13.1 Өмірді ұзарту
Өмір қысқа мерзімді ме, өлімнен құтулуға бола ма немесе өмірді ұзартуға бола ма екен деген сұрақтар адамдарды ғасырлар бойы мазалап жүрген. Орта ғасырда «жастық элексирин» іздегендер аз болмады, алайда заманауи ғылым да өзінің жаңа құралдарын ұсына отырып, организмнің қартаюымен күресудің тәсілдерін табу амалдарын жасап келеді. Шамамен 150 жыл бұрын ғылымның бұл саласы «микробиотика» деп атала бастады. Осы тақырыпқа арналған алғашқы еңбектің бірі 1828 жылы жыққан, оның авторы немістің белгілі дәрігері және моралисі Ц.Ф. Хьюфланд болған. Диеталық тамақтану мен жалпы гигиена бойынша кеңестерден басқа қазіргі кездегі макробиотиканың басты белгісі болып табылатын адамның физикалық және рухани жағдайы арасындағы үздіксіз байланыс туралы пікірін де таба аламыз. Осы туралы Хьюффланд: «Физикалық және моральдық жетілгендік бір-бірімен тән мен жан сияқты тығыз байланысты, олар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды».
Қазіргі таңда макробиотика өмір ұзақтығы мәселесімен жан-жақты айналысатын адам туралы білім саласы. Гериатрия – бұл қартаю медецинасы, геронтология – қартайған жастағы мәселелер туралы ғылым, ал макробиотика жас адамға да, кәрісіне де маңызды болып табылатын мәселе ретінде өмір ұзақтығын арттыру мүмкіндіктері мен жолдарымен айналысады. Макробиотика мақсаты геронтология мақсатын қайталамайды, ең бастысы қартайған кездегі ауырғандықты жеңілдету туралы емес, кез келген жаста жұмыс істеу қабілеті мен денсаулығын сақтай отырып, ұзақ, әрі әдемі өмір сүру үшін не істеу керек туралы сөз етіледі. Макробиотика (ежелгі грек – үлкен және өмір) – бұл тамақтану мен белгілі бір өмір салтындағы ережелер жүйесі, оның көмегімен психологиялық және физиологиялық жағдайы реттеледі. Әлемнің әр түкпірінің дәрігерлері мен философтары бұл терминді өмірді табиғатпен үйлесімділігін көрсету үшін, қарапайым, теңдестірілген диетада қолданылған. Макробиотика дене клеткаларының үздіксіз жаңартылу мүмкіндігін тудыратын тұжырымдаманы назарына алады. Себебі әрбір организм үнемі жаңарып отырады, жасушалардың бірі жойылса, олардың орнына басқалары пайда болады, ал қолайлы жағдайда бұл үрдіс жалғаса беретінін ешкім жоққа шығара алмайды. Өмір ұзақтығын арттыру үшін адамнан өмірдегі құндылықтардың жаңа шамаларына қол жеткізу, өз жетістіктерін әдеттенген биологиялық бағалаудан бас тарту, өмірдің мәнін анықтап білу талап етіледі, үнемі жеке басын дамытып, денесін жетілдірумен айналасу керек. Бүркіт шамамен 500 жыл, кейбір тотықұстар 600–700 жылдан, тасбақалар шамамен 500 жыл өмір сүретіні белгілі. Адам Жер бетіндегі эволюцияның соңғы тобы ретінде тірі организмді қалыптастыруға бағытталған, серпінді даму мен өмірге бейімделген миллиондаған жылдар бойы созылып келе жатқан күш-жігердің жоғары нүктесі, яғни норманың негізінде емес, ал көп таралғанның негізінде, мүмкін болатынның емес, ал болғанның негізінде. Себебі бүркіт, тотықұс не тасбақа 500 жылдан өмір сүрсе, неліктен адамға да осылайша ұзақ немесе олардан да ұзақ тұрмас. Макробиотика үшін ғылым ретінде ұзақ өмір сүру соншалықты маңызды емес, бүкіл өмір жолы бірдей қызықты, әрекетті, оның айтарлықтай белсенді фазаларындай болғаны маңызды. Қазіргі заман ғылымында адам өмірін мынадай төрт кезеңге бөлу міндетті егде жас шарықтау шегі болып саналады, ал алдыңғы екеуі – оған даярлық кезеңі болса, соңғысы – сөну мен қалған өмірін сүру кезеңі.
