Кенес мемлекетіңдегі ұйымдардың дамуын басқарудағы тәжірибе: тарихи шолу


3.1 Ресейдегі еңбектің ғылыми ұйымдастыруы

Ресейдегі еңбектің ғылыми ұйымдастырудың қалыптасуыны (НОТ), әдетте мына әйгілі есімдерімен байланыстырады. Белгілі ғалымдар А. К. Гастева және П. М. Керженцева, және т. б. Олар сенімді дәлелдеді, өндірістің тиімді дамуын қамтамасыз етілуіне жақсарту жолында пайдалану процесін заттар мен еңбек құралдары емес, мұндай факторлар ретінде дағдыларды, тәжірибені, дайындауды, адам мәдениеті, олардың саналы түрде іске қатысы бар және жұмысына қанағаттану, құрумен, еңбек ұжымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай туғызу.

Бұл тәжірибе шаруашылыққа тиісті болып саналатын адами фактор ретінде ғана емес, өндірістік процесстің пассивті элементі. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – өндіріске жүйелі тірде үздіксіз енгізілетін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде материалдық еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігнің үздіксіз артуын, адамның денсаулығын сақтауды, еңбекті бірте-бірте ең бірінші өмірлік қажетке айналдыруды қамтамасыз етеін шаралардың жиынтығы.

Еңбекті ғылми ұйымдастырудың негізінде кәсіпорында, оның бөлімшелерінде және жұмыс орындарында жұмыс күші мен еңбек құралдарын мейлінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Еңбекті ғылми ұйымдастыру әрбір кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары болуын, ауыр еңбектің жойылуын, еңбек жағдайының мықтап жақсаруын, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық жағынан қолайлы жағдай жасалуын талап етеді.

Басқару процестерін әлеуметтік дамуында өте бай тарихы мен тәжірибесі бар. Командалық-әкімшілік жағдайында экономиканың алғашқы кеңестік билік қызметінің басты бағыттарының бірі мемлекет қанағаттандыруға қажетті ең аз халықтың қажеттіліктерін, тамақтану, тұрғын үй, отын және киім екенін атап айтты.

Алғашқы бес жылдық кезде жүзеге асырылған индустрияландыру бағдарламасы, әлеуметтік инфрақұрылым, орталық өнеркәсіптік аудандарында қалыптастырды және кеңейтіп отырды, игерілетін жаңа аумақтарда ғана қалыптасты.

Кешенді функцияларындың өсімін молайту үшін жұмыс күшін жүзеге асыратын ұйымдар деңгейінде, кіріс жөніндегі функциялардың жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіби оқыту, қызметкерлердің және жалпы білім беру дайындығы дамыды.

3.2 Кеңестік мемлекеттің әлеуметтік басқарудағы алғашқы тәжірибесі

Алғашқылардың бірі болып бұқаралық тәжірибелер ұйымының әлеуметтік дамуын басқару деп санауға болады. Ғылыми-техникалық революция жағдайында жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға және маман жұмысшыларды даярлауға жұмсалатын шығын үздіксіз артып отырады. Сондықтан еңбекті ғылми негізінде ұйымдастырудың маңызы артады. Социалист кәсіпорындарда Еңбекті ғылыми ұйымдастыру В. И. Ленин белгілеген принциптік теориялық қағидалар негізінде дамытып отырды.

Еңбекті ғылми ұйымдастырудың міндеттерін тұжырымдай келіп: «...біздің Тейлор системасын және еңбек өнімділігін арттырудың американдық ғылми системасын бүкіл Ресейге таныстырумыз тиіс, бұл системаны жұмыс уақытын қысқартумен ұштастыруымыз қажет, еңбекші халықтың жұмыс күшіне ешқандай нұқсан келтірместен өндірістің және еңбек ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін пайдалануымыз керек», - деді.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – комплексті, сан қырлы процесс. Ол өндірістің барлық сатысын – жұмыс орнынан бастап тұтасынан алғанда, кәсіпорынға деінгі бүкіл аралық буындарды қамтиды. Мұндағы Еңбекті ғылми ұйымдастыруқамтитын мәселелді негізінен техника-экономикалық және әлеуметтік мәселелер деп екі топқа біріктіруге болады.

