12 Биологиялық жас


12.1 Биологиялық жас

Биологиялық жас немесе даму жасы төлқұжат жасынан асып не кейін қалып отруы мүмкін. Биологиялық жасты анықтау кезінде жеке индивидтің даму деңгейі бойынша сәйкес келетін топтың хронологиялық орта жасымен салыстырғандағы оның морфологиялық құрылымы мен қызметтерінің даму деңгейін ескереді. Өсу мен жетілу үрдістерінің жеке ауытқулары «биологиялық жас» немесе «даму жасы» ұғымдарын енгізудің негізі болды. Биологиялық жастың негізгі критерийлері:

  • қосымша жыныс белгілерінің жетілу дәрежесіне қарай бағаланатын жетілу;
  • қаңқаның жетілуі (қаңқаның қатаю тәртібі мен мерзімі);
  • тістің жетілуі (сүт пен тұрақты тістердің шығу мерзімі, тістің қажалуы);
  • түрлі мүшелердің микроқұрылымында болатын жасқа байланысты өзгерістердің негізінде ағзаның жеке физиологиялық жүйесінің жетілу көрсеткіштері;
  • морфологиялық және физиологиялық жетілу.

Морфологиялық жетілу тірек-қозғалыс аппараттының – бұлшықет күшінің, статикалық төзімділіктің, қозғалыс жиілігі мен координациясының – негізінде бағаланады. Морфологиялық және физиологиялық жетілумен мектепте оқу үшін қажетті психофизиологиялық және морфологиялық жетілу деңгейі болып табылатын мектеп кезеңіндегі жетілумен тығыз байланысты. Морфологиялық жетілуді бағалау бас пен мойын өсімінің баяулауынан, бірақ аяқ-қолының өсуі жылдамдауынан туындайтын дене пропорциясының өзгерісіне негізделеді. Туылғаннан кейінгі жетілу мен ержету заңдылығы  барлық адамдарға тән, алайда қандай да бір кезеңді өту мерзіміне, өсу мен жетілу қарқынына, сондай-ақ жету мерзімі мен белгіленген өлшемдердің шамасына қатысты жеке (популяциялық) өзгерістер болады. Осындай өзгерімпаздықты бағалау «биологиялық жас» түсінігімен тығыз байланысты. Бұл термин ХХ ғ. 30–40 жылдары В. Г. Штефко, Д. Г. Рохлин және т.б. ресей ғалымдарының еңбектерінде қолданыла бастады. Биологиялық жас, төлқұжаттық жас сияқты, уақытша сипаттама, яғни уақыт қызметі болып табылады, бірақ соңғысына қарағанда ағзаның дербес өсу, даму, жетілу мен қартаюы қарқынын көрсетеді. Шетел әдебиеттерде мәні жағынан осыған ұқсас «даму жасы» термині қолданылады. Төлқұжаттық (хронологиялық) бір жастағы балалардың тобында бір-бірінен ересектеу болып, не керісінше жасы кішірек болып көрінетіні белгілі. Хронологиялық жас балалардың ер жеткен кезеңіне қатысты олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда дене салмағы мен ұзындығын қарапайым өлшеудің де еш пайдасы жоқ. Балалардың жетілуінің түрлі қарқынын бағалау үшін «биологиялық жастың» түрлі критерийлері бар. Жалпы «биологиялық жас» ұғымы адамның бойымен және дамуымен байланысты кезең аралығында ғана емес, оның бүкіл онтогенезі бойына сәтті қолданылуы мүмкін. «Биологиялық жасты» берілген индивидтің морфоқызметтік жағдайының қандай да бір «референтті» (жасына-жынысына қарай, этноаумақтық және т.