Балалық шақ дене дамуының мәселелерін қамтиды, жастық шаққа психологиялық және қоғамдық жетілу, сонымен бірге ұрпағын сақтап қалу қызметін орындауға даярлығымен сипатталады. Отбасылық және қоғамдық өмірдегі белсенділік кезеңі ең маңызды деп есептеу қабылданған, оған ең көп биологиялық және қоғамдық мән беріледі. Содан соң отбасындағы балалар өсіп, өзіндік жеке өмірін бастаған кезде, ата-аналар көбінесе өзінің құндылығы төмендеді деген сезімді бастан кешіреді. Бұл сәт зейнеткерлікке шығумен сай келіп, осы жаста адамдардың шет қалды деген сезімдері туындайды. Содан кейін адам өміріндегі соңғы кезең, төртінші кезең басталады. Бүкіл жағымсыз психологиялық сәттеріне түрлі аурулар қосылады. Расында да, мүмкін болатын аурулардың бәрімен ауыруға бастаймыз. Дәрігерлер кабинетінде өткізілген күндер, дәріханаларға барулар – осының бәрі ең соңғы, ең мұңды және жалғыздық кезеңіне дейін жалғаса береді.
Өмірді ұзарту немесе өмір сүру мерзімін ұзарту – шаралар жүйесі мен тәсілдерінің жалпы атауы, оның мақсаты – қартаю үрдісін баяулату не өзгерту арқылы адам өмірінің орташа немесе максимум ұзақтығын арттыру. Өмір ұзақтығы жазатайым оқиғалармен, мысалы, жүрек немесе жүрек-тамыр жүйесінің аурулары сияқты аурулармен, сондай-ақ көптеген (бірақ барлық емес) организдерге тән қартаюдың жалпы үрдісімен шектеледі. Дене жаттығулары қартаю үрдісін белгілі бір дәрежеде тежеуі мүмкін. Қартаю үрдісінің жалпы заңдылықтары мен олардың зерттеулері қартаюдың биологиялық механизмін зерттейтін геронтологияға жатады. Өмірдің максималды ұзақтығы қартаю нормаларымен, тұқым мен сыртқы экономикалық факторларға байланысты тума бейімділікпен анықталады. Адам өмірінің ұзақтығына әсер ететін маңызды факторларға жынысты, генетикасын, денсаулық сақтау деңгейін және тамақ сапасын, дене белсенділігінің деңгейін, өмір салтын, әлеуметтік ортаны жатқызады. Ғалымдардың көбі ғылымның болашақта адам өлімі мәселесін шеше алатынына сенімді. Американдық физик, Нобель сыйлығының лауреаты Р.Фейнман: «Егер адам мәңгі қозғалтқышты жасап шығаруды ойласа, физикалық заң сияқты кедергіге ұшырар еді. Осыған қарағанда биологияда әр индивид өмірінің соңы міндетті түрде болады дейтін заң жоқ». Адам ұзақтығын түбегейлі арттыру қазіргі кезде адамзаттың маңызды міндеті болып есептеледі. Қоғамда бұл фактіні түсінбеушіліктің болуы – қоғамдағы мақсатты тұжырымдаулардың артықшылықтары дұрыс қойылмай, бұл әрекеттің қарама-қайшылығы – адамзаттың елеулі мәселелерінің бірі болып табылады. Күн сайын кәріліктен шамамен 100 000 адам өледі. Өмірді түбегейлі ұзарту ісі кеше ғана тыйым салынған, алдамшы-қауіпті деп танылса, соңғы жылдары бұл тақырып ғылыми төңкеріске ұшырап отыр. Nature ең беделді ғылыми басылым жуырдан бері өмірді ұзарту туралы мақалаларды жариялай бастаған, сонымен бірге тегін түрде қол жетімді еді, бұл осы саладағы ақпаратпен алмасу қарқынының адамзат үшін сыни маңызын ең жоғары ғылыми деңгейде тану деген сөз.
