5 Биологиялық ұйымның және өмір мәнінің ұстанымын түсіну үшін биологиялық сағат рөлінің маңызы


5.1 Биологиялық сағаттың альтернативті ұстанымдарын ашу

Биологиялық сағат ағзаның ішкі жүйесі, оның тіршілік әрекетінің ырғақтарын анықтайтын болып табылады. Бұл өсу, қоректену, қайта өндірілу, белгілі бір сыртқы жағдайларға бейімделу (тәуліктің қараңғы және жарық кезіне, судың тасуы мен қайта кетуіне, жыл мезгілдеріне) үрдісі болады. Бұл әрбір ағзада туа біткен қасиет. Сағаттың іске қосылуы қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Көптеген жәндіктерде «сағат» миында орналасқан. Әртүрлі үрдістерге жауап беретін әсері гормонның арқасында іске асады. Мысалы, қуыршақтан ересек дараның шығуы. Биологиялық сағат – жануарлар мен адамның уақыт өлшемін бағдарлау қасиеті. Ол жасушалардағы физикалық-химиялық және физиологиялық процестердің белгілі бір уақытта қайталанып отыруына (биологиялық ырғақ) негізделген. Мұндай қабілеттілік бір жасушалылардан бастап адамға дейін – тірі ағзалардың барлығында болады. Кейбір зерттеушілер «Биологиялық сағат» ағзаның геофизикалық факторлардың (жердің электр және магнит өрісі, Күн мен ғарыш радиациясының тәуліктік, жылдық, маусымдық қайталануының) өзгеруін қабылдау қабілетіне негізделген деп есептейді. «Биологиялық сағат» тұтас ағзалардың да, сондай-ақ клетка ішіндегі процестердің де дұрыс тәуліктік жұмыс ырғағын басқарады. Біздің күнделікті өміріміздің кестесі минут бойынша жазылған. Адам – тірі биологиялық ағза. Ағза күнделікті күнтізбесін өзі жүргізеді. Біздің жоспарымыз бірдей болмайды. Ағзаның биологиялық сағаты нақты болады. Адам ағзасында биологиялық сағат ырғақты түрде өтеді және жасушалар әрдайым бір-біріне сай құрастырылып, осының арқасында өз жұмысын реттеп отырады. Биологиялық үрдістер адам ағзасында бір тәулік бойы өтеді. Осы үрдістерді тәулікаралық немесе циркадтық тербеліс деп атайды. Адамда тәуліктік ырғаққа бағыныңқы тек ұйқы ғана емес, сонымен қатар, қан қысымының көтерілуі мен төмендеуі, дене температурасының өзгеруін, алақанның терлеуі және т.б. Биологиялық ырғақтың құрылуы белгілі бір кезеңмен болады. Жаңа туған нәрестелерде ол тұрақсыз болады, өйткені оларда ұйықтау, қоректену, белсенді болуы белгілі бір уақытта тұрақты болмайды. Бірақ уақыт өткен сайын ми күн мен түн ауысуына үйреніп, өзінің ағзасында биологиялық сағаттың уақыты реттеле бастайды. Сондықтан биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай экзогенді және эндогенді болып бөлінеді. Экзогенді биологиялық ырғақ – организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы. Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын белсенді процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі. Осы байланыс тұйықталатын биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Маңызына байланысты биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т.б.) және экологиялық (организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік беретін) болып бөлінеді. Гипоталамус ішкі эндокриндік мүше болып саналады. Ол бас миының бөлігінде орналасқан және де ішкі ортаның қалыпты жағдайда болуын жауап береді, сонымен қатар, басқа мүшелермен байланыс түзеді. Әдеттегі тіршілік ортаның өзгерісінде ішкі биологиялық сағат тоқтамайды. Алыс қашықтыққа ұшқан кезде де биологиялық сағат өзінің жұмысын атқара береді. Егер де биологиялық сағат жұмысын атқара алмай жатқан жағдайда, яғни керекті ырғаққа икемдей алмаған кезінде, адамда қолайсыз жағдайлар басталады, мысалы, күндізгі уақыт болса да, ұйқысы келе береді. Белгілі сағаттың уақытында адам ағзасымен болатын жағдайларды қарастырайық.

Бір сағат. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігі төмен. Ағза терең ұйқыға кеткен. Мелатонин деген ұйқы гормоны белсенді түрде бөлінеді. Ағзаға кешкі астан түскен тамақты бауыр белсенді түрде зат алмастыруға кіріседі. Егер де осы уақытта адамды тұрғызатын болсақ, онда адам қиналып тұрады, өйткені дене температурасы мен қан қысымы төмен болады. Жалпы ұйқыға адам баласының алты жылдық өмірі кетеді. Адам ұйқысыз екі аптаға жетпейтін уақытта ғана өмір сүре алады. 1.30-нан 3.30-ға дейін ащы ішектің меридианы белсенді болады.