б.) топтағы дамудың орта деңгейіне сәйкес (сәйкес емес) дәрежесі ретінде анықтауға болады. Осыған орай, биологиялық жас дербес жас шамасының жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Негізінен, мұндай бағалау ағзаның кез келген жүйесін қолданумен жүзеге асырылуы мүмкін, себебі олардың барлығы туылғаннан кейінгі бүкіл онтогенезі бойы болатын белгілі бір өзгерістермен сипатталады. Биологиялық жастың түрлі деңгейінде салыстыруға мүмкіндік беретін бағалаудың нақты критерийлері бар. Биологиялық жасты бағалау үшін қолданылатын белгілер бір қатар талаптарға сай келуі керек. Ең бастысы, олар сипаттауға не өлшеуге келетін нақты жастағы өзгерістерді көрсетуі керек. Бұл өзгерістерді бағалау тәсілі бақыланушының денсаулығына зиян келтірмей, жағымсыз сезім тудырмауы керек. Сондай-ақ көп мөлшердегі индивидтің скринингі үшін арналуы керек. Ауксологияда аталған талаптарға сай келетін биологиялық жасты бағалаудың түрлі жүйелері қолданылады. Бұлар сүйек жасы, тіс жасы, жыныстық даму, жалпы морфологиялық даму физиологиялық жетілу, психикалық пен ақыл-есінің дамуы және кейбір басқалары жатады. Жыныстық жетілуі ұмай мен қолтық астындағы шұқырында түктердің шығуы, кеуденің ісінуі, дауыстағы мутация, қыз балалардың сүт бездерінің дамуы және етеккірдің басталуы сияқты жыныстық белгілердің даму дәрежесі негізінде бағаланады. Қаңқаның жетілуі кезінде сүйектің қатаю орталығы, өсудің эпифазарлық шеміршек аймақтарының сақталуы немесе жабылуы қаңқа сүектерінің жасына қарай саралаудың негізгі көрсеткіші болып табылады. Ересек адамдарда қартаю үрдісімен байланысқан сүйектің шағын заттектерінің өзгеруі (жұқаруы), кеуекті заттектерінің өзгеруі (ыдырауы) бағаланады. Қартаю кезеңінде биологиялық жастың критерийі ретінде остеопороз, остеосклероз, остеофитоз көріністері (білезік, табан бөлігінде және омыртқада сүйек ұлпасының өсуі) қолданылады. Тісіне байланысты жас шамасы балалардың сүт тістерінің шығуы мен алмастырылуы негізінде, ал ересек адамдарда тұрақты тістерінің қажалуына қарай анықталады. Физиологиялық және биохимиялық үрдістердің жасқа қарай өзгерісін анықтау барысында алмасу қарқынына көңіл бөлінеді. Өсу қарқынының тоқтауымен қатар негізгі алмасу төмендейді. Тері қабатын тексеру кезінде тамырлардың түйнеліп кеңеюіне және тағы басқасына көңіл аударылады. Морфологиялық жетілу тірек-қозғалыс аппараттының – бұлшықет күшінің, статикалық төзімділіктің, қозғалыс жиілігі мен координациясының – негізінде бағаланады. Психикалық-физиологиялық жетілу туралы Керн–Ирасек тестің орындау нәтижесіне қарай баға береді. Морфологиялық жетілуді бағалау бас пен мойын өсімінің баяулауынан, бірақ аяқ-қолының өсуі жылдамдауынан туындайтын дене пропорциясының өзгерісіне негізделеді. Осыған орай мектеп кезіндегі  жетілудің көрсеткіші ретінде үш индекс пен «филиппин тесті» алынады. «Филиппин тесті» – бала оң қолымен төбесінен көлденең көтере отырып, сол жақ құлағына жете ме екенін тексеруден тұратын жаттығу.

