7.1 Терапияның биоритмологиялық аспектілері
Биоырғақтар – тірі материяның ірге тасын қалайтын қаситеттерінің бірі, ол сау және ауру ағзаның тіршілік қызметінде оларды есепке алу қажеттігін бұйырады. Рационалды терапия кезінде науқастар ағзасының әр түрлі функционалдық жүйесіндегі ырғақтық өзгерістерді және терапевтикалық ықпалдың оларды қолдану уақытына байланысты болатынын елемеуге болмайтыны айдан анық. Бұл мәселелерді хрономедицинаның негізгі салаларының бірі хронотерапия қарастырады. Хронотерапия деп ағзаның функционалдық жүйесіндегі ырғаққа және олардың емдеу әсеріне уақытша сезімталдығына сәйкес терапевтикалық іс шаралар жүргізуді айтады. Хронотерапияның негізгі міндеті – уақыт факторын есепке ала отырып емдеуді оңтайландыру. Хронотерапия екі жолмен жүзеге асырылады: 1) функцияның қалыпты ырғақтары мен науқастардың осы тобында басталатын олардың өзгерістері туралы ұғымдардан шығатын әсер ету уақытын таңдау; 2) нақты науқас ырғақтарын зерттеу негізінде әсер ету уақытын таңдау (жеке хронотерапия). Топтық хронотерапияның артықшылығы сонда, егер аурудың осы түріне ағзаның әсер ету уақытына сезімталдығының өзгерістері белгілі болса, оны нақты науқас ырғақтарын зерттемей – ақ тағайындауға болады. Алайда, емдеу шараларын жеке биоырғақтарды ескере отырып жүргізу жемістірек болмақ, ол медицинаның жалпыға белгілі – ауруды емес, науқасты емдеу деген қағидасына сәйкес келеді. Емдеу құралдарының әр түрлілігіне байланысты хронофармокология, хронофизиотерапия, хронобальнетерапия және т.б. жөнінде айтуға болады. Дәрілік заттектерді биологиялық уақыт функциясы ретінде және оның ағзаның биоырғақтары ретінде зерттейтін хронофармокология дамудың ең жоғарғы деңгейіне жетті.
Хронофармокологияның міндеттері:
- сорудың ырғақтық өзгерістерін зерттеу, метаболизмді тіндер мен ағзаларға тарату және дәрілік заттектерді бөліп шығару (хронокинетика);
- уақытша ұйымдастыруға байланысты тіндердің, ағзалар мен физиологиялық жүйенің сезімталдығының өзгерістерін және анықтау (хроностезия);
- уақытша ұйымдастыруға байланысты препараттарды көлемі мен фармакологиялық әсерінің ұзақтығын анықтау (хронэргия).
Хронофармокологияда екі бағытты бөліп қарайды. Бірінші – биоырғақ фазаларының қайсысында тағайындалғанына байланысты дәрілік препараттардың белсенділігінің өзгерісі. Бұл проблеманы шешу дәрілік құралдарды оңтайлы пайдалану уақыты мен оңтайлы мөлшеріне қатысты ұсыныстарды жасап шығаруға мүмкіндік береді. Екінші бағыт – дәрінің әсерінен физиологиялық ырғақтарының негізгі сипаттамасын өзгерту. Бұл проблеманы шешу десинхроз жағдайын жоятын немесе әлсірететін және биоырғақтарды қалыптастыруға жағдай жасайтын дәрілер тобын анықтауға мүмкіндік береді. Жүргізілген эксперименталдық деректерге тоқтамай-ақ, адамның тәуліктік ырғақтарын ескере отырып, дәрілерді тағайындаудың маңызын суреттейтін мысалдар келтірейік.
Есірткелік ұйықтататын заттардың тиімділігі көбінесе кешке немесе түнгі уақыттарда байқалады. Бұл кешке немесе түнгі уақыттарда ОЖЖ-де табиғи тежелу үдерісі жүретініне байланысты, сондықтан оны жеңіл шақыруға және ұйықтататын заттардың көмегімен тереңдетуге болады.
Метилпреднизалонды (урбазон) стандарттық мөлшерде балаларға тері астына салу статистикалық түрде препаратты сағ. 19-да салғаннан таңғы сағат 7-де салудың, сондай-ақ түнгі 3-те салғаннан сағ. 15-те салудың артықшылығын көрсетті.
