Ерте заманнан-ақ сұлулыққа, үндестікке, музыкаға, барлық нәзіктікке, ең алдымен жас, өмірге жаңа ғана еніп жатқан және өнердің мәнісінің жемісін әлі татпаған жас ұрпақтың «қолынан жетектеп» әкелу қажет екені белгілі.
Оған көңіл аудару қажет, оны ояту қажет, оны ашу қажет. Мәдениетке жанасқан әрбір тұлғаның жан-дүниесінде оның сиқырлы, қызықты әлемге деген өзіндік құлшынысын, әуестігін ашу қажет.
Оның жүрегінің терең түкпірінің кілтін табу керек. Егер ашсаң, адамның елгезек жаны күшті сезімге беріліп, Әсемдіктің ұлы танымына ұмтылған жолында ешқашан тоқтамайтын сол импульстің қайда екендігін анықтау қажет.
Қоғамдық мәні бар идеялармен шабыттанған шебер орындаушы өзінің шығармашылық жолында биіктерге көтеріле алады, өзінің шеберлігін саналы түрде дамытады және жетілдіреді, шығармашылық жағынан үнемі өсіп отырады.
Ерекше атап өткіміз келетін мәселе – көп нәрсе орындаушының жеке тұлғасына, оның тәжірибесіне, шеберлігіне, талғамына, оның адамгершілік сапаларына және т.б. байланысты болады.
Бұл оқу құралының оқытушылар мен студенттер үшін, сонымен қатар өнерді бағалаушылар мен мәдениетті бағалаушылар үшін қызықты болатындығына сенемін.
Міне, сондықтан, оны жазбау, басқалармен ойыңмен бөліспеу, түсіндірмеу, үйретпеу, бағыт көрсетпеу мүмкін емес. Әрине, ол үшін кәсіпқой адамға тән көп білім қажет.