Қазіргі уақытта калорияларды пайдалануды шектейтін диеталар есебінен өмір ұзақтығын максималды түрде арттырудың кең қолданылатын әдісі болып табылады. Теориялық тұрғыда, өмір ұзақтығын максималды арттыру мерзімді түрде зақымдалған ұлпаларды ауыстыру, «молекулярлық жөндеуден өткізу» немесе зақымдалған клеткаларды, молекулалар мен ұлпаларды жаңарту есебінен қол жеткізілуі мүмкін. Өмірдің орта ұзақтығына жүйелі дене күші, шылым шегу немесе қантты шамадан көп пайдалану сияқты зиянды әдеттер әсер етеді. Ересек жастағы жүйелі дене жүктемелері. Көптеген зерттеулер қартаюдың табиғатын түсінуге ұмтылып қана қоймай, сондай-ақ қартаю үрдісіне әсер ететін немесе баяулата алатын әдістерін дамытудың амалдарын жасап келеді. Мұндай зерттеулердің пікірі бойынша өмірді ұзартудың алғашқы стратегиясы болашақта медицинаның дамуы көптеген мәселелерді түбегейлі шеше алады деген үмітпен қартаюға қарсы әдістерді қолдану деп түсініледі. Раймонд Kurzweil бойынша бұл шамамен 2020 жылы болуы мүмкін. Ғалымдардың көбі өзекті клеткалар көмегімен, органдарды (жасанды органдарымен немесе жануарлар органдарымен) ауыстыру арқылы, ағза ұлпаларын жасартуда болашақта болатын жаңалыққа сенеді, сонымен бірге «молекулярлық» немесе генетикалық жөндеу қартаю мен аурудың барлық үрдісін жояды деп үміттенеді. Келесі онжылдықта осындай жаңалық бола ма, жоқ па екенін айту мүмкін емес.
Крионика әдістеріне негізделген бағыт болашақтағы медицина ауруды жойып, денені жасартып, қайта өмір береді деген үмітпен денені немесе оның бөліктерін сақтап қоюды ұсынады.
Адам өмірін максималды түрде ұзартуды арттырудың этикалық аспектілерін қоғамда дін, саясат қайраткерлері мен ғалымдар сөз етіп жүр. Алайда өмір ұзақтығын арттыру бойынша 1980 жылдары басталған қозғалыс ғалымдар мен бұқара қауым арасында кең таралып келеді.
13.2 Өмірді ұзарту стратегиялары, ауруға қарсы күрес
Қартаю қасиеті клеткалардағы, ұлпалардағы және органдардағы зақымдалған макромолекулалардың жинақталуымен түсіндіріледі. Кейде жеке адамдар жететін өмірдің ең жоғары ұзақтығы 120–130 жасты құрайды. Жеке клеткалардың жойылу үрдісі өмір бойы болып, ағза жаңа клеткалармен уақытында ауыстыруды және ыдырап кеткен клеткалар қалдықтарын қамтамасыз ететінін айта кеткен жөн. Сол себепті медицинаның көп бөлігі өмір ұзақтығын арттыру үшін ағза жүйесін диетамен, тамақтың қосымша дәрумендерімен белсендіруді ұсынады. Басқасы, азырақ қолданылатын әдісі – бұл гормондарды немесе гормоналдық препараттарды қолдану болып табылады.
Органдарды ауыстыру және клондау. Мүшелер мен өзекті клеткаларды клондау бойынша зерттеулер мен биотехнологиялар қазіргі кезде жануарларға жасалып, қартайып жатқан дененің табиғи өсірілген қандай да бір «жаңа» бөліктеріне ауыстыратын жол таба алмай отыр. ХХ ғасырдың ортасында маймылдар мен иттерге жасалған миды ауыстыру бойынша эксперименттер қабылдамау үрдісі және ағзаның қызмет ету үрдісін қамтамасыз ететін жүйке жүйелерін тез арада орнына келтіру қабілеті болмаған себепті табысты болмады. Дене мүшелерін ауыстыру мен клондауды жақтаушылардың айтуынша, қажетті биотехнологиялар болашақта пайда болуы мүмкін. Өзекті клеткалар мен клондауды зерттеу мен кейбір моральдық нормалар (биотика) арасында қарама-қайшылық туындайды. Клондау тақырыбы бойынша арнайы зерттеулер мен статистикалық мәнді нәтижелер жоқ, себебі осы күнге дейін бірде-бір клон туралы шындықтың бар екені белгісіз.
Тоқтатылған мультипликация. Тоқтатылған мультипликация – өмір үрдісін жасанды құралдармен баяулату. Демалу, жүрек соғысы, әрі басқа да еріксіз қызметтер істей беруі мүмкін, бірақ оларды тек арнайы құралдар көмегімен ғана анықтауға болады. Эксперименттер иттерге, шошқаларға және тышқандарға жүргізілді. Қызметті баяулату үшін қатты салқындатуды қолданады. Ғалымдар жануарлар қанын суық ерітіндімен (физиологиялық ерітіндімен) ауыстырғанда, олар клиникалық өлім жағдайында үш сағат бойы жатады. Содан сон қанды қайта құйып, жүректі электр ынталандырғыш көмегімен қан айналым жүйесін қайта қосады.