Мемлекеттің әлеуметтік саясатының ұйымға әсері


8.1 Мемлекеттік басқару және реттеу

Мемлекеттік басқару коғам дамуының барысында қоғамдық, қатанастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз: зандарды орындау барысындағы іс-әрекет; объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет. Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаға практикалык және тікелей басшлық жасауға бағытталған атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады.

Мемлекеттік басқару – бұл мемлекеттің қоғамдағы ұйымдастырушылық-реттеушілік және қызметтік функцияларын орындау мақсатындағы заңдық, атқарушылық, соттық және басқа да биліктік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады. Мемлекеттік басқару түсінігіне көптеген ғылыми еңбектер арналған. Соның негізінде мемлекеттік басқару түсінігін кең мағынада және тар (кәсіби) мағынада түсіндіреді: кең мағынада мемлекеттік басқарудың бірнеше нұсқасы бар: 1. мемлекеттің ұйымдастырушылық қызметі (оның органдары арқылы) ретінде; 2. мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық орындаушы - бөлуші қызметі; 3. мемлекеттің қоғамдық жүйеге билік ету әсері. Осы аталған нұсқалардан мемлекеттік басқару теориясы пәніне мемлекеттің барлық қызметі жататынын байқауға болады.

Тар (кәсіби) мағынада мемлекеттік басқаруды – мемлекеттің орындаушы-бөлуші органдардың құқықты-биліктік қызметі деп түсінуге болады. Бұл жағдайда мемлекеттік басқару теориясы пәніне тек мемлекеттің орындаушы-бөлуші органдардың (мемлекеттік басқару органдары) қызметін айтамыз. Мемлекеттік басқарудың жағдайын бағалау, талдау мен даму болашағын анықтауда пайдаланылатын бірқатар аспектілер бар.

Рыноктік экономикадағы мемлекеттік басқарудың ролі мен қызметі және жергілікті басқарудың нығаюы мен даму стратегиясының – Қазақстанның даму стратегиясындағы негізгі міндеті ролінде дамуы. Басқарудың мақсаты мен принциптері, басқару реформасын жүзеге асырудың негізгі факторлары болып – институционалдық, адамдық және қаржылық ресурстар табылады. Мемлекеттік басқарудың жауапкершілігін және басқарудың әрбір деңгейінің белгілі мемлекеттік бағдарламалар мен қызметтермен шығындарды бөлу негізіндегі міндеттері мен ролін анықтау. Мемлекеттік басқару мен Қазақстандағы жергілікті басқарудың заңдық, нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру, басқару органдарындағы мемлекеттік қызмет кадрларын дамыту.

Мемлекеттік басқарудың қағидаттары – басқару, басқару аппараты сүйенетін, белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы мүмкін, негізгі басшылық бастамасы. Мемлекеттік басқарудың қағидалары зандарда және басқа да зандық күші бар нормативтік актілерде бекітіледі. Мемлекеттік басқару қағидаттары әлеуметтік-құқықтык, және ұйымдастырушылық сияқты екі топқа бөлінеді. Әлеуметтік-құқықтыққа жататындар: жоғарғы мемлекеттік лауазымдар мен органдардың қабылдаған нормативтік актілерін, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере оты¬рып жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін, демократиялык негізде орталықтанған, демократиялық орталықшану қағидаты. Барлык ұлттар мен этностардың өкілдері мемлекеттік басқаруға араласатын тең құқық, кемсітушілікке жол берілмейтін, ұлттардың теңдігі қағидаты (ҚР Конституциясы 14-бап.).

Мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекеттері белгілі бір мемлекет көлемінде жоспарланған жоспар, бағдарлама, стратегия бойынша жүзеге асырылатын жоспарлық қағидат. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік органдар жұмыстарын жетіддіру Президенттің Жолдаулары, нұсқаулары, жарғылары және Парламенттің заң-дары арқылы жоспарланып отырады;

Жариялылық және коғамдық пікірмен санасып отыру қоғамды демократияландырудын, бір әдісін қамтитын бұқараның, халықтың басқаруға араласуы қағидаты; Бұкара халықтың басқаруға араласуын және мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуын, іс-әрекетін реттейтін, халықтың еркін білдіретін құқықтық нормалардың, заңдылықтың қатаң сақталу қағидаты. Ұйымдастырушылық қағидаты: қызметтер мен құзыреттерді жіктеу, реттеу, белгілеу қағидасы; құзырет шегіндегі жауаптылық қағидасы.

