Ұйым басқару объектісі ретінде


2.1 Ұйым туралы түсінік және жалпы сипаттамалары

Ұйым: ортақ философиялық және басқарушылық түсінік. М. Вебердің пікірі бойынша, ұйым – жабық немесе ерекше адамдар тобы (әдетте өкілдік билікке ие басшы, әкімшілік аппарат) реттеп отыратын, сырттан келушілерге шек қойылған әлеуметтік қатынастар жиынтығы. Қазіргі заманғы ұйым социологиясының теоретигі А. Стичкомбтың анықтамасына сәйкес ұйым «бірқатар өзіндік ерекшелігі бар мақсаттар мен міндеттерге жетуде айқын көрінетін және үздіксіз ұмтылушылығымен саналы түрде қалыптасушы әлеуметтік қатынастардың тұрақты жүйесі».

Социолог А. В. Дорин ұйым – ол мақсаттарының ортақтығына, еңбек жағдайы мен мазмұнына негізделген адамдар қауымдастығы деп санайды. Адамдар мұндай қауымдастықтарға еңбек іс-әрекетін бірге іске асыру үшін бірігеді, өйткені оның жеке дара әрекетпен салыстырғанда көптеген ұтымды жақтары бар және айтарлықтай пайдалы, тиімді, бәсекеге бейім, тартымды т.б. болып табылады. «Ұйым» деген ұғымның өзі реттелген, тәртіпті дегенді білдерді.

Берілген тәртіпке «ұйым» түсінігін профессор И. Е. Ворожейкин енгізген. Оның көз қарасына сәйкес алдында ресейлік басқару ғылымында бірлестік түсінігінің қолдануынан ұйым түсінігі кеңірек сонымен қатар заманауи дұрыс сөздік қорында ұйым термині қолданылады. Ұйым түсінігінің ортақ және толық түрде заманауи ғылымда үш негізгі мағынаны береді.

Біріншісі әлеуметтік институт,екіншісі реттеу процесі үшіншісі реттеу структурасы бар обьект. Ұйым түсінігіне айтарлықтай толық және ашық анықтаманы ресейлік социолог профессор А. И. Пригожин берді. Ол ұйымның төмендегідей белгілерін көрсетеді: ұйым әкімшілік және мәдени факторлармен анықталған адамзаттың ерекше қауымдастығын, әлеуметтік ортасын, жекелік емес байланыстар мен нормалардың жүйесін білдіреді.

Біріншіден инситуттың негіздемені жасанды біріктіруі деп аталады. Көп немесе кем анық көрсетілген функцияны орындау үшін тағайындалған және оның қоғамда анық орны бар. Бұл мағынада ұйым анық дәрежесі бар әлеуметтік инситут ретінде көсетілген және стационарлы обьект ретінде қарастырылады. Бұл мағынада ұйым сөзі бірлескен іс билік органы ерікті одақ және т.б қатысты.

Кординация және тағыда басқа байланыс тұрақтылығын жөндеуге бөлінген функциялары кіре-тін анықталған әрекеттер ұйымын білдіруі мүмкін. Объектке салалы түрде әсер етуімен байла-нысқан, яғни, ұйымдастырушы сұлбасы мен және ұйымдастырушылар құрамымен қатысушымен болатын процесс. Бұл мағынада «ұйым» түсінігі «басқару» түсінігімен ұқсас, бірақ оны жоққа шығарып тұрған жоқ.

Үшіншіден, бір обьектінің тәртіптілігі деп айтсақта болады. Онда ұйым астарында құрылымның анықталуы айрықша әрбір обьекті үшін бөлшектердің бір бүтінге жинақталу амалдарының байланыс түрлері және құрылуы түсіндіріледі, ұйым обьектінің тұрақты қасиетті құрылымы ретінде қарастырылады.

Әсерлі және әсерсіз ұйымдарды қоғамның саяси ұйымды, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған жүйені және тағыда басқа туралы айтқанда біз дәл осы ұйым түсінігін айтамыз. Дәл осы мағынасы «формальды» және «формальды емес ұйым» түсінігінде айтылады .

Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет: осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы; барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы; топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.

