деген махаббатты тәрбиелеу болып табылады. Еңбекті сүйетін жастардың бойында жасампаз энергияның үлкен қоры болады, бұл оны кетіп бара жатқан буынның үміті етеді [20, 84-б.].

Жаттығулар, оқушының назарын жаңа қозғалыстар немесе амал-тәсілдерге аударта отырып, қателіктердің кетуінің алдын-алады және сабақтың тиімділігін арттырады, меңгеру кезеңін қысқартады.

Бұдан басқа, жаттығулар оқушының есту қабілетін жалықтырады, міне, сондықтан да оларды тек қана көмекші материал ретінде қарастыру қажет яғни ол сол жерде-ақ сәйкес пьесамен нығайтылуы қажет. Үлкен нәтижеге жету үшін, қажетті дағдыны жылдамырақ алу үшін жаттығуларды ұқсас пьесалардың ойындарымен кезек алмастырып отыру керек.

Штрихтардың әдіс-тәсілдері 

Музыкалық орындаушылық дыбыс шығарудың әр түрлі әдіс-тәсілдері мен штрихтардың кешенін қамтиды. Студент дыбыс шығарудың әр түрлі көркемдік тәсілін меңгеруі үшін аянбай тер төгіп жұмыс жасауы қажет. Оларды орындаудың негізгі тәсілдері мен әдістері:

- legatissimo – байланысты, жүйелі ойынның жоғары деңгейі. Клавиштар максималды бірқалыпты салмақты, сазды басылады және босатылады. Орындаушы неғұрлым дыбыстардың үстемеленуін болдырмауы керек;

- legato – байланысты, жүйелі ойын. Саусақтар клавиатураға қойылады, оларды жоғарырақ көтерудің ешқандай қажеттілігі жоқ болады;

- markato – айрықша баса көрсету, ерекшелену. Саусақтың белсенді қимылымен және мехтың жұла көтеруімен орындалады. Бұл штрих орындаушыдан ерікті дыбыс шығаруды талап етеді;

- nonlegato – байланыссыз, жүйелі емес. Тушеның негізгі үш түрлерінің біреуімен ойналады, нақтырақ айтсақ саусақтың қимылымен.

- staccato – (үздік-создық, байланыстырмай) legato-ға тура қарама-қарсы.

Ереже бойынша, саусақтың немесе қолдың буынының сермелуінен, мехтың тура жүргізілуінде шығарылады.

Staccato жүргізу нақышын, тәсілін неғұрлым жақсы әрі жылдам меңгеру үшін осы штрихтарды салыстыру ұсынылады, сонымен қатар үнемі олардың қарама-қайшылықтарын анық көрсету ұсынылады: егер де legato салмақтылық, үздіксіздік, әуезділік дегенді білдірсе, ал staccato керісінше – үздік-создықтылық, анықтық, мөлшерлі, шекті өткірлікті білдіреді. Саусақтар бұл жерде жеңіл әрі жинақы болуы керек. Ереже бойынша, staccato тәсілін оқушылар legato тәсіліне қарағанда неғұрлым баяуырақ меңгереді, ол тіпті көбіне қиынға түседі, тек қана үнемі жүргізілетін қажырлы еңбек қана оң нәтиже бере алады.

Осы аталған штрихтармен жұмысты сөз жоқ, гаммалар мен жаттығулардан бастау ұсынылады, бұл олардың одан әрі меңгерілуін жеңілдете түседі.

2.1-кесте – Музыкалық терминдер

 

Италия терминдері

Айтылуы

Аудармасы

Артикуляциялық әдіс-тәсілдер

legatissimo legato nonlegato staccato stacatissimo

легатиссимо легато нонлегато стаккато стакатиссимо

өте бірге орамды орамды емес үздік-создық өте күшті, үздік-создық

Басқа артикуляциялық әдіс-тәсілдер

markato portato pizzicato glissando

маркато портато пиццикато глиссандо

айқын, анық дыбысты шертпемен баса айту сырғу (клавишамен, ішекпен)

 

Динамикалық реңктер орындаудың саздылық құралы ретінде 

Музыкадағы аса маңызды көркем мәнерліліктің құралдарының бірі – динамика.

