4. Нотаны оқу және студенттегі ойлау қабілетін тәрбиелеу


Ноталық мәтінді оқуға үйрету дегеніміз –
ең алдымен оқушыны музыкант ретінде дамыту.

М.Э. Фейгин

Нотаны қағаздан оқу және танымал музыканы есту қабілетіне қарай таңдап алу аккордеонистің сабағының мазмұнына міндетті түрде енгізілуі тиіс.

Нотаны оқу бұл күндері өте күрделі және өзекті мәселе. Бірақ осы берілген пьесаны бірден екі қолымен талдауға беретіндердікі дұрыс па?

Егер бұл үйреніп отырған шығарма болса, онымен алғаш танысуда оған үлкен мән беріп қарау қажет. Шығарманы оркестердегі партияны дирижер қалай білетін болса, солай білу қажет, рольді негізді түрде драма актерлары секілді өту керек.

Студент әрбір қолдың партиясын жақсы білуі қажет, ал полифониялық шығармаларда – дауыс партияларын білгені жөн. Тез оқу кезіндегі сәтсіздіктердің көптігі оның музыкалық тілдің сипаты туралы түсінігін бұрмалауы мүмкін.

Үйренуге берілген пьесаны қағаздан оқу – өте күрделі тапсырма және оған балалардың көпшілігінің шамасы келмейді [1, 58-б.].

Нотаны оқу қандай да бір шығарманы алдын-ала талдаусыз ноталар бойынша орындауға әкеледі. Бұл шығарма туралы жалпы түсінікті – оның сипаты туралы, стилі туралы, фактурасы туралы, техникалық-орындаушылық ерекшеліктері туралы және көркем жетістіктері туралы түсінікті алуға мүмкіндік береді.

Студенттер үшін бас кезінде партияны оң қолымен және сол қолымен жеке оқу қажет. Нотаны оқу кезіндегі ең басты нәрсе үзіліссіз, тоқтаусыз, ырғақты түрде ойнау.

Нотаны оқу қызметтің түрін білдіреді, яғни ол музыкалық әдебиетпен жан-жақты және кең танысу үшін ең тамаша мүмкіндіктерді ашатын түрі болып табылады.

Осылайша, қағаздан оқу – студенттің жалпы-музыкалық дамуының бағытындағы қысқа және неғұрлым болашағы бар жолдардың бірі.

Расында да, орындаушылық кластарда кездесетін жұмыстың әр алуан формаларының ішінде мына түрлері де аз емес, яғни олардың көмегімен музыкалық аспапта ойнау өнеріне үйрету табысты жүзеге асырылады, кәсіби-орындаушылық дағдылар мен икемдерді қалыптастыру міндеттері шешіледі [27, 147-б.].

Бірақ өкінішке орай, бұл жұмыстың маңыздылығы әрқашан және барлығымен мойындалатынына қарамастан, жаппай оқу жағдайында оған қашанда қажетті әрі жеткілікті мән беріле бермейді.

Біреулер бұл сабақты ескермейді, себебі бұған қажетті түрде үйренбеген [22, 32-б.].

Нотаны оқушы тұлға неғұрлым тәжірибелі және білікті болса, оның ішкі есту қабілеті соғұрлым дамыған болады, ол ойын барысында неғұрлым алға қарайды, оның ойша қабылдайтын ноталық мәтіндері соғұрлым көлемдірек, сонымен қатар оның ішкі-есту қабілеті түсініктері анық әрі айқын.

Ф. Листтің замандастары куәлік еткендей, ұлы пианист, таныс емес шығарманы орындап отырып, ноталық мәтінге алдыңғы сегіз тактіге дейін көз жүгіртіп отыратын болған. Мұндай ерекшелік С. В. Рахманиновта, Ф. М. Блюменфельдта, Б. Гольденвейзерде болды [26, 149-б.].

Аккордеонда нотаны оқу кезінде, ең басты маңызды болып табылатын мәселе – мәтіннен көзін айырмау, сонымен қатар қолына қарамастан ойнай алу.

Студент-орындаушының сипап білуге бағдарлануы да маңызды роль атқарады. Яғни, қағаздан оқу барысында студент ноталық жолдан шықпауы керек, олай болмаған жағдайда ол музыкалық материалды және көру-есту бақылауын жоғалтады. Осыдан тоқтап қалу, мүдіріс, кідіру болады. Қағаздан оқыған кезде оған жиі көз тастау қажет емес және ол неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы болады.

Музыканы оқып шығу үрдісін жақсарту үшін қажет нәрсе – ноталық мәтінді ойша оқу, яғни аспапсыз (үндестілігін анықтау, көлемін анықтау, кездесетін белгілерді анықтау, сол жақ клавиатурадағы негізгі және көмекші қатардың басы, мажор немесе минор және т.б.), бұлардың барлығы сәйкес ішкі музыкалық-есту қабілеті ұғымдарының жасалуына, құрылуына ықпал етеді, ал олар болса болашақта ойнау барысында сенімді тірек бола алады.

Алдын-ала ойша шолу жасағаннан кейін шығарманы аспапта ойнау біршама жеңіл әрі нақты болады; қателіктер саны біршама азаяды, орындау біршама еркін, сенімді және көркемдігі жағынан нақтырақ болады [25, 17-б].

Әрине, нотаны оқумен айналысу нота бойынша ойнаудың әуел басынан-ақ қажетті. Студенттің өздік жұмысына, үнемі жаңа мәтінмен танысуды қосып отыру керек. Сонымен қатар студент оқу барысында еш қиындыққа ұшырамауы керек, яғни берілетін материал біртіндеп қана күрделене береді.

Нотаны қағаздан оқи білу музыкаға үйренушілердің барлығына да қажет: бұл музыкалық ой-өрісті кеңейтеді, есту қабілетін дамытады, орындаушылық аппараттың босауына ықпал етеді, клавиатурада бағдарлауды жүзеге асырады.

Өте үлкен маңызға ие болатын тағы бір жағдай – аккордеонистің сүйемелдеуші тәжірибесінде, ансамбльде, оркестрде ойнау кезінде, яғни алдын-ала жаттаусыз ноталар бойынша білікті орындау талап етілетін бүкіл жерлерде нотаны оқу дағдысы.

Егер оқушы нотаны жақсы оқитын болса, шығарманы жаттау – жылдамырақ жүзеге асырылады. Бұған күнделікті қағаздан оқумен жаттығу жасауда үйренуге болады.

Клавиатураны сезіне білу (қажетті клавишты табу кезінде неғұрлым еркін бағдарлана алу) пайда болған кезден бастап және қарапайым аппликатуралық дисциплина пайда болған кезден бастап нотаны оқуға кірісуге болады.

Үлкен қиындық туғызатын жағдай – бір мезгілде қағаздан оқу және екі партияны да (сол қолмен әрі оң қолмен) орындау. Әуені секірусіз қозғалатын және көршілес орналасқан клавишаларда орындалатын шығармалардан бастаған дұрыс. Оқуға бұрын өтпеген және жеңіл пьесалар таңдалып алынады (біртіндеп қиындай түсу тәртібімен).

Нотаны оқушы олардың дыбысталуын мұқият тыңдап отырған кезде, дыбыстар аспапта шыға бастағанға дейін оларды ойша елестету, тыңдауды үйренген кезде жетістіктерге көбірек қол жеткізеді. Бұл жағдайда саусақтар керек клавишаны өздігінен тауып алады.