Ұйым түрлері: ресми ұйымдар – мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы; бейресми ұйымдар – қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы; күрделі ұйымдар – құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында п.б.

Ұйымдардың негізгі сипаттамалары ретінде 1-ші ресурстарды қарастыру керек. Жалпы алғанда кез-келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық. 2-ші сипаттама ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты. 3-ші сипаттама ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.

Саяси экономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит «Халықтар байлығы» (1776 ж.) атты еңбегінде, тұрмыстық жағдайдың еңбектің бөлінісімен байланысты болатынына көз жеткізіп, мынадай ой айтады: егер әр адам өздерінің жұмыс орындарында әртүрлі еңбек операцияларын орындауға толық маманданса, онда еңбек өнімділігі көтеріліп, оның бөлінісі тиімді түрде жүзеге асады, ал еңбектің бөлінісі дұрыс болуы үшін барлық өндіріс факторлары мен дайын өнім өзара байланыста болуы шарт.

Осы логиканы ұстанатын болсақ, онда еңбек бөлінісінің «тереңдеуі» алға қойылған өндірістік мақсатқа, оған жеткізу үшін қолданылатын материалдық құрал-жабдықтарға байланысты. Басқаша айтқанда, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы пайдалы еңбектің бөлінісіне тікелей байланысты.

Бір топ (Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Мейнард Кейнс, Милтон Фридман) ғалымдар еңбектің өндіргіш күшінің дамуының, жетістігінің және ептілік пен зеректілігінің белгілі бір бағытта болуының өзі оның бөлінісінің нәтижесінде көрінеді деген түйін жасайды.

«Неміс идеологиясы» атты еңбегінде К. Маркс және Ф. Энгельс осы байланысқа анықтама бере отырып, ұлттың өндіргіш күштерінің даму деңгейінің көрнектілігін ондағы еңбектің бөлінісі дәрежесінен білуге болады деп көрсетеді. Осы тұжырымға қоса олар еңбек бөлінісі үрдісінің қоғамдық, салалық және аумақтық астарларын да ғылыми тұрғыдан зерделеген болатын. Сонымен қатар, кез келген қоғамдық-экономикалық жүйенің тауарлы шаруашылық жағдайында қоғамдық еңбек жиынтығы жекелеген іс-әрекет және оның қосалқы түрлеріне, сфераларға бөлінетіні туралы да алғашқы дәлелдемелерді ғылыми еңбектерінде келтірген.

К. Маркстың пікірінше, еңбектің аумақтық бөлінісі аудандардың нақты өндіріс салаларына мамандануы болса, аймақтанушы Н. Н. Баранскийдің ұстанымында ол жалпы, жеке және бірыңғай еңбек бөлінісі түрлерінің кеңістіктегі өзарабайланысы. Ал, профессор И. С. Судеревский еңбектің аумақтық бөлінісі оның тек жалпы және жеке даму үрдісін көрсететін аумақтық астары десе, П. М. Алампиев, В. Е. Комаров, В. М. Москвич және басқалар оны тек жеке еңбек бөлінісінің бір түрі деп ұйғарым жасаған.

Осылайша, еңбек бөлінісінің күрделілігі әртүрлі жағдайлармен түсіндіріледі және олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: адам еңбегінің көптүрлілігі, оның сұранысының жан-жақтылығы және оларды бір технологиялық процесс базасында қанағаттандырудың мүмкін еместігі; адам еңбегінің өндірімділігін арттыратын ғылым мен техниканың жоғары деңгейде дамып, шаруашылық субъектілерінің әртүрлі өндіріс өнімін шығаруға мамандануы; белгілі бір өнімді шығару үшін бір технологиялық үрдісте көптеген еңбек түрлерінің кооперациялануы.

Қоғамдық өндіріс өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардан тұрады. Өндірістік күштер жұмыс күшінен, өндіріс технологиясынан, өндіріс құралдарынан (өндіріс заты мен құралы) тұрса, өндірістік қатынастар әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық бөліктерден құралады.