Гистаминге реакцияның ең жоғарғы байқалуы сағ. 23-те көрінеді, ал 7 мен 11 аралығындағы уақыт ең төменгі. Тәуліктік құбылушылық гистаминге қарсы препараттарға да тән. Мысалы, бронхиалды демікпемен ауыратын науқасқа перитолды таңғы сағ. 7-де тағайындау кезінде оның гистаминге қарсы әсері 15–17 сағатқа созылса, ал сағ. 19-да қабылдағаннан кейін ол тек 6–8 сағат қана әсер етті. Ацетилхолин, натрий салицилаты, резерпин, простогландин, этонол, инсулин, хлортиазид, алупент, индометацин, АКГТ, кортизол, синтетикалық кортикостероидтық препараттардың фармакологиялық белсенділігі өзгерістерінің циркадиандық ырғақтары дәлелденген. Осылайша, дәрілік препараттарды қабылдау уақытының науқастардда олардың фармакологиялық әсерінің пайда болуына елеулі әсері болуы мүмкін. Клиникалық хронофармокотерапияның бірқатар қағидалары қалыптасқан. Дәрілік препараттарды тағайындаудың оңтайлы уақытының бірінші қағидасы әсер ету қажет болып тұрған жүйенің табиғи биологиялық ырғақтарының акрофазасына еліктеу. Екінші қағида препараттың оңтайлы терапевтикалық концентрациясы патологиялық үдеріс дамуының ең жоғарғы кезеңімен сәйкес келуі. Сөз жоқ, хронофармокотерапияның қағидалары одан әрі анықтауды, дамытуды, жетілдіруді қажет етеді, дегенмен, клиникалық тәжірибе көп жағдайларда оларды растап келеді.
Фуросемидті қабылдау қан айналымы жеткіліксіз науқастарда оны ішке 40 мг. мөлшерінде қабылдау әсері тәуліктің әр түрлі уақытында әр түрлі болатынын көрсетті. Ең жоғарғы диурез сағат 10-да қабылдағанда, кіші дәретпен калийдің ең көп бөлінуі сағ. 13-те, натрийдің ең көп бөлінуі сағ. 17–18-де байқалады.
Дилантинмен емдеу кезінде вегетативті – қан тамырлық дистониямен ауыратын науқастардың биоырғақтарын ескере отырып, дәрілерді стандартты қабылдаумен салыстырғанда хронотерапия тек жоғары ғана емес, тез де әсер беретіні анықталған.
Анаприлинмен хронотерапия кезінде гипертониялық аурумен ауыратын науқастарда дәстүрлі терапиямен салыстырғанда артериалдық – веноулодилатация әсері жақсы көрінеді. Тұтастай алғанда, гипентензияға қарсы препараттардың көпшілігі үшін ерекше өнімді тағайындау сағат 15–17, әдетте, көптеген науқастардың артериялық қысымы сағат 18–20-да көтеріледі. Осылайша, 3 реткі қабылданған клофелиннің сенімді гипотензивті әсері тек 9–10 тәуліктерде ғана, ал уақытты есепке алғанда – 4 тәулікте дамиды. Егер гипертониялық аурумен ауыратын науқастарда асқыну жиілігі осы препаратты тағайындау кезінде 60 %-ға жетсе, ал хронотерапия жағымсыз зардаптарының пайда болу мүмкіндігін 10 %-ға азайтады. ЖША-ны обзиданмен емдеудің салыстырмалы сараптамалары препаратты оңтайлы уақытта 40 мг. бір реткі қабылдау тәулік бойы жүрек – қан тамырлары жүйесі белсенділігін ескермей 120–160 мг. қабылдауымен бірдей екенін көрсетті. Оның үстіне, ангиналға қарсы хронотерапия кезінде ЖША науқастарында қарсы әсерге дағдылану байқалмады. Балаларға өткір лейкозды цитостатиктерді сағ.14-те және 19-да немесе сағ. 1-да тағайындау дәрілік препараттарды күні бойы біркелкі қабылдаған науқастарға қарағанда ремиссияның 1–2 апта бұрын болатынын қамтамасыз етті. Бұдан өзге, хронотерапия асқынуды азайтты және дәстүрлі хронотерапияға қарағанда өмірді 2 есе ұзартты. Онкологиялық практикада хронотерапия қағидаларын іс жүзінде қолдану химиялық-сәулелік терапия тиімділігін 1,5–2 есе көтереді және ағза тарапынан токсикоз дәрежесін азайтады. Тері ауруымен ауыратын науқастарда триамцилонды сағат таңертеңгі 8-де бір мезгіл қабылдау тиімдірек және осы дозаны бірнешеге бөліп қабылдағаннан гөрі кері әсері аз болады; оның үстіне, препаратты күніне 1 мезгіл қабылдау аз доза жағдайында да терапевтикалық әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Хронофармакотерапияны кеңірек енгізу емдеу нәтижелерін әжептәуір арттырады деп айтуға келтірілген мысалдар жеткілікті. Тек науқас терапиясы тиімділігін арттырудын осы нақты жолы неге осы күнге дейін республикамыздың емдеу – сауықтыру орындарының жетістігіне айналмағаны таң қалдырады. Фармакологиялық тиімділіктің биожүйенің уақытша күйіне байланысты болатындығын түсіну дәрілік зеттектерді тағайындаудан бастартуға, бір мезгілдік мөлшерін