Екі сағат. Жүргізушілер осы уақыттағы оптикалық қоздырғыштарға аса көңіл бөлмейді. Сондықтан апаттар саны осы кезде көп болады. Денеміз суыққа сезімтал болады. Бауыр күні бұрын ішкен спиртті ірітеді.

Үш сағат. Сағат 1-де адам денесі ауру-сырқауға өте сезімтал келеді. Адам физиологиясы мен биоритмінің өзара байланыстарына шолу. Осы кезде адамдар депрессияға көп шалдығады, олардың көңіл-күйі ауыспалы болады, осы уақытта өзін-өзі өлтіру ойлары шұғыл түрде келеді - бұл мелатониннің әсері. Ол ағзаны солғын және әлсіз болып сезіндіреді. Күндізгі жарық мелотаниннің пайда болуын төмендетеді, сондықтан күндіз адам белсенді және жақсы көңіл-күйде болады. 3.30-дан 5.30-ға дейін зәр қуық меридианы белсенді.

Төрт сағат. Ағзаның жұмыс істеу қабілеттілігінің жоғары түрде болуы стресстік гормон картизоны бөліну керек. Бірақ осы гормонның таңғы ерте сағатта бөлінуі ағзаны инфарктқа әкелуі мүмкін және де оны астмамен ауыратын адамдар да ауыр түрде көтереді - бұл уақытта бронхылар шекті тарылады.Осы уақытта бауыр максималды белсенді болады. Инсулинге тәуелді диабетиктер бұл уақытта және 16.00 сағатта ағза инсулинді жақсы қабылдай алатынын білу керек.

Бес сағат. Ер адам ағзасы осы кезде тестостерон жыныстық гормонын максималды түрде бөледі. Бүйрекбезінің кортизон гормоны максималды түрде шығарылады. Ағзадағы кортизонның концентрациясы күндізгі уақыттан қарағанда алты есе көп болады, хронобиологиямен таныс дәрігерлер негізгі қабылдайтын дәрі-дәрмектің дозасын таңертеңгі уақытта ішкендері жөн деп айтады. 5.30-нан 7,30-ға дейін бүйрек меридианы белсенді болады.

Алты сағат. Кортизон ішкі оятқыш ретінде болады. Ұйқыдан оянатын ең сәтті кез: жалпы зат алмасу белсендіріледі, қанда аминқышқылдары мен қант деңгейі көтеріледі, жаңа жасуша ұлпаларының құрылуына жағдай туады, ағзаға күні бойы жүретін энергия дайындалады. Осы кезде қан қысымын төмендететін негізгі тиімді препараттар жақсы әсерін көрсетеді. Басқа тәуліктің уақытына қарағанда ағзаның осы кезде қабылданған тағамдық улар мен никотиндері нашар қабылданады. Темекі тартатын адамдар ашқарынға ерте темекіні кешкі уақыттан гөрі шегетін болса, онда олардың қан тамырлары көбірек тарылады. Кешкі астың отырысының нәтижесімен салыстырғанда қанда алкогольдің деңгейі таңертеңгі кезде екі есе көп мөлшерде болады.

Жеті сағат. Оянған кезден және таңертелік моционнан кейін таңғы ас ішу қажет. Халықтың нақыл сөздерінің бірі: «таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен бөліс, ал кешкі асты жауыңа бер» дегені дұрыс айтылған. Асқорыту мүшесіндегі ішкі сағаттардың мәселесі: түске дейін көмірсуларды энергияға айналдырады, ал кешке – майды. Ащы ішектің әрекеті белсендіріледі. Ағзаның жұмыс істеу қабілеттілігі және төзімділігінің көтерілуінің нәтижесі осы уақыттағы ішектің нәжіс шығарылуына байланысты болады. 7.30-дан 9.30-ға дейін перикард меридианы белсенді болады.

Сегіз сағат. Бездер көп мөлшерде гормондарды бөледі. Бұл уақытта ағза жұмыс күніне дайындалады. Ауру сезімталдығы лезде түрде көтеріледі – созылмалы аурулардың ұстап қалуы күшейеді, мысалы, ревматизм.