Өндірістік қатынастарға кіретін бөліктер еңбектің бөлінісін (қоғамдық, салалық, аймақтық, халықаралық), өндірістің мамандануын (технологиялық, салалық, аймақтық, тораптық және заттық) және өндірістік байланыстардың кооперациясын (қарапайым және күрделі) қалыптастырады.

Соның ішінде еңбектің аумақтық бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің түрлері мен нысандарында ерекше орын алып, оның мәні мен қоғамдық ұдайыөндірістегі рөлі қоғамдық еңбек жиынтығының әралуан түрлерін өзарабайланыста қарастыру арқылы толығырақ ашыла түседі.

Сонымен, еңбектің аумақтық бөлінісі аумақты басқарудың объективті негізі ретінде ондағы шаруашылықтардың мамандануы мен маманданушы аумақтар арасында экономикалық байланыстардың даму дәрежесін білдіреді, яғни бұл үрдіс белгілі бір салаға маманданған ауданды қалыптастырудың басты элементі.

Көлденең еңбек бөлінісі – басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.

Тік еңбек бөлінісі – басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.

Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді. Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары. Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.

4-ші сипаттама басқарудың қажеттілігі нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан-алуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.

Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы. Сыртқы орта туралы түсінік және оның сипаттамалары. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік және ішкі айнымалылары. Сыртқы орта дегеніміз – ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта. Кез келген ұйым ашық жүйе ретінде болады. Сыртқы орта сипаттамалары: сыртқы ортаның күрделілігі; ол әсер етуші факторлардың көп болуымен анықталады, т.б.; сыртқы ортаның қозғалмалылығы; сыртқы орта белгісіздігі; ол тәуекелге әсер етуі; сыртқы орта факторларының өзара байланыста болуы. Ұйым жұмысына тура әсер ететін факторлар ретінде: жабдықтаушылар; материалдар, капитал, еңбек ресурстары; тұтынушылар; бәсекелестер қарастырылады. Тура әсер ететін факторлар деп – ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды айтамыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады. Жанама әсер ететін факторлар ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып немесе реттеп отыра алмайды. Мұндай факторларға жататындар: саяси жағдай; табиғаттық; экологиялық; әлеуметтік; мәдени; ғылыми-техникалық факторлар болып табылады.

Ұйымның ішкі ортасы дегеніміз – ішкі жағдайлық факторлардың жиынтығы. Ол факторларды ұйымның ішкі айнымалылары деп те атайды. Оған жататындар келесі. Біріншісі, ұйым мақсаты. Ол кез-келген ұйымның қажетті және жеткілікті нәтижесі болып табылады. Ұйымдардың көздеген мақсаттары көп болғандықтан, «әр түрлі бағыттағы мақсаттар теориясын» қолданады. Ұйым мақсатының келесідей сипаттамалары бар: уақыт факторының негізделуі; қойылатын мақсаттың нақты болып келуі; мақсаттың қол жетімді болып келуі. Екіншісі, ұйым құрылымы. Ол басқару деңгейлері мен функционалдық бөлімшелердің логикалық қарым-қатынастарының өзара бірлігі. Ұйымның құрылымы оның көздеген стратегиясына байланысты болып келеді және 2 концепцияға негізделіп жасалынады. Мамандандырылған еңбек бөлінісі. Ол белгілі бір маман иелеріне орындайтын тапсырмаларды бөліп беру. Бақылау сферасы. Ол көп бағынушы адамдардың бір басқарушыға бағынуынан пайда болады. Үшіншісі, ұйым міндеті. Ол алдын-ала қарастырылып, белгіленген уақыт ішінде орындалуға тиісті жұмыстың көлемі ұйым міндетінің 3 категориясы бар: адамдармен жұмыс жасау; Өндіріс заттарымен жұмыс жасау; Мәліметтермен жұмыс жасау. Төртіншісі, технология. Ішкі ортаның жағдайлық факторы ретінде шикізатты өндеу құралы болып табылады. Дүниежүзілік тәжірибеде кең көлемде пайдаланылатын технологияның 2 үлкен жүйесі бар.