Басқарудағы салалық, салааралық және аумақтық бастамаларды үйлестіру қағидасы; мемлекеттік басқаруда төменгі орган жоғарғы органға және маманданған бағынушылық бастамаларды үйлестіру қағидасы; көпшілік арқылы басқарудың үстемдігі барысында, көпшілік пен жеке басқарудың әдістерін үйлестіру кағидасы. Мемлекеттік басқару белгілі бір әдістердің көмегімен іске асырылады. Басқарудың әдістері дегеніміз: әкімшілік құқық субъектілерінің іс-әрекетін ұйымдастыру; басқару үрдісі барысында туындайтын нақты мәселелерді шешу; басқарылушылардың еркіне ықпал етудің тәсілдері, амалдары.

Басқарудың төмендегідей субординация және координация сияқты екі әдісін көрсетуге болады. Субординация әдісінің белгілері: басқарылу-шылардың құқықтары мен міндеттерін бекіту арқылы тікелей ықпал ету; басқару органының міндетті шешудің не нақты мінез-құлық кескінін анықтаудың тәсілін бір жақты тандауы; орындалмағаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын, басқару актісінін занды міндеттілігі; заңнамаларда бекітілген тәртіп бойынша жеке және занды тұлғалардың құкықтарын қорғау. Координациялық әдіс әр түрлі органдардың күрделі мәселені шешуге деген қажеттілігінен көрінеді.

Мемлекеттік басқарудың құқықтық және құқықтық емес секілді екі түрпішіні бар. Құқықтық түрпішініне: нормативтік құқыктық кескіндерді дайындау және қабылдау; шарт жасау жатады. Мемлекеттік басқарудың қызметтері. Кез келген әлеуметтік басқарудың түрлері соның ішінде мемлекеттік басқару да белгілі бір әлеуметтік мақсатгы, қызметтерді (іс-әрекетінің бағыты) атқаруға құрылады. Мемлекеттік басқарудың мақсаты билікті қолында ұстап отырған не билік басындағы әлеуметтік топтың мүддесіне тәуелді болады.

Мемлекеттік басқарудың қызметі – оның максатымен анықталатын басқарушылық іс-әрекеттің еркін, дара бағыты, түрі. Сонда мемлекеттік басқарудың қыз-меттері оның мақсаты мен міндетгерін іске асырудың құралы болып табылады. Мемлекеттік басқарудың қызметтері өздерінің пәні, мазмұны және басқарылып отырылған нысанды сақтаудың және өзгертудің тәсілдері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді. Мемлекеттік баскару қызметтерінің жалпы, арнайы және қосымша түрлері бар. Жалпы қызметтеріне әлеуметтік басқарудың субъектілері мен объектілері арасындағы басқарушылық өзара әрекеттердің барысындағы қызметтерді жатқызуға болады. Мемлекеттік басқару әдістері – бұл мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының (ғни атқарушы билік субъектілерінің) басқару объектісіне (яғни басқарылатындарға – бағынышты органдар, ааматтар және т.б. объектілерге, олардың санасы мен еріктеріне) тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері.

Мемлекеттік басқару әдістеріне мына белгілер тән:

  1. мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттің еркі бойынша қалыптасады және содан туындайды;
  2. ереже бойынша олар мемлекеттік қызметті атқару кезінде іске асырылады;
  3. мемлекеттік басқару субъектілері мемлекеттің атынан және соның мүддесі үшін пайдаланады;
  4. мемлекеттік – биліктік өктем өкілеттіліктер берілген;
  5. құқықтық және ұйымдық нысандарға ие болады;
  6. жан-жақты бағыттылығы болады (бұл басқару үрдісінің көп түрлілігі мен күрделілігі көрінеді).

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі. Басқару міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді дұрыс қолдануға байланысты болады, сондықтан осы әдістерді жетілдіру басқарудың жақсаруын білдіреді. Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе бсқару қызметінің құқықтық нысандарында көрсетіледі.

