Оқу құралы университеттердің докторанттары мен магистранттарына, оқытушыларға, биология, медицина мамандарына, басқа да ғылым және білімге құштар оқырмандарға арналған. Ұсынылып отырған оқу құралы «Заманауи биологияның мәселелері» атты оқу курсының бағдарламалық негізіне сай жазылған. Осы курстың негізгі міндеті болып докторанттарды қазіргі биологиялық ғылымдардың жағдайымен таныстыру, сонымен қатар, физиология, генетика, биохимия, микробиология бойынша және т.б. ғылымдардың негізгі сапалы жаңа зерттеулермен танысу және биология ғылымының дамуын қарастырады.
Негізгі мақсаты – бұл жалпы курста үйренушіге заманауи биологияның мәселелерін білу және түсіну, шығармашылық ойдың дамуын, өзара жетік меңгерген білімін жеткілікті пайдалану, өзінің білімін толықтыру, жаңа туындаған мәселелерді шешуге тез бейімделу жолдарын табу болып табылады.
Биологиялық білімдердің озықтығы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында биологиялық мәселелерімен толыға бастады. Мұның шешімі жалпы адам өркениетінің жаратылыстануға әсерін тигізеді. Биология қатал ұғымдар жүйесінің дамыған, кең теориялық жалпылау мен болжаудың нақты ғылымына айналды. Құрылымы бойынша оқу құралы дәрістер жинағы болып табылады. Тәжірибе бойынша семинарлық және тәжірибелік сабақтарға тиімді, өзіндік дайындалуға арналған оқу мәліметтерінің жұмысы жеңілдетіледі. Оқу құралында биология ғылымының негізгі мәселелері көрсетілген. Бұл шешімдер оқу-әдістемелік жетістіктеріне және физиология, молекулярлық және жасушалық биология, генетика, микробиология, теориялық биология және адам денсаулығының өзекті мәселелерінің білуге бағытталған.
Оқу материалдарында авторлар жақын және алыс шетел ғалымдарының ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерді қарастырған, яғни заманауи биологияның мәселелерін түп негізінен қараған, сонымен қатар, отандас биолог-ғалымдардың зерттеулері туралы да айтылған. Мұнда қазіргі биолог мамандарына фундаменталды ұғымдар мен логикалық ойлауды жетік білуіне қажет. Биология жаратылыстану салаларына кіретіні мәлім болғандықтан, оның дамуының жоғары деңгейлігінің биология ғылымдарының үрдісі мен денсаулықты сақтау қажетті жағдайы екені айтылған. Ұсынылып отырған оқу құралында хронобиология туралы қарастырылған, өйткені ол пәнаралық зерттеу саласы болып табылады, оның ішінде берілген ағзаның ырғағының және ұйқының бұзылуының, эндокринология, гериатрия, спорттық медицина, ғарыштық медицина және фотопериодизммен байланысты мәселелері бар.
Қазіргі биологияның мәселелерінде талқыланатын сұрақтардың бірі адам нәсілдерінің шығу тегі туралы теориялар жеткілікті түрде көп болса да, бірақ, өкінішке орай, көптеген тұжырымдамалардың қолданылуы және басымдылығы ғылыми әзірлемелердің тұжырымдамалары туралы жазылған.
Сондықтан «Заманауи биологияның мәселелері» дәріс курсында докторанттарды кең көлемде қажетті теориялық біліммен, тәжірибелі дағды-машықтармен, жас мамандарға жаратылыстану ғылымында алған білімін теорияға, қазіргі заманға сай талаптармен байланыстырып тәжірибеге ензігу болып табылады.
Оқулықта жазылған биологияға қатысты ұғымдар, көптеген ғылым салаларына байланысты мағлұматтар және кейбір биологиялық түсініктер көрсетілген.
Авторлар рецензенттеріне, яғни Семей медициналық университетінің, молекулярлық биология және микробиология кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторына М. Р. Мынжановқа, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-зертханалық орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторына О. З. Ильдербаевқа, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің биология және экология кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторына Ұлықпан Қаманға шексіз алғысын білдіреді.