Кез келген ұйымдастыру кампаниялар жүйе ретінде алуан түрлі затарды сыртқы экономикалық ортаға шығарды және одан кез келген өнімді немесе қызмет алуға сөйтіп, сыртқы экономикалық ұғымын белсенді қатысып орнатуы мүмкін. Сыртқы экономикалық орта. Сыртқы экономикалық орта элеметтеріне жататыны: капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша.

Жұмысшы күші. қойылған мақсаттқа жету, міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мамандықтағы жұмысшы күшімен қамтамасыз ету. Баға деңгейі. Мәселен, инфляция (ақшаның құнсыздығы) коммерсиялық кәсіпорындардың қалыпты қызметін бұзып қана қоймай, еңбек өнімділігін де кемітеді. Жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы өте жоғары бағаланады. Ұкіметтің қаржы және салық саясаты экономикалық ортаның маңызды элементі. Сатып алушылар. Тұтынушыларды тарта біру үшін кәсіпорын адамдар нені қалайтынын және нені алғысы келетіндігін біліп отыру тиіс.

Сыртқы технологиялық орта. Іскерлік белсендік пен технология арасында тығыз байланс бар. Аумалы – төкпелі дүниеде кез келген коммерциялық кәсіпорын өмір сүру үшін технологияның соңғы жетістіктерінен хабардарт болуы тиіс, өйткені оның өзі таур немесе қызмет көрсету арқылы өндіріс процесі ретінде де, сондай-ақ жұмыс тәсілін жетілдіру үшін де пайдаланылуы мүмкін.

Жүздеген жылдар бойы америкалық әлеуметтік дамуда бірқатар әлеуметтік сенім қалыптасты. Ал, мұнымен басқарушы санаспай тұра алмады. Бұлардың ең бастылары мыналар:сенімділіктің болатын себебі сол, жұмыс істегісі келетін адамдарда алуан түрлі мүмкіндіктер болатындықтан, осы мүмкіндіктерді пайдалану қажет; бизнеске сену және кәсіпорын басшысын құрметтеу; тұрмыстың барлық саласында, әсіресе, іскерлік қыметте бәсекелестіктің және бәсекелесу қабілетінің қажеттілігіне сену; жеке адамдардың нәсіліне, діни сенім мен нанымына қарамаста құрметтеу; өз меншікіне иелік ететін билеушіні, оның кәсіптік білімін саясй орынын құрметтеу; білімге сені және оны құрсеттеу; қисынды (логикалы) процестерге, ғылым мен техникаға сену; болып жатқан өзгерістердің маңыздылығына жәнеде бір нәрсені таңдаулы әдіспен істеу үшін эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.

Сыртқы саяси орта. Басқарушының саяси және заңды ортасы әлеуметтік ортамен тығыз байланста болады. әдетте әлеуметтік қысымның және әлеуметтік проблеманың нәтижесіне қабылданады. Саяси орта, әдетте, саяси және үкмет басшылары мен заң шығарушылардың көзқарасы мен әрекетінің орталығы болғандықтан, мұның өзі әлеуметтік талап пен сенімнің бәсендеуі мен көтерілуіне қарай өзгеріп тұрады.

Сыртқы этикалық орта. Этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас элементіне жатады да, практикада жалпы қабылданған және қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан тұрады. Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады. Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байлансты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі).

2.2 Қазіргі заманғы ұйымдарға қойылатын талаптар

Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу. Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары: басқарудың кәсіптілігін дамыту яғни теориялық білім мен іскерлікті, тәжірибені ұштастыра білу; басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі; еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі; басқаруды шоғырландыру – мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру; басқаруды орталықтандыру – қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнықтырылуы; басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы – проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтардың жол берілуі; басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралді, этикалық құқықтық нормаларды кең қолдану.

Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды және мына сипаттарға ие: мақсат – нақты және өлшемді болуы тиіс, оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі; мақсат – б.б. мерзіммен шектелуі тиіс: ұзақ, орта, қысқа мерзім болуы; ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүліктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.

Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар адамның, қаржылық материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге табысқа жету. Ұйымның міндетті ісі (миссиясы). Басқару мақсаттарын қою: міндетті істің мазмұны мен маңызы; міндетті істі таңдау және мақсаттарды тұжырымдау; коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың миссиялары; мақсатқа жетудің жоспарын әзірлеу.