Техника-экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыру, техниканы тиімді пайдалану, материал мен еңбекті барынша үнемдеп, жұмыстың көлемі мен түрлерін ұлғайту, атқарылатын жұмыстың санын арттыру, еңбектің үрдіс қарқындылығын қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.

Ал әлеуметтік міндеттерге еңбекті ең бірінші өмірлік қажеттілікке айналдыру, жеке адамды жан-жақты жетілдіру, еңбектің мән-мағынасын және тартымдылығын арттыру, қолайлы еңбек жағдайын жасау және оның мәдениетін көтеру, адамдарды еңбекке деген саналы көзқараста тәрбиелеу және творчестволық инициативаны кең өрістеу мәселелері кіреді.

3.3 Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың бағыты

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың басты бағыты – кәсіпорындарда өніс жасаумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар мен негізгі өндірістің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеін көмекші жұмысшылардың арасында дұрыс арақатынас орнатудың маңызы зор. Әдетте көмекші жұмысшылардың еңбегін механикаландырудың негізінде бұл жұмысшылардың үлесі азайып отыруға тиіс. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың нәтижесінде көмекші жұмысшылар жоғары мамандықты талап етпейтін операциялардан негізгі жұмысшыларды бастуға мүмкіндік береді.

Негізгі жұмpысшылардың арасында да еңбекті операция бойынша бөлу тәсілі қолданылып жүрді. Мұның өзі әр адамға жұмысты тезірек меңгеруіне мүмкіндік беріп, бір операциядан екінші операцияға ауысқан кезде сөзсіз орын алатын уақыт шығындарын болдырмайды. Сондықтан кәсіпорындарда еңбек бөлудің ақылға қонымды шегін іөздеуге, ал кейбір жағдайларда операцияларды біріктіруге немесе оларды кезектестіруге жұмысшылардың жапсарлас бірнеше мамандықты меңгеруіне қамқорлық жасалынып отырады.

Еңбекті кооперациялаудың тиімді формаларының бірі – жұмыстың алуан түрін орындауды қамтамасыз ететін комплексті бригадаларға біріктіру. Бұл форма әсіресе металлургияда, мұнай өндіруде, машиналарды жөндеуде немесе құрастыруда, ауыл шаруашылығында т.б. кеңінен қолданылып жүр.

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың келесі бағыты – жұмыс орындарын неғұрлым ұйымдастыру. Жұмыс орны – жұмысшының немесе жұмысшылар тобыныңеңбек ету аймағы, жұмыс орнын неғұрлым тиімді ұйымдастыру жұмысшының еңбек нәтижелігін, оның еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс уақытының өнімсіз шығынын азайтуға жағдай жасайды.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүйесінже жұмыс орындарында қызмет етуді жетілдіру маңызды рөл атқарады. Кәсіпорындары мен дала жұмыстарында жұмыс уақытының смена ішіндегі шағынының кемінде үштен бірі материалдар, аспаптар құралсаймандардың жұмыс орнына уақытында жеткізілмеуінде, сондай-ақ жабдықты жөндеуді және реттеуді күтуге байланысты. Бұл ретте жұмысшыларды материалдармен қамтамасыз ету, оларға сменалық тапсырма беру, жабдықты реттеу және жөндеу, қалдықтарды жинау және дайын өнімді қабылдау – осының бәрі жұмысшыны бос тұрмайтындай немесе негізгі жұмысшынан алаңдамайтындай етіп тиімді ұйымдастырылуы тиіс.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мұнан соң ең тиімді еңбек тәсілдерін іріктеуді, зерттеуді, қорытуды және таратуды кездейді. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру проблемаларының комплексінде жұмыс істейтіндер үшін қолайлы еңбек жағдайын туғызу маңызды орын алады. Бұған ең алдымен өндіріс процестерін механикаландыру мен автоматтандыру, адамның еңбегін жеңілдететін және оның өнімділігін арттыратын осы заманғы алуан түрлі техникалық құралдарын еңгізу арқылы жетуге болады.

