14.1 Адамның биологиялық құқықтары
Адамның қажеттіліктері бірнеше топқа бөлінеді: қарапайым қажеттілік: тамақ, киім, баспана, ауа, су; нақты заттар мен таңдау мүмкін болған жағдайлардағы екінші қажеттіліктер; жалған қажеттіліктер, яғни, сәндік-салтанат заттарына қажеттілік және қандай да бір дағдыға басу. Сонымен бірге, қажеттіліктің және жалған қажеттіліктердің базалық және маңызды биологиялық түрлері болады.
Базалық биологиялық қажеттіліктер. Оларға тамақ, киім, баспана, ауа, судан басқа одан күрделілеу, бірақ адам үшін қажетті шарттар: қауіпсіздік; жылу, акустикалық, электромагниттік жайлылықтар; физиологиялық және генетикалық аномалияға және жағымсыз әсерлерге әкеп соқпайтын ауа құрамы; ауыз су, тек ластанбаған, адам өміріне қауіп тудырмайтын ғана емес, сонымен бірге дәмі де татымды; азықтанудың теңгерімділігі, адам ағзасының энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ететін тамақтың калориялылығы, сондай-ақ ауыстыруға келмейтін азық элементтеріі мысалы, амин қышқылдары, дәрумендер, майлар, ақуыздар, көміртектер; азықтың белгілі дәмдік сипаты және оның зиянсыздығы, яғни экологиялық тазалығы; ұрпақ жалғасуы.
Маңызды биологиялық қажеттіліктер. Оған жататындар: толыққанды ұйқы және демалыс, яғни релаксация; аурудан және антропогендік ластанудан қорғану; кеңістікті жайлылық (кеңістіктегі әр адам үшін белгілі орын); табиғи орта (биогендік) жайлылығы, және де осы топтағы адамдар бейімделген табиғи орта; ландшафтық табиғи орта (теңіз үстінен белгілі биіктік, белгілі бір желдің болуы немесе болмауы, температура тербелісінің диапазоны және атмосфералық ауа ылғалдылығы); қозғалушылық және еңбек (гиподинамия – қала жұртшылығының типтік ауруларының базалық себептерінің бірі); денсаулық және мидың дамуына арналған ақпарат (бұл ақпараттың көлемі мен сапасы да маңызды); биологиялық-әлеуметтік климат, яғни, қоғамның иерархиялық құрылымындағы белгілі жағдай. Табиғи эволюциялық қалыптасқан қажеттіліктерге қайғыру қажеттілігі де жатады, яғни, социумдағы негізгі эмоционалдық негіздердің бірі, сондай-ақ, еңбекте және өмірде жеке телімнің болуы. Аталған қажеттіліктерден олардың көпшілігі бір қарағанда адамға ғана тән сияқты болып көрінеді, алайда олар тек адамға ғана емес, басқа да тірі жан иелеріне, әсіресе, адамға туыс жоғарғы жануарларға да тән. Адам үшін өзінің шынайы қажеттіліктерін сезінудің маңызы зор, өйткені соған сәйкес адам өзінің субъективтік құндылықтар жүйесін құрады. Бұл мүмкіндіктер, сондай-ақ өмірдегі табыс және оны жүзеге асыруға ұмтылу, жайлылық туралы елестету табиғи қажеттіліктерге сүйенетін болса, онда тек әлеуметтік қана емес, жеке өмірде де табысқа қол жеткізуге болады.
Жалған қажеттіліктер. Егер биологиялық қажеттіліктер жүзеге аспаса, олар жалған қажеттіліктермен, мысалы агрессия жолымен агрессияға немесе көшбасшылыққа, немесе молшылық заттарына алмастырылады. Жалған қажеттілік ақыр соңында адамның асоциалдық мінез-құлқына ғана емес, сондай-ақ көптеген экологиялық заңдардың, яғни адамның мінез-құлық ережелерінің бұзылуына әкеледі. Физиологиялық тұрғыда адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері эмоциямен байланысты, ал эмоция өз кезегінде ойлау үдерісінің – адамның интеллектуалдық әрекетінің құрамды бөлігі болып табылады. Біздің әрекетіміздің эмоционалдық мотивациясы оқудағы табыс, есте сақтау, дене және интеллектуалдық қабілеттерді көтеруге жағдай жасайды. Табиғи қажеттіліктерді қанағаттандыра алмау мүмкіндігімен байланысты эмоционалдық сараң адамды үнемі күйзеліс күйге әкеледі. Адамның қажеттіліктері оның биоәлеуметтік құрылымынан шығады. Ғалымдар (Н. Ф. Реймерс және т.б., 1944 ж.) адам биологиялық та, әлеуметтікке де ұқсамайды деп санайды. Жеке адам, топ, ұжым тағы басқа бірлестіктер тұтасымен көп деңгейлі иерархиялық жүйені құрайды. Бұдан адам мен қоғам моделдері (матрицалар) үш өлшемді – сапалық-жеке бастық, функционалдық және иерархиялық әр жақтылық және дамудың: жеке бастық-жасшамалық және тарихи екі векторы бар. Адам мен адамзатты бүтін жүйелік білім ретінде қарастыра отырып, Н. Ф. Реймерс былай деп атап өтеді:
– өз түрінің өкілі ретінде адамның бейімдеуші сипаттағы генетикалық және фенотиптік анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері болады, олар табиғи ортаның адам ағзасына әсер ету дәрежесін анықтайды, мысалы механикалық тұрғыдан популяция ретінде негрлер мен эскимостардың «орындарын ауыстыруға» болмайды.