Әдетте, студент, динамикалық реңктерге қажетті көңіл бөле бермейді.

Мұндай музыканттың ойынша, салмақпен, ырғақпен, тіпті екпінді түрде ойнай отыра, ол орындаушы үшін барлығын жасап отыр. Дегенмен, егер де ол аз ғана өзгешеліктерге нақты көңіл бөліп отырмаса, ол нағыз жақсы орындаушы болуға үміттене алмайды.

Аккордеон нюансировканың мол байлығын орындауға қабілетті. Себебі динамика – ерекшеліктің және жанданудың көркем байлығы.

Динамика – (грекше dinamis – күш), музыкада – құбылыстар кешені, ол дыбыс шығару күшімен (дауыс қаттылығымен) байланысты болып келеді.

Дауыстың қаттылығы музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерінің біреуін – динамиканы анықтайды.

Белгілі болғандай, аккордеон салыстырмалы түрде үлкен динамикалық диапазонға ие, ол ррр – fff шамасында.

Динамикалық әр түрлілікке қол жеткізу үшін, орындаушы үлкен шеберлікке ие болуы қажет [8, 32-б.].

Аккордеонда дыбыс құрау процесіндегі басты да негізгі роль мехтың жүргізілуінде жатады. Мех – аккордеонистің тынысы.

Музыкадағы дыбыс шығарудың дауыс қаттылығының әр түрлі деңгейлері динамикалық ерекшеліктер, реңктер деп аталады. Олардың өте үлкен сазды мәні, маңызы бар. Мысалы, әуендегі өрлеп келе жатқан қозғалыс, сөз жоқ, үнділіктің үдей түсуіне әкеледі, үнділіктің әлсіреуі, азаюы бәсеңдейтін, азаятын қозғалысқа тән.

Музыкалық аспаптар (фортепиано, скрипка, виолончель (қыл ішекті музыкалық аспап) және басқа да аспаптар), сонымен қатар адамның дауысы жеке орындаушыға аса нәзік реңктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді және осының арқасында ол әсерлі де көркем дыбыстық образдарды жасай алады. Бұл бірдей деңгейде аккордеонның мүмкіндіктеріне де жатады.

Ол орындаушыларға шығарманың мазмұнын айқынырақ ашуға көмектеседі. Динамика музыканы әсерлі, көркем, жанды етеді. Оның диапазоны өте үлкен: ол күшті, қатты дыбыс шығаруды және аса нәзік, әзер сезілетін әуенді бере алады, сонымен қатар дыбыстық толқындардың қызу үдеуі мен олардың сұйылуын, өшуін, басылуын да береді.

Динамикалық байыпты, тиянақты фраза «өрнектелген», айқын бола бастайды, «сезілетін» болады, ал реңкпен, бояумен байытылған барлық шығармалар толықтыққа, тұтастыққа, анықтыққа ие болады. Әрбір орындаушы динамиканың байлығын игеруге, меңгеруге, мәнерліліктің мықты құралын өз қолына алуға тырысуы қажет. Ең алдымен, динамиканың белгілерін формальды түрде емес, тереңінен оқи білуге, оларды музыканың мазмұнымен байланыстыра білуге үйрену қажет, өйткені оны дұрыс түсіну ғана динамиканың дұрыс қолданылуын, оның ойын барысындағы көрінісін ойға салады.

Ойынның қанықтығы, толықтығы басты және шешуші болып табылады.

Әдетте музыкада қолданылатын динамикалық реңктердің шартты белгілері мыналар:

2.1-кесте – Негізгі динамикалық ерекшеліктер

 

Италия термині

Ноталық мәтіндегі шартты белгілер

Айтылуы

Аудармасы


fortissimo

forte

mezzoforte

mezzopiano

piano

pianissimo

crescendo

diminuendo

sforzando


fff

f

mf

mp

p

pp

<

>

sf


фортиссимо

форте

меццо форте

меццо пиано

пиано

пианиссимо

крещендо

диминуендо

сфорцандо


өте қатты

қатты

аса қатты емес

аса ақырын емес

ақырын

өте ақырын

дыбысты үнемі арттырып

біртіндеп бәсеңдеп

кенеттен, бірден қатты дыбысты немесе аккордты қатты баса көрсету