Тоғыз сағат. Биологиялық сағаттың тілі қарынға көрсетеді. Егер де сіздерге укол тағайындалса, оны таңертең алған жөн – бұл сіздерді температураның көтерілуінен жіне ісінуден арылтады. Осы уақытта істелінген екпе күні бойы жасалғаннан гөрі аз ауыртпалық әкеледі. Осы уақытта онкоауру адамдардың қабылданған сәулелік терапиясы жеңіл көтереді. Сонымен қатар, осы кезде адамдар рентген сәулеленуіне максималды тұрақты болады. 9.30-нан 11.30-ға дейін өкпе, бауыр, бүрек («тройной обогреватель») меридианы белсенді болады.

Он сағат. Жұмыс істеу қабілеттілігі және дене температурасы ең жоғарғы көрсеткішіне жетеді. Қысқа уақыттық ес жақсы қызмет атқарады, ал ұзақ уақыттық ес түскі сағаттан кейін оптималды болады. 15.00 сағат уақытына қарағанда таңғы тоғызда оқылған мәтін тез есте қалады, бірақта ес жылдам өшіріліп қалады – бір жұмадан кейін. Таңғы 10-да оқылған сабақты міндетті түрде түскі уақыттан кейін қайталау керек. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оң жақ аяқ-қолы көп мөлшерде энергияға бай болады. Есептеу қабілеттіліг бұл уақытта төмендейді.

Он бір сағат. Түске дейін жұмыс істеу қабілеттілігінің есептеу негізінде шығарылады. Таңертеңгі 9 және 12 сағат және 16.30-дан 18 сағат уақыт аралығында оқушыларға математика оңай беріледі. Осы кезде жүрек те өзінің қызметін жақсы атқарады, тексеріліс кезінде жүрек аурулары байқалмай қалуы мүмкін. Кешкі уақытпен салыстырғанда осы уақытта жүрек сезімтал және стресстік жағдайларда жиі соғуы мүмкін. Бұл гимнастикамен айналысатын ең қолайлы уақыт болып саналады. 11.30-нан 13-30-ға дейін өт қабының меридианы белсенді.

Он екі сағат. Қарында қышқыл түзу жоғарылайды. Аштық сезімін сездірмеуге қиындыққа түседі. Ағзадағы ас қорыту мүшесіне қанның көп беру себебінен бас миының белсенділігі төмендейді. Таңертеңгі белсенділіктен кейін ағза демалысты қажет етеді. Түскі астан кейінгі уақытта ұйықтаған жөн, яғни бұл инфаркт ауруына шалдықпауына 30%-ға төмендетеді. Қысқа уақыттық ұйқыға тартылу бұл мидың төмен дәрежеде қанмен қамтамасыз болуынан болады. Осы уақытта қанның көп бөлігі қарынға тамақты қорыту үшін қажет.

Он үш сағат. Өт қабының әрекеті белсендіріледі. Осы кезде өт айдау заттары жақсы әсер етеді. Жұмыс істеу қабілеттілігі 20% пайызға төмендейді. 13.30-дан 15.30-ға дейінгі уақытта бауыр меридианы белсенді болады.

Он төрт сағат. Аш ішекте энергия жиналады. Қан қысымы және гормоналдық деңгей төмендейді. Осы уақытта шаршағандық білінеді, бірақ та он минуттық демалыстан кейін одан арылуға болады. Бұл кезде оқушыларға үй тапсырмасын жасауға ең қолайлы уақыт. Ұзақ уақыттық ес жақсы жұмыс істейді, сондықтан таңертең оқыған сабақтарды қайталауға болады. Медициналық процедураларының ауру кезінде жергілікті наркоз ұзақ уақыт өтеді және жеңіл көтеріледі. 14.00 сағатта біздің тістеріміз және тері ауруларына сезімталдығы төмен болады, ал анестезиялық заттардың әсері таңертеңгі уақытқы қарағанда үш есе жақсы.

Он бес сағат. Жұмыс істеу қабілеттілігінің екінші белсенділігі басталады. Ағза жоғары деңгейде жұмыс істей алады. 15.30-дан 17.30-ға дейін өкпенің меридианы белсенді.

Он алты сағат. Қан қысымы жоғарылайды және қатаяды. Спортшылар бұл уақытта ең жақсы көрсеткіштерді көрсетеді. Таңғы дайындық нәтижелеріне қарағанда осы кездегі көрсеткіштер жоғары болады. Сондықтан өтілетін жеңіл атлетика сайыстарында жақсы нәтижелер көрсетіледі. Қышқылдыққа әсер ететін препараттардың тиімділігі жоғары.

Он жеті сағат. Өмірлік күштің таралуы сезіледі. Бүйрек пен өт қабы белсенді жұмыс істейді. 16 және 18 сағат аралығында шаш пен тырнақ тезірек өседі. 17.30-дан 19.30-ға дейін тік ішек меридианы белсенді болады.