азайту және кері реакциялардың байқалу кезінде емдеу нәтижелілігін арттуға мүмкіндік береді. Алайда, ағзаның дәрілік препараттарға сезімпаздығының ырғақтары өзгерістері механизмі айтарлықтай күрделі және дәрі фармакокинетикасы ерекшеліктері мен бітпейді. Хронобиология қағидаларына медикаментоздық терапия да құрылуы керек. Медицинаның осы саласында ритмология идеяларының жемістілігін растайтын жеткілікті деректер мөлшері алынған. Осылайша, хронофизиотерапия табысты әзірленіп жатыр. Оның негізіне функцияның тәуліктік кезеңі маңызды болып есептелетін бейімдеуші үдерістердің үздіксіздігі мен циклділігі туралы ұғымдар жатқызылған. Сонымен бірге, табиғаты мен дене факторы ағзаларына әсер ету ерекшеліктеріне байланысты физиотерапиядағы хронобиологиялық бағыт жеке қарастыруды талап етеді. Курортологияда емдеуді уақытша ұйымдастыру мәселелері ерекше маңызға ие, себебі санаториялық жағдайлар уақыттың сыртқы құрылғысы мен келісімді қалпына келтіруге жағдай жасайды, ал сауықтыру – курортық емдеу әдістері физиологиялық болып табылады. Шынында да, сараптамасы И. Е. Оранский жұмыстарында берілген зерттеулер сауықтыру – курортық емдеудің адамның тәуліктік ырғақтарына жағымды әсер ететінін растады. Циркадтық ырғақтарды ескере отырып, курортық факторларды тағайындау (балдық шаралар, климаттық шаралар, т.б.) сауықтыру – курортық емдеудің тиімділігін арттырғаны, бұзылған физиологиялық үдерістерді түзетуге жақсы септігін тигізгені дәлелденген. Яғни, табиғи факторлардың әсері көп жағдайда оларды тағайындау уақытына байланысты болады, себебі уақыт – ағзаның функционалдық күйіне нақты ықпал ететін маңызды категориялардың бірі. Хронобиологиялық қағиданы әр түрлі аурулар терапиясы тиімді әдістерінің бірі болып табылатынын емдік дене шынықтыруды тағайындау кезінде де пайдаланған дұрыс. Зерттеулер ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы) өткізу үшін оңтайлы уақыт таңдау вегетативті – қан тамыры, цереброваскулит пен арахноидпен ауыратын емделушілерде әсерін айтарлық көтеретінін дәлелдеді. Аурулардың емделуін оптимизациялау үшін – айлық, маусымдық, жылдық және т.б. ырғақтарын білу керек. Биоритмнің өмір әрекетіне қаншалықты маңызды болса, флюктуацияның емдік әсері үшін соншалықты сезіледі. Емдік іс-шараларының уақытша құрылу терапиясының үлкен мәні ағзада функциясының циркадты өзгерістері мен патогендегі көп ауруларының биоритмдік мәнімен түсіндіріледі. Хронобиологиялық әдістердің терапияға жемісті қызметін гомеостаздың жаңа түрі секілді аурумен түсіндіруге болады.
7.2 Хрономедицина мен хронотерапияның проблемалы сұрақтары
Физиологиялық функциялардың ырғақты ұйымдасуы денсаулыққа, ағзаның жұмыс істеу қабілеттігі мен резистілігінің түрлі әсерлерге, соның ішінде емдік әсерлерге ықпалын тигізеді. Осыған байланысты – хрономедицина деген жаңа ғылыми бағыт қалыптасты, оның құрамына хронопатология, хронофармакология, хронотерапия, хронофизиотерапия және т.б. бөлімдер кіреді. Биоырғақтарды зерттеу ауру өзгеріп тұратын үдерістердің бұзылуымен байланысты болатынын көрсетеді. Бұзылулар тек зақымданған мүше мен ұлпаны ғана емес, басқа жүйелерге де тарайды. Биоритмологиялық зерттеулер жүрек-қан тамыры аурулары кезінде жүргізілді. Мұндай зерттеулер жүргізу тыныс алу органдары, эндокриндік жүйе, бүйрек аурулары кезінде жүргізілуі ол да маңызды. Сонымен бірге, биоритмологиялық ырғақтар қай кезде аурудың себептері болатынын немесе оның өтуіне жағдай жасайтынын және қашан патологиялық үдерістің салдарынан болатынын анықтау керек. Биоритмологиялық өзгерістер туралы ақпарат белгілі диагностикалық мағынаға ие болуы мүмкін. Бейімдеу күйін, ағзаның өзіне тән емес резистенттілігін бағалау үшін биоритмологиялық өзгерістерді қолдану өте керек. Ағза функциясының уақытша координациясының бұзылуы патологиялық үдерістің дамып жатқанының бірінші айғағы екені белгілі. Сондықтан биоритмологиялық өзгерістерді зерттеу патологиялықтың алдындағы жағдайды және аурудың алдын ала диагностикасын бағалауда, профилакториялық шараларды ұйымдастыруда, сондай-ақ аурудың өтуі мен аяқталуын болжауда үлкен маңызы болуы мүмкін. Хронобиология мен