Алайда техниканың әрбір тиісті дәрежесінде қаржыны аз жұмсай отырып қызметкерлерге жемісті еңбек ету үшін ең қолайлы санитарлық гигиеналық және эстетикалық жағдайлар туғызуға болады. Өндіріс шуын азайту, жарықты жақсарту, ауа тазалығын сақтау, бір қалыпты ылғалдық пен температураны қамтамасыз ету әрбір жұмысшыға бүкіл смена бойына ең жоғарғы өнімділікпен еңбек етуіне, сөйтіп өнім мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

Ғылым мен практикалық тәжірибе адамдардың көңіл-күйі, демек жұмыс қабілеті тіпті машиналардың, аспаптардың, мебельдің, қабырғаның, төбенің сыртқы түрі мен бояуы сияқты ұсақ түйек болып көрінетін нәрселерге де байланысты екенін дәлелдеді. Кәсіпорындарда басқа шаралар мен ұштастырылған өндірістік эстетиканы енгізу өндіріс мәдениетін өрге бастыруға көмектеседі.

Кейбір жағдайларда Еңбекті ғылми ұйымдастырудың еңбек пен демалыс тәртіптерін рационалдандыру сияқты бағыты да едәуір нәтиже береді. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың қарапайым талабы – кәсіпорындардағы барлық қызметкерлердің жұмыс күнінің ортасында емін-еркін тамақтануына, сыртқа шығып тиісті уақытта дем алуына мүмкіндік туғызу.

Сменада жұмыс пен демалыс тәртібін жақсарту еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүкіл жұмыс күні (смена) бойына еңбек пен демалыс тәртібін жақсы жолға қою үшін ұзілістің қаншаға, қай уақытта жасалуын. оларды тиімді пайдалану жолдарын дұрыстап ойластырудың маңызы бар. Адамның жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігінің артуына гимнастика жасау да игі тигізеді.

Еңбекті ғылми ұйымдастыру неғұрлым кең мағынада, еңбек нормалауды жетілдіру, еңбек тәртібін нығайту сияқты проблемаларды да қамтиды. Өндірісте Еңбекті ғылми ұйымдастыру үшін оның жоспарын жасап, жүзеге асыру қажет. Бұл жоспар жұмыс орындарында бригадаларда, учаскелерде, цехтарда, бүтіндей кәсіпорындарда жүзеге асырылатын еңбекті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі шаралар комплексін қамтиды. Еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспарын жасамас бұрын өндірістік процестің барлық буындарында еңбекті ұйымдастырудың жайы зерттеліп оған талдау жасалады. Мұнда еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізу жағдайларын, өндіріс озаттарының тәжірибесін зерттеу маңызды орын алады. Еңбекті ұйымдастыру жайын зерттеп, талдау негізінде оны жақсарту үшін ұсыныстар даярланады. Мұның өзі еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспары болып табылады.

Еңбекті ғылми ұйымдастыру жоспарындағы белгіленген шараларды орындау – жұмыстың ақырғы және ең жауапты кезеңі. Нақты алынған экономикалық пайданың мөлшері жоспардың қаншалықты сапалы болғанын, оның қалай орындалғанын толық бейнелейтін көрсеткіш табылады.

