3. Есту қабілеті бойынша ойнау машығы


Үнемі зейін салып
тыңдау арқылы дыбыстың әдемілігі,
орындаудың нәзік ерекшеліктері
түсінігі қалыптасады.

В. Гизекинг

Музыкалық тәжірибеде есту қабілеті бойынша таңдау және музыкалық есту қабілетінің дамуы секілді сауалдар өзекті болып отыр [20, 4-б.].

Есту қабілеті бойынша ойынды таңдап алу орындаушылық үрдісте аса маңызды роль атқарады [17, 10-б.].

Танымал музыканы есту қабілетіне қарай таңдап алу міндетті түрде аккордеонистің сабақ үрдісіне енуі қажет.

Аккордеонды күнделікті көркем практикада қолдану ерекшеліктерін есепке алатын болсақ, бұл жерде де ол тіпті өзекті болады. Ол жаппай музыкалық мәдениеттің әр түрлі құбылыстарын жылдам сезінуді, таныс емес музыкада бейімделе білуді, оның фактуралық-гармоникалық ерекшеліктерін білуді, естіген шығармасын ноталық мәтінсіз орындауды талап етеді.

Егер де қазіргі кезде ерекшеліктердің қажеттіліктерін еске алсақ, оқытушылардың көпшілігі нотаға дейінгі кезеңді әуен таңдаудан бастайды. Бұл үрдіс балалардың және халық әндерінің материалында өтуі қажет, олар күрделілігінің өсуі, ұлғаюы тәртібімен орналасатын болады. Ол оқушылардың есінде қалады және есту қабілеті бойынша әр түрлі клавиштардан құрылады.

Ноталар бойынша ойнау және есту қабілеті бойынша ойнау – бір-бірімен өзара тығыз байланысты болуы қажет, яғни параллель жүруі қажет.

Әрбір студент үшін аса маңызды нәрсе – кәсіби эстрадада немесе көркем өнерпаздықта есту қабілеті бойынша әуен таңдай білу қажеттілігі және сонымен қатар сүйемелдей алу.

Бірақ та өкінішке орай орындаушылардың көпшілігі бұл мәселені әлі толық игере алмай жүр.

Нотамен ойнауды үйренумен қатар параллель түрде қажет нәрсе – студентте қарапайым әуендерді есту қабілеті бойынша таңдап алудың алғашқы дағдыларын дамыту үшін және оларды сүйемелдеу үшін оқытушының тәжірибелік жұмыстарына тоқталып өту.

Ең бастысы, есту қабілеті бойынша ойнау студенттің қиялын, шығармашылық бастамасын дамытады, оны импровизация өнеріне жақындатады, сонымен қатар есту қабілетінің дағдылары дамиды, бұл студентке музыканы тереңінен бойлауға, музыканы сезінуге, оның сипатын және мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар шығармамен өзіндік жұмыс жасауға дайындайды.

Үйрену кезеңінің барлық кезеңінде есту қабілеті бойынша ойнаудың ұдайы өтетін сабақтары студенттің музыкалық қабілеттерінің дамуына көмектесер еді және оның әуендік және гармониялық есту қабілеттерін байытар еді, сонымен қатар ырғақ сезімін, музыкалық жадын және ойлау қабілетін одан әрі дамытар еді.

Есту қабілеті бойынша ойнау үлкен еркіндікке әкеледі және музыкалық шығарманы орындау барысында өзіне деген сенімділікті арттырар еді, сонымен қатар өз кезегінде музыкалық-есту қабілетілік түсініктер мен клавиатураны сезіну арасындағы байланыстар нығаяды.

Студенттердің көпшілігінде кездесетін кемшілік пен мәселе – аспапта ойнау кезінде – сол қолды таңдау, яғни гармонизация.

Ш. Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін мысалға алатын болсақ, (өлшемі ¾, үндестілігі ре-минор), студент әуенді оң қолымен тартады, ал сол қолын (аккопанемент) тіпті сезбейді деп те айтуға болады, яғни теория мен гармонияның қарапайым білімі - тоника, субдоминанта, доминанта және т.б. Таңдау барысында сол қолдан бастауға болады (аккомпанемент), яғни бас пен аккордты бір мезгілде бір тактіде ойнау, яғни әуенді студент дауыспен айта алады.

Ең бастысы, әнді немесе әуенді есту қабілеті бойынша таңдау барысында, студент-орындаушы іштей тыңдай білуі қажет, ал бұл қабілеттерді музыкаға үйренудің ең басынан-ақ дамыту қажет, әйтпесе музыкалық есту қабілетін дамыту музыкалық білім берудің негізі болып табылады [5, 34-б.].

Әуенді таңдау барысында поэтикалық мәтінді қолданған дұрыс, бұл орындаушының шығарманы түсінуіне ықпал етеді және әуеннің құрылысы мен метроритмнің сезілуін жеңілдетеді. Таңдау үрдісі барысында оқушы музыка ойнау кезінде дұрыс дауыс ырғағын таңдап іріктеп алуға мәжбүр, бұл дыбыстың жоғарылау сезімінің күшеюіне әкелетін қысқа жол.

Нотаға дейінгі кезең дуэттік ансамбльдік музыка ойнаумен тығыз байланысты екендігін педагогикалық тәжірибе көрсетіп отыр, ол дуэт: оқытушы – студент.

Есту қабілеті бойынша ойнау музыкалық сезімнің дамуына ықпал етеді, көркем қиялды оятады, ол көп жағдайда импровизациялау қабілетіне ұласады, вариацияны ойнап, әуен шығаруға көмектеседі [17, 14-б.].

Аккордеонда ойнауға үйрену кезінде есте сақтайтын маңызды нәрсе, оқытушы студенттің есту елестеріне көңіл бөлуі қажет, яғни оқытушымен бірігіп есту қабілеті бойынша әуен таңдау.

Оқушы таныс әуенді ойнауы қажет. Бұл жерде әрбір студенттің есту қабілеті бойынша ойнауды таңдауы әр түрлі болып келетіні сөзсіз.

Мысалы, сабақты былайша өткізуге болады: оқытушы бірнеше рет таныс әуенді ойнайды, алдымен оң қолмен, кейін сол қолмен, одан кейін екі қолмен ойнайды, бірақ студент оқытушы ойнап жатқан кезде оның қолына мұқият қарап отыруы қажет, содан соң оқытушы студентке бұл әуенді бір оң қолымен ғана ойнап көруге мүмкіндік береді.

Айтып кеткіміз келетін нәрсе – осы арқылы біз студенттің көру жадын дамытамыз, оған қолмен жұмыс жасауды үйренуге мүмкіндік береміз.

Есту қабілеті дағдыларын дамыту студентке музыканы тереңірек түсінуге, сезінуге және оның мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді, музыкалық шығармамен өзіндік жұмыс жасауға дайындайды. Сонымен қатар, есту қабілеті бойынша ойнау шығармашылық бастаманы, қиялын дамытады, оны импровизация өнеріне жақындатады [5, 6-б.].