хронотерапияның негізгі міндеттерінің бірі биоырғақтардың жеке сипатын сенімді тіркеу. Қазіргі заманғы диагностика мен лабораториялық жабдық, телеметриялық жүйелер және есептеу техникасы құралдары оны шешу үшін кең жол ашуда. Жеке биоритмология тек науқастардың терапиясын жекелендіріп қана емес, әр түрлі паталогиялық үдерістердің асқынуын тәулік ішінде таратып бөлуді зерттеуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осы және басқа терапевтикалық іс-шараларды өткізу кезінде тәуліктің оңтайлы уақытын анықтау үшін критерийлерді таңдау мәселесі өзекті болып табылады. Бұл критерийлер қол жетімді және биоырғақтардың жеке ерекшеліктерін көрсетуі керек. Циркадтық ырғақтардың құрылуы және өзгерістері физиологиялық үдерістердікі секілді, жас мөлшерімен тығыз байланысты. Ағзаның өсуі мен дамуы бойынша ырғақ амплитудасы ұлғаяды, ал оның қартаюы жекелеген функция ырғақтарының біртіндеп жоғалуына әкеп соғады. Сондықтан циркадтық ырғақтардың жас ерекшелік нормасын, әсіресе оның әр түрлі паталогиялық қалыптағы өзгерістерін анықтау және солардың негізінде хроногериатрия мен хронотерапияның ғылыми қағидаларын әзірлеу керек. Хронотерапия ағзаның әр түрлі сыртқы әсерлерге, ең бірінші фармокологиялық сезімталдығының тәуліктік өзгерісін есепке ала отырып жүргізілетін емдік іс шаралар кешенінен тұрады. Дәрілер фармокинетикасын хронобиологиялық зерттеу де аса маңызды. Хронотерапияны дәрігердің практикалық қызметінде табысты пайдалану үшін, емдік әсер етудің тиімділігі ағзаның қандай физиологиялық ырғақтармен анықталатындығы туралы мәселені шешу тікелей маңызды. Әрбір терапевтикалық әдіс үшін маркерлік биологиялық ырғақтарды таңдау қажеттілігі туындайды. Хронотерапияның дамуы мына жағдайды қиындатады, хронофармакологиялық мәліметтердің негізгі бөлігі сау адамдар мен жануарларды зерттеу нәтижесінде алынған, сондықтан олар науқас адамдарға бүтіндей жарамды бола бермейді. Белгілі бір паталогия кезінде фармакологиялық жауап динамикасын ашып оқу сияқты күрделі, әзірше шешілуі қиын проблема тұрады. Әңгіме хронопаталогияның осындай проблемаларын зерттеу қажеттігі және оның эксперименттегі ұқсас моделдерін іздестіру туралы болып отыр.
Ауру кезінде ырғақтық үрдістердің вариабелдік бұзылуы ерекше анықтауда қиындыққа түседі. Физиологиялық қызметтердің қалыпты ырғақтық құрылысы ұйымдасу деңгейдің сол немесе басқа кезінде бірге бұзылуы болады: тербеліс кезінінің қысқарылуы немесе ұзаруы, олардың амплитудасының әртүрлі бағытталған өзгерістері, акрофазаның ауысуы және т.б. Жеке бөліктен қозғалысты алып қарастырғанда, бұл қиын, бірақ та керекті талап. Маңызды зерттеу міндеттерінің қатарына терапевтикалық ықпалдардың уақытша тәуелділігі механизмін оқып үйренуді де жатқызу керек. Оларды түсіну үшін дәрілердің және басқа дәрілік құралдардың ағзадағы өзгеріс үдерістері иерархиялық ұйымының әр түрлі қабаттарына, әсіресе, бастапқы осциляторлар мен орталық реттегіштер, пейсмекерлік аппараттар арасындағы қатынастарға ықпалын зерттеу маңызды. Сондай-ақ терапевтикалық іс шараларды кешенді қолдану проблемасы да аз зерттелген. Сонымен бірге, жекелеген емдеу құралдарын пайдалану аралығындағы уақытша интервалдың өзгеруі соңғы терапевтикалық нәтижеге айтарлықтай әсер етеді деп ойлауға барлық негіз бар. Бұл мәселені бүге-шүгесіне дейін оқып үйренбейінше, емдеу үдерісін оңтайландыру мүмкін емес. Осылайша, биоритмология идеяларына негізделген хиронотерапия медициналық практикаға берік кіруі және емдеу үдерісін оңтайландыру құралдарының маңызды құралдарының біріне айналуы керек. Оның көп артықшылықтары бар: жоғары тиімділік, емдеу курсын қысқарту және арзандату, емдеу процедурасын аз мөлшерде қолдану, асқыну және кері реакциялар қатерін төмендету т.б. Ол үшін психологиялық бөгетті жеңу ғана емес, мониторигтің приборлық базасын құру, емдеу әдістерінің толық биоритмикалық сипаттамасын жасау және хиромедицина мен хронобиологияның қолданбалы және теориялық аспектілерін әзірлеуді кеңейту. Осында көтерілген проблемалар хиронотерапия жолындағы қиындықтарды жеңуге және практикалық дәрігерлердің оның қағидаларын тезірек меңгеруіне ықпал етеді деп ойлаймыз.