Жалпы қызметтер басқарушылық әрекеттің барлық үрдісінде орын алады. Мемлекеттік басқарудың жалпы қызметтеріне болжам жасау, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, жалпы басшылық, жедел бөлушілік, бақылау, есеп сияқты іс-әрекетгер жатады. Балжам жасау дегеніміз ғылым мен әр түрлі зерттеулердің жетістіктеріне сүйене отырып, үрдістер, құбылыстар не оқиғалардың даму барысындағы өзгерістерді болжай білу. Аталған қызмет өзге барлық басқарушылық қызметтердің сәтті орындалуы үшін маңызды болып табылады.

Жоспарлау белгілі бір іс-әрекет үрдісінің даму барысы мақсатының, міндетінің, нәтижесінің, сандық, сапалы көрсеткіштерінің бағытын анықтау. Жедел не ұзақ мерзімді бағдарламаларды жасау және оларды материалды, қаржылық, еңбек байлықтарымен қамтамасыз ету.

Ұйымдастыру (тар мағынасында) басқару және басқарылатын жүйелерді, қызметкерлерді және олардың өзара қатынасын қалыптастыратын басқарудың бір қызметі болып табылады. Ұйымдастыру дегеніміз түр беру, тәртіпке келтіру, құрылымды анықтау.

Реттеу белгілі бір іс-әрекет үшін тәртіп орнату, оның іске асы-рылуына және оларға қосымша ықпал жасау болып табылады. Жалпы басшылықты басқарудың бұйрық, тапсырма, ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беру сияқты әрекетінің бағыты ретінде қарастыруға болады. Жедел өкімшілік басқарылып отырылған нысанға байланысты жедел түрдегі тапсырмалар беру. Бақылау басқарылып отырылған нысанның нақты қалпының бұрынғы берілген қалыпқа сәйкестігін анықтау. Есеп басқарылып отырылған нысанның материалдық мүмкін-шіліктерінің сандық сапасын анықтау.

8.2 Қоғамның шаруашылық жүйесі

Шаруашылық ұйымның мынадай негізгі белгілері болады: Монополизмге ұмтылу. Барлық шарушылық ұйымдар ресурстарды монополияландыруға немесе қандай да бір экономикалық орынды басып алуға ұмтылады және оларға басқа шаруашылық субъектілерді жақындатпауға тырысады.

Тұйықтыққа ұмтылу. Еңбек нарығының бөгде агенттер және капитал үшін шартты түрде жабықтығы, оған мүше болып кіру шаруашылық ұйымның ресурстарын қорғаудың ең сенімді құралы болып қызмет етеді. Оған кірудің қиындығы ұйымға мүше болу, тек ниетіне қарай, ондағы орынды жаулап алуда арнайы күш жігерсіз мүмкін еместігін білдіреді. Ұйымнан шығудың қиыншылығы, қандай да бір айтарлықтай экономикалық немесе мәртебелік шығындарсыз оны еркін түрде тастап кету мүмкін еместігінен көрінеді.

Иерархия құру. Иерархиялық құрылым сипаты бойынша біркелкі емес орындарды тарату және көлденең түрдегі мобильділік үш негізде іске асырылады: мұрагерлік бойынша, жоғарыдан тағайындау, төменнен ұсыну.

Индивидті ұжымдық мүдделерге бағындыруға тырысу. Шаруашылық ұйымдар мүшелері өздерінің ортақ мақсаттарын толықтай бағындыруға тырысып бағады. Онымен қоса адаммен топтың арасындағы ара қатынасы оның ұйым қатарына қосылмай тұрып-ақ басталып кетеді. Мүше болуға лайық екендігін қолдау жолымен, шәкірттік жарты ақыға жұмыс істеу, берілгендігін паш ету, тәртіптілігі, кәсіби жарамдығы арқылы дәлелдеуге мәжбүр болады. Тек содан кейін ғана ұйым қатарына жібереді.

Марапатты пұрсатқа айналдыру. Ұйымдар өз мүшелерін бағындыра отырып, оның орнына пұрсаттық белгілері бар қандай да бір марапаттауларға қол жеткізулеріне жол ашады. Индивидтер мен топтардың стратификациясы. Шаруашылық ұйымда өз мүшелерін саптау деген бар. Олардың ішінен келесідей әлеуметтік топтарды көруге болады: 1) Билігі бар және ұйымда барлық пұрсатқа ие басқарушылар; 2) формальді биліктен тыс, бірақ қандай да бір шектеулі пұрсаттарға ие толыққанды атқарушылар; 3) қолында не билігі, не пұрсаты жоқ атқарушылар (алдын ала дайындықтан өтетін - шәкірттер, тәжірибеден өтушілер; штаттан тыс жұмысшылар - қосымша жұмыс істейтіндер, уақытша істейтіндер; маргиналдар - қажетті құжаттарсыз немесе тіркеусіз жұмысқа алынғандар, түрмеде отырып келгендер, мамандығын жоғалтқандар).