КОКП 24-съезінің шешімдерінде еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудың, жұмыс уақытының әрбір минутын өнімді пайдаланудың қажеттігі атап көрсетілді, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың шешуші факторларының бірі ретінде еңбекті ғылми ұйымдастыру әдісін кеңінен енгізуді қамтамасыз ету міндеті алға қойылған.>

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру – жұмыс уақытын үнемдеуге, еңбек өнімділігін арттыруға, адамның жұмыс істеу қабілетін неғұрлым ұзақ мерзім бойы жоғары дәрежеде болатындай қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған шаралар жүйесі.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру 3 түрлі мақсатқа жету үшін қолданылады. Олар: экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік мақсаттар. Экономикалық мақсатқа еңбекті ұйымдастыруды үнемі жетілдіріп отыру арқылы адам күшін үнемдей отырып, еңбектің өнімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз ету және өндіріс құраладарын ұтымды пайдалану кіреді. Психофизиологиялық мақсат жұмыс орнында адамдарға ең қолайлы жағдай тудыру арқылы олардың жұмысты жақсы істеуін ғана емес, сонымен қатар ден-саулықтарын және жұмысқа қабілеттілігін сақтауды көздейді. Әлеуметтік мақсат – жұмысшылардың мәдени техникалық дәрежесін арттыруға бағытталған.

Еңбекті нормалаудың басты мақсаты өнім өндіруге қажетті еңбек шығынын анықтау. Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін әрбір басшы немесе адамдар мен жұмыс істейтін мамадар өз ұжымында мына шараларды іске асыру қажет: Жұмысты бөліп беру, жұмысқа жұмылдыру, еңбек ұжымдарын ұйымдастыру Жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыру, реттеу. Жұмыстардың орындалуын жетілдіріп отыру, ол үшін озат тәжірибелерді пайдалану. Адамдарды іріктеу, әркімге өзіне лайық жұмыс тапсыру, адамдардың білімін көтеруіне қамқорлық жасау. Адамдардың жұмыс істеу, дем алу тәртібін ойластырып, қолайлы түрін қолдану.

Еңбекті мөлшерлеу, адамдардың еңбекке ынталы болатын жолын тауып қолдану. Еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз ету. Еңбек дұрыс ұйымдастырылуы үшін ол ғылыми негізде, жинақтылы, үйлесімді, нәтижелі және психофизиологиялық түрдегі жүйеге келтірілуі керек. Ғылыми негізде деп еңбекті ұйымдастыруды жетілдіре беруге арналған шаралардың ғылыми талаптарға сәйкес болуын айтады.

Жинақтылы деген ұғым еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың жан-жақты жүргізілуін, яғни өндірістің барлық бағыттарында, салаларында іске асуын талап етеді.

Үйлесімді түрге еңбекті ұйымдастырудың осы ұйымның нақтылы жағдайларына, ғылыми талаптар мен озық тәжірибенің сәйкестілігі жатады. Нәтижелі деп еңбек ұйымдастыруды жетілдіруге байланысты еңбек өнімділігінің, өндірістің тиімділігін артуын айтады.

Психофизиологиялық түрде еңбектің ұйымдастырылуы еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасалып, олардың жұмыс істеп жүрген жеріндегі психофизиологиялық, санитарлық және эстетикалық жағдайлардың туғызылуын талап етеді.

3.4 Әлеуметтік даму бағдарламаларын қаржыландыру көздері

Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары. Әлеуметтік басқару әдістері. Ұйымның әлеуметтік даму жоспары. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу үшін қаржыландырудың негізгі көзі өнеркәсіптік министрліктер мен ведомстволардың орталықтандырылған күрделі салымдарына бағытталды. 1936 жылдан бастап кəсіпорындар кəсіпорын пайдасының бір бөлігінен құрылған бірыңғай директорлық қор құрды. Кәсіпорын қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға және өндірістік топтың мәдени және тұтынушылық қызметтеріне жағдай жасауға арналған.