– адам кіші және үлкен бірлестіктерде экологиялық мінез-құлық жағынан ерекшеленеді. Осылай, отбасында алатын табыс бойынша экономикалық басшыны анықтау оңай. Психологиялық жағынан отбасы басшысы экономикалық жағымен сәйкес келмеуі мүмкін. Айрықша топтар үшін оңтүстік және солтүстіктік адам типтері жеткілікті айқын.
– адамның қалауындағы және іс жүзінде жүзеге асырылатын еңбек адамның сипаты оның барлық нюанстарымен бірге таза экономикалық сипаттарынан ерекшеленеді және «адамдық тұтас» басқа барлық ерекшеліктерден ажыратылады.
– әлеуметтік тұтастық бір-бірінен ерекшеленеді (скандинавиялық этнос германдық және британдық этностан анық ерекшеленеді, моңғолдықты айтпағанның өзінде).
– әлеуметтік тұтастықтар да бір-бірінен ерекшеленеді (зиялы қауым, жұмысшы, шаруа).
– адамдардың экономикалық ұмтылыстары олардың қандай да топқа жататынына байланысты, бірақ солай бола тұра оған сәйкес келмейді (адамның өндірістік және әлеуметтік сипаты әр түрлі, экономикалық қамтамасыздығы әлеуметтік мәртебесімен толықтай сәйкес келмейді).
– антропиялық-жүйе ұйымының иерархиялық деңгейінің біреуінің мақсаты екінші иерархиялық деңгейінің мақсаттарына сай келмеуі мүмкін, яғни, жеке әлеуметтік қажеттіліктер мен отбасы қажеттіліктерінің арасында, ірі бірлестіктердің тіпті де, белгілі қарама-қайшылықтар болады.
14.2 Қажеттіліктің жіктелуі
Базалық қажеттіліктер: бұл барлық адамдарға тән жалпыға бірдей қажеттіліктер. Базалық қажеттіліктерге: материалдық, әлеуметтік, рухани қажеттіліктер жатады. Базалық қажеттіліктердің ішінде олардың көп модификациясын, қосымша сипаттамасын табуға болады. Мұндай қажеттіліктер базалық қажеттіліктердің нақтылануы болып табылады, оның пайда болуының қай жағын болсын сипаттайды және негізгі немесе қосымша қажеттіліктер деп аталуы мүмкін. Осылайша, биологиялық қажеттіліктерде антропологиялық қажеттіліктерді бөлуге болады, олардың бөлінуінің негізі болып адамдардың жынысына қарай (сексуалдық қажеттілік), жасына қарай, нәсілдік, этникалық қоғамдастыққа жатуына және т.б. қарай ажыратылуы болып табылады.
Материалдық қажеттіліктердің ішінде тұрмыстық қажеттіліктерді – баспана, транспорттық құралдар, қауіпсіздікті бөлуге болады. Әлеуметтік қажеттіліктердің арасында жеке басты өзін-өзі сәйкестендіру қажеттілігін, жеке бастың құқығы мен абыройын және т.б қорғау қажеттілігін атауға болады. Қажеттіліктің үлкен топтарын атап көрсету үшін келесі негіз болатын қажеттіліктерді олардың әлеуметтік-гуманитарлық бағыты бойынша айыру. Бұл құндылықтық-бағыттық қажеттіліктер болып табылады. Осы негіз бойынша орынды және орынсыз, шынайы және жалған, прогрессивті және регрессивті қажеттіліктерді бөліп қарауға болады. Биологиялық (табиғи) қажеттіліктер. Бұл ағза тіршілігінің, адам денесінің қалыпты қызметінің: тамақтану және бөліп шығару, өмірлік кеңістікті кеңейту, бала туу, денсаулық, дене дамуының, табиғатпен қатынас сияқты бастапқы жалпыға бірдей болатын қажеттіліктер. Материалдық деп біз биологиялық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдары мен шарттарына қажеттілікті айтамыз. Қажеттіліктің осындай көп түрлерінің арасынан үш қажеттілікті: тамақ, баспана және киімге деген қажеттіліктерді бөліп қарауға болады. Материалдық қажеттіліктердің нормасы елдегі материалдық өндірістің даму деңгейімен, ондағы табиғи ресурстардың бар-жоғымен, қоғамдағы адам жағдайымен, әрекет түрімен анықталады. Шахтер үшін бір норма, келесі норма кәсіпкер мен бизнесмен үшін, үшіншісі ғалым мен мемлекет қайраткеріне арналған. Материалдық қажеттіліктердің нормасы әр тұлғаны оның еңбек немесе басқа да әрекеті үшін қалыпты жағдаймен, тұрмыс пен транспорттың жайлылығымен, демалыс және денсаулығын қалпына келтіру, физикалық және интеллектуалды дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Барлық осы материалдық қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру әдістері адам өмірі деңгейін анықтайды. Материалдық қажеттіліктердің шексіз еместігін атап айту керек. Олар әр ел, әр өңір, әр отбасы үшін сан жағынан белгіленген және «азық-түлік себеті», «күнкөрістік минимум» деген ұғымдармен айтылады.