12.2 Жетілудің көрсеткіші

1) Жыныстық жетілу деңгейі немесе жыныстық даму оның пайда болу ретінің мерзімі, сондай-ақ қосымша жыныстық белгілердің даму дәрежесі бойынша анықталады; пубертат алды («пубертат жанындағы») кезеңде, яғни 7–8 жастан 16–17-ге дейін тиімді қолданылады, жаппай антропологиялық зерттеулер кезінде биологиялық жастың критерийі ретінде пайдаланылады. Пубертатты кезең оқиғалары мерзімінде орын алады да, оның серпіні кезінде жеке кезеңіне қол жеткізу туралы куәландыратын жеке кезеңдерді бөліп жарып көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ олардың реті тұрақты болып қала береді. Ұлдардың жыныстық жетілуінің бірінші белгілері – аталық ұрық безінің үлкейе бастауы. Орта есеппен бұл 11–12 жаста болады, нормадан жеке ауытқулар 9 жарым жастан 15-ке дейінгі кезеңді қамтиды. Дамудың максималды қарқынының уақытқа арақатынасы пубертатты кезең оқиғалары келесі ретпен көрінеді: аталық ұрық безінің өсуі – жыныстық мүшенің өсуі – көмейдің үлкеюі – ұмайдың түктенуі – қолтық астындағы шұқырдың түктенуі – бой спурты (дене ұзындығының кенет өсуі) – бет пен денеде шаштың өсуі. Қыздарда пубертаттың алғашқы белгілері – жыныстық бездерінің – аналық бездерінің, бой спурты (дене ұзындығының кенеттен өсуінен) бұрын болатын сүт бездерінің үлкеюі, ол 9–13 жаста басталып, 12–18 жаста аяқталады. Қыздардың жыныстық жетілуінің ең маңызды белгісі етеккірдің (менархенің) басталуы. Берілген ақпарат жыныстық жетілудің ерекшеліктерінің маңызды аспектісін: физикалық және психологиялық жетілуідің сәйкессіздігін көрсетеді.

2) Сүйекке байланысты жас мөлшері, немесе қаңқалық жетілу онтогенездің жатырдағы кезеңнен бастап, қартайған кезеңіне дейінгі барлық кезеңдері үшін биологиялық көрсеткіштің жақсы көрсеткіші болып қызмет етеді. Өсу үрдісінде сүйектер рентгенограммаларда тіркелетін бір қатар тән өзгерістерден өтеді. Сүйектену ядросы мен стеноздың түзілуі жасты саралаудың негізгі көрсеткіші болып табылады. Өсетін организмнің басқа да критерийлерін ескере отырып, сүйек жүйесіндегі өзгерістер туылғаннан кейінгі онтогенездің барлық кезең аралығында биологиялық жасты анықтау үшін қолданылады. Қартаю кезеңінде критерийлер ретінде остеопороз бен остеосклероздың, буындарындағы түрлі бұзылулардың және т.б. көрінген кездері қолданылады.

3) Тіске байланысты жас мөлшері немесе тістің жетілуі. Тістің жасын анықтаудың дәстүрлі әдісі санына (бұл жағдайда шыққан әрі сүт, әрі тұрақты тістердің ретіне) және осы мәліметтерді қолданылатын стандартпен салыстыруға негізделген. Биологиялық жастың көрсеткіші ретінде тек 13–14 жасқа дейін ғана қолданылады, себебі сүт тістер 6 айдан 2 жасқа дейін ғана, ал тұрақты тістер (үшінші азу тістерін қоспағанда) орта есеппен 6-дан 13 жасқа дейін шығады. Сүт тістерінің шығу кезеңінде жыныстық даму негізінен болмайды, бірақ тұрақты тістердің шығуы бойынша және сүйек жетілуі бойынша қыз балалар ұлдардан озып түседі, сонымен бірге айтарлықтай өзгерістер ұры тістердің шығу мерзімінде байқалды. Көптеген ғалымдар еңбектерінің көрсетуі бойынша тістің қалыптасуы мен шығуының түрлі кезеңдерінің нақты генетикалық бақылауы болады. сүйек пен қаңқа жетілу көрсеткішінің арасындағы байланыс жалпы үлкен емес, сүйек және тіс жасы арасындағы арақатынасы 0,4-тен аспайды. Тіс жасын анықтау криминалистикада кең қолданыс тапқан; қазба материалдарын зерттеу кезінде дербес жасын анықтаудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады; белгілі бір себептерге байланысты баланың нақты туған жылы белгісіз болған жағдайда индивидттің жас мәртебесінің сенімді көрсеткіші болады.

