15.1 Биоэтика түсінігі, анықтамасы. Биоэтика ғылым ретінде қалыптасуы
«Вios» ол «өмір» деген мағына беретіндігі белгілі. «Этика» терминін грек философы, энцеклопедисті Аристотельмен енгізілген (грек. еthos – әдет ғұрып, мінез) ол адамның қоршаған ортадағы: отбасыда, жұмыста, және т.б жерлердегі әлеуметтік орнын анықтайтын өзін-өзі ұстау нормалары. Цицерон Аристотельдің еңбектерін латын тіліне аударған кезде ол «мораль» сөзін қолданған (лат. mor – әдет-ғұрып, қызығушылық). Қазақ тілінде оны «қызығушылық» деп атайды – солайша тағыда бізге адамның әдет ғұрыптарды еске түсіреді. «Биоэтика» терминін 1969 ж. «Биоэтика – болашаққа көпір» кітабын шығарған В. Р. Поттермен енгізілген. Бұнда ол биоэтиканы биологиялық және адам құндылықтарын біріктіре оны «адам өмірін жақсартатын ғылым ретінде түсінген». Біздің көзқарасымыз бойынша, негіз ретінде биоэтика бойынша Страсбург симпозиуммен ұсынылған түсінікті алуға болады (1990 ж.) бұнда, болашақта жеке ғылым ретінде, биология мен медицинаның дамуымен қатар, әлеуметтік моральдік, саяси мәселелерді қарастырады. Термин 1990 ж. американдық онколог, биохимигі В. Р. Поттермен, қазіргі замандағы адамдардың осы уақытта өмірдегін орнын сақтауға бағытталған этикалық мәселелерді белгілеуге бағытталған. Терминді бірінші рет медицинада 1971 ж. қолданылған. Encyclopedia of Вiothics, биоэтиканы «инабаттылық сипаттамаларды жүйелік зерттемелер ретінде» қарастырады, бұған қоса моральді баға, шешім, өзін-өзі ұстау, және т.б – медицинамен биологияның жетістіктері. Биоэтиканың қалыптасуы 60 жылдары ғылыми-техникалық төңкеріске байланысты медицинаның дамуымен байланысты. Тәжірибиеге жаңа технологиялардың енгізілуі ортада моральді-этикалық құқықтық мәселелерді туындатты, бұны медициналық түрмен шешуге мүмкін болған жоқ. Демократиялық құқықтар бойынша қозғалыстар, адамның жеке құқықтары мен бостандықтарына байланысты ақпараттарды тарату, пациенттердің құқықтары жаңа түсінік алды. Өзін-өзі анықтау принциптеріне негізделген әдеттегі патерналистикалық жүйенің ауысуы жүреді. Мысалы, морльдық сұрақтар шығуы бұл суррогаттық ана болу, донорлық мәселе, өлімнің констатациясы, мүше мен ұлпалардың коммерциялық қолданылуы, медицинаның міндеттеріне, пациентті емдеу әдісі жайлы хабарлау кіреді, бұл жағдайда пациент бұны қабылдап немесе мүлдем бас тартуы мүмкін. Осы негізгі екі негізгі түсініктерден басқа тағы биоэтиканың қалыптасуына әсер ететін факторларды атап өткен жөн:
1) Денсаулық сақтау секторындағы әлеуметтік әділеттілікті сақтау;
2) Барлық адамдарға тиісті биоэтиканың мәселелерін қозғау (сондықтан медецина облысында моральдік шешімдерді іздестіру мәселерін Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымы (ДДСҰ) басқарады).
15.2 Биоэтиканың негізгі мәселелері
Биоэтика өзінің мәні бойынша медицинаның шегінен шығады, ал істе ол қазіргі заманғы медицинада пайда болатын адамгершілікке байланысты мәселелерді шешуге тырысады, ол қазіргі заманғы жаңа технологиялардың қолдануымен себептеледі. Биоэтика – барлығына ортақ игілік, пациенттерін құқықтарын сақтауға бағытталған құндылық және келесі мәселерді шешуге бағытталған:
1) Эвтаназия мәселесі, өлімнің жаңа критериі, аборт;
2) Медициналық көмектен өте алмайтын, мүгедектер;
3) Бала туумен байланысты (жасанды туу және т.б);
4) Генетика және гендік инженерия мәселелері.
Ол тек денсаулық пен ауру емес, бұнда осы жағдайларды адамның түп түбінен іздестіру қажет, адамның биологиясында, табиғатынан іздестіру керек. Компьютерлік технологиялардың қалыптасуына байланысты адамның медицинадағы орнын роботтармен ауыстыру мәселесі туындап жатыр. Осымен қатар тағы басқа өндірістік тамақ қорлар, адамдар санының өсуі. Сондықтан игілік барлық адамдардың қызығушылығы болып отыр.