9.1 Болашақ ұйымды қалыптастырудың негізгі қағидалары
Ұйымдық қызметтің ең жақсы нысанын таңдау және осымен байланысты ұйымдық проблемалар адамзаттың өмір сүруінің барлық тарихы бойы адамдарды толғандырады.
Ұйымдық ғылым ежелгі заманда пайда бола бастады. Ұйымдастыру теориясы бойынша зерттеулер жүйелі түрде 1890 жылдан бастап өткізіле бастады.
Бұл зерттеулер шегінде ұйымдық құрылымды қалыптастыру үшін критерий мен негізді қалыптастыратын ұйымдастыру, бөлімшелер жүйесін құру, құқықтар мен жауапкершіліктерді бөлу және басқаруды анықтау қағидалары тұжырымдалған болатын.
Басқарудың ұйымдық құрылымын, ұйымдық процестерді басқарудың нақты нысандары мен әдістерін түрлендіру процесі нақты бағыттар қатары бойынша дамиды, олар келесілер:
- өндірістік және өткізу операцияларының орталықсыздандыруын жүзеге асыру. Бұл мақсатпен ұйымда өз жұмысының нәтижелері үшін толық жауап беретін автономды немесе жартылай автономды бөлімдер құрылады. Бұл бөлімдерге өндірістік-тұрмыстық қызметті ұйымдастыру үшін жауапкершілік толығымен жүктеледі. Басқару органдары инвестициялардың, дамудың стратегиялық сұрақтарын шешеді. Әрбір бөлім өз қызметін толық қаржыландырады және серіктестік қатынастарға дербес түседі;
- жаңа енгізілген экспансия, жаңа нарықтарды іздеу және операцияларды әртараптандыру. Ірі компаниялар шегінде нарықта жаңа бұйымдар мен технологиялар өндірісі мен дербес өткізуге бағдарланған фирмаларды құру. Бұл нысандар дербестік негізінде немесе кооперативтік бастамаларда басқа компаниялармен келісім бойынша құрылады;
- дебюрократизация, персоналдың шығармашылық және өндірістік қайтарымды үнемі жоғарлату. Ол үшін әралуан шаралар қолданады (персонал арасында акцияларды бөлу және жұмысшылардың ұжымдық меншігінде болатын кәсіпорындарды құру).
Қазір басқаруды ұйымдастыруға негізгі талаптар болып табылады:
- алдын ала болжауға бағдарлану;
- интеграция және функцияларды біріктіру;
- ғаламдану;
- ақпараттық технологиялардың таралуы;
- акционерге бағдарлану;
- икемділік және бейімділік;
- клиенттің жетекші рөлі;
- қосылған құнды құруға және жұмыс сапасына бағдарлану;
- өнімді шығаруды жеделдету;
- инновациялар мен кәсіпкерлік рөлінің өсуі.
9.2 Ұйым дамуының перспективті бағыттары
Болашақ ұйымдардың нысанын теориялық зерттеу негізінде ұйымның екі түрі белгіленген: көлденең корпорациялар, желілік ұйымдар.
Көлденең ұйымдардың негізгі белгілері:
- ұйымдық құрылым әрбіреуінде арнайы мақсаттары бар базалық процестер айналасында қалыптасады (жаңа бұйымдарды әзірлеу, өнім өндірісі мен өткізу);
- ұйымдық құрылым басқару функциялары, жеке тапсырмалар, қойылған міндеттер бойынша қалыптасады (берілген өнімге нарықтық сұранысты болжау);
- тегіс иерархия;
- қосылған құнды алуды қамтамасыз етпейтін жұмысты анықтау және жою;
- әрбір базалық процесс ішінде қызметтің минимизациясы жүргізіледі;
- автономды функция аралық жұмыс топтары (командалар) негізі болып табылады;
- сәйкес базалық процестерді жүзеге асыру үшін автономды топтардың (команданың) минималды мүмкін саны қолданылады (9-12 біліктілігі жоғары мамандар);
- тиімділіктің негізгі критерийі – нақты тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі.
Көлденең типтегі ұйымдық құрылымның негізгі артықшылықтары болып табылады:
- ұйымдастырудың икемділігі, нарықтың үнемі өзгеріп отыратын талаптарына максималды бейімделу;
- рационалды емес шығындарды қысқарту;
- ұйымның барлық ресурстарын шоғырландыру.