Халықтың әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға тікелей байланысты экономикалық жүйеде үкіметтің төрт негізгі деңгейі бар: ұлттық; аймақтық және салалық; аумақтық; бастапқы (ұйым). Әрине, басқару деңгейлері бір-біріне қатысты директивалық сипатта болмайтын белгілі бір функционалдық параметрлері арқылы өзара байланысты (заңнамалық тәртіпте жеке істерді қоспағанда). Басқарудың аймақтық және салалық деңгейлерінің үйлесуі олардың тығыз қарым-қатынасы себепті толық негізделген.

Облыс салалық құрылымы облысында өмірдің барлық аспектілері бойынша айтарлықтай әсер бар іргелі фактор, және, демек, әлеуметтік-экономикалық даму, оның тұжырымдамасын қалыптастыру болып табылады. Әрине, өндіріс тиесілігі кәсіпорын параметрлерін көптеген өмірлік функцияларын рефлексия маңызды рөл атқарды, бірақ сол уақытта біз кәсіпорынның әлеуметтік белсенділігін мәселелерде мойындауымыз керек және қоғам филиалы жабдығы оның бағалау, сондықтан үстем емес. Қоғам салалық негізінде, және ең алдымен әлеуметтік өлшемдері бойынша емес, кәсіпорындарды байланыстыру үрдісі: және т.б. қызметкерлердің әлеуметтік қорғау дәрежесі, өтемақы мен жәрдемақы деңгейін, еңбек жағдайларын, әлеуметтік инфрақұрылым, экологиялық жағдайлар мен қауіп-қатер болуын,

Мұндай қарым-қатынас негізінде өз кезегінде, жүйе қамтамасыз етілуі тиіс, жоспарлау және бір-бірімен жоспарларын корреляция бірлігін, ең алдымен, жалпы принциптер мен жоспарлау әдістерін, сондай-ақ бірыңғай ақпараттық базасын қамтамасыз ету қажет; атап айтқанда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын, жекелеген салалар мен өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың басым бағыттарын, индикаторлардың бірыңғай жүйесін қамтуы тиіс. Трансформациялау кезеңінде ресейлік компаниялар бастапқы басқарманың (ұйымның) жоспарлау функциясын айтарлықтай өзгертуі керек. Директивалық жоспарлау кезінде ұйым барлық ата-аналар органдарының жұмысына арналған деректерді алды, ал жоспарланған қызметтердің міндеті жоспарланған тапсырмаларды бөлімдер арасында бөлу және олардың орындалуын қадағалау болды.

Енді ұйым басшылығы өзінің қызметін жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру, шикізатты жеткізу және ең бастысы - дайын өнімді сату үшін жауап береді. Оның үстіне, ұйымның дамуының стратегиялық бағыты мен қаражатты ұзақ мерзімді бөлуді айқындайтын ағымдағы, бірақ перспективалық (стратегиялық) жоспарлау ғана емес маңызды.

Басқарудың жоғары деңгейлерінде жоспарлау үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: белгілі бір басқару органының (иеленушінің) жауапты бөлімшелерінің қызметін қатаң жоспарлау, сондай-ақ нақты даму бағдарламаларына қаражат жұмсалуын бақылау; тұтастай алғанда (аймақ, республика, мемлекет) жүйенің дамуына арналған болжамдар жасалуы тиіс, өйткені бастапқы өндірістік байланыстың тәуелсіздігіне байланысты қызметтің белгісіздігі маңызды; трансформациялық экономика жағдайында жоспарлауды өзгерту керек индикаторлар жүйесі өзгеруі керек. табыс, өндіріс шығындары (өндірістік шығындар), өзін-өзі ақтау мерзімі, жалпы сомасынан, капиталдың қайтару инвестициялық деңгейі қолда бар активтер, меншікті капитал борыштың қатынасы, өтімділік, меншікті капиталдың және басқаларға оралу сияқты көрсеткіштері., көрсеткіштерді қосуға керек пе нарықтық өзгерістердің әлеуметтік бағыттылығын сипаттайтын.