7.3 Биоырғақтылық
Биологиялық ырғақтар – биологиялық үдерістер мен құбылыстардың сипатының мерзімдік қайталанатын өзгерістері. Олар оны ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде тірі материяға тән, яғни молекуладан субжасушалыққа дейін және биосфераға дейін. Тірі табиғаттың негізгі үдерісі болып табылады. Кейбір биологиялық ырғақтар салыстырмалы түрде өздігінен (мысалы жүректің жиырылу, тыныс алу жиілігі), кейбірі ағзалардың геофизикалық циклдарға – тәуліктік циклге (мысалы, клеткалар бөлінуі интенсивтілігі өзгерісі, зат алмасу, жануарлардың қозғалыс белсенділігі), ағылу цикліне (мысалы, теңіз моллюскалары раковинасының ашылуы, жабылуы) жылдық циклге (жануарлардың саны мен белсенділігі, өсімдіктердің өсуі мен дамуы т.б.) бейімделуімен байланысты. Тірі жүйенің мінез-құлқындағы биологиялық құбылыстарды жүзеге асыруда уақыт факторының рөлін биологиялық жүйелерді, табиғатты, уақытша ұйымдастыруды ағза үшін биоырғақтардың маңызы мен пайда болу шарттарын зерттейтін ғылым биоритмология деп аталады. Биоритмология 1960 жылдары пайда болған биология бөлімі – хронобиологияның негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Биоритмология мен клиникалық медицинаның түйіскен жерінде биоырғақтардың әр түрлі аурулардың барысы мен байланысын зерттейтін, биоырғақтарды есепке ала отырып ауруларды емдеу және сауықтыру сызбасын әзірлейтін және биоырғақтардың басқа да медициналық аспектілерін және олардың бұзылуын зерттейтін хрономедицина тұрады.
Биоырғақтар физиологиялық және экологиялық болып бөлінеді. Физиологиялық ырғақтар секунд бөлігінен бірнеше минутқа дейінгі кезеңі бар. Бұл, мысалы қысым, жүрек соғысы және артериялық қысым ырғақтары. Экологиялық ырғақтар ұзақтығы жөнінде қоршаған ортаның қандайда біртабиғи ырғағымен сәйкес келеді. Биологиялық ырғақтар клеткадағы қарапайым биологиялық реакциялардан басталады. Сол себепті, тірі ағза әр түрлі сипаттағы сансыз көп ырғақтардың жиынтығы болып табылады. Ғылымның соңғы деректері бойынша адам ағзасында 400 жуық тәуліктік ырғақ анықталған. Ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі эволюциялық даму үдерісінде оның құрылымдық ұйымдастырылуын жетілдіру бағытында және де әр түрлі функционалдық жүйе әрекетінің уақыт пен кеңістігін келісу бағытында да жүрді. Жарықтану, температура, ылғалдық, геомагниттік өріс, Ай мен Жердің Күнді айналып қозғалуымен байланысты және т.б. қоршаған орта параметрлерінің өзгерістері кезеңінің тұрақтылығы эволюция үдерісінде сыртқы әсерге төзімді және тұрақты, биоырғақ түрінде көрінетін уақытша бағдарламалар жасауға мүмкіндік берді. Кейде экологиялық немесе бейімдеуші ырғақтар деп белгіленетін осындай ырғақтар (мысалы: тәуліктік, ағылу, айлық, жылдық) генетикалық құрылымда бекітілген. Ағза сыртқы табиғи өзгерістер туралы ақпараттардан айырылып қалған жасанды жағдайларда (мысалы, үздіксіз жарықтану немесе қараңғы кезде, ылғалдықпен, қысыммен, т.б. бір деңгейде ұсталатын күй-жайда) бұндай ырғақтардың кезеңдері қоршаған ортаның сәйкес ырғақтары кезеңінен ауытқиды, өзінің жеке кезеңін байқатады.
7.4 Адам бейімделуінің биоритмологиялық аспектісі
Адамның негізгі тәуліктік ырғақтары:
1) Ақыл-ой және физикалық жұмыс қабілеттілігі. Адамның күндізгі сергектігі кезінде көру және есту тітіркендіргіштерге реакция уақыты азаяды, ақпаратты қайта өңдеу жылдамдығы мен дәлдігі артады. Сонымен қатар, дене еңбегі түнге қарағанда күндіз тиімді, күндіз өйткені қозғалыс координациясы, жүйке бұлшықеттер аппаратының тұрақсыздығы, бұлшық еттің күші мен оның төзімділігі жоғары.
2) Тыныс алу. Адамның тыныс алуының тәуліктік жиілік ырғағы, тереңдігі және минуттық көлемі күндізгі уақытта барынша жоғары болады, тыныс алу мен тыныс шығарудың барынша жоғары жылдамдығы күннің екінші жартысында байқалады.
3) Жүрек-қан тамыр жүйесі. Қан айналымның барлық көрсеткішінің нақты тәуліктік уақыты бар. Адамның тыныштық жағдайында жүректің жиырылу барынша жоғары жиілігі күннің екінші жартысында байқалады. Миокарданың қысқарту қызметі, қан айналымының екпінді және минуттық көлемі, жүректің қысқаруының қуаттылығы да күндізгі уақытта жоғары болады. Диастологиялық қысым көбінесе түнде және таңертең жоғары болады. Қан тамырларының тарылтушы және кеңейтуші агенттеріне әсері күндізгі уақытта жоғары болады.