Көпөлшемді ұйымдар. Мұндай ұйымдар «кәсіпорындағы кәсіпорындар», «фабрикадағы фабрикалар», «ішкі нарықтары» бар ұйымдар деп аталады.
Көпөлшемді ұйымның негізі «пайда орталығы» мәртебесін алатын, ал жеке жағдайларда дербес ұйым болып табылатын автономды жұмыс тобы болып табылады.
Көпөлшемді тәсілдің басты артықшылығы өндіруші мен тұтынушыны максималды жақындастыру болып табылады, бұл оның сұрауларын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Көпөлшемді ұйымдағы әрбір бөлімше ұйымдағыдай ұйымдастырылуы мүмкін. Көпөлшемді құрылым ұйымның кез келген бөлімшесі үшін қолданыла алады.
Желілік ұйымдар. Желілік ұйымдық құрылым. Желілік ұйымдарда иерархиялық құрылым қағидаларының реттілігі өнімді жеткізуге және басқа фирмалармен өзара қатынастарды дамытуға тапсырыстар тізбегімен ауыстырылады.
Желілік жүйелер ұйымның ішкі және сыртқы орта элементтері арасында байланыстарды көрсетеді.
Ұйымдардан желілер екі ұйымдық үлгілермен көрсетілуі мүмкін:
- ірі ұйым айналасында қалыптасатын желі. Бұл жағдайда ірі ұйым желі ядросы болып табылады. Өз айналасында көлемі кішірек ұйымдарды жинайды, оларға қызметтің жеке түрлерін орындауды тапсырады;
- көлемі бойынша жақын ұйымдардың желісі. Желіге біріккен ұйымдардың көбі заң жүзінде дербес, бірақ шаруашылық жағынан бір-бірінің тұрақтылығын қолдайды. Мұнда қызметтің жеке түрлері қызметтің белгілі түрлеріне маманданатын басқа ұйымдарға берілуі мүмкін (маркетингтік зерттеулер, шикізат пен материалдарды қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жасау, кадрларды іріктеу мен олардың біліктілігін жоғарлату, сатудан кейінгі қызмет көрсету және т.б.).
Жалпы ұйым қызметінің көптеген түрлерінен құтылуы мүмкін және барлық ресурстарын өзі үшін басты мамандану облысына шоғырландыруы мүмкін.
Желілік ұйымдардың артықшылықтары едәуір:
- өзгеріп отыратын жағдайларға ұйымдардың бейімделуі, конъюнктураның өзгерістеріне тез жауап беру;
- бірегей процестерге мамандану, басты облыстарға ұйым қызметін шоғырландыру;
- шығындарды едәуір қысқарту, олардың рационалды құрылымы және табыстарды жоғарлату;
- жұмысбастылықтың төмен деңгейі, білікті жұмыс күшін қолдануды қайталауды жоққа шығару;
- желі шегінде ең жақсы серіктестерді бірлескен қызметке тарту.
Заманауи телекоммуникациялық технологиялар ынтымақтастық шекараларын кеңейтеді. Заманауи компьютерлік технологиялар қашықтықтан бірлескен топтық жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай топтар (командалар) виртуалды деп аталады. Мұндай топтарда (командада) ұйымдағы қызметкерлердің мәртебесі өзгереді; ол ұйым шегінде барлығына қол жеткізімді білімдер мен дағдылар жиынтығынан тұратын потенциалды ресурс ретінде қарастырылады.
Қазіргі жағдайда виртуалды болып тек топтар (командалар) ғана емес ұйым да бола алады. Белгілі жағдайларда виртуалды ресурс ретінде менеджер де бола алады.
Бақылау сұрақтары
1. Ұйымдастыру теориясы бойынша жүйелі зерттеулер қашан өткізіле бастады?
2. Ұйымның қандай классикалық модельдерін білесіздер?
3. Ұйым дамуының қандай заманауи тенденцияларын білесіздер?
4. Болашақта ұйымның даму перспективалары қандай?
5. Ұйым дамуының перспективтік бағыттарын атаңыз және сипаттаңыз.