8.3 Қазіргі заманғы мемлекеттердің әлеуметтік бағдарлау қажеттілігі

Ұйымның әлеуметтік дамуын жоспарлау және көрсеткіштері реформалардың әлеуметтік бағыттылығын күшейту түрлі деңгейдегі (аймақтық, аумақтық және бастауыш) басқару құрылымдардың бағалау үшін индикаторы ретінде қызмет ететін көрсеткіштердің жүйесі арқылы мемлекеттік органдар тарапынан реттелуі тиіс.

1980 - 90-шы жылдары нарыққа байланысты оны зерттеуде түрлі теориялық тәсілдер қолданылатын бірқатар ғылыми жұмыстар пайда болды: әлеуметтік-құрылымдық, әлеуметтік конструктивтік, салыстырмалы-тарихи, жүйелі, рөлдік және басқалар. Мысалы, бұл саладағы жұмыстарымен танымал болған Харрисон Уайт нарықтарды әлеуметтік конструкция ретінде қарастырады. Нарық, өз экономикалық орнын тапқан атом - фирмалар құрастыратын әлеуметтік бөлшектермен салыстырылды. Ол фирмалардың әрекеті нарықтық құрылымдарды қалай тудыратынын көрсетеді. Шарушылық агенттер өздерінің өндіріп отырған өнімінің көлемі, сапасы мен бағасына қатысты өз стратегиясын анықтап алу үшін бәсекелестің әрекетін бақылаудың іскерлік тетіктерін қолданады. Реформаларды әлеуметтік бағдарлау деңгейінің жоғарылауы жаңа нысандарды, есептеу әдістерін және жаңа статистикалық базаны дамытуға әкелетін жаңа индикаторлар жүйесін қалыптастыруды талап етеді.

Осылайша, жаңа индикаторлар жаңа психологияның психологиясын, қоғамның бағаланатын қызметін әр түрлі деңгейдегі менеджерлердің кәсіби деңгейінің жаңа деңгейін көрсетуі керек. Ресей үкіметі әлеуметтік дамудың өзара байланысты мәселелерін шешу үшін стратегиялық кешенді бағдарламасыз айналыспайды. Ол негізгі көрсеткіштердің динамикасын анықтауы керек, олардың арасында келесі маңыздылықтар болады: халықтың нақты табыстарының өсуі (жалпы және негізгі топтар); ЖІӨ-де кәсіпкерлердің жалақысы мен кірісінің үлесі; ең төменгі жалақы; тұру құны; қалалар мен ауылдық жерлердегі адамдардың өмір сүру ұзақтығы; жұмыссыздар саны; еңбекке жарамды және тиімді жұмыс істейтін халық саны;

Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау.

Микроэкономикалық деңгейдегі жоспарлау өңдіріс ішілік, фирма ішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады. Макроэкономикалық жоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды. Макроэкономикалық жоспарлау директивалық (нұсқаулық) жоспарлау және индикативтік жоспарлау болып бөлінеді. Директивалық (нұсқаулық) жоспарлау – тоталитарлық қоғамдағы халық шаруашылығын мемлекет басқарудың орталық буыны болып табылды.

КСРО-дағы, т.б. елдердегі директивалық, яғни бір орталықтандырылған жоспарлауды жүзеге асыру тәжірибесіндегі мемлекет тапсырыстардың, разнарядкалардың, ресурстарды жинақтаудың, т.б. қатаң белгіленген жүйесі өнім өндірушіні еркіндіктен, дамуға деген ынталылықтан айырып, экономика өсу қарқынының баяулауына, сөйтіп, халық шаруашылығындағы дағдарысқа әкеліп соқты. Жоспарлаудың бұл түрінің зиянды салдарлары Қазақстанда да анық байқалды.

Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналып, нарықтық экономикаға көше бастаған кезден бастап (1991), елдегі экономика және әлеуметтік өзгерістерді индикативтік жоспарлау үлгісі қолданылды. Индикативтік жоспарлау немесе экономикалық бағдарламалау – ел экономикасын мемлекеттік реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол – елдегі қоғамдық өндірістің дамуы мен әлеуметтік-экономика саясаттың стратегиялық тұжырымдамаларының ең оңтайлы нұсқасы таңдап алынған кешенді жалпы экономика бағдарламалар негізінде экономиканы реттеп отыру жүйесі саналады және индикативтік, яғни ұсыныстық сипатқа ие. Ондағы жоспарлы көрсеткіштер ел дамуының жалпы бағдарлары түрінде болады.