Ұйымның міндетті ісі немесе миссиясы ұйымның жалпы түрде, тұжырымдалған мақсаты б.т. Талаптар кезкелген ұйымның мақсаты нақты болу керек, мақсат өлшемді болу керек, мақсат қол жеткізерліктей болу керек. Мақсат түрлері: стратегиялық мақсат – ол ұзақ мерзімді және ұйымның келешектегі жағдайын анықтайтын мақсат; тактикалық мақсат – стратегиялық мақсатқа қол жеткізу барысында белгіленген іс-әрекенттерді іс жүзінде асыру үшін қойылатын мақсат; ағымдағы мақсат – тактикалық шараларды іс жүзінде асыру үшін белгіленетін мақсаттар. Мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді жоспарлауда келесі терминдер қолданылады: Саясат; стратегия; процедуралар; ереже; бюджет.

2.3 Менеджер моделі

Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен шыққан ол бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең кең тараған түрі. Ол басқару түрі экономикамен шұғылданатын заң және басқада мәселелерді жақсы білетін адам. Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама беріледі. Американдықтардың түсінігінше мұндай адамдардың, міндетіне өзіне бағынатын белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігінше менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып нақты жұмысты ұйымдастыратын адам. Менеджер бұл жауынгер оған қателесуге болмайды. Өзінің жеке мүдесін фирма мүдесіне бағындыра білдіруге өзінің жанұясы фирманың гүлденуі үшін күресуі тиіс. Жапонияда менеджер мектебінің негізгі жапон корпорациларын болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орның жүздеген тыңдаушылар осы өсиет қайталайды. Менеджердің табиғатына Дракер осындай сипаттама береді. Оның пікірінше менеджер арнайы екі міндетті атқарады және ол міндеттер әскер кәсіпорын жұмыскерлерінде ешқайсында жоқ.

Қолда бар ресурстардан нағыз тұтас өндіріс құру. Кезкелген шешімді қабылдау іс- әрекетке кіріскенде. Барлық менеджмент үшін олардың қызмет орнына қарамастан ортақ қызмет болады. Менеджер іскер кәсіпорын мақсатын орындайды. Сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады. Менеджер ұйымдастырушы болуы қажет. Менеджер көтермелу шараларын қамтамасыз ететін тығыз байланыс орнатады. Менеджер ұйым іс- әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді. Менеджер адамның қызмет жағынан кемелденіп, жоғарлатуын қамтамасыз етеді.

Басқарушылар үлгісі – қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Осындай 4 үлгі бар.

Басқарушы-жетекші шешімді қабылдауға және оны жүзеге асыруда кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен қарым-қатынас жасауы, ықыластығы мен әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білу арқылы маңызды орын алады.

Басқарушы-әкім – ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатып, басшылықпен өкілеттілікті бір органға шоғырландыру.

Басқарушы-жоспарлаушы ұйымдағы ресурстармен мүлікутерді мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге, осыған дейін орын алған стратегияларға және ұйым басшылығын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.

Басқарушы-кәсіпкер – ұйым болашағын жаңа бағытта тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару нақтылы мақсатты орындауға басқару саласын арттыруда бірегей іс-қимыл жасауды, тәуекелділік әрекет пен жаңашылдық қызметті ұсынады.

Кәсіпкерлік басқару – субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, қаржыландыру мен басқару өнімді өткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық құқығының болу шарты.

Бақылау сұрақтар:

  1. «Ұйым» ұғымының жалпы ғылыми мағынасы қалай?
  2. Белгілі бір мақсатта құрылған ұйымның заңдық тұрғыдан және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан түсіндірудің спецификалық айырмашылығы неде?
  3. «Кәсіпорын» «бірлестік» «мекеме» ұғымдарының бір бірінен айырмашылығы қандай?
  4. Ұйымдағы ішкі және сыртқы әлеуметтік шарттардың негізі неде?
  5. Ұйымның әлеуметтік әлеуеті неге бағытталған?