4) Метаболикалық үдерістер. Көміртектік-липидтік алмасу көрсеткіштерінің бірі – қолданылатын оттегінің бөлінетін СО-ға қатынасы күндіз бірге тең және түнде төмендейді. Ағзаның көміртегін пайдалануға қабілеттерінің артуы күннің бірінші жартысында глюкоза жүктемесіне шыдамдылықтың артуынан байқалады. Липидтердің максималды жұмылдырылуы кешке және түнде байқалады. Қан сарысуында триглицеридтер мен холестериннің көбеюі күндіз, ал ондағы төмен және өте төмен тығыздықтағы липопротеидтердің суммарлық фракциясы кешке байқалады. Ақуыз ауысуының тұрақты биоырғағы үшін ағзаның белсенділік кезінде катаболиктік үдерістердің және тыныштық сәтінде анаболиктік үдерістердің басымдылығы тән. Несепнәрінің сыртқа шығарылуы күндіз артады, су-электролиттік алмасудың көрсеткіштері – кіші дәретпен бірге су, натрий, калий, кальций, хлоридтер, т.б. органикалық емес заттектердің шығуы – ағзаның неғұрлым белсенді кезеңіне сәйкес келеді.
Осы циклдік үдерістің барлығының координациясында жүйкелік және эндокриндік регуляция механизмдері белсенділігінің циркадиандық ырғақтары жетекші рөл атқарады. Оның барлық звеноларының (ОЖЖ-ның жоғарға бөлімдері, вегетативтік жүйке жүйесі, рилизинг факторлардың гипоталамиялық секрециясы, гипофиз гормондар секрециясы, перефериялық темірлердің функционалдық реактивтілігі, қанның тасымалдық жүйесі, сыйымдылығы, метаболизм, т.с.с.) өз биоырғақтары бар және гормондар концентрациясының тәуліктік өзгерісін анықтайды, сол арқылы басқа физиологиялық көрсеткіштердің биоырғақтарын кіргізеді. Оның ұйқы мен сергектік фазаларының ауысымына тығыз байланысты болатын вегетативтік жүйке жүйесі тонусының өзгерісіне де қатысы бар. Бұл кезде адреналин, норадреналин және олардың кіші дәретте алмасу өнімдері және қандағы катехоламиндердің деңгейі күндіз түнгіге қарағанда жоғары болады. Гипофиз белсенділігінің тәуліктік ырғағы троптық гормондар белсенділігінің өзгерісінде байқалады. Олардың барынша жоғары секрециясы түнгі ұйқы мезгілінде болады. Түннің бірінші жартысында қандағы тириотроптық гормонның деңгейі өседі. Адренокортикотроптық гормон концентрацияның өзгеруі түннің екінші жартысындағы кейбір көтерілуі сипатталады. Қандағы перифериялық эндокриндік темірмен қалыптасатын гормондардың барынша көп болуы тропты гормонның көтерілуімен сәйкес келеді немесе, одан 2-3 сағатқа қалып қояды. Мысалы, адам қаны плазмадасындағы глюкокортикоидтардың концентрациясы ояну алдында ең жоғарғы деңгейге жетеді; бұл кезеңде қандағы андрогендер құрамы да көбейеді. Тиреоидтық гормондар концентрацияның түннің екінші жартысында аса жоғары болады, ал альдостерон концентрациясы таңғы уақытта жоғары болады. Циркадтық ырғақтар, сонымен бірге, иммунитет, соның ішінде, фагоцитоз, қан құрамында Т және В лимфоцидтерінің болуы, комплимент белсенділігі факторлары жағынан да болады. Ағзаның әр түрлі функцияларының тәуліктік өзгерісі мінез-құлықтық, физиологиялық және метаболикалық үдерістердің белсенділігінің қатаң реттелген кезектілігі сақталатын тұтас ансамбль құрайды. Ырғақтардың уақытша координациясы негізіне ағзаның әр түрлі жүйелерінің өзгеріс деңгейіне сәйкес принцип жатады, ереже бойынша, бұл жүйелердің функционалдық мүмкіндіктерінің ырғақтарымен фаза бойынша синхронды болады. Тәуліктік циклды шартты түрде белгілі эндокриндік және метаболикалық үдерістердің басымдығын сипаттайтын 3 фазаға бөлуге болады (Деряпа Н. Р. және т.