Жоспарлаудың бұл түрі 2-дүниежүзүзілік соғыстан соң Францияда, Нидерландта, Норвегияда, Жапонияда қолданылды, 20 ғасырдың 50, 60-жылдары Швецияда, Финляндияда, Ұлыбританияда, Италияда, Бельгияда, Германияда, Испанияда, 70-жылдары АҚШ пен Канадада кең таралды. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде (1991-98) индикативтік жоспарлау елдің эконмика және әлеуметтік дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға, неғұрлым ірі ғылыми-техника және құрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыруға, экономиканы ырықсыздандыруға және кәсіпорындарды жекешелендіруге, нарықтық инфрақұрылымдар жасауға, салық және несие-қаржы жүйесін жетілдіруге, тұрақты ақша айналысын қамтамасыз етуге, т.б. бағытталды.

Онда халықты әлеум. қорғау жүйелерін жетілдіру мәселелері де қамтылды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ел дамуының таяу болашақтағы негізгі көрсеткіштерін айқындауға бағытталған 3, 5, 10 жылдық индикативті жоспарлау ісі қолға алынды. Микроэкономикалық жоспарлау деп жеке кәсіпорын мен оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің шаралары мен көрсеткіштері жүйесінің жоспарын жасауды айтады. Мұнда ең алдымен техникалық-экономика есептер жасалады, жалпы кәсіпорын бойынша да, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша да қажетті нормалар мен көрсеткіштер әзірленіп негізделеді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуына басшылық жасалып, бақылау орнатылады, ішкі өндірістік резервтер анықталып пайдаланылады.

Кәсіпорынның жоспарлары рыноктың, бәсекенің талаптарын ескеруге, оның тұрлаулы экономика және әлеуметтік дамуын көздеуге, жоғары табыс алуға жәрдемдесуге тиіс. Микроэкономикалық жоспарлау ағымдағы жоспарлау және оралымды жоспарлау түрлеріне бөлінеді. Ал оралымды жоспарлау өз кезегінде күнтізбелік жоспарлау және маркетингілік жоспарлау болып бөлінеді.

Күнтізбелік жоспарлау – жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар, жұмыс орындары) үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, ауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қамтитын оралымды-өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. Жоспарлы тапсырмалар нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекет тапсырыстардың негізінде әзірленеді, мұнда сондай-ақ оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі. Күнтізбелік жоспарлау, әдетте, үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде көлемді жоспарлау орындалады, яғни тапсырмалар тәптіштеліп, цехтарға бөлінеді. Әрбір цехқа (телімге) берілетін тапсырма заттай, еңбек және құндық өлшемдермен белгіленеді. Екінші кезең – өндірістің күнтізбелік жоспарларын әрбір цех үшін мерзім мен нысандар бойынша жасау және күнтізбелік нормативтерді әзірлеу. Үшінші кезең – жоспарлы тапсырмаларды әрбір жұмыс орнына жеткізуді қамтиды. Осы мақсатпен күнтізбелік жоспарлар орындаушылар арасындағы жеке тапсырмаларға бөлінеді, сөйтіп, ауысымдағы әрбір жұмысшыға берілетін жеке тапсырмалар көрсетілетін жоспар жасалады.

Маркетингілік жоспарлау – кәсіпорынның (фирманың) маркетингілік қызметінің барлық бағыттар бойынша егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында мыналар қамтылады: негізгі көрсеткіштердің тізбесі; рыноктардың, олардың негізгі буындарының, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы; бәсеке салдарынан болатын негізгі қиындықтарға жасалған талдау; фирма қол жеткізуге тиіс жоспарлы кезең мақсаттарының тұжырымдамасы; маркетинг стратегиясын әзірлеу; жоспардың орындалу барысына бақылау белгілеу.

Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: қорларды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау. Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

Бақылау сұрақтар:

  1. Қазіргі заманда мемлекеттік басқару мен реттеудің артықшылықтары қандай?
  2. Қоғамның шаруашылық жүйесі деген не?
  3. Ұйымның әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштері қандай?
  4. Қызметкердікң заманауи тұлғалық мотивациялық моделінің (үлгісінің) ерекшелігі неде?
  5. Стратегиялық жоспар деген не?