4) Биологиялық жастың көрсеткіші ретінде белгілі бір дәрежеде физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің физиологиялық өзгерістері қолданылуы мүмкін. Алайда бұл критерийлердің ақпараттығы айтарлықтай төмен. Олардың бір бөлігі баланың дене параметрлерінің өзгерісімен байланысты. Мысалы, жүрек қағысының жиілігі жас өте келе: 2 жасар балада минутына 100 соққыдан ересек адамда 65–70 соққыға дейін азаяды. Бұл заңдылық жалпы биологиялық құбылыспен сәйкес келеді: дене өлшемі кіші болғанда жүрек соғысы жиірек болады. Мұндай байланыс демалу жиілігінде болады: нәрестеде – минутына 40–45, ересек адамда – орта есеппен 12–16. Кейбір физиологиялық қызметтер басқасынан бұрын «піседі». Мәселен, балалық шақта өт аз концентратталынған, ал қан сарысуында ақуыздың құрамы төмен болады, алайда кейін осы көрсеткіштер бойынша ересек мәртебесін алады. Қан қысымы өсудің бүкіл кезеңі аралығында ғана емес, бүкіл өмір бойы көтеріле береді: 5 жасар баланың систолалық қысымы шамамен 80–85 мм. сынап бағанын, 18 жасар бозбаланың қысымы 120 мм. сынап бағанын құрайды. Негізгі алмасу жылдамдығы жана туған нәрестеде ең жоғары, 6-дан 20 жасқа дейінгі аралықта ол күрт төмендеп, өмір бойы төмендей береді. Кейбір мәліметтер бойынша пубертатты кезеңде ол айтарлықтай жоғарылайды. Жыныстық диморфизм көптеген физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштер серпінінде көрінеді. Осыған орай, қыздардың қанның систолалық қысымының кенет өсімі ұл балаларға қарағанда ертерек басталады. Ауыз қуысының температурасы туылғаннан ересек жасқа дейін азая отырып, қыз балаларда «ересек» мәнге ертерек жетеді.

5) Психикалық даму мен биологиялық жас. Психикалық (эмоционалдық, ақыл-ес) және дене дамуының ара-қатынасы мәселесі заманауи адамның психикалық және әлеуметтік жетілуінің ерекшеліктерін зерттеу, даму акселерациясы байланысты адамның жас шамасы биологиясы үшін, антропология мен педагогика үшін ерекше қызығушылық тудырады. Психикалық үрдіс субстратының жетілу критеийлерін іздеу – ОЖЖ – жас серпінің, оның құрылымдық және биохимиялық параметрлерін зерттеуге негізделген. Жалпы ми мен жүйке жүйесі дамуының жүйелік бағыты бар, ол онтогенездің ерте кезеңінен басталады. Оған: дененің толық өлшемімен салыстырғанда озық болуы, гетерохрония, әрі бүкіл мидың, әрі ми қабығының жетілуінің нақты жас өлшемі (градиенті) туылғаннан кейін қабықша формацияларының цитоархитектоникасының айтарлықтай белсенді дамуының уақытқа бейімделуі тән. Жетілудің белгілі бір кезеңдерінің, демек, биологиялық жастың критерийлері ретінде көптеген көрсеткіштер таныла бастады. Олар: нейрондардың орналасу тығыздығы мен өлшемі, аксондар ұзындығы, миелинизациялану дәрежесі, синаптогенез, кезеңдік антигендік ерекше факторлар, АХЭ белсендігі, ДНҚ құрамы; қартайған шақта – перикариалды нейрондарының липофусцины, дендритті ағаш атрофиясы, дендритті қылқанның (шипик) жойылуы, өлшемнің азаюы мен нейронның жоғалуы.