Он сегіз сағат. Асқазанасты безі белсенді. Бауыр спиртке төзімдірек болады. Тыныс алу мүшелері қарқынды жұмыс істейді.

Он тоғыз сағат. Пульс қарқынды түрде төмендейді, осы кезде қан қысымын түсіретін дәрі-дәрмекті осы кезде қабылдауға өте қауіпті. Орталық жүйке жүйесінің және асқорыту мүшелеріндегі ауруларды емдейтін препараттарды қолдануға тиімді. Бүйректің жұмыс әркеті өзінің шыңына жетеді. 19.30-дан 21.30-ға дейін қарын меридианы белсенді.

Жиырма сағат. Бауыда майдың құрамы азаяды, пульс жиілейді. Ағзаға аз дозалы антибиотиктер жақсы әсер көрсетіп, тиімді көрсеткіштер көрсетеді, бірақ таңғы 4-ке дейін. Ең тиімді уақыт антибиотиктерді қабылдау, бұд – 20.32 болып табылады. Ағзаға тигізетін кері әсері өте сирек кездеседі. Антидепресанттар, аллергияға және астмаға қарсы қолданылатын заттар да тиімді болады.  

Жиырма бір сағат. Ағза түңгі демалысқа дайындалады. Асқазанды тамақпен толықтырған зиянды – ол таңертеңге дейін қорытылмай тұрады, егер де қалған қалдықтары қорытылмаса, онда ол май болып жиналады. 21.30-дан 22.30-ға дейін көкбауыр – асқазан асты безінің меридианы белсенді.

Жиырма екі сағат. Жұмыс істеу қабілеттілігі кенет төмендейді. Қан құрамында лейкоциттер саны көбейеді – ал 5000 миллиметр бағанасына таңертеңгімен салыстырғанда, осы уақытта 12000-нан аса бір миллиметр сынап бағанасына ақ қан түйіршіктері болады. Кері әсер тигізетін медициналық препараттарды қолдануға болмайды, яғни интоксикация болуы мүмкін, түнгі уақытта ағза уларды таратуға және уланумен күресуга қиындыққа түседі.

Жиырма үш сағат. Жұмыс істеу және зейін концентрациясының қабілеттілігі төмендейді және де зат алмасу азаяды, қан қысымы, пульс жиілігі және дененің температурасы да төмендейді. Кортизон шығарылуы тоқталады. Ағзаның реттелу қызметінің басшылығы вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі арқылы өтеді. 23.30-дан 1.30-ға дейін жүрек меридианы белсенді.

Жиырма төрт сағат. Терінің қайта қалыптасу қарқынды түрде жүреді – күндізгі уақытқа қарағанда түнгі уақытта жасушалардың бөлінуі жақсы болады. Егер де жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі белсенді іс-әрекетте болса, онда бауыр және өт лездік ауру сезімі (колики) болады. Қан қысымы мен пульс соғылысының төмендеу себебінен жергілікті қан айналу бұзылып инсульт болуы мүмкін. Қиналып босану кезеңіндегі реттелетін әйел адамдарда қарқынды түрде гормондар әсер етеді. Сондықтан күндізгі уақытпен салыстырғанда түн уақытында екі есе балалар дүниеге көп келеді.

Егер ағза биологиялық сағаттың күнтізбелігіне икемделсе, онда көңіл-күйі мен өзінің мінез-құлығын реттеуге болады. Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі бірнеше секундтан ондаған жылдар аралығын қамтуы мүмкін. Қайталану мерзіміне қарай биологиялық ырғақ ультрадианды (1 минуттан 10 – 12 сағат аралығында), циркадианды, тәуліктік (бір тәулік ішіндегі жануарлардың физиологиялық құбылыстары мен қылығының бір заңдылықпен тербелуі; бұл жарық, температура, ылғалдық әсеріне байланысты), айлық (айналымы жағынан ай фазасына – айдың толуына, 29, 53 тәулікке жуық), жылдық немесе маусымдық (жыл сайын қайталанып отыратын процестер: жануарлардың ұя салуы, қоныс аударуы, өсу қарқынының өзгеруі), көп жылдық (ауа райының, тіршілік жағдайының планетарлық өзгеруіне байланысты) және теңіздің көтерілу ырғағына сәйкес (24,8 немесе 12,4 сағат сайын байқалатын теңіздегі тіршілік заңдылықтары: қимыл белсенділігі, газ алмасу қарқыны, планктондардың жоғары-төмен ығысуы, т.с.с.) болып бөлінеді.