б., 1985 ж.). Қалыптасудың І фазасы адам ұйқысының бірінші жартысын қамтиды, бұл фазада соматотроптық гормон (СТГ), пролактин, тиреотроптық гормон (ТТГ), лютеинизилеуші гормон (ЛГ), яғни анаболикалық әрекеті басым гормондардың секрецияларының көтерілуі байқалады. Осымен бір мезгілде үздіксіз өзін-өзі жаңарту қасиеттері бар клеткалардың миотикалық белсенділігі артады. Белсенділіктің ақырғы кезеңінде парасимпатикалық әсерлердің басым болуы бауырда гликогеннің жиналуына ықпал етеді, ол ұйқы кезінде биоэнергетикалық субстраттардың ішкі түсімі болмаған жағдайда ағзаның биоэнергетикалық қажеттіліктеріне жұмсалады. Электроэнцефалограммада (ЭЭГ) бұл кезеңде баяу, толқындық ұйқы сатысы басым болады. Құралымдық, функционалдық қалпына келумен қатар ұйқының бірінші жартысы белсенді кезеңде жиналған ақпараттарды ұзақ уақыт сақтау үдерісінде маңызды рөл атқарады. Баяу-толқындық ұйқы кезінде СТГ секрецияларының көтерілуі мидағы ақуыздар синтезін тездетеді және ұзақ мерзімді жады қалыптастыруға ықпал етеді деген болжам бар. Белсенді әрекетке дайындықтың ІІ фазасы ұйқының екінші жартысында және сергектіктің бастапқы кезеңінде өтеді. Бұл кезең жиналған ақпаратты шығармашылық қайта өңдеу және реттеуде маңызды рөл атқаратын ұйқының парадоксалды сатысының үлесінің артуымен сипатталады. Парадоксалды ұйқының басталуымен қатар АКТГ мен кортикостероид секрециясы ұлғаяды. Гипоталама - гипофизарлық жүйенің қосылуы СТЛ, ЛГ, ТТГ секрециясын реципролық жаншиды. Кортикостероид деңгейінің өсуі клетканың митотикалық белсенділігін азайтады. Пептидтік гормондарға қарағанда стероидтық гормондардың метаболикалық әсерлерінің көбі мәнді латентті периодтан кейін іске асады. Сондықтан, стероидтық гормондар дейгейінің көтерілуінен пайда болған метаболикалық өзгерістер тек қандағы глюкокортикалық концентрациясының ең биік жоғарылағанынан кейін 4–6 сағат кейін байқалады. Нейрофизиологиялық критерийлер бойынша белсенділіктің ІІІ фазасы сергектіктің жоғарғы деңгейімен сипатталады, ол жоғарғы жиіліктегі ЭЭГ ырғақтарының басымдығынан ағзаның сыртқы әсерлерге жүйкелік, моторлық және вегетативтік жоғары реактивтілігінен көрінеді. Бұл кезеңде симпатикалық - адреналдық жүйенің функционалдық белсенділігі күшейеді. Бұл жүйенің гормондары мен нейромедиаторлары жүрек қызметін ынталандыруда ағзаның эмоционалдық реакцияларын қалыптастырудағы биоэнергетикалық субстраттарды жұмылдыруда және оқу үдерістерін арттыруда маңызды рөл атқарады. Адреналин мен норадреналин клеткалардың миотикалық белсенділігін әжептәуір басады.
Биологиялық ырғақтар ағзаның кез келген қасиеті секілді жеке ерекшеліктерге ие. Тәуліктік ырғақтың қисық сызығының әр түрлілігін, бір жағынан, сыртқы жағдайлар, екінші жағынан, ағзаның ішкі қасиеттері: денсаулық жағдайы, жас, конституционалдық ерекшеліктері анықтайды. Адаммен қоса, ең жоғарғы ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттілік фазалары бойынша жеке ерекшеліктеріне негізделген биоритмологиялық жіктелу кең тараған. Таңғы типке жататын адамдар («бозторғайлар»), күннің бірінші жартысында жұмыс істегенді жақсы көретін, олардың тәуліктік ырғақтары, бірінші кезекте дене температурасы ортостатистикалық мәнге қарағанда жоғары болады. «Бозторғайлар» тез ұйықтайды және ұйқыға кеткен уақытына қарамастан таңғы уақытта ылғи бір мезгілде оянады, кеш ұйықтаған кезде олардың ұйқы ұзақтығы едәуір қысқарады, ал субъективтік бағалау бойынша ағзаның функционалдық күйі нашарлайды. Кешкі типке жататын адамдар («жапалақтар»), керісінше күннің екінші жартысында тіпті түнде жұмысқа қабілетті болады, олардың жоғарғы температуралық режимі кешкі уақытқа ауыстырылған. «Жапалақтар» ұйқыға ұзақ уақыттан кейін кетеді, бірақ олардың ұйқысының ұзақтығы үнемі тұрақты болып қалады. Сондықтан, ұйқыға кеткен уақытына қарамастан олар өздерін жақсы демалғандай сезінеді және жоғары жұмысқа қабілеттілігін сақтайды. Неміс зерттеушісі Хамп 400 зерттелушіден тұратын топтың екі типке жататын 52 % анықтады: оның 35 % пайызын ол «кешкі» типтегілерге, 17 % «таңғы» типтегілерге жатқызды. «Таңғы» типтегілердің басым бөлігі (28 %) басым бөлігін ол қызметкерлердің арасынан тапты; ақыл-ой еңбегі қызметкерлері арасынан кешкі типтегілер басым болды, дене еңбегімен айналысатын жұмысшылардың арасында 50 % жуығын («аритмиктер» құрады). Мәскеулік жоғарғы оқу орындарының бірінің студенттерін зерттеу кезінде, олардың 25 % таңғы уақытта жұмыс істеуді қалайды, 30 % астамы кешкі тіпті түнгі уақытта, ал 45 % кез келген уақытта бірдей әсерде еңбек етеді. Осы студенттердің жеке ерекшеліктерін анықтағанда айтарлықтай ерекшеліктер пайда болды. «Таңғы» уақыттың өкілдері жігерлі болды, олар қалыптасқан көзқарастарға, қоғамдық нормаларға қуана ілесті. Сәтсіздіктер бұл студенттердің өз күштеріне сенбеушілігін тудырды, қорқыныш пен қобалжу пайда болды, көңіл күй және шешім қабылдағыштығы төмендей түсті. Бұл топтағы студенттер қайшылықтардан, жағымсыз әңгімелерден қашуға тырысты. «Кешкі» топтағы студенттер де жоғарғы белсенділігі болды, «таңғылардан» ерешелігі олар сәтсіздіктер мен жағымсыз оқиғаларды тез ұмытты. Олар мүмкін болатын қиындықтардан, қайшылықтар мен эмоционалдық проблемалардан қорыққан жоқ. «Аритмиктер» аралық қалыпта болды, бірақ олар «таңғы» топқа жақын болды. «Таңғы» топтағы адамдардың «кешкі» топтағы адамдарға қарағанда көп жағдайда қан қысымы көтеріңкі болды.
Маусымдық ырғақтар. Маусымдық ырғақтар деп жылға тең (циркануалдық) периоды бар биологиялық өзгерісті атайды. Оның мақсатты функциясы ағзаны әр түрлі жыл мезгілдерінің сыртқы жағдайларының өзгерістеріне бейімдеу болып табылады. Циркуалдық ырғақтар негізіне ішкі және сыртқы себептер жиынтығы жатады, оларды әрекет механизмі бойынша ажыратылатын 3 топқа біріктіруге болады (Деряпа Н. Р. 1985 ж.):
1) Қоршаған ортаның, ең алдымен, температураның, сондай-ақ азықтың сапалық және сандық құрамының негізгі параметрлерінің жылдық өзгерістерінің өтеміне бағытталған ағзаның функционалдық күйінің бейімдеуші өзгерістері.
2) Ортаның дабылдық факторларына реакциялар – жарық күннің ұзақтығы, геомагниттік өріс қуаты, азықтың кейбір химиялық компоненттері, маусымдық уақыт «қадағасы (датчик)» рөлін атқаратын орта факторлары – дәл осы факторлардың әрекетіне бейімделуге байланысты болмайтын ағзаның елеулі морфофункцияналдық қайта құрылымын шақыруға қабілетті.
3) Маусымдық биоырғақтардың эндогендік механизмдері. Бұл механизмдердің әрекеті ағзаның қоршаған орта параметрлерінің циклдік өзгерістеріне толыққанды бейімделуін қамтамасыз ететін бейімдеуші сипатта ие.
Репродуктивтік қызметі. Репродуктивтік қызметінің маусымдық биоырғақтарын іске асыруда эпифиз және гипоталамо-гипофизарлық жүйе жетекші рөл атқарады. Түннің ұзаруымен бірге, өз кезегінде, гипоталамо-гипофизарлық жүйесінің гонадотроптық функциясын ығыстыруға әкеп соғатын мелатониннің қалыптасуы көбейеді.
Зат алмасу. Адамның азық-түліктерді еркін таңдау жағдайында азықтың жалпы калориясы күзгі, қысқы мезгілде артады. Жазда көміртектерді пайдалану, қыста майларды қолдану артады. Соңғысы қанда жалпы липидтердің, триглицериттердің және бос майлардың өсуіне әкеледі, жылдың суық мезгілінде оттегіні пайдалану деңгейінің өсуі және дененің үстіңгі жағынан жылу берудің төмендеуі байқалады. Қысқы айларда – симпато-адреналдық жүйенің функцияналдық жүйесінің артылуы жүректің жиырылу жиілігінің артуымен, түкірікте натрий концентрациясының төмендеуімен, ағза ұлпасында адреналин мен норадреналиннің бөлінуімен қатар жүреді, қанда гипофиздің троптық гормондары концентрациясының өсуі көктемге тән, ал тестостеронның өсуі жаздың екінші жартысы мен күздің басына тән. Бауыр үстінің глюкокортикоидтық функциясы жазда өте төмен болады. Ренин-ангиотензин-альдостерондық жүйесінің функциясы көктемгі айларда өте жоғары, ал қалқанша бездің функционалдық белсенділігі қысқы уақытта артады. Қан айналу жүйесінің функционалдық белсенділігі энергетикалық алмасудың маусымдық өзгерістерімен сәйкес келеді. Жүрек жиырылу жиілігімен қатар қысқы уақыттарда дені сау адамдардың қан қысымы көрсеткіштері және миокарданың қысқарту функциясы жоғары болатыны байқалды.