16.1 Персоналдың бейімделуінің мақсаты мен кезеңдері
Бейімделу – қызметпен және ұйыммен қызметкер танысуының өзгеру процесі және орта талаптарымен сәйкес өз мінез-құлқын өзгерту.
Персоналдың бейімделу процедурасы ұйым өміріне жаңа қызметкерлердің енуін жеңілдетуге бағытталған.
Шартты түрде бейімделу процесін төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең. Жаңа келген адамның дайындық деңгейін бағалау бейімделудің аса тиімді бағдарламасын әзірлеу үшін қажет. Егер қызметкер тек арнайы дайындықты ғана емес, сонымен қатар басқа компаниялардың ұқсас бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесіне ие болса, оның бейімделу кезеңі минималды болады. Бейімделу ұйымның өндірістік ерекшеліктерімен танысуды да, коммуникациялық желілерге қосылуды, персоналмен, коммуникацияның корпоративтік ерекшеліктерімен, мінез-құлық ережелерімен танысуды да және т.б. ұйғаруы керек.
Екінші кезең. Бағдарлану – ұйым тарапынан қызметкер алуына қойылатын міндеттермен және талаптармен жаңа қызметкердің практикалық танысуы. Едәуір назар, мысалы АҚШ компанияларында, ұйым жағдайына жаңа келген қызметкердің бейімделуіне беріледі. Бұл жұмысқа жаңа келген қызметкердің тікелей басшысы да, персоналды басқару бойынша қызметтің қызметкерлері де тартылады. Олар арасындағы міндеттемелер 16.1-кестеге сәйкес бөлінеді.
Әдетте бағдарлану бағдарламасы шағын лекциялардан, экскурсиялардын, практикумдардан тұрады.
16.1-кесте
Бағдарлану бойынша функциялар мен шаралар |
Міндеттемелер |
|
тікелей басшы |
персонал бойынша менеджер |
|
Бағдарлану бағдарламасын құрастыру |
Орындайды |
Көмектеседі |
Жаңа келген қызметкерлерді фирмамен, оның тарихымен, кадрлық саясатпен, еңбек жағдайларымен және ережелерімен таныстыру |
|
Орындайды |
Жұмыс міндеттері мен талаптарын түсіндіру |
Орындайды |
|
Жұмыс тобына қызметкерді енгізу |
Орындайды |
|
Тәжірибелі қызметкерлер жағынан жаңа келген қызметкерлерге көмекті марапаттау |
Орындайды |
|
Үшінші кезең. Әрекетті бейімделу. Бұл кезең жаңа келген қызметкердің өз мәртебесіне бейімделуінен тұрады және оның әріптестермен тұлғааралық қатынастарға түсуімен едәуір дәрежеде шартталған. Берілген кезең шегінде жаңа келген қызметкерге әртүрлі сфераларда белсенді әрекет ету мүмкіндігін беру қажет. Бұл кезең шегінде жаңа келген қызметкерге максималды қолдау көрсету, онымен бірге қызмет тиімділігін және әріптестермен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін бағалауды жиі өткізу маңызды.
Төртінші кезең. Қызмет ету. Бұл кезеңмен бейімделу процесі аяқталады, ол өндірістік және тұлғааралық проблемаларды біртіндеп жеңумен, тұрақты жұмысқа өтумен сипатталады. Әдетте, бейімделу процесінің дереу дамуы кезінде берілген кезең 1-1,5 жыл жұмыс істегеннен кейін басталады. Егер де бейімделу процесін реттесе, онда тиімді қызмет ету кезеңі бірнеше айдан кейін басталуы мүмкін. Бейімделу кезеңін осылайша қысқарту, әсіресе егер ұйымға персоналдың үлкен саны тартылса, едәуір қаржылық пайда алып келуі мүмкін.
Бақылау сұрақтары
1. Персоналдың бейімделуінің мақсаты мен кезеңдері.
2. Бағдарлау бағдарламасы.
3. Әрекетті бейімделу.