1955 жылы бұл қор қызметкерлердің мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту және өндірісті жетілдіру мақсатында Кәсіпорын қорына айналды. Шектеулілігі тауарлар мен азық 30-шы жылдар аралығында ықпал етті. Ұйымдастыру кәсіпорындарда арнайы жүйелерін жабдықтау бөлімдерінің (ОРС) жүзеге асырды. Олардың үлесіне басында 1935 жылы 1/5 бөлігі бөлшек сауда айналымы көлемінің, мемлекеттік және кооперативтік сауда. ОРС тың дамуымен қосалқы ауыл шаруашылығы бөлімдері мен бөлімшелері тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарында қалыптаса бастады.

Алғашқы кеңес социалистік қоғам даму кезеңдерінде көптеген әлеуметтік объектілер инфрақұрылымын өнеркәсіп: тұрғын үйлер, қоғамдық тамақтану, сауықтыру мекемелері, клубтар, мәдениет үйлері мен сарайлары, кітапханалар және т. б. пайда болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941 – 1945) ол аса маңызды әлеуметтік механизмге айналды, біздің халқымызға бұл ауыр сынақты бастан өткеруге көп пайдасын тигізді. Жүйесінің мәні әлеуметтік қамтамасыз ету ғана емес, ол қамтамасыз ету қажеттілігін қанағаттандыру өте жиі ең төменгі, бірақ, ең алдымен, ол адамдардың өзара көмек және өзара қолдауға бағдарланды. 50-ші жылдардың ортасынан бастап өндірістік демократияны жандандыру бағытына қарай шаруашылық күшейту, ақшалай ынталандыру, реттеу, еңбекке ақы төлеу мүдделілік принципін нәтижелері дамыды.

Бұл уақытта Кеңес Одағы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) көптеген конвенцияларын ратификациялады. Персоналды басқару, бұқаралық жарыстар мен өндірістік кеңес құрылады, қоғамдық экономикалық талдау бюросы және топтың жәрдемдесу және ҒТП кеңінен қолданылады. Алғаш рет кәсіпорындарда ұжымдық келісім-шарттары жасалуы бастайды.

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) (Қnternatіonal labour organіzatіon, ҚLO) – үкіметті, кәсіпкерлер мен еңбекшілерді тең құқықтар негізінде біріктірген халықаралық ұйым. ХЕҰ еңбек қатынастарының халықар. нормаларын және олардың орындалуын бақылау рәсімдерін әзірлейді. 1919 ж. Версаль шарты бойынша Ұлттар лигасының құрамдас бөлігі ретінде құрылған. 1939 – 1945 ж. 2-дүниежүзілік соғыс кезеңінде штаб-пәтері Монреальда (Канада) орналасты. 1944 ж. мамырда Филадельфияда өткен Бас конференцияда ХЕҰ-ның соғыстан кейінгі кезеңге арналған мақсаттарын айқындайтын мәлімдеме қабылданды. 1946 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы ХЕҰ мен БҰҰ арасындағы келісімді бекітіп, ұйымды өзінің мамандандырылған мекемесі ретінде таныды. Женевада (Швейцария) орналасқан. КСРО 1934 – 1940 ж. ХЕҰ-на мүше болды, 1954 ж. қайта кірді. 1969 ж. ХЕҰ-на Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді. ХЕҰ-ның іргелі ұстанымы: еңбек тауар емес; сөз бостандығы мен бірігу бостандығы – тұрақты ілгерілеудің қажетті шарттары; кез келген жердегі қайыршылық – жалпы әл-ауқатқа төнген қатер.

ХЕҰ-ның жарғы бойынша мақсаты: әлеуметтік әділеттілік, яғни нәсіліне, сеніміне немесе жынысына қарамастан барлық адамдардың өзінің материалдық игілігін жүзеге асыруға және еркіндік пен қадір-қасиетті сақтау, экон. тұрақтылық пен тең мүмкіндіктер жағдайында рухани дамуға құқықтары негізінде жалпыға бірдей және баянды бейбітшілікке қол жеткізу. ХЕҰ жұмыспен толық қамтамасыз етуге, тұрмыс деңгейін көтеруге, еңбек қауіпсіздігіне, еңбекшілердің денсаулығын сақтауға, адамның негізгі құқықтарының сақталуына жәрдемдеседі, кәсіпкерлер мен еңбекшілердің арасындағы ынтымақтастыққа септігін тигізеді.