5.2 Биологиялық, астрономиялық, эволюциялық, тарихи уақыт жайлы түсінік

Астрономиялық білімдердің пайда болуы туралы сұрақтар өте қызықты болып келеді. Соңғы уақытта алғашқы астрономиялық ғылым көздері көп өзгерістерге ұшырады. Ерте астрономиялық дамуының білімдерін ежелгі Шығыс өркениетімен (б.з.д. IV-III ғ.ғ.) байланыстырады. Ақырға 20 – 30 ж.ж. арасында археологтармен маңызды материалдар жиналды, соның ішінде палеолит дәуірінде астрономиялық білімдер жиналды. Осы дәуірде Еуропа және Азияның әртүрлі бөліктерінде тұрақтанған жерлерінде тасқа салынған суреттер, алқалар, белбеулер, мамонттың сүйектұмсығы және т.б., оларда ырғақтық қайталанатын жартаста тура және шұңқырлы болып кездеседі, олар бірінші пайда болған күнтізбенің ежелгі түрін көрсетеді (10 айлық ай, яғни 280 тәулікті құрайды). Мысалы, алқаның құрылысы бойынша ерекше түрде 7 саны айқын көрінеді (7 тәулік – Айдың бір кезеңінің ұзақтығы). Мустье кезеңінде (100-40 мың жыл бұрын) аспан денелерін бақылау дәстүрі пайда болды, бұл маусымдық шаруашылықтың пайда болуының тәжірибесі. Жоғарғы палеолитте (40-10 мың жыл бұрын) астралды суреттер күрделенеді, Ай, Күн және т.б. аспан денелерінің жүру тәртібі күрделі заңдылығын көрсетеді. Адам ағзасының физиологиясы және табиғаттың ырғағы, қоғамдық өмірді және табиғи үрдістердің ырғағының дәл болуы қайталанатын аспан құбылыстарының әрдайым фиксациясына үлкен маңызға ие. Синкретикалық бірлікте биологиялық, астрономиялық, математикалық білімдердің нышандары пайда болады. Жоғарғы палеолитте адамдарға күнтізбе маңызды болған жоқ. Табиғат ырғағы (астрономиялық құбылыс), адам ағзасының ырғағы және де бірінші қоғамдық ұйымның кәсіптік әрекеті өзара бір-бірімен байланысқан. Аң аулайтын адамдар үшін тірі табиғаттың циклдық өзгерісімен тығыз байланыста болды, оның бірі негізгі қолданатын жануарлар түрлерінің жүкті мерзімде болуы. Алғашқы адам қоғамының күнделікті тіршілігіндегі фундаменталды негіздер ретінде циклдық динамикасы мен кәсіптік, шаруашылық іс-әрекеті және адам қауымдастығының қайта өңдірілуінде қарастырылды. Алғашқы адам қоғамының тіршілік іс-әрекетінің әртүрлі кезеңдерін межелеуге табиғат ырғақтары қолайлы көрсеткіш ретінде болды. Алғашқы адамның қоғамдық тіршілік етуі және жануарлардың тіршілік етуі аспан денелерінің қозғалысының циклдылығымен, динамикасымен сәйкес. Міне сондықтан аспан денелерін жануарларға ұқсату пайда болды. Осыдан қазіргі шығыс күнтізбелер жылдарын жануарлармен аттарымен байланыстырып қойылған. Астрономиялық түсінік тек қана биологиямен ғана емес, сонымен математикалық біліммен тығыз байланысты. Алғашқы адам қоғамының сандық түсініктерінің және бірінші абстракцияның түзілуінде адам психикасы және физиологияның фундаменталды қасиетттері көрініс тапты. Адамның психикалық заңдылығы палеолит рәсімдері және астралдық мифтарында негізгі маңызды 7 саны болған. Әртүрлі көптеген есеп жүйелердің есептеу жүйесінің арасынан ондық жүйе негіз болып бекітілген. Мәселен, жүктіліктің Айдың 10 айында жүруі, бұл матриархат кезеңінде негізгі табиғи ырғақ болып саналады. Адамның іс-әрекетінің мақсатында және еңбек құралы ретінде байланысуы қолдың 10 саусағының болуы ең негізгі табиғи еңбек құралы ретінде қолданылуы. Қорытындылай келгенде, алғашқы адам қоғамындағы сезім жүйелігінде үлкен білімдер дүние туралы жиналған (оның ішінде – сандық абстракция), мысалы, есептеу жүйесі, күнтізбелер, қарапайым биологиялық, астрономиялық, медициналық және т.б. заңдылықтары құрастырылған.