Биологиялық жастың эмоционалдық және ақыл-ес дамуымен өзара қатынас мәселесі күрделі, әрі бір мәнде шешілмейді. ОЖЖ-ның жетілуі мен эндокринді аппараттың жүйке жүйесі қасиетінің жас өзгерістерімен байланысы туралы мәліметтер жоқтың қасы. Биологиялық жасты анықтау үшін «жалпы морфологиялық жетілуді» қолданылады, дегенмен бұл критерий алдынғысына қарағанда нақты емес, әрі мәлімет аз береді. Жалпы морфологиялық жетілу салмақ пен бой арақатынасы және дене пропорциясы бойынша бағаланады, бірақ дененің соңғы өлшемі – дефинитивті өлшемінің шекарасы кең (және осыған байланысты, белгісіз) болғандықтан, бұл критерийдің ақпараттылығы үлкен емес. Биологиялық жастың барынша кең тараған морфологиялық критерийлерінің санына: қанқалық (сүйек) жасы, тіске байланысты жас, жыныстық даму, жалпы соматикалық даму жатады. Қаңқалық жас ең әмбебаб түрі болып табылады, себебі ол негінен онтогенездің бүкіл кезеңі, жатыр кезеңінен бастап, қартаюына дейінгі кезең аралығында анықталып, барлық адамдардың дефинитивті мәртебелерінің теңдесім жағдайына жауап беріп, даму қарқынының басқа да көрсеткіштерімен жыныстық кейде соматикалық көрсеткішімен, бірқатар гормондардың секрециясы дәрежесімен және т.б. байланысын дәл анықтайды. Тіске байланысты жас, қаңқалық жас іспетті, шыққан тістің реті мен санына, осы мәліметтерді стандартпен салыстырылуына негізделеді. Тіске байланысты жастың дербестік өзгерісі қаңқалыққа қарағанда аздау; шыққан тістердің жалпы санының дербес қисықтарының ұқсастығы мен параллелизмі анықталды. Тіске байланысты жасты бағалаудың барынша жетілген әдісі болып рентгенография, тістердің қатаюы кезеңдері бойынша анықтау табылады; олардың кальцификациялануы, қосымша дентин мен цемент саны анықталып, цементтің жыл сайындық кальций қабаттар саны есептеледі, сондай-ақ тіс эмалінің кейбір жұқа белгілерін пайдалану ұсынылды. Морфологиялық жетілудің жеткілікті түрде дұрыс болмаса да, айтарлықтай дәстүрлі критерийі болып жалпы соматикалық даму және бойы мен салмағының ара-қатынасын және дене пропорциясының өзгерісін көрсететін «форма бойынша даму» есептеледі. Бірақ ақпарат беруі жоғары емес, себебі популяция шегінде барлық осы көрсеткіштер бойынша дефинитивті мәртебенің нұсқаларының мүмкіндігі кең, сондай-ақ олардың және даму кезеңі аралығында хронологиялық (күнтізбелік) жас арасындағы бір мәнді арақатынас болмайды. Билогиялық жастың көптеген морфологиялық критерийлері, мысалы қаңқалық және жыныстық даму, бір-бірімен тығыз байланысты және кейбір кезеңдерде өзара алмасымды. Қаңқалық және соматикалық дамудың байланысы бәсендеу, ол жатыр кезеңінде аз ғана және жыныстық жетілу кезеңінде бұл байланыс үзіледі. Тіске байланысты жас, бәлкім, морфологиялық жетілудің басқа да көрсеткіштерімен, ең алдымен сүйекке байланысты жаспен ескерілген; олардың түрлі гормоналды бақылауы туралы сөз етіледі. Биологиялық жас – дамудың жеке қарқынының негізгі сипаттамасы. Ол популяциялық стандарт аясында организмнің морфоқызметтік жетілуінің деңгейін көрсетеді. Осы критерий бойынша индивид өзінің хронологиялық (паспорттық) жасының популяциялық нормасына сәйкес келіп, белгілі бір дәрежеде одан озуы не, керісінше, артта қалуы мүмкін. Алайда кез келген белгі жас ерекшелігіне қарай өзгеруі заңды бола тұра, биологиялық жастың критерийі ретінде анықталады, мұндай көрсеткіш қанағаттандыратын белгілі бір қосымша жағдайлар болады. Өйткені түрлі жүйелер мен мүшелер біркелкі жетілмейді, онтогенезінің бұл кезеңі (кезеңдері) үшін барынша ақпаратты көбірек беретін, «жетекші» критерийді таңдап алу ерекше мәнге ие; олардың морфоқызметтік мәртебенің басқа параметрлерімен байланысы және даму үрдісін аяқтау бойынша белгілер жағдайының ұқсастығы (тепе-теңдігі) де өте маңызды. Биологиялық жастың негізгі критерийлері морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, психофизиологиялық, ішінара психологиялық бола алады. Іс-жүзінде ерекше мәнге жоғарыда келтірілген жағдайларға үлкен дәрежеде сай келетін «морфологиялық жетілу» (қаңқа мен тіске байланысты жас шамасы, жыныстық даму) критерийлеріне ие.