60-шы жылдары құрмет грамоталарын, ауыспалы тулар мен марапаттау басқа да белгілердің еңбек айырмашылықтарының енгізу, аттар жарыс озаттарының даңқ кітабын, марапаттау, ордендермен және медальдармен, атақ Социалистік Еңбек ері және т. б. мұндай көтермелеу кең таралуы басталды. 60-шы жылдардың екінші жартысында бірқатар экономикалық реформалар өткізілді. Кәсіпорын өзінің иелігіне кірістің белгілі бір үлесін өздеріне қалдырды.

Сонымен қатар, еңбекақы төлеу қорының сомасы орталықтандырылған капитал салымдарын қаражат бөлініп, ынталандыру, үш бөлімнен тұратын: қордың өзін-өзі қаржыландыру, жоспарланған шығыстарды жабу үшін жаңарту өндіру; материалдық көтермелеу қорының бөлетін қатысуымен және бақылауымен еңбек ұжымының; қордың әлеуметтік-мәдени шаралар және тұрғын үй құрылысы қосымша қоғамдық қорлар, т.б. нысандар еңгізілді.

Мемлекеттік бюджеттен 70 % - ға жуық қаражаттың қоғамдық қорлар тұтынуына түскен жоқ, ал шамамен фондтағы 30% қаражаттың әлеуметтік-мәдени шаралар және тұрғын үй құрылысына бөлінді. Кәсіпорынның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаражат көлемі оның өндірістік және шаруашылық қызмет нәтижелеріне байланысты болды. Бұл кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік қажеттіліктер кешенін қанағаттандыру үшін жағдайларды кеңейтуді қамтамасыз етті. 80-жылдардың басында материалдық ынталандыру қоры 30-50 % мөлшерінде қалыптасты, әлеуметтік және мәдени іс-шаралар мен тұрғын үй құрылысын қорын қалыптастыру үшін жаңа тәртібін көздейтін экономикалық тәжірибе жүргізді.

80-ші жылдардың ортасында жұмыс орнында әлеуметтік жағдайында айтарлықтай жақсарту, рекреациялық сала қызметкерлері мен олардың отбасы, тұрғын үй секторы мен әлеуметтік және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің саласы: өнеркәсіп әлеуметтік инфрақұрылым үшін айтарлықтай әлеует жинақтады.

Әлеуметтік инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындардың қабілеті және тұрғын үй құрылысы есебінен әлеуметтік даму қорының (ӘДҚ) жетіспеушілігі, КСРО және КСРО Мемлекеттік банкінің құрылыс банкі 50 шеңберінде ұзақ мерзімді қарыз кәсіпорындарды қамтамасыз тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысының сметалық құны кеңейтілді. Әсіресе бұл әлеуметтік даму жоспарларын, оның жағдайын және дамуын бағалау үшін әлеуметтік инфрақұрылымдық көрсеткіштер жүйесін, кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық стандарттары жүйесінің, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне әлеуметтік төлқұжаттардың жиынтығын дамытуды көздейтін.

Бақылау сұрақтар:

  1. Советтік Ресейде алғашында әлеуметтік басқарудың қандай үлгілері пайдаланылды?
  2. КСРО-ның 30-жылдардағы әлеуметтік қызметті көрсетудегі әдістері, бастамалары мен принцптері қандай болды?
  3. 60-80-жылдардағы әлеуметтік басқарудың ерекшеліктері қандай? КСРО-дағы әлеуметтік басқарудың нәтижелері қандай болды?
  4. Әлеуметтік басқару жоспарын орындау қандай қызметтер атқарды және оның жалпы сипатмасы қандай болды?